Қош келдіңіз!

4 Желтоқсан 2012, 08:58

  Қош келдіңіз! Совет халқы Индия премьер-министрі Джавахарлал Нерудің біздің елімізге келуін зор тарихи мәні бар оқиға деп біледі. Бейбітшілік ісіне елерліктей ортақ үлес қосып отырған Индия үкіметінің басшысын халықтарымыз бар қоштау-пейілімен қарсы алуда. Бұдан біздің қымбатты қонағымыздың өз елінде жүргізіп отырған бейбітшіл саясатына совет адамдары тілектес сенім білдіретіні көрінеді. Джавахарлал Нерудің осында қонаққа келуінің өзі-ақ, оның екі үлкен ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта беруге бағытталған ісінің заңды жалғасы болып табылады. Және Азия халықтарының бұлтаңы жоқ, тәуелсіз, бейбіт саясаты үшін алысқан көрнекті қайраткерлердің бірі есепті, Джавахарлал Неру көтерген туды, бұғаудан босаған бұрынғы патшалық Россия халықтарының тату-тәтті семьясында тарихи тіршілік жасауға біржола право алған Азия халықтарының бірі есепті, советтік қазақ халқы да жоғары бағалап, құптайды. Халықтарымыз бен оның ұрпақтары ұлы Индия халқы мен үкіметінің біздің елімізге деген шынайы, достық сезіміне шүбәсіз сенеді. Өйткені бұл сенім тек бір ұрпақ тұсында тосыннан пайда бола салған жоқ. Совет Одағының көптеген халықтары, соның ішінде ең алдымен ұлы орыс халқы сияқты, Индия халықтары да, әсіресе олардың бүгінгі нәсілдері өздерінің озғын ойлы, даңқты ата-бабаларының біздің халықтарға деген достық ықыласына, құрметтей білушілік сезіміне — мейірбанды, сенгіш сезіміне мирасқор болып отыр. Жуырда Индияда болғанымда мәдениеттің озат ойлы қайраткерлерінің бәрі де біздің саяси-экономикалық, мәдени өмірімізде қол жеткен зор табыстарымызға мән беріп, айрықша достық ниет, тілектестік білдіретінін өлшеусіз ырзалықпен қадым. Бұл жадымнан да шығар емес. Дели, Калькутта, Мадрас, Бенгалор, Бенарес, Хайдарабад және Бомбей сияқты ірі мәдениет ошақтарында, мемлекет қайраткерлерінен басқа, біз ғылым мен әдебиеттің, көркемөнердің көптеген ірі өкілдерімен, құрылысшы-инженерлермен, мұғалім, дәрігерлермен, ауыл шаруашылының ұйымдастырушыларымен, тағы басқалармен кездестік. Бұлар Индияның алдыңғы қатарлы, қоғамдық азғын слойларының өкілдері еді. Өзара құрметтеу, территория тұтастығын сақтау, ел тәуелсіздігін сақтау, шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі ісіне қол сұқпау принципіне негізделген халықтардың бейбіт қарыса өмір сүруінің идеялары Чжоу Энлай мен Джавахарлал Неру жасаған келісімде ашық көрсетілген болатын. Азиядағы екі ұлы елдің, міне, осы бейбітшіл саясатының негізін Индия халқының бізге кездескен көрнекті қайраткерлерінің бәрі де шашаусыз қабылдап, беріле қуаттайды. Тіпті олар біздің еңбекқор халқымыздың жасампаз жолынан туып жатқан жаңа да ұлы істерімізді өз көздерімен көру үшін етене болып араласқылары, жақындасқылары келеді. Индияда біраз күн қонақ болып қайтқан совет мәдениетінің өкілдері — біздер үшін Үкімет үйіндегі өз кабинетінде Джавахарлал Нерудің ақ пейілімен айтқан сөздері есімізде қалды. Біздің Индияға барғанымызды бағалай келіп, ол: "көңілдестік өзіне көңілдестік табады, достық өзіне жауап ретінде достық туғызады" және "нағыз ізгі миссия — халықтар арасындағы сондай қатынастар үшін қызмет атқарады" деген еді. Ие, ғажайып мол келешекті, талантты халқы бар Индиямен арадағы достық бұдан былай да нығая бермек. Біз бүгін астанамыз Алматыға келген Дж. Неруге бар ықыласымызбен қош келдіңіз демекпіз. Мұхтар Әуезов

 

Қош келдіңіз!

Совет халқы Индия премьер-министрі Джавахарлал Нерудің біздің елімізге келуін зор тарихи мәні бар оқиға деп біледі. Бейбітшілік ісіне елерліктей ортақ үлес қосып отырған Индия үкіметінің басшысын халықтарымыз бар қоштау-пейілімен қарсы алуда. Бұдан біздің қымбатты қонағымыздың өз елінде жүргізіп отырған бейбітшіл саясатына совет адамдары тілектес сенім білдіретіні көрінеді.

Джавахарлал Нерудің осында қонаққа келуінің өзі-ақ, оның екі үлкен ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта беруге бағытталған ісінің заңды жалғасы болып табылады. Және Азия халықтарының бұлтаңы жоқ, тәуелсіз, бейбіт саясаты үшін алысқан көрнекті қайраткерлердің бірі есепті, Джавахарлал Неру көтерген туды, бұғаудан босаған бұрынғы патшалық Россия халықтарының тату-тәтті семьясында тарихи тіршілік жасауға біржола право алған Азия халықтарының бірі есепті, советтік қазақ халқы да жоғары бағалап, құптайды.

Халықтарымыз бен оның ұрпақтары ұлы Индия халқы мен үкіметінің біздің елімізге деген шынайы, достық сезіміне шүбәсіз сенеді. Өйткені бұл сенім тек бір ұрпақ тұсында тосыннан пайда бола салған жоқ. Совет Одағының көптеген халықтары, соның ішінде ең алдымен ұлы орыс халқы сияқты, Индия халықтары да, әсіресе олардың бүгінгі нәсілдері өздерінің озғын ойлы, даңқты ата-бабаларының біздің халықтарға деген достық ықыласына, құрметтей білушілік сезіміне — мейірбанды, сенгіш сезіміне мирасқор болып отыр.

Жуырда Индияда болғанымда мәдениеттің озат ойлы қайраткерлерінің бәрі де біздің саяси-экономикалық, мәдени өмірімізде қол жеткен зор табыстарымызға мән беріп, айрықша достық ниет, тілектестік білдіретінін өлшеусіз ырзалықпен қадым. Бұл жадымнан да шығар емес. Дели, Калькутта, Мадрас, Бенгалор, Бенарес, Хайдарабад және Бомбей сияқты ірі мәдениет ошақтарында, мемлекет қайраткерлерінен басқа, біз ғылым мен әдебиеттің, көркемөнердің көптеген ірі өкілдерімен, құрылысшы-инженерлермен, мұғалім, дәрігерлермен, ауыл шаруашылының ұйымдастырушыларымен, тағы басқалармен кездестік. Бұлар Индияның алдыңғы қатарлы, қоғамдық азғын слойларының өкілдері еді.

Өзара құрметтеу, территория тұтастығын сақтау, ел тәуелсіздігін сақтау, шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі ісіне қол сұқпау принципіне негізделген халықтардың бейбіт қарыса өмір сүруінің идеялары Чжоу Энлай мен Джавахарлал Неру жасаған келісімде ашық көрсетілген болатын. Азиядағы екі ұлы елдің, міне, осы бейбітшіл саясатының негізін Индия халқының бізге кездескен көрнекті қайраткерлерінің бәрі де шашаусыз қабылдап, беріле қуаттайды. Тіпті олар біздің еңбекқор халқымыздың жасампаз жолынан туып жатқан жаңа да ұлы істерімізді өз көздерімен көру үшін етене болып араласқылары, жақындасқылары келеді. Индияда біраз күн қонақ болып қайтқан совет мәдениетінің өкілдері — біздер үшін Үкімет үйіндегі өз кабинетінде Джавахарлал Нерудің ақ пейілімен айтқан сөздері есімізде қалды. Біздің Индияға барғанымызды бағалай келіп, ол: "көңілдестік өзіне көңілдестік табады, достық өзіне жауап ретінде достық туғызады" және "нағыз ізгі миссия — халықтар арасындағы сондай қатынастар үшін қызмет атқарады" деген еді.

Ие, ғажайып мол келешекті, талантты халқы бар Индиямен арадағы достық бұдан былай да нығая бермек. Біз бүгін астанамыз Алматыға келген Дж. Неруге бар ықыласымызбен қош келдіңіз демекпіз.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу: