4 Желтоқсан 2012, 08:49
Көшпенділердің қолөнері
Көшпенділердің қолөнері — алдыңғы орта ғасырлардағы қалалардың сауда-қолөнер орталықтары ретінде дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығу үрдісіне және негізінен алғанда байлар мен ақсүйектерге кызмет ететін қолөнер өндірісінің едәуір кеңеюіне байланысты болды.
Біздің қолымызда алдыңғы орта ғасырлардағы қалада қолөнердің ұйымдастырылуы туралы деректер жеткіліксіз, ол негізінен алғанда бізге дейін жеткен дайын өнім бойынша ғана мәлім. Бұлар ең алдымен керамика, металдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар. Тоқымашылық, теріден, жүннен, киізден бұйымдар жасау сияқты қолөнер туралы түсініктің жайы мардымсыз. Жазбаша деректемелерде ондай бұйымдар туралы айтылады, бірақ олар неғүрлым кейініректегі уақытқа қатысты. Мата тоқу жөнінде ұршықбастардың табылуына қарап айтуға болады. Тері өңдеу мен одан тұрмыста және өмірде қажетті Қыш-құмыра ісі
Отырардың солтүстік рабады аумағынан VIII — IX ғасырлардағы қыш күйдірген пештер табылды, пештің ұзындығы 2,7 м және ені 2,5 м алмұрт тәріздес жасалған. Пештер алдыңғы заманнын пештерінен неғұрлым жетілдірілген. Бұл пештердің күйдіру камерасы кеңейтілген, температураны реттеу жүйесі жақсартылған, мұның өзі дайындалатын өнімнің сапасын жақсартқаны күмәнсіз. Күйдіру пештерінің қалдықтары мен қалың күл төгілген жерлері бар құмырашылардың махаллалары Жетісу қалаларында бекіністі дуалдардың ішінен де, олардан тыс жерлерден де табылды. Пештердің біреуі Қызылөзен қаласының қираған жұртының орталығына жақын орналасқан. Оның оттығы жерден диаметрі 2,6—2,8 м, терендігі 2 метрден сол астам болатын дөңгелек шұнқыр түрінде қазылып жасалған. Пешті түп жаұынан оттықтың ортасына шикі кірпішпен салынған тіреу ұстап тұр. Тіреуді қалың ыс басқан. Күйдіру камерасына жалғасатын оттықтар мен ыстық жіберілетін санылаулар байқалды.
Жетісуда су таситын құмыралар — ыдыстың ең көп таралған түрлерінің бірі екенін атап өткен жөн. Пенджикентген бұл құмыралардың шүмекті және шүмексіз түрлерінің екеуіне де ұқсастары табылады. Луговое-А қонысынан табылған құмыраның мойнында қыр мұрыны мандайымен жалғасқан адамның бет бейнесі түрінде шығарылған жапсырмасы болды. Нақ сондай жапсырмалар Сырдарияның төменгі ағысындағы керамикадан да ұшырасты. Жетіасар мәдениетінің керамикасындағы басқа элементтер сияқты, олар да бұл ауданның Жетісумен тығыз байланысы болғанын сипаттайды.