Имам Бұхари

4 Желтоқсан 2012, 08:42

Имам Бұхари Мұхаммед бин Исмаил Әбу Абдаллах әл-Жуфи әл-Бұхари (810 — 870) — діни қайраткер, каламшы ғалым. Бұфхарада иран тектес әулетте дүниеге келіп, Хартанка (Самарқан қ-ның маңайы) елді мекенінде қайтыс болды. 10 жасында хадистерді (Пайғамбар туралы аңыздар) оқып үйрене бастаған Бұхари ғажайып зерделілігімен көзге түседі.Хадистерді жасөспірім кезінде Меккеге қажылық сапарында жинап келіп, кейіннен халифаттың түкпір-түкпірін аралап (Мысыр, Ирак, Хорасан, т.б.), хадистерді жан-жақты зерттеді. Ол мыңнан астам шейхтардан хадистер тыңдаған. Бұхари Мұхаммед пайғамбар туралы айтылған ең анық (сахих) аңыздарды жинақтауды мақсат етті. Сол кездегі мұхаддистерге тән сыншылдықпен жұртшылыққа сол заманда кең тараған 600 мың хадисті, сонымен қатар хабаршылардан өзі жазып алған тағы да 200 мың хадисті зерттеуден өткізіп, олардың ішінен еш мінсіз, шыншыл деп тек 7400 хадисті іріктеп алады. Солардың “әл-Жами ас-Сахих” жинағын түзді, оны әдетте қысқаша “ас-Сахих” деп атайды. Б-дің “ас-Сахих” жинағы мұсылман әлемінде танымал “Алты (шыншыл) кітап” (“Әл-кутуб ас-ситта”) деп аталатын хадистер жинақтарының қатарына жатады. Қалған бесеуі — “Мүслим әл-Кушайри”, “Әбу Дауд ас-Сиджистани”, “Мұхаммад ат-Тирмизи”, “ән-Насан” және “Ибн Мәджи” жинақтарында Б. өз жағынан хадистерді алғаш рет сюжет (оқиғалар желісі) бойынша құрастырып, бұрын кездеспеген Пайғамбар мен сахабалардың өмірбаянына байланысты, сол сияқты тарихи, этнографиялық материалдарды ұсынды. “ас-Сахих” мұсылман елдерінде көп мәрте қайта басылды, сол сияқты ағылшын, француз, т.б. тілдерге де аударылған. Сүнниттер үшін “ас-Сахих” Құраннан кейінгі екінші кітап болып есептеледі. 20 ғ-дың 90-жылдарында Б-дің отаны Өзбекстанда ғұлама есімі қайта жаңғырып, оның хадистер жинағы өзбек тіліне аударылып, жарық көрді. Бұхари сондай-ақ, хадистерді жеткізушілердің ғұмырнамаларынан тұратын “ат-Тарих әл-кабир” еңбегінің және Құранға түсіндірменің (“Тәфсир әл-Құран”) де авторы. Дүниеге келуі мен өмір жолы Имам әл-Бұхари һижра жыл санағы бойынша 194 жылы шәууәл айының он бірінде, жұма күні Бұхарада дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған оған Бұхарадағы бір мешіттің имам-хатибы болған атасы жастайынан діни тәрбие берген. Ол балалық шағының бас кезінде көзі көрмей, соқыр боп қалады. Біраз уақыт өткен соң анасы түсінде Ибраһим пайғамбарды (аләйһис-сәләм) көреді. Ол: «Ей, пәленше! Көп жалбарынуың себепті Аллаһ балаңның көз жанарын қайтарды»,—дейді. Аллаһ тағала оған бала кезінен-ақ хадистерді жаттап алу қабілетін дарытты. Әбу Жағфар әл-Уаррақ: «Бірде Әбу Абдуллаһ: әл-Бұхаридан «Сен хадистерді қалай оқып-үйрене бастадың?» деп сұрағанымда, ол: «Он жасымда не одан да ертерек хадистерді оқып-үйренуді бастаған кезімде, маған оларды жаттап алу қажеттігі туралы ой келді. Сосын медресені тастап, әртүрлі ұстаздардан білім ала бастадым. Он алты жасқа жеткен шағымда Ибн Мубарак пен Уакиғдың кітаптарын жатқа оқып, олардың айтқандарын ойға тоқып үлгердім. Содан кейін анам және ағам Ахмадпен бірге Меккеге бардық та, сол жерде хадистер жинау мақсатында тұрақтап қалдық. Сөйтіп, он сегіз жасқа келгенімде, сахабалар мен табиғиндер және олардың айтқандары жайлы мағлұматтарды сұрыптауға кірістім»,—деп айтты»,—деген. Әбу Абдуллаһ әл-Бұхари Меккеде төрт жыл тұрып, әйгілі мухаддис Ахмад ибн Ханбалдың басшылығымен хадистерді зерттеп, үйрене жүріп, белгілі дін ғұламаларымен кездеседі. Сосын сол кездегі Ислам халифатының астанасы, ғылыми оқу орталығы ретінде танылған Бағдатта бірнеше жыл өмір кешеді. Кейіннен Мысырға, Шамға, Самарқанға, Нишапурға сапар шегеді. Жүрген жерлерінің бәрінде жаңа хадистерді жинаумен және оларды жүйелеп жинақтаумен айналысады. Хадистерді іздеу барысында ол, өзінің айтуынша, мыңнан астам мухаддистермен жолығады, Таяу Шығыс пен Орта Азияның көптеген қалаларын аралайды.  

Имам Бұхари

Мұхаммед бин Исмаил Әбу Абдаллах әл-Жуфи әл-Бұхари (810 — 870) — діни қайраткер, каламшы ғалым. Бұфхарада иран тектес әулетте дүниеге келіп, Хартанка (Самарқан қ-ның маңайы) елді мекенінде қайтыс болды. 10 жасында хадистерді (Пайғамбар туралы аңыздар) оқып үйрене бастаған Бұхари ғажайып зерделілігімен көзге түседі.Хадистерді жасөспірім кезінде Меккеге қажылық сапарында жинап келіп, кейіннен халифаттың түкпір-түкпірін аралап (Мысыр, Ирак, Хорасан, т.б.), хадистерді жан-жақты зерттеді. Ол мыңнан астам шейхтардан хадистер тыңдаған. Бұхари Мұхаммед пайғамбар туралы айтылған ең анық (сахих) аңыздарды жинақтауды мақсат етті. Сол кездегі мұхаддистерге тән сыншылдықпен жұртшылыққа сол заманда кең тараған 600 мың хадисті, сонымен қатар хабаршылардан өзі жазып алған тағы да 200 мың хадисті зерттеуден өткізіп, олардың ішінен еш мінсіз, шыншыл деп тек 7400 хадисті іріктеп алады. Солардың “әл-Жами ас-Сахих” жинағын түзді, оны әдетте қысқаша “ас-Сахих” деп атайды. Б-дің “ас-Сахих” жинағы мұсылман әлемінде танымал “Алты (шыншыл) кітап” (“Әл-кутуб ас-ситта”) деп аталатын хадистер жинақтарының қатарына жатады. Қалған бесеуі — “Мүслим әл-Кушайри”, “Әбу Дауд ас-Сиджистани”, “Мұхаммад ат-Тирмизи”, “ән-Насан” және “Ибн Мәджи” жинақтарында Б. өз жағынан хадистерді алғаш рет сюжет (оқиғалар желісі) бойынша құрастырып, бұрын кездеспеген Пайғамбар мен сахабалардың өмірбаянына байланысты, сол сияқты тарихи, этнографиялық материалдарды ұсынды. “ас-Сахих” мұсылман елдерінде көп мәрте қайта басылды, сол сияқты ағылшын, француз, т.б. тілдерге де аударылған. Сүнниттер үшін “ас-Сахих” Құраннан кейінгі екінші кітап болып есептеледі. 20 ғ-дың 90-жылдарында Б-дің отаны Өзбекстанда ғұлама есімі қайта жаңғырып, оның хадистер жинағы өзбек тіліне аударылып, жарық көрді. Бұхари сондай-ақ, хадистерді жеткізушілердің ғұмырнамаларынан тұратын “ат-Тарих әл-кабир” еңбегінің және Құранға түсіндірменің (“Тәфсир әл-Құран”) де авторы.
Дүниеге келуі мен өмір жолы

Имам әл-Бұхари һижра жыл санағы бойынша 194 жылы шәууәл айының он бірінде, жұма күні Бұхарада дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған оған Бұхарадағы бір мешіттің имам-хатибы болған атасы жастайынан діни тәрбие берген. Ол балалық шағының бас кезінде көзі көрмей, соқыр боп қалады. Біраз уақыт өткен соң анасы түсінде Ибраһим пайғамбарды (аләйһис-сәләм) көреді. Ол: «Ей, пәленше! Көп жалбарынуың себепті Аллаһ балаңның көз жанарын қайтарды»,—дейді. Аллаһ тағала оған бала кезінен-ақ хадистерді жаттап алу қабілетін дарытты. Әбу Жағфар әл-Уаррақ: «Бірде Әбу Абдуллаһ: әл-Бұхаридан «Сен хадистерді қалай оқып-үйрене бастадың?» деп сұрағанымда, ол: «Он жасымда не одан да ертерек хадистерді оқып-үйренуді бастаған кезімде, маған оларды жаттап алу қажеттігі туралы ой келді. Сосын медресені тастап, әртүрлі ұстаздардан білім ала бастадым. Он алты жасқа жеткен шағымда Ибн Мубарак пен Уакиғдың кітаптарын жатқа оқып, олардың айтқандарын ойға тоқып үлгердім. Содан кейін анам және ағам Ахмадпен бірге Меккеге бардық та, сол жерде хадистер жинау мақсатында тұрақтап қалдық. Сөйтіп, он сегіз жасқа келгенімде, сахабалар мен табиғиндер және олардың айтқандары жайлы мағлұматтарды сұрыптауға кірістім»,—деп айтты»,—деген. Әбу Абдуллаһ әл-Бұхари Меккеде төрт жыл тұрып, әйгілі мухаддис Ахмад ибн Ханбалдың басшылығымен хадистерді зерттеп, үйрене жүріп, белгілі дін ғұламаларымен кездеседі. Сосын сол кездегі Ислам халифатының астанасы, ғылыми оқу орталығы ретінде танылған Бағдатта бірнеше жыл өмір кешеді. Кейіннен Мысырға, Шамға, Самарқанға, Нишапурға сапар шегеді. Жүрген жерлерінің бәрінде жаңа хадистерді жинаумен және оларды жүйелеп жинақтаумен айналысады. Хадистерді іздеу барысында ол, өзінің айтуынша, мыңнан астам мухаддистермен жолығады, Таяу Шығыс пен Орта Азияның көптеген қалаларын аралайды.
 

Бөлісу: