Mail.Ru

4 Желтоқсан 2012, 08:31

    Mail.Ru – Қазақстан Ғаламторының ірі байланыс порталы. Ай сайын оның аудиториясы 50 миллион қатысушыға көбейіп отырады. Ресурсы Mail.ru Group инвестициялық группасына тиесілі-.     Жобалары 1998 жылы Петербургтегі кеңсесінде американ DataArt софтверн компаниясында жұмыс істейтін бағдарламашылар веб-сервер поштасы үшін жаңа бағдарламалық қамсыздандыру жүйесін жасайды. Бұл қызметті сынақтан өткізу үшін оны уақытша ғаламтордағы орыс қатысушылары үшін ашық байланысқа түсірген, ал мұндай қызмет түрі кенеттен көпшілікке таныла бастайды. Порталдың басты қызметі – @mail.ru пошта қызметі. Қолданушылар қолайлығы үшін пошта жәшігі арқылы іздеу қызметі, мекен-жай кітапшасы, жазбалардың емлесін тексеру, аударма қызметтері, күнделік және ескерту жүйелері қарастырылған. 2007 жылдан бастап @mail.ru пошта қызметіндегі пошта жәшігі көлемінде шектеу болмады, яғни қолданушылар ол жерде өздерінің хабарларын сақтай алады. 2002 жылдан бастап Mail.ru өзінің пошта қызметтеріндегі спам және вирустарымен күрес жүргізуде. Бұл сала бойынша «ДиалогНаука» (антивирус Dr.Web), «Лаборатория Касперского» («Антивирус Касперского») және «Ашманов и партнеры» (Антиспам) компанияларымен серіктес. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Mail.ru хат жолданымындағы сенімділікті тексеру үшін өзінің пошта серверлері жұмысында SPF стандартын қолдана бастады. 2002 жылдың көктемінде Mail.ru пошта қызметінде домендер саны ұлғая бастады, сол кезден бастап пошта жәшігіне тіркелу үшін mail.ru доменімен бірге inbox.ru, bk.ru, list.ru домендерінің қосылуы оңтайлы болды. 2003 жылы компания пошта жәшігі өлшемінің шектеуін алып тастағаны туралы мәлімдеп, ақпарат алмасуында өз қолданушыларына толық еркіндік берді. 2006 жылдың соңында Яндекс қызметі арқылы құрылған (бұған дейін Mail.ru іздеу қызметін Google қамтамасыз еткен) іздеу қызметі берілуі туралы стратегиялық келісім жасалды. 2007 жылдың маусым айынан бастап жеке GoGo.ru іздеу қызметі жүргізілді. 2009 жылы 15 желтоқсанда Mail.ru қайтадан Google іздеу технологиясын қолданатыны мәлім болды. 2007 жылы қазан айында Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Самара, Челябі, Киев қалаларында түрлі қызмет көрсету кеңселерін ашады. 2008 жылдың жазында Mamba.ru-дың 30%-ы Mail.ru танысу сайты байланысына тиесілі екені мәлім болды. 2009 жылы желтоқсанда Mail.ru Astrum Online Entertainment компаниясының 100% акциясын сатып алғаны жөнінде мәлімдеп, Ресейдегі онлайн-көңіл көтеру саласында көшбасшы болады. 2010 жылдан бастап Mail.ru іздеу жұмысы қызметінде өздерінің жасаған GoGo.ru қызметі енгізілді. Яндекс Mail.ru сайтына іздеу қызметтерін ұсынуды жалғастыру үшін Mail.ru логотипінің жанында Яндекс логотипінің көрсетілуін шарт ретінде ұсынды, бірақ Mail.ru бұл келісімге қарсы шыққаннан кейін Яндекс іздеу қызметін қолдану туралы келісімді ұзартудан бас тартты. Директ Google AdWords ретінде қолданыла бастады. Тұтынушылары МТС, Билайн, МегаФон, Спортмастер, Microsoft, Nokia, Альфа-банк, Nestle, М.видео, RedBull, Apple, Samsung, Alcatel және т.б. Жабдықтары Mail.ru-дың вице-президенті және техникалық директоры Владимир Габриелянның айтуы бойынша порталдың қызмет көрсететін сегіз орталығы бар және сервер саны 9000 бірлікті құрайды. Mail.ru-дың техникалық департаментінде жеті жүзден астам маман жұмыс істейді. 2000 жылы ақпан айында Mail.ru пошта қызметіне тіркелген аккаунттер саны миллионға жетеді. Бұл рекорд ресми түрде тіркеліп, Ресейдің Гиннес рекордтар кітабына енгізіледі. 2005 жылы қараша айына дейін Mail.ru сайтында 30 миллион қолданушы және күніне 25 миллион электронды хаттар болды. 2008 жылы компания қаражаты 74,6 млн долларды құрады, таза кірісі 34,3 млн доллар болды. TNS бойынша 2009 жылы наурызда Mail.ru сайты Рунетте танымал сайттар арасында екінші орынға ие болды. 2009 жылы мамырда Mail.ru-дың қатысушылар саны шамамен күніне 14 млн-ға жетті. Компания нарықта осы атауымен 2001 жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс істейді, осы уақытқа дейін Mail.ru бренді Port.ru компаниясына тиесілі болған. Alexa.com рейтингі бойынша 2001 жылы шілде айының нәтижесінде бұл сайт әлемдегі танымал компаниялар қатарында 33-орыннан көрінді. Mail.ru-дың Ресейлік портал аудиториясы айына шамамен 27 млн адамды құрайды. Ең танымал қызметтері – пошта (айына 22,7 млн адам), Мой мир@Mail.ru (19,8 млн) және «Одноклассники» (17,3 млн). Сонымен қатар үлкен аудиториясы Mail.ru Агент мессенджері айына 15 миллион адамды құрайды. Порталдың басты қызметтері Mail.ru порталы өзінің жеке пошта қызметінен бөлек басқа да көптеген интернет-қызметтерді қамтиды. • Қолданушылардың қарым-қатынасымен байланысты қызмет группасы: Mail.ru Агент – жедел хат алмасу бағдарламасы, Мой Мир@mail.ru – әлеуметтік желі, блогохостинг Блоги@mail.ru, Рунеттегі ең белгілі Ответы@mail.ru сұрақ-жауап жүйесі, сонымен қатар файл алмастыру қызметі, фото және бейнехостинг, чаттар және т.б. • «Тауарлар және қызметтер» қызмет көрсету группасы • Іздеу қызметтері: Рунетте трафикогенерация бойынша Поиск@mail.ru үшінші орында, фотосурет іздеуқызметі, бейнероликтер, Ресей қалаларының электронды карталары және т.б. • ойын-сауық қызметі группасы (Афиша@mail.ru және басқалар) • Ақпараттық қызмет көрсету группасы (Новости@mail.ru, Hi-Tech@mail.ru, Авто@mail.ru, Леди@mail.ru, Дети@mail.ru, Здоровье@mail.ru және басқалар), сонымен қатар Рейтинг@mail.ru. Сын 2009 жылы 9 сәуірде Ресей Федерациясы тергеу комитеті прокуратурасына Мой Мир@mail.ru-дағы әлеуметтік желі қолданушыларының порнография таратқандығы (балалар порнографиясы да), ол модераторлар тарапынан бірден өшіріле қоймай, басқа қолданушыларға тегіс мәлім болғандығына байланысты наразылық білдірген азаматтар тарапынан арыз түседі. Мұндай жағдайды Антон Носик өз тарапынан жанжал коммерциялық тапсырыс болуы мүмкін деп болжайды. Қызықты деректер Mail.ru қызмет көрсетуінің бар екенін көбісі біле бермейді, өйткені олар аз жарнамаланады. Бұл қызмет көрсетулер ішкі қолданыс үшін жасалынған немесе өңдеу сатысында тұр деп есептелінеді. Мысалдар: • Pro.mail.ru үшін AJAX оңтайлы болды. AJAX – веб-интерфейс пошта нұсқасы, ол қолайлығымен, жұмысының жеделдігімен және жарнамасының жоқтығымен ерекшеленеді. • OpenID (openid.mail.ru) – сайттарға кірудің бірыңғай жүйесі, блогтар және форумдар. • еdu.mail.ru бойынша ұзақ уақыт ішінде жарнамалар мен баннерден бөлек білім беретін порталдар қолданылды. Алайда 2011 жылдың басында бұл порталға кіру мүмкіндігі жойылды, оның орнына қолданушыларды Mail.ru-дың басты бетіне қайта сілтейді.  

 

 
Mail.Ru – Қазақстан Ғаламторының ірі байланыс порталы. Ай сайын оның аудиториясы 50 миллион қатысушыға көбейіп отырады. Ресурсы Mail.ru Group инвестициялық группасына тиесілі-.
 
 
Жобалары
1998 жылы Петербургтегі кеңсесінде американ DataArt софтверн компаниясында жұмыс істейтін бағдарламашылар веб-сервер поштасы үшін жаңа бағдарламалық қамсыздандыру жүйесін жасайды. Бұл қызметті сынақтан өткізу үшін оны уақытша ғаламтордағы орыс қатысушылары үшін ашық байланысқа түсірген, ал мұндай қызмет түрі кенеттен көпшілікке таныла бастайды.
Порталдың басты қызметі – @mail.ru пошта қызметі. Қолданушылар қолайлығы үшін пошта жәшігі арқылы іздеу қызметі, мекен-жай кітапшасы, жазбалардың емлесін тексеру, аударма қызметтері, күнделік және ескерту жүйелері қарастырылған. 2007 жылдан бастап @mail.ru пошта қызметіндегі пошта жәшігі көлемінде шектеу болмады, яғни қолданушылар ол жерде өздерінің хабарларын сақтай алады.
2002 жылдан бастап Mail.ru өзінің пошта қызметтеріндегі спам және вирустарымен күрес жүргізуде. Бұл сала бойынша «ДиалогНаука» (антивирус Dr.Web), «Лаборатория Касперского» («Антивирус Касперского») және «Ашманов и партнеры» (Антиспам) компанияларымен серіктес. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Mail.ru хат жолданымындағы сенімділікті тексеру үшін өзінің пошта серверлері жұмысында SPF стандартын қолдана бастады.
2002 жылдың көктемінде Mail.ru пошта қызметінде домендер саны ұлғая бастады, сол кезден бастап пошта жәшігіне тіркелу үшін mail.ru доменімен бірге inbox.ru, bk.ru, list.ru домендерінің қосылуы оңтайлы болды. 2003 жылы компания пошта жәшігі өлшемінің шектеуін алып тастағаны туралы мәлімдеп, ақпарат алмасуында өз қолданушыларына толық еркіндік берді.
2006 жылдың соңында Яндекс қызметі арқылы құрылған (бұған дейін Mail.ru іздеу қызметін Google қамтамасыз еткен) іздеу қызметі берілуі туралы стратегиялық келісім жасалды. 2007 жылдың маусым айынан бастап жеке GoGo.ru іздеу қызметі жүргізілді. 2009 жылы 15 желтоқсанда Mail.ru қайтадан Google іздеу технологиясын қолданатыны мәлім болды.
2007 жылы қазан айында Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Самара, Челябі, Киев қалаларында түрлі қызмет көрсету кеңселерін ашады.
2008 жылдың жазында Mamba.ru-дың 30%-ы Mail.ru танысу сайты байланысына тиесілі екені мәлім болды. 2009 жылы желтоқсанда Mail.ru Astrum Online Entertainment компаниясының 100% акциясын сатып алғаны жөнінде мәлімдеп, Ресейдегі онлайн-көңіл көтеру саласында көшбасшы болады.
2010 жылдан бастап Mail.ru іздеу жұмысы қызметінде өздерінің жасаған GoGo.ru қызметі енгізілді. Яндекс Mail.ru сайтына іздеу қызметтерін ұсынуды жалғастыру үшін Mail.ru логотипінің жанында Яндекс логотипінің көрсетілуін шарт ретінде ұсынды, бірақ Mail.ru бұл келісімге қарсы шыққаннан кейін Яндекс іздеу қызметін қолдану туралы келісімді ұзартудан бас тартты. Директ Google AdWords ретінде қолданыла бастады.
Тұтынушылары
МТС, Билайн, МегаФон, Спортмастер, Microsoft, Nokia, Альфа-банк, Nestle, М.видео, RedBull, Apple, Samsung, Alcatel және т.б.
Жабдықтары
Mail.ru-дың вице-президенті және техникалық директоры Владимир Габриелянның айтуы бойынша порталдың қызмет көрсететін сегіз орталығы бар және сервер саны 9000 бірлікті құрайды. Mail.ru-дың техникалық департаментінде жеті жүзден астам маман жұмыс істейді.
2000 жылы ақпан айында Mail.ru пошта қызметіне тіркелген аккаунттер саны миллионға жетеді. Бұл рекорд ресми түрде тіркеліп, Ресейдің Гиннес рекордтар кітабына енгізіледі. 2005 жылы қараша айына дейін Mail.ru сайтында 30 миллион қолданушы және күніне 25 миллион электронды хаттар болды. 2008 жылы компания қаражаты 74,6 млн долларды құрады, таза кірісі 34,3 млн доллар болды. TNS бойынша 2009 жылы наурызда Mail.ru сайты Рунетте танымал сайттар арасында екінші орынға ие болды. 2009 жылы мамырда Mail.ru-дың қатысушылар саны шамамен күніне 14 млн-ға жетті. Компания нарықта осы атауымен 2001 жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс істейді, осы уақытқа дейін Mail.ru бренді Port.ru компаниясына тиесілі болған. Alexa.com рейтингі бойынша 2001 жылы шілде айының нәтижесінде бұл сайт әлемдегі танымал компаниялар қатарында 33-орыннан көрінді. Mail.ru-дың Ресейлік портал аудиториясы айына шамамен 27 млн адамды құрайды. Ең танымал қызметтері – пошта (айына 22,7 млн адам), Мой мир@Mail.ru (19,8 млн) және «Одноклассники» (17,3 млн). Сонымен қатар үлкен аудиториясы Mail.ru Агент мессенджері айына 15 миллион адамды құрайды.
Порталдың басты қызметтері
Mail.ru порталы өзінің жеке пошта қызметінен бөлек басқа да көптеген интернет-қызметтерді қамтиды.
Қолданушылардың қарым-қатынасымен байланысты қызмет группасы: Mail.ru Агент – жедел хат алмасу бағдарламасы, Мой Мир@mail.ru – әлеуметтік желі, блогохостинг Блоги@mail.ru, Рунеттегі ең белгілі Ответы@mail.ru сұрақ-жауап жүйесі, сонымен қатар файл алмастыру қызметі, фото және бейнехостинг, чаттар және т.б.
«Тауарлар және қызметтер» қызмет көрсету группасы
Іздеу қызметтері: Рунетте трафикогенерация бойынша Поиск@mail.ru үшінші орында, фотосурет іздеуқызметі, бейнероликтер, Ресей қалаларының электронды карталары және т.б.
ойын-сауық қызметі группасы (Афиша@mail.ru және басқалар)
Ақпараттық қызмет көрсету группасы (Новости@mail.ru, Hi-Tech@mail.ru, Авто@mail.ru, Леди@mail.ru, Дети@mail.ru, Здоровье@mail.ru және басқалар), сонымен қатар Рейтинг@mail.ru.
Сын
2009 жылы 9 сәуірде Ресей Федерациясы тергеу комитеті прокуратурасына Мой Мир@mail.ru-дағы әлеуметтік желі қолданушыларының порнография таратқандығы (балалар порнографиясы да), ол модераторлар тарапынан бірден өшіріле қоймай, басқа қолданушыларға тегіс мәлім болғандығына байланысты наразылық білдірген азаматтар тарапынан арыз түседі. Мұндай жағдайды Антон Носик өз тарапынан жанжал коммерциялық тапсырыс болуы мүмкін деп болжайды.
Қызықты деректер
Mail.ru қызмет көрсетуінің бар екенін көбісі біле бермейді, өйткені олар аз жарнамаланады. Бұл қызмет көрсетулер ішкі қолданыс үшін жасалынған немесе өңдеу сатысында тұр деп есептелінеді. Мысалдар:
Pro.mail.ru үшін AJAX оңтайлы болды. AJAX – веб-интерфейс пошта нұсқасы, ол қолайлығымен, жұмысының жеделдігімен және жарнамасының жоқтығымен ерекшеленеді.
OpenID (openid.mail.ru) – сайттарға кірудің бірыңғай жүйесі, блогтар және форумдар.
еdu.mail.ru бойынша ұзақ уақыт ішінде жарнамалар мен баннерден бөлек білім беретін порталдар қолданылды. Алайда 2011 жылдың басында бұл порталға кіру мүмкіндігі жойылды, оның орнына қолданушыларды Mail.ru-дың басты бетіне қайта сілтейді.
 
Бөлісу: