4 Желтоқсан 2012, 08:27
Снаряд-ұшақ немесе Қанатты ракета- әдетте ядролық зарядпен және реактивті қозғалтқышпен, сондай-ақ ұшуды басқару және оны нысанаға туралау үшін арнайы құралдармен жабдықталған бір рет қолдануға арналган ұшқышсыз қанатты ұшу аппараты.
Снаряд-ұшақтың негізгі бөліктеріне жойғыш бөлік, басқару аппараты, қозғалтқыш және планер жатады. Снаряд-ұшақтың марштық қозғалтқыштары әуе реактивті класына жатады, яғни тотықтандырғыш ретінде атмосфералық оттегін қолданатын қозғалтқыштар қолданылады.
Снаряд-ұшақтың сыртқы пішіні жойғыш типтегі реактивті ұшаққа ұқсайды. Ол кез келген метеорологиялық жағдайда жер үсті жылжымалы старттық қондырғыларынан, кеменің және сүңгуір кайықтың (су үстіндегі жағдайында) ұшыру қондырғыларынан, сонымен қатар ұшақтардан ұшырылуы мүмкін.
Снаряд-ұшақ нысанаға дейінгі өз жолының негізгі бөлігін қазіргі заманғы реактивті жойғыш ұшақ жылдамдығымен, 15-30 км биіктікте ұшып өтеді де, содан кейін нысанаға шұғыл шүйлігеді.
Снаряд-ұшақ ірі және маңызды нысаналарды: әкімшілік және өнеркәсіп орталықтарын, темір жол тораптарын, теңіз базалары мен порттарды, әскерлер мен техникалардың шоғырлану аудандарын және т.б. жоюға арналады. Снаряд-ұшақты радиолокациялық құралдар аркылы байқап, зенитті ракеталармен, жойғыш ұшақтармен тосып алып, жоюга болады.
Қанатты Ракета (Крылатая ракета) — бір рет колданылатын, ұшқышсыз қанатты ұшу аппараты. Ол әдетте ядролық зарядты тасиды және ұшуды басқаратын, оны нысанаға бағыттайтын реактивті қозғалтқышпен және арнайы аспаптармен жабдықталады. Қанатты ракетаның негізгі бөліктері: ұрыс бөлігі, басқару аппараты, қозғалтқыш пен планер. Қанатты ракетаның қозғалтқышы әуе-реактивтік, яғни тотықтандырғыш ретінде атмосфераның оттегі пайдаланылатын қозғалтқыш түріне жатады. Сырт тұлғасы жағынан қанатты ракета жойғыш реактивтік ұшақ секідді. Оны жер үсті жылжымалы қондырғылардан, кемелер мен сүңгуір қайықтардың (су бетінен) ұшыру қондырғысынан, сондай-ақ ұшақтардан кез келген метерологиялық жағдайда ұшыруға болады. Нысанаға дейінгі өз жолының негізгі бөлігін қанатты ракета 15-30 км биіктікте көлденең, казіргі реактивтік жойғғыштардың жылдамдығымен бірдей жылдамдықта ұшады. Содан соң нысанага тік шүйіледі. Қанатты ракета ірі де маңызды нысаналарды: әкімшілік және өнеркәсіптік орталықтарды, темір жол тораптарын, теңіз базалары мен порттарын, әскерлер мен ұрыс техникасының шоғырланған аудандарын, т.б. талқандауға арналады. Қанатты ракета радиолокация құралдарымен оңай анықталады. Оны зенитті ракеталармен және жойғыштармен тосып алып, жоюға болады.
Қанатты ракеталардың жіктелуі
Қанатты ракета радиолокация құралдарымен оңай анықталады. Оны зенитті ракеталармен және жойғыштармен тосып алып, жоюға болады. Қанатты ракеталардың жіктелуі (Клаесификация крылатых ракет). Қанатты ракеталар мынадай негізгі белгілеріне қарай бәлінеді:
• 1) траектория түріне қарай — қалықтайтын снарядты ұшақтар және ауыспалы биіктікте ұшатын ракеталар;
• 2) қозғалтқыш санына қарай —1 қозғалтқышты және 2 қозғалтқышты ракета;
• 3) аэродинамикалық cызбасына қарай — басқару жүйесі бір-бірімен перпендикуляр бір немесе екі жазықтықта жататын ракета;
• 4) басқару жүйесіне қарай— жеке, навигадиялық, телебасқарылатын және өздігінен бағытталатын;
• 5) әскери міндетіне қарай "Жер — Жер", "Кеме — Жер", "Әуе — Жер", ұшқышсыз барлау жасайтын ракеталар класы болып бөлінеді.