Миғраж

4 Желтоқсан 2012, 08:25

 Миғраж      Миғраж  хижреттен  бір  жарым  жыл  бұрын рәжәб  айының  жиырма  жетінші  түнінде  болды. Аллаһтың әрі  ісінде  өзіндік хикмет  болғанындай, Миғраждың да  бізге  мәлім  кейбір  хикметтері бар.Мысалға, Миғраж  оқиғасы  көп  қиыншылық  пен қайғылы  оқиғалардан соң  орын алғандығын  көрсетуге болады.Яғни қайғылы көңілді  сергітер, үміт  пен сенімді нығайтар Аллаһтың  сыйы еді.Сол күндерге көз жүгіртер  болсақ, осындай  Раббының  ілтипатына бөленудің қаншалықты  маңызды  екенін  көруге  болады.      Бұл жылды  Ислам  тарихында  «Қайғылы  жыл» деп  атаған.Пайғамбарымыздың  (с.а.у) әйелі Хз. Хадиша  анамыз, артынша  көп  уақыт  өтпей Әбу Талиб дүние салған  болатын.Сол күндері  Хз. Пайғамбар  үйінен еш  шыға  алмай  қалған уақыттары да болған.Сыртқа  шыққан жағдайда мүшріктер  Әбу Талибтен тартынып  істемеген кейбір жәбірлерін, Әбу Талибтің  көзі кеткен соң Пайғамбарымызға  (с.а.у) ашықтан-ашық істеп, зұлымдығын арттыра  бастады.Қараңыз, құдайдан қорықпаған қорқаулар қолдарына  ерік  тигенде не істеді?!     Хз.Пайғамбар кейде  үсті-басы топырақ  пен шаңғы  оранып қайтатын.Бірде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) үстін  тазалап отырған қызы әкесінің бұл халіне жаны  ашып  жылай  бастағанында: «Қызым  жылама! Аллаһ  Тағала әкеңді  қорғайды», -деп, Аллаһтың  жәрдемінің  жақын  екенін еске  салды.      Тағы бірде Хз. Пайғамбар   Әбу  Бәкір (р.а.) мен  Осман (р.а.)  ертіп, бірге  Қағбаны  тауап  етіп  жүреді.Мүшіріктер   Қағбаның  жанына  барып   Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  жолын   бөгейді.Мүмкіндікті  мүлт  жібермейтін   Әбу   Жаһил  атып  шығып  Хз. Пайғамбардың  жағасына   жабыса  кетеді.Басқалар  да  араласып,  біраз   уақыт   ерегіскен  екі  топ   екі  жаққа  тарайды.Хз.Пайғамбар:  «Аллаһтың  атымен  ант   етемін.Аллаһ  Тағаланың   азабы  келмейінше  сендер  бұл  істен  қайтпайсыңдар! Сендер   Пайғамбарларың  үшін  ең  жаман  адамсыңдар!»-деп  үйіне  бет  алады.  Хз.Әбу  Бәкір  мен  Осман  (р.а.)  Пайғамбарымызды  (с.а.у.)  үйіне   дейін   шығарып   салғанда,  Хз. Пайғамбар  оларға:    «Қуаныңдар!  Шүбесіз, Ұлы   Аллаһ  дінін  әлемге  жаяды. Пайғамбарына   да   жәрдем  етеді.Әлгілердің   жандарын  сендер  арқылы   алады!»  - дейді.  Кейіннен   Хз.Осма (р.а.) осы  оқиғаны  еске  алып: Аллаһтың   атымен  ант   етемін,  Аллаһ  Тағала   олардың  жанын   біз  арқылы  алды, - деген  екен.    Пайғамбарымыз   бен   мұсылмандардың әлсіреген тұсын пайдаланып,оларды түбегейлі құтқаруды мақсат тұтқандар да болмай қалған жоқ. Солардың бірі Ұқба болатын. Ол Пайғамбарымыз(с.а.у.) Қағбаның жанында намаз оқып  тұрғанында жанына келеді де, Хз Пайғамбарды тұншықтыра бастайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бойынан әл-дәрмен кетіп тізе бүгеді. Бұны көріп тұрғандар Пайғамбарымызды (с.ғ.у.) өлді деп жан жақа  жан-жақа жар сала бастайды. Әбу  Бәкір  (р.а.)  келіп  Хз.  Пайғамбарды   Ұқбаның   қолынан  бастап   алады  да:  «Раббым  Аллаһ» деген  үшін  адамды   өлтіруге  болады  ма?»-  де       Әбден  басынған   тар  ойлы  құдайдан   безгендер  бодан  да  Сорақысын  істеуге  баратындықтарын  көрсетіп   қалды.Хз.Пайғамбар  Қағбаның   жанында   намаз  оқып  жатқан  болатын.Сол   маңайда  отырған   мүшіріктердің  біреуі:  «Пәленшенің  үйіндегі  түйенің  ішек-қарнын  әкеліп  ана  кісінің  үстіне  кім  тастай  алады.Қане  қайсыңның  батылың  жетеді» -деді.Ұқба  бин  Әби  Муайт  орнынан  тұрды.Ішек-қарынды  алып  келіп, Пайғамбарымыз (с.а.у.)  сәждеге  барғанда  үстіне   тастап  жіберді.Хз.Пайғамбар   басын  сәждеден  көтере  алмай  жатқанына  мүшіріктер  қатты  күлді.Міне  осы  сияқты  оқиғалар  мен    қиыншылықтардан  кейін  Миғраж  оқиғасы   орын  алады.      Миғраж  сөзі  «жоғары  шығу», ал  Исра  сөзінің  мағынасы  «түн  жоғары»  дегенді   білдіреді.Хз.Пайғамбар   бір  күні  Қағбаның   хатим  делінген  бөлімінде  (басқа  бір  риуаятта  Үмму  Ханидің  үйінде  делінген) болған  кезінде   жабрайл  (а.с)  келіп  оған  Миғраж  жайында  білдірді.Алғашында  Пайғамбарымыз  (с.а.у.) пыраққа  мініп  Ақса  мешітіне  жетеді.Бұл  жағдайды   Исра  (түн  жорығы)  деп  атаған.     Кейіннен   Хз.  Пайғамбар   жабрайлмен  (а.с.)бірге  жеті  қабат  көкке  шығып    Сидатул  Мунтахаға   жеткен  болатын.Сидуратул Мунтахараға Аллах Тағаламен Пайғамбарымыздын ( с.а.у) арасындағы  бір перде.Сидратул  Мунтахада  Жәбірейіл  (а.с): «Мен   мына жерден  ары  қарай өте  алмаймын» дейді  де, сол  жерде  қалады.      Сидратул  Мунтахада  Пайғамбарымызға (с.а.у) көптеген  нәрселер  білдірілді. «(Мұхаммедтің  а.с) көзі  таймайды  да, үстірт  қарамады.Расында  ол, Раббының  ең үлкен белгілерін  көрді». (Нәжім  53/ 17-18) Бұлардың  барлығы  Раббымыздың  ерекше  сыйы  болатын.Миғражға Хз.Пайғамбарымызға:    1.Бақара сүресінің  соңғы  аяттары  берілді.    2.Мұхаммед  Пайғамбардың (с.а.у) үмбетінен Аллаһ  Тағалаға серік  қоспағандардың  күнәлары  кешірілетіндігі  білдірілді.    3.Күніге бес  уақыт  намаз  оқу  әмір  етілді.     Миғражда  берілген  сыйлықтардың  ішінде  намаздың  орны  ерекше.Өйткені  «Намаз мүміннің  Миғражы» делінген.Барша  жан-жануарлардың  ғибадат  ету түрі (қиям, руку  және  сәжде халі) намазда  топтастырылған. Миғражда бұдан басқа  көптеген оқиғалар болды.Пайғамбарымызға деген арнайы  қошемет  пен тартулар  жасалды.Өзін  елші  етіп  жіберге  Раббысының  құзырында  ешкімге  бұйырған мәртебеден  орын  алып қайтты.     Миғраж  оқиғасы  Әбу  Зәр  Ғифари, Абдуллаһ бин  Аббас, Әнәс бин Мәлік, Әбу Хурайра, Жабир бин  Абдуллаһ, Абдуллаһ бин Масғұд, Әбу  Сайд  әл-Худри сияқты  сахабалар  тарапынан риуаят етілген үлкен  бір  мұғзижа.     Аллаһ  Тағала  қасиетті  Құран  Кәрімде  Миғраж  оқиғасын  баян  етеді: «Құлын (Мұхаммедті  а.с) бір  түні  өзіне белгілерімізді  көрсету үшін  Масжид  Харамнан біз  айналасын мүбарак  қылған  Масжид Ақсаға  апарған Аллаһ, әр  түрлі  кемшіліктен  пәк.Шәксіз, Ол  естуші, білуші».(Исра 17/1)     Иә, бұл  оқиға пейілі таза  жандардың  хақ  жолды табуына, иманының  нығаюына себеп болғанындай, қараңғылықтың  қапасынан құтыла алмаған  қара ниетті  жандардың  қызғанышы  мен  қырсықтығын  арттыра түсті.Хз. Пайғамбар  (с.а.у) Қағбаның  Хижр деген  жерінде  мүшріктерге болған  оқиғаны  баяндап  берді.Олардың  ешбірі Пайғамбарымыздың (с.а.у) сөзіне  сенбеді. Бұны  естіген Әбу  Жаһил  Хз. Пайғамбарды  мазақ  етті.Ақса  мешіті  жайлы сұрады. Пайғамбарымыз  (с.а.у) егжей-тегжейлі  суреттер  берді. Өйткені Аллаһ Тағала сол  мезетте  Ақса  мешіті  арасындағы пердені  ашып, көз  алдына әкеліп қойған болатын. Мүшріктер  қатты  таңырқады.Бір топ  мүшріктер: «Ей Мұхаммед! Сен біздің  керуендер  жайлы айтшы.Ол біз  үшін  Ақса  мешітінен де қымбатырақ.Сен керуенді  кездестірдің бе?» деп  сұрады. «Иә, кездестірдім.Пәленше  түйесін жоғалтып, соны  іздеп  жүрген. Ол  керуен  қазір Теним  асуынан шығып  келеді.Керуеннің алдында қара түсті бір түйе  келеді» - деді.      Айтылған  сөздердің  өтірік  болып  шығуынан  үміттенген құрайыштықтар Теним асуынан  қарай бет  алып, керуенің алдын тосты.Керуен келгенде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) келгенде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқаны  рас болып  шықты. Сонда «бұл ап-ашық  сиқыр» дегеннен басқа ешнәрсе айтпады. Мойындауға  желкелерінен  тартқан қырсық  жібермей  тұрды. Енді пайғамбарымыздың  серіктерін күдікке  түсіруді көздеген мүшріктер Миғраж  хабарын Хз. Әбу  Бәкірге  айтып, оның  ойын сұрады. Әй  Әбу  Бәкір! Мұхаммедтің айтқандарын естідің  бе? Осы  түнде  Ақса мешітіне  барып, сонда  намаз оқығандығын айтып, бөсіп  жатыр! Сендер  ол  жайында  өтірік айтып  жатырсыңдар, - деді Әбу  Бәкір (р.а). Олар: Жоқ, дәл  қазір  ол  мешітте адамдарға  осыны  айтып  жатыр, - деді. Сонда Әбу  Бәкір (р.а) былай  деді: Аллаһтың атымен (с.а.у) айтқан  болса, ол –шындық. Мүшріктер  таң қалып: Сонда  сен  оның  түнде Ақса мешітіне барып  келгендігіне  сеніп  отырсың ба? – деп сұрады. Әбу  Бәкір (р.а): Иә, бұның  несіне  таң  қаласыңдар? Ол  маған  түнде келіп, күндіз  аспаннан  хабар  келгендігін  айтатын, мен  де  оған  сенетінмін, - деді.  Бұлармен сөйлесіп біткен  Әбу  Бәкір (р.а) Хз. Пайғамбардың жанына барып: Уа Аллаһтың  Елшісі!  Сен мына халыққа  бүгін  түнде Ақса  мешітіне барып келгендігіңді  айттың ба? – деп  сұрады.        Пайғамбарымыз  (с.а.у) Хз. Әбу  Бәкірге:       «Иә!» - деп жауап  берді. Уа  Аллаһтың  Елшісі! Оқиғаны маған  айтып берші! Мен  ол  жерге барған  болатынмын. Хз. Пайғамбар  айтып бергенінде: Дұрыс  айтасың! Аллаһ алдында куәлік етемін сен Аллаһ Тағаланың  жіберген пайғамбарысың! – деді.     «Ей  Әбу Бәкір! Сен  де «Сыддық» болдың. (Растаушы, шындық иесі)». Сол күннен бастап Хз.Әбу Бәкір Сыддық  деп  таныла  бастады.     Осылайша  Ұлы  Аллаһ өзінің шексіз  нығметін қалаған  құлына  берді.Иман келтірген құлдарының  мәртебесін асқақтатты. «Намаз мүміннің  миғражы» екендігін еске  алсақ, біздің де  үлестен құр  қалмағанымыз белгілі болады. Иә, Раббымыздың нығметін  қолдана білейік! Опанов  Бақытжан Дінтанушы.

 Миғраж

     Миғраж  хижреттен  бір  жарым  жыл  бұрын рәжәб  айының  жиырма  жетінші  түнінде  болды. Аллаһтың әрі  ісінде  өзіндік хикмет  болғанындай, Миғраждың да  бізге  мәлім  кейбір  хикметтері бар.Мысалға, Миғраж  оқиғасы  көп  қиыншылық  пен қайғылы  оқиғалардан соң  орын алғандығын  көрсетуге болады.Яғни қайғылы көңілді  сергітер, үміт  пен сенімді нығайтар Аллаһтың  сыйы еді.Сол күндерге көз жүгіртер  болсақ, осындай  Раббының  ілтипатына бөленудің қаншалықты  маңызды  екенін  көруге  болады.

     Бұл жылды  Ислам  тарихында  «Қайғылы  жыл» деп  атаған.Пайғамбарымыздың  (с.а.у) әйелі Хз. Хадиша  анамыз, артынша  көп  уақыт  өтпей Әбу Талиб дүние салған  болатын.Сол күндері  Хз. Пайғамбар  үйінен еш  шыға  алмай  қалған уақыттары да болған.Сыртқа  шыққан жағдайда мүшріктер  Әбу Талибтен тартынып  істемеген кейбір жәбірлерін, Әбу Талибтің  көзі кеткен соң Пайғамбарымызға  (с.а.у) ашықтан-ашық істеп, зұлымдығын арттыра  бастады.Қараңыз, құдайдан қорықпаған қорқаулар қолдарына  ерік  тигенде не істеді?!

    Хз.Пайғамбар кейде  үсті-басы топырақ  пен шаңғы  оранып қайтатын.Бірде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) үстін  тазалап отырған қызы әкесінің бұл халіне жаны  ашып  жылай  бастағанында: «Қызым  жылама! Аллаһ  Тағала әкеңді  қорғайды», -деп, Аллаһтың  жәрдемінің  жақын  екенін еске  салды.

     Тағы бірде Хз. Пайғамбар   Әбу  Бәкір (р.а.) мен  Осман (р.а.)  ертіп, бірге  Қағбаны  тауап  етіп  жүреді.Мүшіріктер   Қағбаның  жанына  барып   Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  жолын   бөгейді.Мүмкіндікті  мүлт  жібермейтін   Әбу   Жаһил  атып  шығып  Хз. Пайғамбардың  жағасына   жабыса  кетеді.Басқалар  да  араласып,  біраз   уақыт   ерегіскен  екі  топ   екі  жаққа  тарайды.Хз.Пайғамбар:  «Аллаһтың  атымен  ант   етемін.Аллаһ  Тағаланың   азабы  келмейінше  сендер  бұл  істен  қайтпайсыңдар! Сендер   Пайғамбарларың  үшін  ең  жаман  адамсыңдар!»-деп  үйіне  бет  алады.

 Хз.Әбу  Бәкір  мен  Осман  (р.а.)  Пайғамбарымызды  (с.а.у.)  үйіне   дейін   шығарып   салғанда,  Хз. Пайғамбар  оларға:

   «Қуаныңдар!  Шүбесіз, Ұлы   Аллаһ  дінін  әлемге  жаяды. Пайғамбарына   да   жәрдем  етеді.Әлгілердің   жандарын  сендер  арқылы   алады!»  - дейді.  Кейіннен   Хз.Осма (р.а.) осы  оқиғаны  еске  алып:

   Пайғамбарымыз   бен   мұсылмандардың әлсіреген тұсын пайдаланып,оларды түбегейлі құтқаруды мақсат тұтқандар да болмай қалған жоқ. Солардың бірі Ұқба болатын. Ол Пайғамбарымыз(с.а.у.) Қағбаның жанында намаз оқып  тұрғанында жанына келеді де, Хз Пайғамбарды тұншықтыра бастайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бойынан әл-дәрмен кетіп тізе бүгеді. Бұны көріп тұрғандар Пайғамбарымызды (с.ғ.у.) өлді деп жан жақа  жан-жақа жар сала бастайды. Әбу  Бәкір  (р.а.)  келіп  Хз.  Пайғамбарды   Ұқбаның   қолынан  бастап   алады  да:  «Раббым  Аллаһ» деген  үшін  адамды   өлтіруге  болады  ма?»-  де

      Әбден  басынған   тар  ойлы  құдайдан   безгендер  бодан  да

 Сорақысын  істеуге  баратындықтарын  көрсетіп   қалды.Хз.Пайғамбар  Қағбаның   жанында   намаз  оқып  жатқан  болатын.Сол   маңайда  отырған   мүшіріктердің  біреуі:  «Пәленшенің  үйіндегі  түйенің  ішек-қарнын  әкеліп  ана  кісінің  үстіне  кім  тастай  алады.Қане  қайсыңның  батылың  жетеді» -деді.Ұқба  бин  Әби  Муайт  орнынан  тұрды.Ішек-қарынды  алып  келіп, Пайғамбарымыз (с.а.у.)  сәждеге  барғанда  үстіне   тастап  жіберді.Хз.Пайғамбар   басын  сәждеден  көтере  алмай  жатқанына  мүшіріктер  қатты  күлді.Міне  осы  сияқты  оқиғалар  мен    қиыншылықтардан  кейін  Миғраж  оқиғасы   орын  алады.

     Миғраж  сөзі  «жоғары  шығу», ал  Исра  сөзінің  мағынасы  «түн  жоғары»  дегенді   білдіреді.Хз.Пайғамбар   бір  күні  Қағбаның   хатим  делінген  бөлімінде  (басқа  бір  риуаятта  Үмму  Ханидің  үйінде  делінген) болған  кезінде   жабрайл  (а.с)  келіп  оған  Миғраж  жайында  білдірді.Алғашында  Пайғамбарымыз  (с.а.у.) пыраққа  мініп  Ақса  мешітіне  жетеді.Бұл  жағдайды   Исра  (түн  жорығы)  деп  атаған.

    Кейіннен   Хз.  Пайғамбар   жабрайлмен  (а.с.)бірге  жеті  қабат  көкке  шығып    Сидатул  Мунтахаға   жеткен  болатын.Сидуратул Мунтахараға Аллах Тағаламен Пайғамбарымыздын ( с.а.у) арасындағы  бір перде.Сидратул  Мунтахада  Жәбірейіл  (а.с): «Мен   мына жерден  ары  қарай өте  алмаймын» дейді  де, сол  жерде  қалады.

     Сидратул  Мунтахада  Пайғамбарымызға (с.а.у) көптеген  нәрселер  білдірілді. «(Мұхаммедтің  а.с) көзі  таймайды  да, үстірт  қарамады.Расында  ол, Раббының  ең үлкен белгілерін  көрді». (Нәжім  53/ 17-18) Бұлардың  барлығы  Раббымыздың  ерекше  сыйы  болатын.Миғражға Хз.Пайғамбарымызға:

   1.Бақара сүресінің  соңғы  аяттары  берілді.

   2.Мұхаммед  Пайғамбардың (с.а.у) үмбетінен Аллаһ  Тағалаға серік  қоспағандардың  күнәлары  кешірілетіндігі  білдірілді.

   3.Күніге бес  уақыт  намаз  оқу  әмір  етілді.

    Миғражда  берілген  сыйлықтардың  ішінде  намаздың  орны  ерекше.Өйткені  «Намаз мүміннің  Миғражы» делінген.Барша  жан-жануарлардың  ғибадат  ету түрі (қиям, руку  және  сәжде халі) намазда  топтастырылған. Миғражда бұдан басқа  көптеген оқиғалар болды.Пайғамбарымызға деген арнайы  қошемет  пен тартулар  жасалды.Өзін  елші  етіп  жіберге  Раббысының  құзырында  ешкімге  бұйырған мәртебеден  орын  алып қайтты.

    Миғраж  оқиғасы  Әбу  Зәр  Ғифари, Абдуллаһ бин  Аббас, Әнәс бин Мәлік, Әбу Хурайра, Жабир бин  Абдуллаһ, Абдуллаһ бин Масғұд, Әбу  Сайд  әл-Худри сияқты  сахабалар  тарапынан риуаят етілген үлкен  бір  мұғзижа.

    Аллаһ  Тағала  қасиетті  Құран  Кәрімде  Миғраж  оқиғасын  баян  етеді: «Құлын (Мұхаммедті  а.с) бір  түні  өзіне белгілерімізді  көрсету үшін  Масжид  Харамнан біз  айналасын мүбарак  қылған  Масжид Ақсаға  апарған Аллаһ, әр  түрлі  кемшіліктен  пәк.Шәксіз, Ол  естуші, білуші».(Исра 17/1)

    Иә, бұл  оқиға пейілі таза  жандардың  хақ  жолды табуына, иманының  нығаюына себеп болғанындай, қараңғылықтың  қапасынан құтыла алмаған  қара ниетті  жандардың  қызғанышы  мен  қырсықтығын  арттыра түсті.Хз. Пайғамбар  (с.а.у) Қағбаның  Хижр деген  жерінде  мүшріктерге болған  оқиғаны  баяндап  берді.Олардың  ешбірі Пайғамбарымыздың (с.а.у) сөзіне  сенбеді. Бұны  естіген Әбу  Жаһил  Хз. Пайғамбарды  мазақ  етті.Ақса  мешіті  жайлы сұрады. Пайғамбарымыз  (с.а.у) егжей-тегжейлі  суреттер  берді. Өйткені Аллаһ Тағала сол  мезетте  Ақса  мешіті  арасындағы пердені  ашып, көз  алдына әкеліп қойған болатын. Мүшріктер  қатты  таңырқады.Бір топ  мүшріктер: «Ей Мұхаммед! Сен біздің  керуендер  жайлы айтшы.Ол біз  үшін  Ақса  мешітінен де қымбатырақ.Сен керуенді  кездестірдің бе?» деп  сұрады. «Иә, кездестірдім.Пәленше  түйесін жоғалтып, соны  іздеп  жүрген. Ол  керуен  қазір Теним  асуынан шығып  келеді.Керуеннің алдында қара түсті бір түйе  келеді» - деді.

     Айтылған  сөздердің  өтірік  болып  шығуынан  үміттенген құрайыштықтар Теним асуынан  қарай бет  алып, керуенің алдын тосты.Керуен келгенде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) келгенде  Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқаны  рас болып  шықты. Сонда «бұл ап-ашық  сиқыр» дегеннен басқа ешнәрсе айтпады. Мойындауға  желкелерінен  тартқан қырсық  жібермей  тұрды. Енді пайғамбарымыздың  серіктерін күдікке  түсіруді көздеген мүшріктер Миғраж  хабарын Хз. Әбу  Бәкірге  айтып, оның  ойын сұрады.

Олар:

Сонда Әбу  Бәкір (р.а) былай  деді:

Мүшріктер  таң қалып:

Әбу  Бәкір (р.а):

Бұлармен сөйлесіп біткен  Әбу  Бәкір (р.а) Хз. Пайғамбардың жанына барып:

       Пайғамбарымыз  (с.а.у) Хз. Әбу  Бәкірге:

      «Иә!» - деп жауап  берді.

    «Ей  Әбу Бәкір! Сен  де «Сыддық» болдың. (Растаушы, шындық иесі)». Сол күннен бастап Хз.Әбу Бәкір Сыддық  деп  таныла  бастады.

    Осылайша  Ұлы  Аллаһ өзінің шексіз  нығметін қалаған  құлына  берді.Иман келтірген құлдарының  мәртебесін асқақтатты. «Намаз мүміннің  миғражы» екендігін еске  алсақ, біздің де  үлестен құр  қалмағанымыз белгілі болады. Иә, Раббымыздың нығметін  қолдана білейік!

Опанов  Бақытжан

Дінтанушы.

Бөлісу: