Google

4 Желтоқсан 2012, 08:24

    Google Inc.([ɡuːɡl], қаз. Гугл) – Google Inc. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие. Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т. б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие.   Құрылу тарихы Негізгі мақала: Google тарихы Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді. Google компаниясы Google сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін ұсынады, сонымен қатар Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung серияларына және Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша, google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталды. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), және Orkut сияқты Google - дың көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-ге кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауын Гугол (Googol) – Сергей Брин берген. Google «гугол» сөзінің жазылуында өрескел қате кеткен. Жүз нөл біреуінде дегенді көрсетеді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп Жердің 3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарады. Қызметі Викиіздеу Пайдаланушыға іздеу сұранысы бойынша берген нәтижелерді реттеуге мүмкіндік беретін іздеу технологиясы. Пайдаланушы шыққан нәтижелерді тізімнен өшіріп, тізімді жоғары көтере алады. Аталмыш технологияны 2009 жылы Google компаниясы шығарады, технология сол жылдың күзіне дейін қызмет атқарып келеді. 2010 жылы, 4 мамырда іздеу баптауларында «Викиіздеу» қызметін қосумен жұмыс істеуді бастайды. Google Аудармашы - мәтіндерді немесе веб-беттерді аударуға арналған машиналық аудармашы. SYSTRAN технологиясын қолданатын Babel Fish және AOL аударма сервистеріне қарағанда Google де Translate.ru сияқты өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады. Компания қызметкерлері веб дизайнерлер үшін сайттың аудармасын бірден басқа тілдерге аударуын қамтамасыз етеітн скрипт ойлап шығарған. Google Аудармашының да басқа автоматты аударма құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Әрдайым аударманың сапасына қатысты жұмыстар жүргізіп отырады, басқа да тілдерге аудару жұмыстары жасалуда. Дыбыстық іздеу 2010 жылы 22 қыркүйекте компания Ресейде дыбыс іздеуін шығарады. Іздеу үшін телефондағы іздеу түймесін басып, өз сұранысыңызды дыбыстайсыз. Телефон сіздің дыбысыңызды серверге жіберіп, браузер дыбыс бойынша іздеу нәтижелерін тауып береді. Логотипі Google Doodle Google логотипі мейрамдарда немесе танымал тұлғалардың туылған күндерінде өзгеріп отырады. (әр аймақтық домендер өз мейрамдарына, белгілі бір атаулы күндерге байланысты өзгеріп отырады) Мысалы, Наполеон Орданың туылған күнінде 2010 жылы 11 ақпанда Google-дың белорусь домені логотипінде атақты суретшінің акварельдері шығады. Сондай-ақ, 2011 жылы 22 наурызда Қазақстандағы Google домені логотипінде 22 Наурыз қазақтың төл мерекесіне байланысты көктемнің суреті шығады. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған жаңа логотипі шықты. Сайт индексациясы Google іздеу роботында– іздеу индексі үшін беттегі мәліметтерді сканерлейтін Googlebot негізгі робот User Agent бар. Сонымен қоса, бірнеше мамандандырылған роботтар бар: • Googlebot-Mobile – мобильді құрылғылар сайтын индекстейтін робот, • Google Search Appliance (Google) gsa-crawler – Search Appliance жаңа құрылғы-бағдарлама кешенінің іздеу роботы, • Googlebot-Image – сурет индекстері үшін бетті сканерлейтін робот, • Mediapartners-Google — AdSense мазмұнын анықтау үшін бет контентін сканерлейтін робот, • Adsbot-Google — AdWords беттері сапасын бағалауға арналған контентті сканерлейтін робот.  

 

 
Google Inc.([ɡuːɡl], қаз. Гугл) – Google Inc. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т. б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие.
 
Құрылу тарихы
Негізгі мақала: Google тарихы
Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.
Google компаниясы
Google сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін ұсынады, сонымен қатар Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung серияларына және Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша, google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталды. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), және Orkut сияқты Google - дың көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-ге кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауын Гугол (Googol) – Сергей Брин берген. Google «гугол» сөзінің жазылуында өрескел қате кеткен. Жүз нөл біреуінде дегенді көрсетеді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп Жердің 3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарады.
Қызметі
Викиіздеу Пайдаланушыға іздеу сұранысы бойынша берген нәтижелерді реттеуге мүмкіндік беретін іздеу технологиясы. Пайдаланушы шыққан нәтижелерді тізімнен өшіріп, тізімді жоғары көтере алады. Аталмыш технологияны 2009 жылы Google компаниясы шығарады, технология сол жылдың күзіне дейін қызмет атқарып келеді. 2010 жылы, 4 мамырда іздеу баптауларында «Викиіздеу» қызметін қосумен жұмыс істеуді бастайды.
Google Аудармашы - мәтіндерді немесе веб-беттерді аударуға арналған машиналық аудармашы. SYSTRAN технологиясын қолданатын Babel Fish және AOL аударма сервистеріне қарағанда Google де Translate.ru сияқты өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады. Компания қызметкерлері веб дизайнерлер үшін сайттың аудармасын бірден басқа тілдерге аударуын қамтамасыз етеітн скрипт ойлап шығарған. Google Аудармашының да басқа автоматты аударма құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Әрдайым аударманың сапасына қатысты жұмыстар жүргізіп отырады, басқа да тілдерге аудару жұмыстары жасалуда.
Дыбыстық іздеу 2010 жылы 22 қыркүйекте компания Ресейде дыбыс іздеуін шығарады. Іздеу үшін телефондағы іздеу түймесін басып, өз сұранысыңызды дыбыстайсыз. Телефон сіздің дыбысыңызды серверге жіберіп, браузер дыбыс бойынша іздеу нәтижелерін тауып береді.
Логотипі
Google Doodle Google логотипі мейрамдарда немесе танымал тұлғалардың туылған күндерінде өзгеріп отырады. (әр аймақтық домендер өз мейрамдарына, белгілі бір атаулы күндерге байланысты өзгеріп отырады) Мысалы, Наполеон Орданың туылған күнінде 2010 жылы 11 ақпанда Google-дың белорусь домені логотипінде атақты суретшінің акварельдері шығады. Сондай-ақ, 2011 жылы 22 наурызда Қазақстандағы Google домені логотипінде 22 Наурыз қазақтың төл мерекесіне байланысты көктемнің суреті шығады. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған жаңа логотипі шықты.
Сайт индексациясы
Google іздеу роботында– іздеу индексі үшін беттегі мәліметтерді сканерлейтін Googlebot негізгі робот User Agent бар. Сонымен қоса, бірнеше мамандандырылған роботтар бар:
Googlebot-Mobile – мобильді құрылғылар сайтын индекстейтін робот,
Google Search Appliance (Google) gsa-crawler – Search Appliance жаңа құрылғы-бағдарлама кешенінің іздеу роботы,
Googlebot-Image – сурет индекстері үшін бетті сканерлейтін робот,
Mediapartners-Google — AdSense мазмұнын анықтау үшін бет контентін сканерлейтін робот,
Adsbot-Google — AdWords беттері сапасын бағалауға арналған контентті сканерлейтін робот.
 
Бөлісу: