Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы

4 Желтоқсан 2012, 08:23

      Беларусь, Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы – Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 207,6 мың км2. Халқы – 9,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы – белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%) мен поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумақтық жағынан алты облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні – православие (70%). Ақшасы – рубль. Ұлттық мейрамы – үшінші шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталардан тұрады. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 – 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы – Вилия). Жерінің 33%-ы орман болып келеді. Ормансыз жерлері – шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.  Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 2 – 5 ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастады да, 9 ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде славяндардың үш ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтер қоныстанған. 9 ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. 9 – 11 ғасырларда егіншілік кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 1569 ж. Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, католик діні енгізіле бастады. 1648 жылдан басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. 18 ғасырдан бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19 ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады.  1919 ж. бірінші қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. отызыншы желтоқсанда КСРО құрамына енді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қол астында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылды. Экономикасы дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 1990 ж. Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. сегізінші желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылығы, т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. Жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, тас көмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.   

 

 
 
Беларусь, Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы – Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 207,6 мың км2. Халқы – 9,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы – белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%) мен поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумақтық жағынан алты облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні – православие (70%). Ақшасы – рубль. Ұлттық мейрамы – үшінші шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталардан тұрады. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 – 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы – Вилия). Жерінің 33%-ы орман болып келеді. Ормансыз жерлері – шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде. 
Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 2 – 5 ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастады да, 9 ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде славяндардың үш ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтер қоныстанған. 9 ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. 9 – 11 ғасырларда егіншілік кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 1569 ж. Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, католик діні енгізіле бастады. 1648 жылдан басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. 18 ғасырдан бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19 ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады. 
1919 ж. бірінші қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. отызыншы желтоқсанда КСРО құрамына енді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қол астында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылды. Экономикасы дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 1990 ж. Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. сегізінші желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылығы, т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. Жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, тас көмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері. 
 
Бөлісу: