Көсемшенің қабысуы арқылы құрылған етістікті сөз тіркестері

4 Желтоқсан 2012, 07:55

Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді. Қарындаш жерге түсіп, домалап кетті. Перде жиырылып түсті. Сонымен, көсемше өз алдына дербес жұмсала алмайтын, сөйлемде тек екінші бір етістік сөзге ілесіп кіретін форма болғандықтан, етістік сөздермен ғана тіркесуі өте заңды және көсемше өзгермейтін форма болғандықтан, сөз тіркесіне қабысу амалы арқылы кіреді.        , Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді. 1. Көсемше сөз бен етістік сөздің мағыналық үйлесімі: Шошып — оянды, түрды, қарады. 2. КөсемшенІң грамматикалық түрлеріне тән мағына да олардың тіркесу мүмкіншілігіне әсер етеді. Қызмет, мағына жағынан біріне-бірі -ып, -іп, -п формасы мен -а, -е, -й формасы жуық келеді. Көптеген мысалдар бұл екі форманың мағына жұмсалу жағынан қатар келе алатынын байқатады: Күле кіріп, күңіреніп шықты. Дайындалып сөйледі — дайындалмай сөйледі. Айтып-айтпай немене. Осы мысалдар, болымды-болымсыздық форма жасауда, іс-әрекеттің сынын білдіруде көсемшелік екі форманың тең келе алатынын байқатып тұр. Н. Қ. Дмитриев көсемшелердің бұл формаларының жұмсалу аясы, ерекшелігі әр дәуірге тән нормаға ғана бағынышты деуі осындайдан . Қазақ тілінің жүйесінде көсемшенің аталған формаларының анық дараланып жұмсалатын жайлары да бар: 1.    Іс-әрекеттердің іле қатар болғанын білдіретін етіс- тікті тіркесте -а, -е тұлғалы көсемше бағыныңқы компо- нент болып жұмсалады: келе (іске) кірісті, бара сөйледі. 2.    -а, -е тұлғалы көсемшелердің санаулы түрі дәстүр бойынша қалыптасып тіркесетіндері де бар: сөйлей-сөй- лей шешен боларсың, жүре-жүре (тауға) жеттік. Осы сияқты көсемшелердің дәстүрмен қалыптасқан тіркесте тұрақтағандары бар: жүре сөйледі, жаба тоқыды. Мұндай дәстүрмен бекітілмеген жағдайда -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер тең вариант ретінде алмасып жұмсала береді: күле сөйледі — күліп сөйледі, қадала қарады — қадалып қарады. ...Қайрат та қисық сапты бишігін шошаңдатып қойды. Онан соң ішігін шешіп тастап, келсең кел дегендей шана үстіне тізерлеп, қоқырая отырды (С. Мұрат.). Көсемшелердің ерекше дара мағынада тіркеске түсетіні — -ғалы, -гелі, -қалы, -келі формалары. Бұлар өз дара мағынасына сай мақсат, мезгіл мағыналы қатынасты білдіреді: көргелі келді, келгелі есітіп жүрмін. Сонымен «көсемше — етістік» болып құралған сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіру үшін қызмет етеді. Жалпы, жинақы белгісімен осылай аталғанмен бұл қатынас дара-дара түрлерге белінеді. Олар қимылдың амалын, мақсатын, мезгілін білдіреді.  

Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді.
Қарындаш жерге түсіп, домалап кетті. Перде жиырылып түсті.
Сонымен, көсемше өз алдына дербес жұмсала алмайтын, сөйлемде тек екінші бір етістік сөзге ілесіп кіретін форма болғандықтан, етістік сөздермен ғана тіркесуі өте заңды және көсемше өзгермейтін форма болғандықтан, сөз тіркесіне қабысу амалы арқылы кіреді.        ,
Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді.
1. Көсемше сөз бен етістік сөздің мағыналық үйлесімі: Шошып — оянды, түрды, қарады.
2. КөсемшенІң грамматикалық түрлеріне тән мағына да олардың тіркесу мүмкіншілігіне әсер етеді.
Қызмет, мағына жағынан біріне-бірі -ып, -іп, -п формасы мен -а, -е, -й формасы жуық келеді. Көптеген мысалдар бұл екі форманың мағына жұмсалу жағынан қатар келе алатынын байқатады: Күле кіріп, күңіреніп шықты. Дайындалып сөйледі — дайындалмай сөйледі. Айтып-айтпай немене.
Осы мысалдар, болымды-болымсыздық форма жасауда, іс-әрекеттің сынын білдіруде көсемшелік екі форманың тең келе алатынын байқатып тұр. Н. Қ. Дмитриев көсемшелердің бұл формаларының жұмсалу аясы, ерекшелігі әр дәуірге тән нормаға ғана бағынышты деуі осындайдан .
Қазақ тілінің жүйесінде көсемшенің аталған формаларының анық дараланып жұмсалатын жайлары да бар:
1.    Іс-әрекеттердің іле қатар болғанын білдіретін етіс-
тікті тіркесте -а, -е тұлғалы көсемше бағыныңқы компо-
нент болып жұмсалады: келе (іске) кірісті, бара сөйледі.
2.    -а, -е тұлғалы көсемшелердің санаулы түрі дәстүр
бойынша қалыптасып тіркесетіндері де бар: сөйлей-сөй-
лей шешен боларсың, жүре-жүре (тауға) жеттік.
Осы сияқты көсемшелердің дәстүрмен қалыптасқан тіркесте тұрақтағандары бар: жүре сөйледі, жаба тоқыды. Мұндай дәстүрмен бекітілмеген жағдайда -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер тең вариант ретінде алмасып жұмсала береді: күле сөйледі — күліп сөйледі, қадала қарады — қадалып қарады.
...Қайрат та қисық сапты бишігін шошаңдатып қойды. Онан соң ішігін шешіп тастап, келсең кел дегендей шана үстіне тізерлеп, қоқырая отырды (С. Мұрат.). Көсемшелердің ерекше дара мағынада тіркеске түсетіні —
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі формалары. Бұлар өз дара мағынасына сай мақсат, мезгіл мағыналы қатынасты білдіреді: көргелі келді, келгелі есітіп жүрмін.
Сонымен «көсемше — етістік» болып құралған сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіру үшін қызмет етеді. Жалпы, жинақы белгісімен осылай аталғанмен бұл қатынас дара-дара түрлерге белінеді. Олар қимылдың амалын, мақсатын, мезгілін білдіреді.
 

Бөлісу: