Қайта туған халықтың әдебиеті
Жас шағынан бастап, құлаш соза, жетіле түскен кезіне шейін жүріп өткен жолын андасақ, қазақ совет әдебиеті көп салалы, күрделі өмір кешкенін көреміз. Октябрь тудырып өсірген тамаша өренінің бірі — қазақ совет әдебиетін барлық халқымызбен бірге қуаныш, мақтан ете отырып, сол әдебиеттің көп жайларын тілектес көңілмен шоламыз.
Қазақ совет әдебиетінің қырық жылдық дәуірі деген сөз — ол, ең алдымен, әдебиеттік нақтылы фактілердің, ағымдардың, қозғалыстардың және үлкенді-кішілі шығармалық шабытты процестердің тарихы деген сөз. Бұл тарих, сонымен қатар, деректі, қомақты дүние. Жалпы бағыт жайлармен қатар, бұл жөніндегі әрбір деректер жеке шығармалар түрінде, жеке жазушылардың өмір тартысы ретінде өте айқын, салмақты келеді.
Сан жағынан мол болып, әр салалы кең көріністер аңғартатын табыстардың сапалық жағы да ойдағыдай. Бір адамның өмірінен де қысқа дәуір ішінде дүниежүзілік майданға шығуға жараған жаңа әдебиет пайда болды. Революция тудырған қазақ әдебиетінің анық өскелеңдік, сапалық сипатын, табысын танытатын кей көрнекті жайларын арнай атау керек.
Бұл жөнінде біз бар табысы тың болған көркем проза мен драматургияны ең алдымен ауызға аламыз. Қазақ көркем прозасы революциядан бұрынғы кезде үлкен табыс дәстүрге жетпегеніне қарамай, қырық жыл ішінде анық зор өріске жетті. Осы аталған санаулы жылдар ішінде біздің көркем прозамыз өз оқушысына сан алуан үлгі, өрнектер әкелді. Бұл қатарда терең драмалық құрылысы бар, сюжеті қызықты құрылған немесе психологиялық әңгімелер баяндайтын, болмаса тарихтық жайларды суреттейтін, тарихтық-революциялық шындықтарды бейнелейтін және өмірбаяндық, қызық оқиғалық романдар да туды. Өткір сана — мүдделі күнделік тартыс көрінісін бейнелейтін очерктер, әңгімелер жазылды. Соғыстың қатал күні мен бейбітшілік күндерді немесе тынды көтеру күндерінде де еңбек қарқынын суреттеген көркем проза үлгілері шықты. Осының бәрімен қазақ прозасы партияның өткір құралы болуға жарады. Біздің прозаның табыстарын Одақтағы барлық халықтарымыздың бәрінің де тілінде таныған, танытқан бағалар бар екені белгілі.
Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәстүріне сүйенетін реалистік прозамызды жасаған жазушылар — роман жазушылар мен әңгімелер жазушылар. Мысалы, қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің өзгеше мұрасынан танылатын. Ірі формалы прозаның роман үлгілері Сәбит Мұқановтың "Ботагөзі", Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлкесі", Ғабиден Мұстафиннің "Шығанағы" деп санаймыз.
Мен қазақ көркем прозасының ең ірікті шығармаларын ғана екшеп алып отырмын. Бұл шығармалар — мезгіл сынын көтерген, тұрақты табыс есебінде бағалануға мейлінше жараған кітаптар. Осы аз ғана еңбектердің бәріне ортақ ерекшелік жайлары бар және, әрине, әрқайсысының өзіне ғана тән, өзіндік жекешелік қасиеттері тағы да бар. Бұлардағы жалпы жақсы белгі әрбір жас әдебиеттің алғашқы Абайдан соңғы дәуірде қазақтың көркем сөзінің сапасы артып, жалпы әдебиеттік мәдениеттің жаңа үлгісін жасайтын жазушылар туғанын аңғартады. Сонымен қатар әрқайсысының жекеше бағалы қасиеттері бар. Мысалы, Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды боп шығады. Және бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ аулында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады.
Сәбиттің "Ботагөз" романындағы ерекшелік қасиет: бұнда лирикалық жан күйлері мен драмалық жайлар жақсы қабысады да, соның бәрі тарихтық, қоғамдық қозғалыспен, революция дәуіріндегі үлкен тартыс шындығымен жақсы үйлесіп бейнеленеді.
Ғабиттің "Оянған өлке" романы — көркемдігі де, ойы да терең шығарма. Өзіндік даралық, жекеше жайлары мен тіл кестесі, сөз шеберлігі оқшау сезіледі. Осындай стильдік те толық сипаттары арқасында оң-теріс адам бейнелерін ішкі сыр-сипаттарымен жақсы ашады. Бұнда жазушының өзіндік психологиялық суреттеу үлгісі талай жандарды сатиралық мысқыл, әжуамен бейнелеуге бейімделіп, дұрыс дамып отырады. Осы әдіс, нақыстар бұл жазушы шығармасының өзгеше өзіндік қасиеті болып айқын байқалады. Ғабиденнің "Шығанақ" атты романы да өзгеше қызықты шығарма. Замандасымыздың ішіндегі аса өнерлі егіншісі Шығанақ бейнесін жазушы халық бойындағы даналық қасиеттің жаңа сападағы бір үлгісі, өнегелі адам сипаты етіп көтере көрсеткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында сусыз сараң сахарада ғажайып мол егін — өнім алған еңбек даналығын келісті қып көрсете білген. Шығанақ бейнесінде еңбек батырлығын танытатын өзі дана, барынша адал бейілді, совет патриоты жақсы сипатталған. Бұл шығарманың өзгеше бір қасиеті: роман дағдылы өндіріс жөніндегі шығарма ғана болып қалмай, зор көркем шығарма болып қалыптасқан. Өйткені бұнда геройдың ішкі-тысқы сан сипаттарын тұтас ашып суреттейді. Адамның ішкі сезімдері, ой толғауы, қажырлы арманы халықтық кең, қызықты мінездер ретінде әдемі үйлесіп, тұтаса қалыптасқан. Бұл кітаптың осындай өзіндік өзгешелік қымбат сымбаты бар.
Жоғарыда аталып өткен төрт жазушының төрт алуан шығармалары қазақ көркем прозасының ең көрнекті, ең елеулі табысы болып саналуға татиды. Осылардай алдыңғы аға буын жазушылармен қатар, соларға ілесе жедел келе жатқан тағы бір топ талантты жазушыларды еске аламыз. Бұлар реалистік әңгімелердің, очерктердің және романдардың жазушылары — С. Ерубаев, Ә. Әбішев, Ғ. Орманов, Ғ. Сланов, М. Иманжанов, Ә. Сәрсенбаев, Т. Ахтанов, З. Шашкин, З. Қабдолов, С. Шәймерденов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Нұршайықов, тағы басқалар.
Біздің жаңа әдебиеттің соңғы қырық жыл ішінде тауып баураған жаңа жанрының бірі — драматургия. Қырық жыл ішінде сол драматургия ең алғаш киіз үйде, балаған күрке астында қойылып жүрген жастар ойын-сауығынан бастап, үлкен шеберлікке, реалистік көркемдікке жеткен шығармалар тудырды. Бұл қатарда айрықша атап өтетін ірі пьесалар: Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" және "Ақын трагедиясы" атты (Ақан сері туралы жазылған) пьесалары.
Біздің жұртшылық анық жоғары бағалайтын Мүсіреповтің бұл драмалық шығармалары адамның сезімін, көңіл мінез құбылысын, аңсау-арманын ақындықпен сипаттайды. Сол қасиеттері жаңа аталған шығармалардың дүниежүзілік драматургия мәдениетінің жақсы дәстүрінде жазылғандығын байқатады. Тек революциядан кейін ғана туған қазақ драматургиясы Мүсіреповтің сол трагедияларының табыстары арқылы жалпы драматургиялық мәдениеттің биік сатысына көтерілді.
Оқиғалар жағынан өткір, тартымды, қызғылықты, шабытты құрылған күйлер бұндағы тартыс пен қақтығыс кездерінде адам мінездерінің ішкі-сыртқы қалыптарын қатар ашып отырады. Осындай ерекше жайлары шығарманың монолог, диалог сөздерінде және де шебер, шешен, тапқыр тілмен жақсы үйлеседі.
Майлин, Жансүгіров, Сейфуллин, Мүсірепов, Әбішев, Мұқанов, Тәжібаев, Хұсайынов, Ақынжанов — қазақ совет драматургиясының көрнекті жазушылары. Қазақстандағы академиялық драма театры, опера театры, жастар театры, облыстық театрлар коллективтерімен қосылып әрекет етіп, бұл аталған жазушылар революциядан бұрынғы қазақ қауымы білмеген жаңа бағалы, оригиналдық көркемөнер үлгілерін туғызып жүр.
Бірнеше буын ақындардың еңбек ізденулері арқасында қазақ поэзиясы да революция жылдарында, әсіресе реалистік поэмалар туғызу жөнінде биік сапаға жетті. Оның ірі көркем шығармалары Сейфуллиннің кейбір поэмаларында, Сәбиттің отызыншы жылдардағы кейбір жаңа өлеңдерінде, Ерғалиев пен Бекхожиннің поэмаларында, Қасым Аманжоловтың, Ғали Орманов пен Сырбай Мәуленовтің лирикалық қысқа шығармаларында және, әсіресе Ілияс Жансүгіровтің ірі поэмалары: "Дала", "Күйші", "Құлагер" сияқты шығармаларында айқын танылады.
Ілияс Жансүгіровтің ақындық мұраларының ішінде жаңағы үш поэма қазақ совет поэмасының екі үлгісін аңғартады. Бір алуаны — лирикалық-философиялық, екіншісі — оқиғалы, сюжетті поэма үлгісі. Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы аса биік, ірі сапа табады. Бұлардағы дүниені көрер көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы, ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас - барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады. Осы поэмаларда бейнелегіштік (образность) кенеулі тапқыр оймен ұдайы жақсы үйлесіп отырады. Жансүгіров поэмалары сезім сырына да толы. Ал өлең үлгісіндегі мәдениет те басқа.
Жаңа қоғамды жасау жолында көркем сөз — поэзияның міндет, мүддесі қандай болатыны да бұнда терең сипатталады. "Күйші" мен "Құлагер" поэмалары әрі поэма, әрі елеңмен жазылған роман бол умен бірге, дүниежүзілік революцияшыл поэзияның алдыңғы қатар дәстүрлерін өз бойларынан жақсы танытады. Бұл шығармалар біздегі поэзия мәдениеті Абайдан соңғы дәуірде, революциялық тәрбие нәтижесінде биік сатыға шыққанын дәлелдейді. Халқымыздың ақындық шеберлігінің көптеген сипатын біздің советтік поэзиямыз өз бойынан жақсы аңғартады. Халық шығармасындағы суретшіл бейнелегіштік, образға байлық, азаматтық өткір сана, азат ойдың еркін серпіні — біздің оқиғалы, оқиғасыз поэмаларымыздың бәрінде де сол халықтық сипатты өсіре түскенін көреміз. Шеберлікке мағыналықты қосады. Және, әсіресе сол халықтық сипатты орыс поэзиясының үлкен формадағы реалистік дәстүрлерімен жақсы үйлестіріп, келісті күйде тоғысқандық байқатады.
Бірнеше буын ақындардың аттарын атасақ, олар: Тоқмағамбетов, Орманов, Тәжібаев, Жароков, Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев, Саин, Бекхожин, Әбілев, Сәрсенбаев, Ерғалиев, Хакімжанова, Сатыбалдин, Молдағалиев, Шаңғытбаев, Әлімбаев, Жармағамбетов, Сейітов, Мәмбетов сияқты жемісті талантты ақындарымыз бар. Бұлар — қазақ совет поэзиясының көп ізденіп, өнерленіп өсіп келе жатқан тобы. Кейбіреуінің басып өткен жолы жемісті, тағы біразының алдағы болашағы қызықты. Қазақ поэзиясының табыскер талаптылары осылар.
Көне күндер, қарт замандар шағында шебер жырлар туғызған халық дәстүрін біздің заманымыздағы жаңа үлгідегі ақындық шеберлікпен үйлестіре білген халық өнерпаздары — Жамбыл, Нұрпейіс бастаған қазақ халық ақындарының өрлеу, даму жолы да өзгеше. Революциядан кейінгі дәуірде халықтық шабыт — өнер жаңа сапа табады. Бұл тұста мәдениеттің егіз екі саласының бір-біріне қарым-қатынасына терең әсер етіскенін байқауға болады. Жазба әдебиет үшін ауызша әдебиет тек ескі дәстүрдің көркемдік бейнелегіштік үлгісі ғана емес. Сонымен қатар ауызша әдебиет өзіде жазба әдебиеттің қымбатты дәстүрлерін бойына сіңіре өседі. Солайша, социалистік реализм әдісін халық ақындары неғұрлым өздеріне қылықты үлгі етіп алған сайын олардың ақындық табысы да жемісті бола түсетіні байқалады.
Жаңа жанрлардың туғаны, ескінің жаңғырғаны, екі сала ақындықтың, шеберліктің бір-біріне иық сүйесе өсуі — біздің іздену жолымыздағы асыл сырлы, қымбат сипаттар. Ол, біздің әдебиетіміздің бар бітімін алғанда, соның ұлы жүрегінің жақсы соққан ырғағын танытады. Ол сыр, ырғақ — коммунистік партиялылықты, терең идеялылықты, халықтық қасиетті танытқан жүрек ырғағы болады.
Қазақ совет әдебиетінің өсу, даму жолдарын шолып өткенде, сол әдебиетіміздің өрлеу табысына көп көмек ететін бір топ жаңдардың аттарын қоса атамасақ, сөз сыңаржақ болар еді. Біздің әдебиетіміздің бар жаңалығын, батыл ізденгіш өзгешелік қасиеттерін өзіміздің заманымызбен нық байланыстырып, өсіре түсуге айнымас көмекшілеріміз де себепші болды. Олар — бар жазушылармен тізе қосып, білекке білек жалғасып, қатар жасасып келе жатқан біздің сыншыларымыз бен әдебиет тарихшыларымыз. Бұлардың кейбіреуінің өздері де жазушы. Ол: Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов. Ал зерттеуші сыншылар аттарын атасақ, олар: Ысмайылов, Кенжебаев, Жұмалиев, Шалабаев, Мәлік Ғабдуллин, Қаратаев, Дүйсенбаев, Базарбаев, Нұртазин, Ахметов, Сәрсекеев, Нұрқатов, Сейітов, Жармағамбетов, Қирабаев, Ахтанов, Шашкин, Әлімқұлов, Қабдолов, Сахариев, Сүйіншәлиев, Сармурзина, Құттыбаев, Ордалиев, Ғұмарова, Нұрмағамбетова, Хасенов, Дүйсенов, Әбетовтерді қосамыз.
Жиырмасыншы жылдардың ортасында қазақ әдебиетінің тарихына арналған зерттеу еңбектері туа бастаса, отызыншы жылдардың басында әдебиет тарихы жөнінде орта мектепке арналған оқу құралдары шығады. Содан бері қарай қазақ филологтерінің жоғарыда аталған көп адамдарының еңбегі, ізденулері бойынша жалпы қазақ фольклорын және XVIII— XIX—XX ғасырлардағы қазақ әдебиетін зерттейтін әдебиет тарихының ғылымы туа бастайды. Қазір, міне, жоғары дәрежелі мектептерге арналып қазақ совет әдебиетінің де очеркі екінші рет толық түрде қайта шықты. Оның жазылуына жаңағы аталған көп сыншы-тарихшыларымыздың қатынасы болды. Жалпы редакциясын Сәбит Мұқанов пен тағы бірнеше жолдастар басқарды.
Отызыншы жылдардан бері қарай қазақ әдебиетіне үлкен достық көмек ететін орыс достарымыз көбейе түсті. Бұлар қазақ халқының арғы-бергі әдебиетін зор бейіл беріп, достықпен зерттеп келудің үстіне, біздің әдебиетіміздің табыстарын мол үгіттеуші, көпке танытушы достар. Аттарын атасақ, олар: З. Кедрина, М. Сильченко, Н. Смирнова, Е. Лизунова, К. Зелинский, М. Фетисов, В. Сидельников. Осындай достардың тағы бір мол тобы орыс жазушылары. Бұлар Қазақстан туралы өз шығармаларын жазудың үстіне, қазақ жазушыларының өсу, даму жайында туысқандық қамқорлықпен қатынасып отырады. Аттарын атасақ, олар: Леонид Соболев, Всеволод Иванов, Николай Анов, Иван Шухов, Павел Кузнецов, Илья Сельвинский, Николай Сидоренко, Дмитрий Снегин, Николай Титов сияқты жазушы-ақындар.
Қазақстандағы филология ғылымының тереңдеп өсіп дамуында біздегі әдебиет тілінің өсіп, көркеюіне күнделік көмек етеді. Халқымыздың жалпы тіл байлығы, тіл мәдениеті, сөз өнері өсу жөнінде көп әсер, көмегін тигізетін біздің тілші ғалымдарымыз — оқымысты түркологтеріміз. Бұлардың көп жылғы іздену, зерттеу тапқырлығының жемісі де мол, ол тарихтық табыстар. Солар еңбегімен бір заманда арабша, кейін латынша, ал қазір орыс графикасы бойынша туған жаңа жазу үлгіміз жасалды. Олар оқу құралдары мен методикалық әдебиетті туғызды. Әлденеше түрде екі тілді сөздіктер жасалды. Ұлттық терминология атаулыны қалыптастырды. Бұған қазақ филологиясының көрнекті ғалымдары профессорлар: I. Кеңесбаев, С., Аманжолов, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, ғылым кандидаттары: А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, К. Махмудов, Ғ. Бегалиев, А. Хасенова, Ш. Сарыбаев және басқаларының еңбегі сіңді. Сондай зерттеулерімен қазақтың қазіргі көркем әдебиетінің мүмкіншілігін молайта түсіп отыр. Көркем әдебиетке жасалған көп көмектердің көрнекті бір алуаны осындай.
Әдебиет пен лингвистика ғылымының егіз екі қанаттас іздену, өсу жолында біріне-бірі сүйене, нәр берісе айқаса осу процесі осылайша болатыны — заңды күйлер. Рас, бұның әлі түгел анықталмаған, ашылмаған күйлері де көп болу керек.
Бірақ солай бола тұрса да, қазіргі мәлім табыстардың өзі де социалистік дәуірдегі қазақ халқының ой мәдениеті жеткен қымбат жаңалықтардың белгісі деп бағалануға тиіс.
Осылайша саналған табыстардың барлығы да социалистік қазақ ұлтының рухани мәдениеті ірілеп, өрлеп өскенін аңғартады. Тарихтық дамудың осынша жоғары билігіне ескі Россияда езгіде өскен бұратана елдің бірі тек социалистік революция арқасында жетіп отыр.
Сондайлық табыстарымызды еске алу үстінде қазақ халқының тағдыры мен тарихы, Октябрь революциясы болмаса, қандайлық басқа қира кезік жолдарға соғып, не күйлер басынан кешіруіне мүмкін болар еді? Соны да кейде болжап көру теріс емес.
Тегінде, біз Лениннің тарихтық жағынан аса терең толғаған бір ойын жиі еске аламыз. Ол ойы: Россияның отары болған бұратана елдер социализмге келгенде, капиталистік дамудың азап дәуірін аттап өтіп жетеді деген болатын. Біз осы шындықты еске алғанда, өзіміздің қоғамның экономикалық, қоғамдық-тарихтық, азаттық-теңдік, заттық-техникалық, тірлік-салттық жағдайдағы өсулеріне өлшеу етіп еске аламыз. Ал сол ойларды біздің халықтарымыздың рухани мәдениеті, әдебиеті жөнінде салыстыра сөз қыла қоймаймыз. Қазір біз сол Ленин толғаған ойды қазақ әдебиетінің Абайдан соңғы Октябрь революциясының алғашқы жылдарына кейінгі өткен кезеңіне мегзеп еске алайық.
Осы тұрғыдан қарағанда, Октябрь революциясы қазақ халқының рухани мәдениетін неден тазартты, қандай жайларды мансұқ етіп сыртқа тепті? Нақтылай сөйлегенде біз неден аттап өттік, нені тәрк еттік? Әдебиеттегі революциялық тұрғыларға қалайша шықтық? Қырық жылдықтың қарсаңында бұл жайға да тоқтап өту әбден орынды.
Ерте күндерде бізде Шоқан Уәлиханов пен Абай тәрізді ағартушы-демократтарымыз болды. Бұлар өздерінің бағы мен өз халқының бағына қарай орыс мәдениетінің ең алдыңғы дәстүрлері мен үлгілерін бойларына сіңірген еді.
Ал солардан бері қарайғыны алсақ, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында майданға талантты ақын Шәңгерей Бөкеев шығады. Бұл да Абай тәрізді орысша білім алған, өзі хан тұқымы, Самар губерниясындағы орыс дворяндарының лауазымына ие болған адам. Бірақ ол өзінің сезім күйін таратқан сыршылдық өлендерін Абай үлгісінде жазбайды. Одан бөлек кетіп, алпысыншы жылдардағы "көркемөнер — өнер үшін" деп буржуазиялық бағытқа берілген орыстың Фет сияқты ақынына еліктейді.
Революцияның аз алдында Россиядағы жадидтік медресе "Ғалиядан" бір топ қазақ мұғалімдері оқып шығады. Бұлардың молдалары Мединеде, ескі Бұхарада, Стамбулда оқып қайтқан адамдар еді. Солардан оқыған жаңағы қазақ мұғалімдері енді таза қазақ тілінде исламның шарттарын оқытатын кітаптар шығара бастайды. Бұрынғы діншілдік кітаптар ескі шағатай тілінде, кітапша - түрік тілінде болушы еді. Исламның жаңа шыққан,. қазақ ішіндегі үгітші молдалары: Н. Күзембаев, М. Тұрғанбаев сияқтылар қазақ тілінде "Дін ислам", "Пайғамбар заманы" деген кітаптар бастырып шығарады. Бұл кітаптар, әрине, ислам үстемдігін үгіттейтін жадидтік схоластикалық идеяға толы реакциялық кітаптар еді.
Сол кездерде орыс мектептерінде толық білім алған кей қазақ ақындары алдында өткен Шоқан, Абай, Ыбырай тәрізді адамдардың алдыңғы қатарлы реалистік дәстүрін өздеріне үлгі етпейді. Оның орнына Октябрь революциясының алдында Россияда болған декадент ақындарға еліктейді. Үлгі етіп алғандары Бальмонт, Мережковский тәрізділер болады.
Бұл жайды сөз қылғанда, әсіресе күн нұрындай ашық-жарқын, әрі дені дерттен сау Абай поэзиясының халықтық сипатын қатар еске алмай болмайды. Абай болса өз халқының бойындағы жақсылық қасиеттің бәрін де өз ақындығына сыйғызып, сезімнің сарасын, ойдың асыл санасын ғана мұра қып қалдырған еді.
Жаңағы атағандай, әдебиетшілердің шығармалары революцияның алғашқы жылдарында пантүркистік, ұлтшылдық саналарын дамыта түсіп, Шыңғыс ханның, Ақсақ Темірдің, Кенесарының аттарын да әйгілей бергіш болған. Шығыс тарихындағы ең қатал қаны шыққан деспоттықпен тирандықтың өкілдерін буржуазиялық-ұлтшылдықтың санасына қосқан. Сонымен қатар кейбір жазушылардың буржуазиялық реакциялық романтиканы үлгі еткісі келгені де мәлім еді.
Октябрь революциясының алдындағы жылдар мен алғашқы жылдарында болған, осы аталғандай көрініс күйлерді еске алғанда, Абайдан бергі дәуірдің ішінде қазақ әдебиетінде халыққа қарсы едәуір реакцияшыл ағымдар болғанын көреміз. Бұлар еңбекші елдің талай-талайына залалды, қараңғы мистика жолына түсіп, әдебиеттің өсу бағытын теріске бұру талабында әрекет еткен ақындар болды.
Ал енді осы айтқан жайларды басқа да барлық әдебиеттерге жанастыра ойлап көріңіз. Россиялық шығыстың барлық әдебиетіне де панисламистік, буржуазиялық-ұлтшылдық, декаденттік және мистикалық идеясымақ сарындар әбден жайылуға мүмкін еді. Біз бүгін өзіміз сондайлық залалды күйлерден аттап өттік дегенде, тек қазақ әдебиетін ғана айтып қоймаймыз. Осы алуандас халді жалпыға бірдей жай деп түсіну лайық. Бұндайлық күйлерді атап, анықтаған сайын Октябрьден кейінгі дәуірде біздің халықтарымыздың рухани мәдениеті жеткен табыстардың тарихтық мәні қаншалық зор екенін андай түсесің.
Қазақ совет әдебиетінің негізін туғызушы алғашқы қазақ жазушыларының зор қасиеті, олар революция орнай салысымен Лениннің жарқын жолды іліміне сүйене отырып, әуелгі адамдарынан бастап, сол жаңағыдай реакциялық ағымдардың бәріне қарсы бітімсіз күрес ашты.
Еңбекші қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында осы бағыт ең жемісті, зор жаңалық басы болып беки берді. Бұл жөнінде анық тарихтық бағалы еңбек етушілер қазақ совет әдебиетінің көрнекті қайраткерлері: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов сияқты адамдар еді.
Сырттай жаңалық тәрізденгенмен, мазмұн сыры бойынша арзан еліктеу үлгісіндегі реакциялық шығармаларға күрес ашумен бірге, қазақ совет әдебиеті анық, үлкен, халықтық арна тапты. Бұл жолда Горькийдің дәстүрін меңгеруден бастап, жалпы революциялық идеяны бойына сіңіріп, орыс совет әдебиетінің ең ірі өкілдері бастаған дәстүрлерді баурап, меңгере берді. Сол бағытта Маяковскийдің, Демьян Бедныйдың, Багрицкийдің, Фурмановтың, Серафимовичтің, Фадеевтің, Шолоховтың үлгілерінен үйрену, өсу дәуірі басталды.
Өзінің содан арғы өсу кезеңдерінде қазақ әдебиеті, әсіресе проза мен драматургия саласында, біздің жұртшылығымыздың және дос туыстарымыздың бағалауы бойынша, енді барлық совет әдебиетіне де үлес қосарлық жаңа дәстүрлер жасап келе жатқанын көреміз. Бұл процесте қазақ әдебиетінің сапасы өсті. Біз, қазақ жазушылары, сол жайды ойлағанда, әрине, ең алдымен революция дәуіріндегі ғажайып жақсы жағдайымызды, барлық сапалы өсуімізді ең бірінші себепшісі деп санаймыз. Бұл жөнінде Октябрь революциясының болуы, қоғамның социалистік құрылысы, қалың елдің арасындағы ағартушылық жұмыс, әдебиет кадрының өзінің мәдениеттеніп өсуі — осының бәрі де жиын үлкен табысты негізіміз. Әрине, бұндайлық шарттарды барлық совет әдебиеттері көріп отырған ортақ игілік, революция берген бақытты жағдайымыз деп санаймыз. Осыны алдымен атаумен қатар, біздің және де зор алғыспен ауызға алатынымыз — өз мәдениетіміздің топырағында туған өз алдымыздағы кейбір ата буын ағартушыларымыз болады.
Шоқан Уәлиханов елуінші-алпысыншы жылдарда орыстың ұлы демократтарынан аса жақсы үлгі алып өтті. Абай болса, орыс классиктерінен нәрлі үлгіні тамаша шеберлікпен ала білді. Сонымен дара жол салып, алдыңғы қатардағы ойшыл, мәдениетті ақын болған қалпымен қазақ әдебиетінің болашақта да өнімді жолмен өсуіне жақсы шарттар жасап кетті. Сондай қасиеттері әсіресе бір жөнде өзгеше оқшау көрінеді. Бұл орайда олардың классикалық алдыңғы қатардағы демократтық әдебиеттерден өте сапалы, аса бағалы үлгі ала білгендігін айтамыз.
Енді бүгін біз алдымызда өткен Шоқан еңбегін оқып, Пушкин, Лермонтовтан Абай жасаған аудармалар бойынша тәрбиеленіп отырмыз. Орыс поэзиясының ұлы мәдениетін меңгеріп тудырған Абайдың өз шығармалары бойынша тәрбиеленіп отырмыз. Және бүгінгі социалистік дәуірде Абайдың әрі мұрагерлері, әрі оның ісін ілгері қарай апарушы біз екенбіз. Ендеше, біз, қазақ совет жазушылары, сол алдыңғы ұстаздарымыздың үлкен үлгілерін ескермей отыра алмаймыз.
Мысалы, проза жазушы есебінде, сол Абайдың Пушкин, Лермонтовтан үлгі алғаны тәрізді, біз де Толстойдың, Тургеневтің, Чеховтың, Горькийдің, Шолоховтың эстетикалық, көркемдік дәстүрлерін қалай баурау жөнін ойламай қоя алмаймыз. Драматург есебінде біз орыс драматургиясының Островский, Чехов, Горький, Треневтер тудырған тәжірибелерін ескермей кете алмаймыз. Ақындар есебінде біз орыс поэзиясының асыл үлгілері болған Некрасов поэмалары мен Маяковский мұраларын ойламай да қоя алмаймыз.
Осыған орай қазақ совет әдебиетін жүйелік, ғылымдық проблемалар бойынша зерттеу жөнінде және біраз ойларды топтап, түйіндеп көрейік. Қазақ совет әдебиеті — Ұлы Октябрь революциясынан бастап азаттық алған халқымыздың социалистік мәдениетінің бір саласы, тарихтың ұлы табыс айғағы. Ол әдебиет Ленин партиясының идеялық майдандағы үлкен сенімді құралы, көмекшісі деп танылады.
Советтік әдебиетіміздің бүкілодақтық совет әдебиетіне тән төрт түрлі негізгі ерекшелігі бары мәлім. Ең әуелі бұл — революцияшыл, екінші — интернационалдық, үшінші - халықтық, төртінші — социалистік мазмұнды, ұлттық түрі бар көп ұлттық әдебиет.
Ең алдымен, біздің әдебиеттің кейбір көрнекті үлгілерін орыс классикалық әдебиетінің және совет әдебиетінің үлгілерімен салғастыра тексеру — үлкен шарт.
Бірақ осы жайларды ғылымдық дәрежеде нақтылы анықталып, тереңдей зерттеу жасаған еңбек жоқ. Жалғыз совет әдебиет классиктері емес, орыстың революциядан бұрынғы классикалық әдебиетінің өзінен де үлгі-өнеге алған, анық көп салалы, кең сатылы "қарға тамырлы" дегендей байланыстар барлығы да даусыз. Мысалы, Құнанбай мен Абай арасындағы әке мен бала шалғайлық тартысы деген тақырыпты алсақ, бұл жайды Әуезов қана тапқан жоқ. Әріректе Тургеневтің "Әкелер мен балалар" романы, беріректе Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтары" бар емес пе еді? Әке мен балалар арасындағы қайшылық өрши келіп, ширатыла, шұбатыла барып Достоевскийде баланың әкені өлтіруі шытырманына соғатын.
Құнанбай Федор Карамазов болмасын, Абай да Карамазовтың балаларының бірі емес. Бірақ бұнда да әкенің баланы жою ойы туғаны анық қой. Құнанбайдың Абайға теріс батасын беріп, қарғап-сілеуі өз баласы Абайға "сен өл, жоғал" деген ниет емес пе еді?
Бұл күй де бір алуан зерттеулер тақырыбы болуға жарарлық. Ол одан беріден көп ұлтты туысқан әдебиеттер үлгілерін алып, қазақ жазушыларының шығармаларымен салғастыра бастасақ, сан алуан терең проблемалық, жүйелік, шынайы қызы жалғас жайлар ашылар еді.
Ендігі бір күрделі мәселе, қазақ совет әдебиеті көлемінде социалистік реализм мәселелері: көркем түр, шеберлік жөні де қалай шешіліп келеді? Осы жөнде де жүйелі проблемалық тексеру, топшылау қажет.
Бұл жайда, әрбір көркем шығарманың социалистік реализм әдісімен жазылған сипаты ретінде, ұлттық спецификалық ерекшеліктерін анықтай талдау шарт екенін ескертеміз. Біздің әдебиетіміздің ұлы Одақ әдебиетіне қосатын тың үлесі, жарқын жаңалығы дегенді айтқанда, осы жаңағы аталған тың, соны ерекшеліктерін еске аламыз. Сол тың үлестерді қосу шама-шарқына қарай ұлы совет әдебиетінің Одақтық қазынасына біздің әдебиет қосқан бағалы саланы танытамыз.
Біздің шығармаларымыздың социалистік реализм қасиеттерін ұлттық түрдегі шеберлікпен туыстыра, өрлете білген өнерін аңғартамыз. Қазір бүкіл Одақ көлемінде әдебиет жүйесінің проблемалық жайларын сөйлегенде, шығармаларды тек тақырыптық, идеялық жағынан тексеру сыңаржақ, шап-шағын талдау болады деп танылады.
К. Фединнің III съезді ашарда сөйлеген сөзінде бұл жайлар анық, дұрыс аталған. Партияның Орталық Комитетінің совет жазушыларының III съезіне арналған хатында және жазушылар съезінің Орталық Комитетке жазған жауап хатында да идея мен шеберлік талаптарын біртұтас, бір дәрежедегі талаптар ретінде атасқан. Осымен шеберлік ерекшеліктер әр шығарманың сырын, нәрін ашуда сыншылар мен зерттеушілердің алдында тұрған ерекше міндет екенін ұдайы есте тұту шарт.
Ал ұлттық специфика мәселесін түсінудің әр түрі бар екенін және есте айқын сақтау керек. Егер ұлттық спецификаны ерекшелік дегенде, өзгеде ерекшелік жоқтай, өз әдебиетінің ғана бөлекше жаралған, өзгеге бітпес артықшылығы, елден ерекше дара үздік бітімі деп қарайтын болсақ, онда бұл мәселені ұлтшылдыққа айналдырамыз. Ол идеялық-ғылымдық дұрыс жол емес, консервативтік қияс жол болар еді. Ал маркстік-лениндік ғылым жолымен қарағанда, мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениет жайы айтылғанда, ең әуелі Лениннің мәдениетті идеологиялық категория деп түсінгенін есте сақтау шарт. Идеологиялық болса, ол ең алдымен таптық категория болады. Сондықтан да Ленин әр мәдениетте екі мәдениет болады деген. Сталиннің анықтауында да мәдениет деген ұғым кең мағынада алынады. Ол ұғымға мектеп те, баспасөз де түгел қосылады. Әрине, мектеп атаулыны алсақ, олардағы оқылатын ғылымдар негізінде бір мазмұнды болған шақта, әрбір ұлт мектептерінің айырмасы әсіресе тілінде болатыны, тіл түрдің ең үлкен, ең айқын белгісі екені даусыз. Одақ көлеміндегі көп ұлттар тілдерінде шығатын кезекті баспасөзді - прессаны алсақ та, олардағы айырмашылықтардың ең зоры тіл екені тағы да даусыз.
Әдебиет те негізінде сол аталған мәдениет қатарының бір саласы болуымен қатар, бұған эстетикалық сыр-сипатынан туатын тағы бірнеше айқын ерекшеліктер қосылады. Мұнда жалғыз ғана тіл емес, соның үстіне бөлекше үлкен орны бар бірнеше анықтаулар мен түсініктер қосылады. Мысалы, қазақ поэзиясы он бір буынды силлабикалық, орыс поэзиясы — лепті-лепсіз буындарға бағынатын тоникалық, француз поэзиясы — силлабикалық, араб поэзиясы — ұзақ созылатын мәтті-мәтсіз буындардың метрикалық өлшеуіне бағынады. Бұл аталған бір ғана мысалдан әдебиет ерекшеліктері өзіне бөлек тұрақты түр, үлгі-өрнектер заңдарын ескеруді қажет ететінін көреміз.
Әдебиеттік ұлттық түр мәселесінің бір іргелі үлкен мәні стильде. Теңеу тілі, әр алуан көркемдік шеберлікпен келетін сөз кестесі түгел құрала келіп, жазу стилін қалыптайды. Әдебиеттік ұлттық ерекшеліктер жайын атағанда, тіл бұл стильдің өзі емес, құралы, қоры ғана. Екінші бір үлкен стиль сөздік, ақындық теңеу, кесте мағынасынан басқа екінші мағынаны және тудырады. Ол ұлттық мінез, бейне жасаудың стилі. Міне, ұлттық түрдің жайына ауысқанда, осындай ірі белгілер тілден гөрі артығырақ орны бар, өзгеше сипат есепті болатын жайлар бар. Тегінде, социалистік революция тұрғысынан қарағанда, ұлттық ерекшелікті ұдайы бірқалыпта тұратын, айнымайтын күй деп қарауға болмайды. Оның көп жайлары ұдайы қозғалыс, өзгерісте болатын диалектикалық процесс деп тануымыз керек. Әрбір даму үстінде әдебиет шеберлігі ілгерілеп, үдей түседі де, өзінен бұрынғы ұлттық дәстүрдің бар жақсысын пайдалана отырып, соған тың жаңалықтар, игі үлгілер қосып, үдете өсіре береді.
Бірақ осы жайға байланысты тағы бірнеше ерекше күйді атай кетуіміз қажет. Ол — ұлттық бейне, характер турасындағы ойлар.
Социалистік дәуірдегі жазушының революциялық психологиясы өз халқының революциялық психологиясымен біте қайнасқан бірлікте. Халқымен оның еңбегі, аңсаған арманы, ішкі сезімінен туған жүрек сыры, шыншыл үні мүлде бірге. Сондықтан да совет жыршысы, жазушысы қай тілде жазса да, сол тілде сөйлейтін социалистік ұлтының жан тілін жар етеді дейміз. Олай болса, ұлттық психология мен сол социалистік ұлт жазушысының шығарушылық психологиясы арасындағы байланысты ашып отырып зерттегенде, осы өзгешеліктерден туған әдебиеттік шығармадағы ұлттық бейненің сырын, сипатын айқын тануға болады.
Сөздегі теңеулер стильдік бейнелер жүйесін құрайды. Сондықтан мал баққан көшпелі елдің өмірі, бар тіршілігі қазақ ақын жазушыларының сөздік, ақындық стилінде теңеудің көбін сол бұрынғы болмыс қорынан алады. Сол негізді жаңалық қосып молайтып, өзгертіп, жаңа өмір қорымен байытады. Тілдегі стиль дегеннің осындай ерекшелігі және де мықты ескерілуі шарт. Енді бір алуан жай адам бейнесі жөнінде. Оның ең ерекше бітім-тұлғасы ішкі психологиялық қабілетінде. Сол психологияны халықтық психологиямен анық байланыстырып, шебер терең талдау жасап ашқанда, маркстік-лениндік тұрғыдан дұрыс түсінік беруге болады.
Осы аталғандай әр алуан ерекшеліктер біздің туысқан елдеріміздің әр әдебиетінде бола тұрса да, бұлардың бәрін көп түрлі, біртұтас мазмұнды туысқан әдебиеттер ететін жиын қасиеті тағы бар.
Социалистік дәуірдегі революцияшыл жазушылардың әр ұлт тілінде шығарма тудыруымен қатар, бәрі бірігіп интернационалдық бағытта еңбек етуі ұлттық ерекшеліктердің бар сипатын бастайды, билейді. Социалистік әдебиеттердің мазмұны мен идеясындағы революцияшылдық ең үлкен сипат болғанда, ұлттық түр сол әдебиеттердің қосымша байытушы қасиет-сипаттары есебінде болады.
Жүйелілік мәселелерді осыдан әрі қарай апара түссек, әрбір жеке шығарманың жекелік ерекшеліктеріне үңіле бойлау шарт болар еді. Ұлттық бейне (характер) әр шығарманың ішінде әртүрлі болады, ол қайталамайды. Өйткені шығарушылық психология өзі де әр шығарма тұсында өзгеріп, үдеп отыратын психология. Ол өз айналасындағы тіршіліктің, болмыстың және қоғам өмірінің өзгеруіне, өрлеуіне байланысты қоса өзгеріп отырады.
Жазушыдағы көңіл-күйдің өзі де ортасының мәдениет тіршілігіне, өндіріс еңбек табысына байланысты алған әсер сезім мен неше алуан тірлік берген қуат-нәрден құралып қалыптасады. Осылайша талдағанда эстетикалық ерекшелік дегеніміз тіл ғана емес, кең мағынада алынған ұлттық стиль болады. Ол өзі — ұлттық бейне ретінде адам, екінші — ұлттық сөздік, шеберлік ретінде ақындық стиль болады.
Осыңдай түсінікпен жазушының шығарушылық еңбек жолын бірнеше саты деп түсіну керек. Ол ең алдымен өмірді тану, білуге міндетті. Сол өмір болмысын алғашқы кезекте жазушы логикалық ұғыммен түсіне таниды. Өмірді танымай, танығанын іштей меңгеріп алмай, жазушының шығарушылық шабыты тумайды. Лениндік ұлы партияның талабын жазушыларға терең оймен жеткізген Хрущев жолдастың талап-мәслихатында жазушы өмірмен тығыз байланысты болсын деген пікірде анық ұстаздық, басшы қамқорлық талаптар бар. Жеке жазушы өмірмен байланыса отырып, сол өмірді терең тани жүріп, жазушылық еңбекке кіріседі. Алғашқы сатыда ол көбінше ынталы зерттеуші қалпында болады. Осыдан кейін туатын екінші сатыда жазушы еңбегі сол ақылмен, біліммен, танығанын суретпен бейнелеуге ауысады.
Ұлттық әдебиеттік ерекшеліктерді осыларға қоса тани-талдау — шығарушылық күрделі процесті тану болады. Сол жайлары түгел ашылғанда ғана әрбір тілде жазылған әдебиеттік көркем шығарманың бүкілодақтық табыс ретіндегі асыл сипаттары ашыла түседі. Көп өрнекті, көп нақысты бауырлас әдебиеттер қатарлары ұлы Одақтық әдебиет қазынасына сан саладан сондайлық көп сымбатты сипат қосады.
Алдағы міндеттеріміздің бірі есебінде қазақ әдебиетінің очеркін бүкіл одақ оқушысына арнап ойдағыдай толықтырып аяқтап шығуымыз керек. Бұл іске Одақтық академияның Дүниежүзі әдебиеті институтының тікелей көмегі тимекші. Қосылған еңбек нәтижесінде орыс тілінде қазақ совет әдебиетінің очеркін жаңа редакциямен шығару шарт. Әрбір туысқан совет әдебиеттері жөніндегі очерктер жазылып болған соң, бүкіл совет әдебиетінің біртұтас тарихын жазу міндеті барлық советтік әдебиеттану ғылымының алдында тұрған үлкен мақсаттың бірі болмақ.
Қазақ әдебиет тарихының үлкен проблемаларын атағанда, совет әдебиетінің дәуірін зерттеу ең зор, ең қадірлі ғылымдық міндет екенін баса айту керек. Арнаулы үлкен монографиялар қазақтың романдарын, пьесаларын, поэмаларын тереңдеп, кең түрде зерттеуге арналу керек.
Мұның бір зор себебі, өткеннен қалған мұра атаулы қазақ әдебиетінде шақ қана. Сол Бұхар, Шортанбай, Дулат, Мұрат дейтін ақындардың бар шығармаларын бір араға жинап келіп, таразыға салғанда, бір ғана Қасым Аманжолов ақынның шығармалар көлеміне жетпейді. Тек көлемі ғана емес, мазмұны жағынан әсіресе солай.
Халықтық санасының биіктік сипатымен, революцияшыл бағытымен, көркемдік мәдениет қасиетімен, қысқасы, шартарап шарттарымен солай болған Қасым басым емес пе!
Болып өткен ұлы мазмұнды партия съездері совет жазушылары үшін бүгінгі күн тақырыбына шығарма жазуды қасиетті міндет деп атап отыр. Сол міндет қазақ әдебиетінің советтік дәуірін айрықша зерттеу ретінде әдебиетті зерттеуші ғалымдарға да арналған ардақты міндет болады. Зерттеу ісіміз тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылым көлемінде қазақ совет әдебиетінің бүгінгі татымды табыстарын зерттеуге арналу қажет. Жеке жазушылар туралы монография жазғанда Сейфуллин, Майлин, Жансүгіровтердің мұраларын тереңдеп, сапалы түрде саралап зерттеу шарт. Осымен қатар жоғарыда аталған, бүгінгі әдебиетіміздегі өскелең үлкен жанрларға да арналған мол монографиялық зерттеулер туу керек.
Туысқан халықтармен байланыс-жалғас жайларды салыстыра тексергенде, мына төмендегідей үйірім-үйірім тақырыптарды күрделі, қызықты зерттеулер ретінде атап өтер едік. Мысалы, Горькийдің өз өмірі жөніндегі әңгімелерінен бастап, Садриддин Айнидің "Бұхарасын", Сәбиттің "Өмір мектебін", Ұлық-заданың "Біздің өмір таңы" деген повестерін өзара салыстыра талдауға болар еді.
1916 жылға арналған шығармаларды туысқан халықтар әдебиеттерінен іріктеп салыстырғанда, Берді Кербабаевтың "Айғытлы адым" романын, Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романын Айбектің "Құғлұғ қан", Аалы Тоқомбаевтың "Қанды жылдар" романымен салыстыра тексеруге болады.
Тарихтық романдар қатарында Айбек жазған "Навои", Ахмет Файз
Қайта туған халықтың әдебиеті
Жас шағынан бастап, құлаш соза, жетіле түскен кезіне шейін жүріп өткен жолын андасақ, қазақ совет әдебиеті көп салалы, күрделі өмір кешкенін көреміз. Октябрь тудырып өсірген тамаша өренінің бірі — қазақ совет әдебиетін барлық халқымызбен бірге қуаныш, мақтан ете отырып, сол әдебиеттің көп жайларын тілектес көңілмен шоламыз.
Қазақ совет әдебиетінің қырық жылдық дәуірі деген сөз — ол, ең алдымен, әдебиеттік нақтылы фактілердің, ағымдардың, қозғалыстардың және үлкенді-кішілі шығармалық шабытты процестердің тарихы деген сөз. Бұл тарих, сонымен қатар, деректі, қомақты дүние. Жалпы бағыт жайлармен қатар, бұл жөніндегі әрбір деректер жеке шығармалар түрінде, жеке жазушылардың өмір тартысы ретінде өте айқын, салмақты келеді.
Сан жағынан мол болып, әр салалы кең көріністер аңғартатын табыстардың сапалық жағы да ойдағыдай. Бір адамның өмірінен де қысқа дәуір ішінде дүниежүзілік майданға шығуға жараған жаңа әдебиет пайда болды. Революция тудырған қазақ әдебиетінің анық өскелеңдік, сапалық сипатын, табысын танытатын кей көрнекті жайларын арнай атау керек.
Бұл жөнінде біз бар табысы тың болған көркем проза мен драматургияны ең алдымен ауызға аламыз. Қазақ көркем прозасы революциядан бұрынғы кезде үлкен табыс дәстүрге жетпегеніне қарамай, қырық жыл ішінде анық зор өріске жетті. Осы аталған санаулы жылдар ішінде біздің көркем прозамыз өз оқушысына сан алуан үлгі, өрнектер әкелді. Бұл қатарда терең драмалық құрылысы бар, сюжеті қызықты құрылған немесе психологиялық әңгімелер баяндайтын, болмаса тарихтық жайларды суреттейтін, тарихтық-революциялық шындықтарды бейнелейтін және өмірбаяндық, қызық оқиғалық романдар да туды. Өткір сана — мүдделі күнделік тартыс көрінісін бейнелейтін очерктер, әңгімелер жазылды. Соғыстың қатал күні мен бейбітшілік күндерді немесе тынды көтеру күндерінде де еңбек қарқынын суреттеген көркем проза үлгілері шықты. Осының бәрімен қазақ прозасы партияның өткір құралы болуға жарады. Біздің прозаның табыстарын Одақтағы барлық халықтарымыздың бәрінің де тілінде таныған, танытқан бағалар бар екені белгілі.
Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәстүріне сүйенетін реалистік прозамызды жасаған жазушылар — роман жазушылар мен әңгімелер жазушылар. Мысалы, қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің өзгеше мұрасынан танылатын. Ірі формалы прозаның роман үлгілері Сәбит Мұқановтың "Ботагөзі", Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлкесі", Ғабиден Мұстафиннің "Шығанағы" деп санаймыз.
Мен қазақ көркем прозасының ең ірікті шығармаларын ғана екшеп алып отырмын. Бұл шығармалар — мезгіл сынын көтерген, тұрақты табыс есебінде бағалануға мейлінше жараған кітаптар. Осы аз ғана еңбектердің бәріне ортақ ерекшелік жайлары бар және, әрине, әрқайсысының өзіне ғана тән, өзіндік жекешелік қасиеттері тағы да бар. Бұлардағы жалпы жақсы белгі әрбір жас әдебиеттің алғашқы Абайдан соңғы дәуірде қазақтың көркем сөзінің сапасы артып, жалпы әдебиеттік мәдениеттің жаңа үлгісін жасайтын жазушылар туғанын аңғартады. Сонымен қатар әрқайсысының жекеше бағалы қасиеттері бар. Мысалы, Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды боп шығады. Және бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ аулында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады.
Сәбиттің "Ботагөз" романындағы ерекшелік қасиет: бұнда лирикалық жан күйлері мен драмалық жайлар жақсы қабысады да, соның бәрі тарихтық, қоғамдық қозғалыспен, революция дәуіріндегі үлкен тартыс шындығымен жақсы үйлесіп бейнеленеді.
Ғабиттің "Оянған өлке" романы — көркемдігі де, ойы да терең шығарма. Өзіндік даралық, жекеше жайлары мен тіл кестесі, сөз шеберлігі оқшау сезіледі. Осындай стильдік те толық сипаттары арқасында оң-теріс адам бейнелерін ішкі сыр-сипаттарымен жақсы ашады. Бұнда жазушының өзіндік психологиялық суреттеу үлгісі талай жандарды сатиралық мысқыл, әжуамен бейнелеуге бейімделіп, дұрыс дамып отырады. Осы әдіс, нақыстар бұл жазушы шығармасының өзгеше өзіндік қасиеті болып айқын байқалады. Ғабиденнің "Шығанақ" атты романы да өзгеше қызықты шығарма. Замандасымыздың ішіндегі аса өнерлі егіншісі Шығанақ бейнесін жазушы халық бойындағы даналық қасиеттің жаңа сападағы бір үлгісі, өнегелі адам сипаты етіп көтере көрсеткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында сусыз сараң сахарада ғажайып мол егін — өнім алған еңбек даналығын келісті қып көрсете білген. Шығанақ бейнесінде еңбек батырлығын танытатын өзі дана, барынша адал бейілді, совет патриоты жақсы сипатталған. Бұл шығарманың өзгеше бір қасиеті: роман дағдылы өндіріс жөніндегі шығарма ғана болып қалмай, зор көркем шығарма болып қалыптасқан. Өйткені бұнда геройдың ішкі-тысқы сан сипаттарын тұтас ашып суреттейді. Адамның ішкі сезімдері, ой толғауы, қажырлы арманы халықтық кең, қызықты мінездер ретінде әдемі үйлесіп, тұтаса қалыптасқан. Бұл кітаптың осындай өзіндік өзгешелік қымбат сымбаты бар.
Жоғарыда аталып өткен төрт жазушының төрт алуан шығармалары қазақ көркем прозасының ең көрнекті, ең елеулі табысы болып саналуға татиды. Осылардай алдыңғы аға буын жазушылармен қатар, соларға ілесе жедел келе жатқан тағы бір топ талантты жазушыларды еске аламыз. Бұлар реалистік әңгімелердің, очерктердің және романдардың жазушылары — С. Ерубаев, Ә. Әбішев, Ғ. Орманов, Ғ. Сланов, М. Иманжанов, Ә. Сәрсенбаев, Т. Ахтанов, З. Шашкин, З. Қабдолов, С. Шәймерденов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Нұршайықов, тағы басқалар.
Біздің жаңа әдебиеттің соңғы қырық жыл ішінде тауып баураған жаңа жанрының бірі — драматургия. Қырық жыл ішінде сол драматургия ең алғаш киіз үйде, балаған күрке астында қойылып жүрген жастар ойын-сауығынан бастап, үлкен шеберлікке, реалистік көркемдікке жеткен шығармалар тудырды. Бұл қатарда айрықша атап өтетін ірі пьесалар: Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" және "Ақын трагедиясы" атты (Ақан сері туралы жазылған) пьесалары.
Біздің жұртшылық анық жоғары бағалайтын Мүсіреповтің бұл драмалық шығармалары адамның сезімін, көңіл мінез құбылысын, аңсау-арманын ақындықпен сипаттайды. Сол қасиеттері жаңа аталған шығармалардың дүниежүзілік драматургия мәдениетінің жақсы дәстүрінде жазылғандығын байқатады. Тек революциядан кейін ғана туған қазақ драматургиясы Мүсіреповтің сол трагедияларының табыстары арқылы жалпы драматургиялық мәдениеттің биік сатысына көтерілді.
Оқиғалар жағынан өткір, тартымды, қызғылықты, шабытты құрылған күйлер бұндағы тартыс пен қақтығыс кездерінде адам мінездерінің ішкі-сыртқы қалыптарын қатар ашып отырады. Осындай ерекше жайлары шығарманың монолог, диалог сөздерінде және де шебер, шешен, тапқыр тілмен жақсы үйлеседі.
Майлин, Жансүгіров, Сейфуллин, Мүсірепов, Әбішев, Мұқанов, Тәжібаев, Хұсайынов, Ақынжано