Apple Inc. (ˌæp(ə)lˌɪŋk, қаз. Әппл) — дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. [2]. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында.
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.
Тарихы
Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.
1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды.
1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаға 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.
2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.
Атауы
Фирманың атауы ағылш. apple ('алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді.[3] Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
Логотипі
Apple-дің ең бірінші логотипін Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.
Apple фирмасының мәліметтер жинақтауыштарды басқару архитектурасы
Apple фирмасының мәліметтер жинақтауыштарды басқару архитектурасы (Архитектура управления носителем фирмы; Apple Apple Media Control Architecture (АМСА) — Macintosh дербес компьютері базасында мультимедиа жүйесіне арналған Apple фирмасының архитектурасының стандарты.
Apple sound chip
Apple sound chip (ASC) - Macintosh дербес компьютеріне арналған Apple фирмасының дыбыстық микросхемасы. Archie – Интернет желісінің FTP хаттамалары арқылы файлдарды іздеуге арналған қызмет ету (индекстік) жүйесі. Archie серверлері ауықауық FTP серверлерімен байланысып, файлдар туралы мәліметтер жинап отырады.[4]
Жеке меншік иелері және басшылығы
Apple – бұл көпшілік компаниясы, оның акциялары NASDAQ биржасында және Лондонның қор биржасында сатылады. 2011 жылдың басында сатылған акциялардың жалпы саны 921,28 млн шт. құраған. 2011 жылдың наурыз айында нарықтық капитализация бойынша компания 309,5 млрд долларға бағаланған.
Жоғарғы менеджмент
1. Тим Кук – 2011 жылдың тамыз айынан бері СЕО, бұрынғы басты операция бөлімінің директоры (1998-2011)
2. Скотт Форсталл (ағылш. Scott Forstall) - iOS Software бірінші вице президенті
3. Джонатан Айв (ағылш. Jonathan Ive) – өндірістік дизайнның бірінші вице-президенті
4. Роб Джонсон – бөлшектік бизнестің бірінші вице-президенті
5. Боб Мэнсфильд - Mac Hardware Engineering бірінші вице-президенті
6. Питер Оппенгеймер (ағылш. Peter Oppenheimer) – бірінші вице-презижент және басты қаржы директоры
7. Филипп Шиллер (ағылш. Philip Schiller) – Apple-дің бүкіл әлемдік маркетингі бойынша бірінші вице-президенті
8. Брюс Сьюэлл – бірінші вице-президент және басты заң кеңесшісі
9. Джефф Уильямс – бірінші вице-президент және операционист
Компания тарихындағы басты тұлғалар
СЕО
• Майкл Скотт — бірінші CEO 1977 жылдан бастап 1981 жыға дейін
• Майк Марккула: 1981—1983
• Джон Скалли: 1983—1993
• Майкл Шпиндлер: 1993—1996
• Гил Амелио: 1996—1997
• Стив Джобс: 1997—2011
• Тим Кук: 2011 жылдан бері
Қызметі
Компания өнімдерінің бір бөлігін өзіне тиесілі дүкендер желісі арқылы сатады (барлығы 324 дүкен, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда және т.б. елдерде). Қазіргі таңдағы Apple компаниясының негізгі өнімдері: iPhone ұялы телефондары, iPad планшетті компьютерлері, MacBook Pro, MacBook Air, Mac mini, iMac, Mac Pro дербес компьютерлері, Thunderbolt Display компьютер мониторлары, Mac mini Server, Mac Pro Server серверлері, Apple TV мультимедиялық ойнатқышы, iPod shuffle, iPod nano, iPod classic және iPod touch ықшамды мультимедиа-плейерлері және т.б. Сонымен қатар компания осы өнімдерге қатысты аксессуарларды және бағдарламалық қамтамасыз етуді де шығарады.
Қызметкерлерінің жалпы саны (2010 жылғы) 46,6 мың адамды құрайды.
Сот ісі
2009 жылы Nokia компаниясы Apple-ды iPhone аппаратын шығаруға қатысты 10 патентін ұрлап алды деп айып тағады. Нәтижесінде Apple компаниясы кінәлі деп саналып, Nokia-ға өтем төлеп және алдағы уақытта компанияға аударымдар төлеп отырады.