Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер», «шатыр», «бөлім», қалта», «қын» дегендерді білдіретін көп мағыналы сөз. Этномәдени ортада зират — белгілі бір қауымға тән меншікті ұжымдык жерлеу орны болса, бейіт - соның ішінде мәйітті қоятын бір «бөлімі», «үйі». Ал қабір - жерден терең етіліп қазылып, мәйітті арулап қоятын орын (көр).
Бейіт - «қабір және оның үстіне қойылатын белгі» - деген мағыналарды қамтитын ұғым. Ал мола атауы көбінесе әртүрлі себептермен жеке дара жерленген адамның көрі мен көр үстіне қойылған белгі деген ұғымды білдіреді. Мысалы, сапар үстінде, алыс жолда қайтыс болған адамды зиратқа, қорымға қою мүмкін болмаған кезде топырақ бұйіырған жеріне қойып, белгі орнатады. Жерлеу орнының бұл түрі де мола деп аталады.
Сондай-ақ аруақты мазалайды деген түсінікке байланысты бақсылардың моласы зираттан оқшаулау жерде жалғыз-жарым тұрады. Бұл жайт - халық тілінде бейіт, зират, қабір, мола сөздері мәдени семантикалық бір ғана өріске жататын мәндес қолданыс болғанымен, олардың өзді-өзіне тән мағыналық ерекшеліктері бар атау екенін аңғартады. Сондай-ақ кесене, дың, күмбез т.б. да мәдени семантикалық бір өріске жатады. Ұжымдық жерлеу орнының жоғарыда айтылған бір түрі зират болса, енді оның көне бір түрі - қорым деп аталады.
Қорым - көбінесе соғыста, жаугершілікте қаза болған жауынгерлерді жеке-жеке қабір қазып, арулау мүмкін болмаған жағдайда үлкен етіп қабір тәрізді қазылған орға мәйіттерді топтап қойып, топырақ жауып, үстіне тас үйіп орнатқан жерлеу орны деген ұғымды білдіретін атау болса керек. Жеке-дара жерленіп ерекше белгі қойылған орындардың түрлері кесене, күмбез, дың, сағана деп аталады. Әйгілі хан, сұлтан, би, батыр, әулие сияқты т.б. байырғы элиталық тұлғалардың аруағын ұлықтау мақсатымен, сондай-ақ ел есінде сақтауы, келер ұрпақ ұмытпай қадір тұтып жүруі үшін төрт жолдың торабына, қара жолдың бойына, биіктеу, көрнекі жерлерге жерлеп, басына кесене, күмбез, сағана салып, дың орнатады.
Байырғы кезде ересек адам бейітіне найза (сындырылғаны да болуы мүмкін), әйел адамның бейітіне бақан, піспек немесе ұршық, қыз бейітне арқан, уық, ал жас нәресте бейітне бесік қойылған. Қазақтың мекен еткен жерлері мен атажұртын, атақонысын мола, зират, сағана, күмбез, қорымдары сияқты дәстүрлі жерлеу ескерткіштерінен білуге болады.
Қазақ жерінде ерте заманнан бері бейіт басына кесектен, қыштан, күйдірілген кірпіштен салынған ескерткіштерді күмбез, кешен, кесене, там тәрізді жерлеу ескерткіштері жиі кездеседі.
Мысалы, батыс өңірдің қазақтары бейіт басына үштас, бестас, қойтас, қүлпытастарды орнатады немесе сандықтас, сағанатам және күмбезді там салады.
Жерлеу орындарының қара жолдың бойында болатын себебі ниет етіп, дұға қылсын деген мақсатпен бірге жолаушылар жауын-шашын, боранда ықтасын қылып, түнеп аттануын да ойластырғаннан болса керек.
Әдетте, дәстүрлі ортада зират, мола, дың т.б. жерлеу ескерткіштері жанынан өткен атты жолаушы тоқтап, аялдамайтын жағдайда оң жақ аяғын үзеңгіден шығарып «жандарың жаннатта, жатқан жерлерің жайлы болсын; қияметтің күні жақын» — деп бет сипай ниет етеді. Аяғын үзеңгіден шығару ырымы «аттан түстім» деген бейвербальды семантиканы білдіреді.