Механика

4 Желтоқсан 2012, 07:46

Механика [грек. Mechanіke (techne) – машина және машина жасау өнері] – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі мех. Қозғалыс деп аталады. Табиғатта мұндай қозғалысқа аспан әлеміндегі денелердің қозғалысы, Жер қыртысының тербелуі, мұхит-теңіздер мен ауадағы ағындар тербелісі; техникада – ұшу аппараттарының, көлік құралдарының, әр алуан механизм бөліктерінің қозғалысы, ғимараттар элементтерінің деформациясы, сұйықтықтар мен газдардың қозғалыстары, т.б. Жатады. Әдетте, М. Деп Ньютонның мех. Заңдарына негізделген жарық жылдамдығынан әлдеқайда төмен жылдамдықпен қозғалатын кез келген материалдық денелердің қозғалысын сипаттайтын (элементар бөлшектерден басқа) классик. М-ны айтады. М-да материалдық денелердің қозғалысын зерттегенде олардың негізгі қасиеттерін сипаттайтын абстракты ұғымдар пайдаланылады: 1) материалдық нүкте – массасы бар, геом. Өлшемдері ескерілмейтін дене; 2) абсолют қатты дене – кез келген екі нүктесінің ара қашықтығы барлық жағдайда тұрақты дене; 3) өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын зерттегенде олардың молек. Құрылымын ескермеуге болатын жағдайда қолданылатын ұғым. Сонымен қатар тұтас ортаны қарастырғанда: идеал серпімді дене, пластик. Дене, идеал сұйық, тұтқыр сұйық, идеал газ сияқты абстракты ұғымдар қолданылады. Осыған байланысты М.: материалдық нүкте М-сы, материалдық нүктелер жүйесінің М-сы, абсолют қатты денелер М-сы және тұтас орта М-сы болып бөлінеді. Соңғысы серпімді және пластик. Орта теориясына, гидродинамикаға, газ динамикасына бөлінеді. Бұл бөлімдердің әрқайсысы (шығарылатын есептердің сипатына қарай): кинематика, статика және динамика бөлімдеріне ажыратылады. Денелердің М-лық қозғалысын сипаттайтын негізгі заңдар мен принциптер жалпы және теор. М-ның негізі болып саналады. Өзіндік дербес мәні бар М. Бөлімдеріне: тербелістер теориясы, орнықты тепе-теңдік және қозғалыстың орнықтылығы теориялары, гироскоптар теориясы, массасы айнымалы денелердің М-сы, автоматты реттегіштер теориясы, соққы теориясы, т.б. Жатады. М. Физиканың көптеген бөлімдерімен тығыз байланысқан. Оның көптеген ұғымдары мен тәсілдері оптикада, статист. Физикада, кванттық М-да, электрдинамикада, салыстырмалы теорияда, т.б. Пайдаланылады. М. Астрономияның көптеген бөлімдерінде, соның ішінде аспан М-сында ерекше орын алады. М. Қазіргі заманғы техниканың көптеген салаларының ғыл. Негізі болып саналады.  

Бөлісу: