Бәдік айту

4 Желтоқсан 2012, 07:28

  Бәдік айту - магиялық ғұрып. Бәдік атауының түп-төркіні парсының «бадхох» «бадху» деген сөзінен шыққан. Тәжікше «бадху» қаскөй деген мағына береді, яғни бәдік «бойға дерт дарытушы қаскөй күш» дегенге саяды.Фольклорлық еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда: мал ауруының аты ретінде; өлең (айтыс) түрі ретінде қолданылады. Байырғы ортада бәдік айту жолымен мал, адам бойындағы дертті қашырған. С.Сейфуллин өз еңбегінде: «Адам ауырса, яки мал ауырса, әйел-еркек жиналып, ауырған малды қамап алып, екі-екіден қосылып, шулан өлең айтады. Өлең айтқанда ауру «иесін» қорқытып, «жын» ойнағандай қылып ойнап айтады... Қыз-қырқын, қатын-қалаш өстіп жиналып, екеу-екеуден жұпталып, бәдік өлеңін айтысып, «ауыздарының дәмдерін алып болған соң», тұрысып, етек-жеңдерін сілкініп, «Біз де көштік, сен де көш!» деп ауырған малды етектерімен ұшықтап кетеді... Тәуіптердің «көшіру, аластау» ырымдары мен «бәдік» айту біртүрлі нанымнан туған зат», — деп жазады. Ә.Диваевтың атап көрсетуінше, таз-қотыр, сыздауық, безгек сияқты адам ауруларына және тентек, айналма секілді мал ауруларына қарсы, жәндіктердің уын қайтару үшін Бәдік айтылған. Қырғыз, қарақалпақ халықтары ауырған адамның үстіне қызыл, өзбектер ақ мата жауып бәдік айту-қан. Мұндай мата жабу жоралғысы қазақта да бар: Не болды бұл бәдікке жасыл жауып,  Біреуін біреуінен асық жауып.  Не болды бұл бәдікке қызыл жауып,  Біреуін біреуінен ұзын жауып. Мата жабу жоралғысының түпкі сыры еліктеу магиясынан туған. Халық түсінігінде қызыл мата денені басып кеткен жараға ұқсатылса, ақ мата содан құтылу ниетін білдіреді. Тәжіктер мен өзбектерде бұл рәсімді белгілі кәсіби мамандар - бәдікхан, фолбіндер, қырғыздарда бақсы - емшілер жүргізген. Ал қазақ ортасында шулау, сабалау, мата жабумен Бәдік өлең жолдарын жеке орындаушылар емес, көпшілік қауым өткізген. Көшіру көп тайпаларға, көп халықтарға ортақ көне магиялық ғұрып. Көшіру салты кезінде орындалатын қазақ бәдіктеріндегі көшіру нысаны, әдетте, жанды нәрсе ретінде бейнеленеді: «Бәдік кетіп барады шатқа шаман...», «Бәдіккетіп барады өзекпенен...», «Бәдік кетіп барады тaудан асып...» деген сияқты өлең жолдарымен айтылады. Кейде оны ұстап алып, күш қолдануға да болатын сияқты: Бәдік болсаң, мен сені білер едім,  Ернің тесіп, терекке ілер едім.  Ернің тесіп, терекке іліп қойып,  Бір уақ тамашаға күлер едім...  Оған өтініш білдіруге де болатын көрінеді: Бұрма бәдік дегенде, бұрма бәдік,  Бұралып босағамда тұрма, бәдік.  Бұралып босағамда тұрсаң, бәдік,  Көңліне иесінің келер кәдік.  Сәті түссе, оны жойып жіберуге талпынады: ...Бәдікті құдай оңдап қолға берсе,  Төбелеп өлтірейік бәдікті біз. Алайда келтірілген жолдардан Бәдіктің нақты не нәрсе екендігі әлі де анық байқалмайды. Бәдікті жын-шайтан текті бейнеде тану Бәдік мәтіндерінің өз ішінде кездеседі. Айтайын мен бәдікті бұрынғыдан,  Сайтанның қу бәдік те ізін қуған.  Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айтамыз.  Шайтанды көшірелік айдауменен.  Бәдік бастан, жаным-ау, бәдік бастан,  Жын-шайтан, неше айтамын аулақ қаш деп. Бәдік бейнесінің жьш-шайтанмен байланыстырылуы қаскөй күшке теңеліп жататындығында болса керек. Көне магиялық сенім бойынша, қаскөй күштерді қорқытып, үркітуде айқай - шудың ғұрыптық әсері мол саналған. Бұл «...Шайтанның көшпесіне қоймаймыз ба, Жабылып жан-жағынан шулай берсек» деген жолдардан айқын көрінеді. Бәдікте өтіну, сұрау, қорқыту, үркіту, шошыту сықылды дерт көшіруге тән жалпы сарындар болғанмен, қаскөй күштерден тұра қашу аркылы құтылу жорасы мүлде байқалмайды. Бәдік болмысы «көшіру» ғұрпымен тікелей байланысты. Дерт көшіру қаскөй күштерден құтылудың жалпы амалы болса, Бәдік - емдік магияның жалқы әдістерінің бірі. Бәдік айту салтында типологиялық заңдылық сақталады. Ертеде Бәдік іңір қараңғысында басталып, кейде түні бойы айтылып, ертеңге жалғасқан. «Жеті күнге жеткізе ант бәдікті» деп келетін Бәдік мәтініндегі өлең жолына қарағанда, Бәдік айту бірнеше күнге созылған тәрізді. Көшіру рәсімін түнгі уақытта өткізудің мөні жын-шайтандар қараңғы үйіріле жиналады деген сенімнен туса керек. Тіпті бақсылардың ойыны да іңірде басталатыны сондықтан. Қолға қару (бұтақ, келдек, сойыл, шоқпар) ұстап, оларды әрі-бері сермеп, шауып, ұрар болып қорқытпақшы болған. Бәдікті біздер ұстап табайық та,  Таба алмасаң, аямастан сабайық та... немесе: Бәдігімді ұстап бер қамаласып,  Шығайын шер құмардан сабаласып... Бәдіктің кейінгі даму сатысында бұл ғұрып біртіндеп ұмытылған. Қолға қанжар, қылыш ұстап, оңды-солды сермеу, дабыл қағу, қамшымен сабау әдеттері біртіндеп бақсылық ойынына ауысқан. Әлемдік фольклорда көшіру ғұрпы адамға, жан-жануарға, жансыз заттарға көшіру түрінде жолықса, бәдікте соның үшеуі де қатар көрініс тапқан. «Бар дағы, тезден жабыс қу қыздарга...», «Бар да жабыс осы қыздың бүйрегіне...», «Бар да жабыс жігіттің таңдайына...», «Жігіттің еңкейетін беліне көш...», «Қыздардың кесте тіккен қолына көш...», «Жігіттің сайрап тұрган тіліне көш...», «Ұрысқақ Бәйбіше мен тоқалга көш...», «молдаға көш...», «байларға көш...», «ұстаға көш...» деген өлең жолдарынан адамға көшіру ғұрпы айқын байқалады. Жан-жануарға көшіру «бөріге көш», «текеге көш», «нарға көш», «жыланга көш», «марқаға көш», «тұсаққа көш», «інгенге көш», «ұры итке көш» түрінде келсе, жансыз заттарға көшіру «бұлаққа көш», «келіге көш», «Меккеге көш», «аршаға көш», «жидекке көш», «Арқаға көш», «тауларға көш», «инеге көш», «қияға көш», «мияға көш», «бауларға көш», «айнаға көш», «бүргенге көш», «сазға көш», «жұлдызға көш» деп жалғасады. Бәдікті басқа өлең түрлерінен оқшаулайтын да, өзіндік бет-пердесін ашатын да «көш-көш» сөзінің қайталанып келуі. Мұны көп жағдайда магиялық жораның өзі деп емес, содан қалған белгі деп ұққан абзал. Жалпы көптеген Бәдік өлеңдерде әзіл-қалжың сипатты жолдары молынан кездеседі. Кейбір бәдік мазмұнында байырғы, ұмыт боп бара жатқан ескі ғұрып іздері сайрап жатыр. Мәселен, бәдіктегі қыз бен жігіттің қағысы деп бағаланып жүрген: Қаратауым дегенде, Қаратауым,  Тау басынан соғады қара дауыл.  Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге  Қаптап көшін келеді біздің ауыл,  - деген шумақтан «Қаптап көшудің» алдында бәдік өткеру салтына шақыру рәсімі болғандығын байқаймыз. Тойдан қызың аулыңда бәдігің бар,  Хабар салып тұрмасаң, құдай табар, - деген жолдар қаской күштерді қууға жан-жаққа хабар салып, ел жию әдеті болғандығын білдіреді. Кейінгі кездері Бәдік көші жастардың бас қосатын ойын-сауығына, соның жасалуы үшін керекті сылтаудың біріне айналған.  

 

Бәдік айту - магиялық ғұрып. Бәдік атауының түп-төркіні парсының «бадхох» «бадху» деген сөзінен шыққан. Тәжікше «бадху» қаскөй деген мағына береді, яғни бәдік «бойға дерт дарытушы қаскөй күш» дегенге саяды.Фольклорлық еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда: мал ауруының аты ретінде; өлең (айтыс) түрі ретінде қолданылады. Байырғы ортада бәдік айту жолымен мал, адам бойындағы дертті қашырған. С.Сейфуллин өз еңбегінде: «Адам ауырса, яки мал ауырса, әйел-еркек жиналып, ауырған малды қамап алып, екі-екіден қосылып, шулан өлең айтады. Өлең айтқанда ауру «иесін» қорқытып, «жын» ойнағандай қылып ойнап айтады... Қыз-қырқын, қатын-қалаш өстіп жиналып, екеу-екеуден жұпталып, бәдік өлеңін айтысып, «ауыздарының дәмдерін алып болған соң», тұрысып, етек-жеңдерін сілкініп, «Біз де көштік, сен де көш!» деп ауырған малды етектерімен ұшықтап кетеді... Тәуіптердің «көшіру, аластау» ырымдары мен «бәдік» айту біртүрлі нанымнан туған зат», — деп жазады.
Ә.Диваевтың атап көрсетуінше, таз-қотыр, сыздауық, безгек сияқты адам ауруларына және тентек, айналма секілді мал ауруларына қарсы, жәндіктердің уын қайтару үшін Бәдік айтылған. Қырғыз, қарақалпақ халықтары ауырған адамның үстіне қызыл, өзбектер ақ мата жауып бәдік айту-қан. Мұндай мата жабу жоралғысы қазақта да бар:
Не болды бұл бәдікке жасыл жауып, 
Біреуін біреуінен асық жауып. 
Не болды бұл бәдікке қызыл жауып, 
Біреуін біреуінен ұзын жауып.
Мата жабу жоралғысының түпкі сыры еліктеу магиясынан туған. Халық түсінігінде қызыл мата денені басып кеткен жараға ұқсатылса, ақ мата содан құтылу ниетін білдіреді. Тәжіктер мен өзбектерде бұл рәсімді белгілі кәсіби мамандар - бәдікхан, фолбіндер, қырғыздарда бақсы - емшілер жүргізген. Ал қазақ ортасында шулау, сабалау, мата жабумен Бәдік өлең жолдарын жеке орындаушылар емес, көпшілік қауым өткізген.
Көшіру көп тайпаларға, көп халықтарға ортақ көне магиялық ғұрып. Көшіру салты кезінде орындалатын қазақ бәдіктеріндегі көшіру нысаны, әдетте, жанды нәрсе ретінде бейнеленеді: «Бәдік кетіп барады шатқа шаман...», «Бәдіккетіп барады өзекпенен...», «Бәдік кетіп барады тaудан асып...» деген сияқты өлең жолдарымен айтылады. Кейде оны ұстап алып, күш қолдануға да болатын сияқты:
Бәдік болсаң, мен сені білер едім, 
Ернің тесіп, терекке ілер едім. 
Ернің тесіп, терекке іліп қойып, 
Бір уақ тамашаға күлер едім... 
Оған өтініш білдіруге де болатын көрінеді:
Бұрма бәдік дегенде, бұрма бәдік, 
Бұралып босағамда тұрма, бәдік. 
Бұралып босағамда тұрсаң, бәдік, 
Көңліне иесінің келер кәдік. 
Сәті түссе, оны жойып жіберуге талпынады:
...Бәдікті құдай оңдап қолға берсе, 
Төбелеп өлтірейік бәдікті біз.
Алайда келтірілген жолдардан Бәдіктің нақты не нәрсе екендігі әлі де анық байқалмайды. Бәдікті жын-шайтан текті бейнеде тану Бәдік мәтіндерінің өз ішінде кездеседі.
Айтайын мен бәдікті бұрынғыдан, 
Сайтанның қу бәдік те ізін қуған. 
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айтамыз. 
Шайтанды көшірелік айдауменен. 
Бәдік бастан, жаным-ау, бәдік бастан, 
Жын-шайтан, неше айтамын аулақ қаш деп.
Бәдік бейнесінің жьш-шайтанмен байланыстырылуы қаскөй күшке теңеліп жататындығында болса керек. Көне магиялық сенім бойынша, қаскөй күштерді қорқытып, үркітуде айқай - шудың ғұрыптық әсері мол саналған. Бұл «...Шайтанның көшпесіне қоймаймыз ба, Жабылып жан-жағынан шулай берсек» деген жолдардан айқын көрінеді. Бәдікте өтіну, сұрау, қорқыту, үркіту, шошыту сықылды дерт көшіруге тән жалпы сарындар болғанмен, қаскөй күштерден тұра қашу аркылы құтылу жорасы мүлде байқалмайды. Бәдік болмысы «көшіру» ғұрпымен тікелей байланысты. Дерт көшіру қаскөй күштерден құтылудың жалпы амалы болса, Бәдік - емдік магияның жалқы әдістерінің бірі.
Бәдік айту салтында типологиялық заңдылық сақталады. Ертеде Бәдік іңір қараңғысында басталып, кейде түні бойы айтылып, ертеңге жалғасқан. «Жеті күнге жеткізе ант бәдікті» деп келетін Бәдік мәтініндегі өлең жолына қарағанда, Бәдік айту бірнеше күнге созылған тәрізді. Көшіру рәсімін түнгі уақытта өткізудің мөні жын-шайтандар қараңғы үйіріле жиналады деген сенімнен туса керек. Тіпті бақсылардың ойыны да іңірде басталатыны сондықтан.
Қолға қару (бұтақ, келдек, сойыл, шоқпар) ұстап, оларды әрі-бері сермеп, шауып, ұрар болып қорқытпақшы болған.
Бәдікті біздер ұстап табайық та, 
Таба алмасаң, аямастан сабайық та...
немесе:
Бәдігімді ұстап бер қамаласып, 
Шығайын шер құмардан сабаласып...
Бәдіктің кейінгі даму сатысында бұл ғұрып біртіндеп ұмытылған. Қолға қанжар, қылыш ұстап, оңды-солды сермеу, дабыл қағу, қамшымен сабау әдеттері біртіндеп бақсылық ойынына ауысқан.
Әлемдік фольклорда көшіру ғұрпы адамға, жан-жануарға, жансыз заттарға көшіру түрінде жолықса, бәдікте соның үшеуі де қатар көрініс тапқан. «Бар дағы, тезден жабыс қу қыздарга...», «Бар да жабыс осы қыздың бүйрегіне...», «Бар да жабыс жігіттің таңдайына...», «Жігіттің еңкейетін беліне көш...», «Қыздардың кесте тіккен қолына көш...», «Жігіттің сайрап тұрган тіліне көш...», «Ұрысқақ Бәйбіше мен тоқалга көш...», «молдаға көш...», «байларға көш...», «ұстаға көш...» деген өлең жолдарынан адамға көшіру ғұрпы айқын байқалады.
Жан-жануарға көшіру «бөріге көш», «текеге көш», «нарға көш», «жыланга көш», «марқаға көш», «тұсаққа көш», «інгенге көш», «ұры итке көш» түрінде келсе, жансыз заттарға көшіру «бұлаққа көш», «келіге көш», «Меккеге көш», «аршаға көш», «жидекке көш», «Арқаға көш», «тауларға көш», «инеге көш», «қияға көш», «мияға көш», «бауларға көш», «айнаға көш», «бүргенге көш», «сазға көш», «жұлдызға көш» деп жалғасады.
Бәдікті басқа өлең түрлерінен оқшаулайтын да, өзіндік бет-пердесін ашатын да «көш-көш» сөзінің қайталанып келуі. Мұны көп жағдайда магиялық жораның өзі деп емес, содан қалған белгі деп ұққан абзал. Жалпы көптеген Бәдік өлеңдерде әзіл-қалжың сипатты жолдары молынан кездеседі. Кейбір бәдік мазмұнында байырғы, ұмыт боп бара жатқан ескі ғұрып іздері сайрап жатыр. Мәселен, бәдіктегі қыз бен жігіттің қағысы деп бағаланып жүрген:
Қаратауым дегенде, Қаратауым, 
Тау басынан соғады қара дауыл. 
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге 
Қаптап көшін келеді біздің ауыл, 
- деген шумақтан «Қаптап көшудің» алдында бәдік өткеру салтына шақыру рәсімі болғандығын байқаймыз.
Тойдан қызың аулыңда бәдігің бар, 
Хабар салып тұрмасаң, құдай табар,
- деген жолдар қаской күштерді қууға жан-жаққа хабар салып, ел жию әдеті болғандығын білдіреді.
Кейінгі кездері Бәдік көші жастардың бас қосатын ойын-сауығына, соның жасалуы үшін керекті сылтаудың біріне айналған.
 
Бөлісу: