Қазақстан жазушыларының III съезін ашардағы сөзі

4 Желтоқсан 2012, 07:09

  Қазақстан жазушыларының III съезін ашардағы сөзі Жолдастар! Бүгін біздің жазушыларымыз республиканың мәдениеттік тарихындағы үлкен бір белге тақап кеп тұр. Ол — Қазақстан совет жазушыларының ашылғалы тұрған Үшінші съезі. Бұл съезге барлық басшы жазушыларымыз, совет халқымыз зор көңіл бөледі. Себебі әдебиет ісі — бізде халықтық іс. Әдебиет пен совет халқы арасындағы осындай тұтас бірлестік пен үндестік — біздің әдебиетіміздің бақыты. Совет әдебиеті қалың елі, қадірлі жұртының аясында өседі. Өзінің ана бесігінде, кей халықтың әдебиеттері анық арман етерлік алтын бесігінде өседі. Империалистік реакция жағдайындағы әдебиеттер тағдырынан біздің тағдырымыз, талабымыз басқаша да өзгеше. Ашылғалы отырған съезіміз болса, қазақ совет әдебиетінің 1939 жылдан бергі 15 жыл ішінде жүріп өткен жолына шолу жасайды, баға береді. Өткенге қорыту, байлау айтады. Келешекте қалай өсу-өрлеудің бағдарын атап, барысын болжап береді. Әдебиет жайындағы сынау, ойлау, талдау сөздер проблемалы болса ғана әдебиеттік құрылысқа, процеске әсерлі, пайдалы болады. Ең зор проблема — маркстік-лениндік эстетиканың жүйелі творчестволық негізі болып отырған социалистік реализм әдісін меңгеру проблемасы. Поэзия, проза, драматургиямыздың осы 15 жыл ішіндегі табыстары идеялық, көркемдік тұрғысынан қарағанда социалистік реализм талаптарына қаншалық сапада, қай дәрежеде сай шықты? Осыны дәл танып, айыру, талдау - баяндамаларымыз бен жеке сөздеріміздің әрі тарихтық, әрі проблемалық міндеті. Социалистік реализм талаптарының ірілері қайсы десек, арнап, атап айтарымыз: заманымызға сай, ірі көркемдік тудыру, шындықты реалистік дәстүрде бейнелеу, шеберлікті күшейту, классикалық мұралардың шеберлігін меңгеру. Осы сипаттар арқылы халқымызды коммунистік рухта тәрбиелейтін — халықтық, революцияшыл, отаншыл және халықтар достығын нығайтқыш әдебиеттер тудыру шарт. Тегі, баяндамалар мен жарыссөздеріміз социалистік реализм әдісінен ауа жайылған қателіктерді, міндерді, олқылықтарды, шикіліктерді ойдағыдай ашуға көмектессін! Ол кемшіліктердің алуан-алуаны әр түрлі болғанмен, 15 жыл ішінде қазақ әдебиетінің өз көлемінде көрінген түрлерін айыру қиын емес. Олар социалистік реализм әдісінің талабына қарсы, ерсі — схематизм, натурализм, формализм, әр алуан нигилизм — бәрі де ескілікті сананың творчестволық психологиядағы қалдығы. Ол — капиталистік сананың қалдығы, Қазақстан жағдайында және патриархалдық, феодалдық сананың қалдығы, кейде буржуазияшыл, ұлтшылдық, реакцияшыл консервативтік күйлер. Роман, повесть, поэма, өлең, драма, балалар әдебиеті — бәрінің үлкенді-кішілі үлгілерінен жаңағы айтқандай міндер мен жетіспеген жайларды батыл, әділ, терең талдап ашуымыз шарт. Осылай талаптанған әдебиет қана сенімді ұстазы — орыс классикалық әдебиетінен, сол арқылы дүниелік классикалық мұрадан ойдағыдай үлгі алады. Өзінен әдебиеттік мәдениеті, тәжірибесі молырақ орыс әдебиетінен үлкен нәр, көмек алады. Бұл жайлар да қазақ совет әдебиетінің социалистік реализм негізінде өрлеп өсуінің өзгеше шарттары. Қазақстан жазушыларының тобы бүгін, өзінің III съезіне жеткен шағында, өз істеріне партиялық негізді әділ, объективтік, терең сынды талап етеді. Сол үшін барлық баяндама, жарыссөздер де сынды, мінді ойдағыдай айта түссін, аша түссін! Жемісті сын, көмекші сын көңілдегідей шығу үшін, баяндамаларымызда және жазушыларымыздың, сыншыларымыздың жауапты, ойлы сөздерінде негізгі творчестволық мәселелер көбірек көтерілсін. Проблемалы, жауапты ойға толы сын сөзі — өсуге арналған сөз. Ол сын — өшіру үшін емес, өсіру үшін айтылады. Әдебиетіміз өзінің бар саласында тек қана социалистік болмыстан, күнделік өмірден нәр алады дейміз. Сол қатарда ең алдымен, әсіресе, партиялық дәстүрден үлгі ала білейік. Біздің республикамыз Коммунистік партияның ұлы, дана басшылығы арқасында биыл өзгеше биік, тарихтың елге басты. Биыл Қазақстанның шаруашылық, мемлекеттік салмағы бұрын қазақ халқы, Қазақстан біліп көрмеген, жетіп болмаған анық зор тарихтың рубежге, асуға жетіп тұр. Осы ұлы жаңалық әрбір ақынның, прозаиктің, драматургтің, әдебиет сыншысының, зерттеушісінің — бөрінің творчестволық өмірбаянында сондайлық бір үлкен ноқтықтық бел, биік асу есепті болсын! Бұдан былай тағы да қазақ совет әдебиетінің ірі табыстары республикада танылып, одан әрі Одақ көлемінде және Одақ сыртында, дүниелік аренада мәлім бола түссін! Сол үшін еңбек етейік! Алдағы жақын жылдар зор тарихтық жылдар болсын! Әрбір творчестволық ісімізде дана басшымыз, ұлы ұстазымыз — Коммунистік партияның Бүкіл одақ совет жазушыларына, соның қатарында Қазақстан совет жазушыларына да қойып отырған талабын ақтай білейік! Партияның совет халқы атынан қойған талабын ойдағыдай іске асыру біздің Қазақстан совет жазушыларының ең қадірлі мақсаты болсын! Жолдастар! Қазақстан совет жазушыларының III съезін ашылды деп жариялаймын. Мұхтар Әуезов

 

Қазақстан жазушыларының III съезін ашардағы сөзі

Жолдастар!

Бүгін біздің жазушыларымыз республиканың мәдениеттік тарихындағы үлкен бір белге тақап кеп тұр. Ол — Қазақстан совет жазушыларының ашылғалы тұрған Үшінші съезі.

Бұл съезге барлық басшы жазушыларымыз, совет халқымыз зор көңіл бөледі. Себебі әдебиет ісі — бізде халықтық іс.

Әдебиет пен совет халқы арасындағы осындай тұтас бірлестік пен үндестік — біздің әдебиетіміздің бақыты. Совет әдебиеті қалың елі, қадірлі жұртының аясында өседі. Өзінің ана бесігінде, кей халықтың әдебиеттері анық арман етерлік алтын бесігінде өседі. Империалистік реакция жағдайындағы әдебиеттер тағдырынан біздің тағдырымыз, талабымыз басқаша да өзгеше. Ашылғалы отырған съезіміз болса, қазақ совет әдебиетінің 1939 жылдан бергі 15 жыл ішінде жүріп өткен жолына шолу жасайды, баға береді. Өткенге қорыту, байлау айтады. Келешекте қалай өсу-өрлеудің бағдарын атап, барысын болжап береді.

Әдебиет жайындағы сынау, ойлау, талдау сөздер проблемалы болса ғана әдебиеттік құрылысқа, процеске әсерлі, пайдалы болады. Ең зор проблема — маркстік-лениндік эстетиканың жүйелі творчестволық негізі болып отырған социалистік реализм әдісін меңгеру проблемасы.

Поэзия, проза, драматургиямыздың осы 15 жыл ішіндегі табыстары идеялық, көркемдік тұрғысынан қарағанда социалистік реализм талаптарына қаншалық сапада, қай дәрежеде сай шықты? Осыны дәл танып, айыру, талдау - баяндамаларымыз бен жеке сөздеріміздің әрі тарихтық, әрі проблемалық міндеті.

Социалистік реализм талаптарының ірілері қайсы десек, арнап, атап айтарымыз: заманымызға сай, ірі көркемдік тудыру, шындықты реалистік дәстүрде бейнелеу, шеберлікті күшейту, классикалық мұралардың шеберлігін меңгеру. Осы сипаттар арқылы халқымызды коммунистік рухта тәрбиелейтін — халықтық, революцияшыл, отаншыл және халықтар достығын нығайтқыш әдебиеттер тудыру шарт.

Тегі, баяндамалар мен жарыссөздеріміз социалистік реализм әдісінен ауа жайылған қателіктерді, міндерді, олқылықтарды, шикіліктерді ойдағыдай ашуға көмектессін! Ол кемшіліктердің алуан-алуаны әр түрлі болғанмен, 15 жыл ішінде қазақ әдебиетінің өз көлемінде көрінген түрлерін айыру қиын емес. Олар социалистік реализм әдісінің талабына қарсы, ерсі — схематизм, натурализм, формализм, әр алуан нигилизм — бәрі де ескілікті сананың творчестволық психологиядағы қалдығы.

Ол — капиталистік сананың қалдығы, Қазақстан жағдайында және патриархалдық, феодалдық сананың қалдығы, кейде буржуазияшыл, ұлтшылдық, реакцияшыл консервативтік күйлер.

Роман, повесть, поэма, өлең, драма, балалар әдебиеті — бәрінің үлкенді-кішілі үлгілерінен жаңағы айтқандай міндер мен жетіспеген жайларды батыл, әділ, терең талдап ашуымыз шарт.

Осылай талаптанған әдебиет қана сенімді ұстазы — орыс классикалық әдебиетінен, сол арқылы дүниелік классикалық мұрадан ойдағыдай үлгі алады. Өзінен әдебиеттік мәдениеті, тәжірибесі молырақ орыс әдебиетінен үлкен нәр, көмек алады. Бұл жайлар да қазақ совет әдебиетінің социалистік реализм негізінде өрлеп өсуінің өзгеше шарттары.

Қазақстан жазушыларының тобы бүгін, өзінің III съезіне жеткен шағында, өз істеріне партиялық негізді әділ, объективтік, терең сынды талап етеді. Сол үшін барлық баяндама, жарыссөздер де сынды, мінді ойдағыдай айта түссін, аша түссін! Жемісті сын, көмекші сын көңілдегідей шығу үшін, баяндамаларымызда және жазушыларымыздың, сыншыларымыздың жауапты, ойлы сөздерінде негізгі творчестволық мәселелер көбірек көтерілсін.

Проблемалы, жауапты ойға толы сын сөзі — өсуге арналған сөз. Ол сын — өшіру үшін емес, өсіру үшін айтылады.

Әдебиетіміз өзінің бар саласында тек қана социалистік болмыстан, күнделік өмірден нәр алады дейміз. Сол қатарда ең алдымен, әсіресе, партиялық дәстүрден үлгі ала білейік.

Біздің республикамыз Коммунистік партияның ұлы, дана басшылығы арқасында биыл өзгеше биік, тарихтың елге басты. Биыл Қазақстанның шаруашылық, мемлекеттік салмағы бұрын қазақ халқы, Қазақстан біліп көрмеген, жетіп болмаған анық зор тарихтың рубежге, асуға жетіп тұр.

Осы ұлы жаңалық әрбір ақынның, прозаиктің, драматургтің, әдебиет сыншысының, зерттеушісінің — бөрінің творчестволық өмірбаянында сондайлық бір үлкен ноқтықтық бел, биік асу есепті болсын! Бұдан былай тағы да қазақ совет әдебиетінің ірі табыстары республикада танылып, одан әрі Одақ көлемінде және Одақ сыртында, дүниелік аренада мәлім бола түссін! Сол үшін еңбек етейік! Алдағы жақын жылдар зор тарихтық жылдар болсын!

Әрбір творчестволық ісімізде дана басшымыз, ұлы ұстазымыз — Коммунистік партияның Бүкіл одақ совет жазушыларына, соның қатарында Қазақстан совет жазушыларына да қойып отырған талабын ақтай білейік! Партияның совет халқы атынан қойған талабын ойдағыдай іске асыру біздің Қазақстан совет жазушыларының ең қадірлі мақсаты болсын!

Жолдастар!

Қазақстан совет жазушыларының III съезін ашылды деп жариялаймын.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу: