''1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан'''

4 Желтоқсан 2012, 06:32

  1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты. Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді. Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының [1]. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.   Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті [2]. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді. [3]. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды. [4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды. 1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар [5]. қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына! Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз! Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...». [6]. Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар: 1. саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»); 2. отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет; 3. құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»). Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды. Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты. [7]. Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді. Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс бағдарламасының салыстырмалы түрде ұстамды болуы және осы қозғалыс көсемінің кадеттер партиясының басшыларымен бұрыннан келе жатқан байланыстары Бөкейхановты кадеттер партиясы ОК-нің құрамына кіруін қамтамасыз етті, ал бұл сөл кездегі жағдайда қажетті билік тетігіне ұлттық қозғалыс басшылығының қол жеткізуіне бірден жол ашты, жаңа жағдайда өзін көрсетуге мүмкіндік туғызды. Көп кешікпей Ә.Н. Бокейханов Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Сәл кейінірек М. Тынышбаев, одан соң Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Асфендияр Кенжин, Әзімхан Кенесарин және қазақ халқының кейбір басқа да өкілдері Қазақстан мен Түркістанның бірқатар уездері мен қалаларындағы уақытша үкіметтің атқарушы органдарының құрамына кірді. Осыдан кейін қозғалыстың кадеттермен жақындығы идеологиялық жағынан ғана күш алып қоймай, өздерінің саяси бағытын іске асыруына да қолайлы жағдай туғызды, қазақтың ұлттық қозғалыс көсемдері Кеңестерге оның идеялық-саяси бағыты мен іс-қимылына басқаша қарай бастады. Алайда бұл кейін Қазақстанның ұлттық-демократиялық қозғалысын аса күрделі жағдайға тап қылды, өйткені ол Кеңестердің айналасына шоғырланған төңкерістік- демократиялық топтардан іргесін дереу аулақ салған болатын, оның үстіне белгілі мөлшерде олармен пікір қақтығысына барып қалған еді. Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі Уақытша үкіметтің сенімді тірегі қазақ комитеттері және бай татар мен ұйғыр көпестері еді. Ал елдегі екінші билік негізінен орыс және басқа да славян халықтарының өкілдерінен, сондай-ақ В.И. Лениннің берген анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, төменгі қалың көпшіліктің қолдауымен билікті төңкеріс арқылы тартып алуға сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері болды. [8]. Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестердін Қазақстанда пайдаболуы мен қызметінің сипаты көбіне-көп оның орталықта пайда болу құбылысымен ұқсас болып келеді. Сонымен бірге бұл процестін көптеген өзіндік ерекшеліктері де болды. Алғашқы Кеңестер Қазақстанда монархияны құлатқан бетте пайда бола бастағанымен, ол өлкенің әр өңірінде уақыт жағынан да, оған қатысқан саяси күштердің арасалмағы бойынша да түрліше қалыптасты. Мәселен, Петропавл гарнизонында алғашқы Кеңестер 1916 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір әскери-социалистік одақ өкілдерінен РСДЖП мүшелерінің ұйымдастыруымен құрылды. 2-4 наурыз аралығында жұмысшылар Кеңесі мен солдат депутаттары Кеңесінің сайлауы өтті. 14 наурызда олар өзара бірікті. Кеңестер белгілі бір кешеуілдермен Семейде және Верныйда (9 наурыз), Қостанайда (18 наурыз), Түркістанда (22 наурыз), Павлодарда (19 сәуір) құрылған болатын. Наурыз-сәуір ішінде жұмысшы депутаттарының Кеңестері Әулие-атада, Перовскіде, Доссорда, Қазалыда, Черняевте, Ақтөбеде, Павлодарда, Өскеменде, Риддерде, Қарқаралыда және өлкенің басқа да көптеген қалаларында пайда болды. Ал Оралға келетін болсақ, онда Атқару комитетінің құрамына Мемлекеттік Думаның, Орал қазақ әскерінің, гарнизонның жұмысшы, солдат, офицерлерінің, сондай-ақ қазақ жұртшылығының өкілдері кірді. Наурыздың ортасында бұл Атқару комитетінің құрамында 200 адам болды. Мұнда жұмысшы депутаттары Кеңесінің қызметін жұмысшы топ, ал солдаттар депутаттары Кеңесінің ісін әскери комитет жүргізді. Большевик А.Н. Морозов басшылық еткен Черняевтен (Шымкенттен) және РСДЖП жергілікті ұйымының басшысы A.M. Поволоцкий (меньшевик-интернационалист) басқарған Петропавлдан басқа Қазақстандағы қалған Кеңестердің барлығына дерлік социалист-революционерлер (ЭСЭР) партиясының мүшелері билік етті. Кеңестерді Семейде 1902 жылдан, яғни әсер партиясының негізі қаланған күннен бастап осы партияда болған П.C. Юдин, Верныйда Домашев, Қазалыда Н. Эйдельман басқарды. Жер-жерде жұмысшы депутаттарының Кеңестерімен бір мезгілде солдат депутаттарының Кеңестері құрыла бастады. 1917 жылғы 4 наурызда Көкшетау жергілікті гарнизонының солдаттары полиция мен жергілікті құраманы қарусыздандырып, қазақ жүздіктерімен бірге солдат және қазақ депутаттарының атқару комитетін сайлады. 1917 жылы 16 сәуірде Зайсан қаласында (Семей облысы) жергілікті гарнизонный солдаттары солдат депутаттарының Кеңесін ұйымдастырды. Оны Петроград солдат депутаттарының Кеңесі қолдап, одан өз тапсырыстары мен жұмыс бағдарламасын жіберуді сұрады. 17 наурызда Әулиеата гарнизонының солдаттары мен офицерлері депутаттарының Комитеті құрылып, комитеттің президиумы сайланды. Қазақстанда жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің құрылу процесі негізінен 1917 жылы сәуір-мамырда аяқталды. Қазақстанның жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері бір-бірімен, сондай-ақ Петроград Кеңесімен, Ташкент, Орынбор, Омбы, Саратов, Астрахан Кеңестерімен, сонымен бірге Қазақстанның жекелеген облыстарының әкімшілік орталығы болып табылатын немесе өлкенің көптеген қалаларымен дәстүрлі саяси-экономикалық байланысы бар басқа да қалаларындағы Кеңестерімен едәуір тығыз байланыс орнатты. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының қалыптасуы және Кеңестердің кең ауқымды жүйесінің ұйымдасуы кезеңінде (наурыз-сәуірдің басы) олардың арасында белгілі мөлшерде өзара түсіністік орнады, алайда оны одан әрі нығайту барысында келіспеушіліктер де байқалды. Атқару комитеттері мен Кеңестер патшалық әкімшілік жүйені жою мақсатымен бірлескен жұмыстар жүргізді, жер-жердегі саяси тұтқындарды босатты, әлеуметтік бағыттағы және қаланы жабдықтау, салық жинау тәрізді кезек күттірмейтін мәселелерді шешумен шұғылданды, 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қашқындарды Қытайдан кері қайтару шараларын іске асырды. Кеңестер мен Атқару комитеттерінің осындай бірқатар түсіністікпен атқарған іс-әрекеттері көңіл қуантты. Сәуірдін басында «Гурьевский вестник» газетінде Доссор Атқару комитетінің «Бүкіл әлем Ресей халықтары мен таптарының ұйымшылдығын, табандылығын, бірлігін көрді... Соғыстың жеңіспен аяқталары да алыс емес...» [9]. деген үндеуі жарияланды. Алайда тура осы күні, газет редакторы В. Старцев аталған үндеуді теруге берген күні большевиктердің он жылдық эмиграциядан енді ғана оралған көсемі В.И. Ленин Петроградта: «Ресейде, таптардың бірлігі болган емес және болмайды да, буржуазия халықты көпе-көрінеу алдап отыр. Ұранымыз былай болуға тиіс: «Уақытша үкіметке ешқандай қолдау болмасын,... бүкіл елде төменнен жоғарыға дейін жұмысшы, батрақ және шаруа депутаттары Кеңестерінің республикасы... Барлық помешиктік жерлер тәркіленсін. Елдегі бүкіл жер мемлекет меншігіне берілсін» [10]. деп мәлімдеді. Көп кешікпей большевиктердің сәуір (VII) конференциясында бұл ережелер: «Ресейдің құрамына кіретін барлық ұлттар үшін ерікті түрде бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға құқы бар екені мойындалуға тиіс»" деген талаптармен толықтырылды. Большевиктер көсемі өз партиясының ұстанған бағыты «буржуазиялық-демократиялық төңкерісті социалистік төңкеріске ұластыру керек» деп атап көрсетіп, төңкерістің жаңа бағытының «барлық билік Кеңестерге берілсін» деген ұранын анықтап берді. Оны жүзеге асыру қосөкіметтілікті жойып, бірыңғай Кеңестерді орнатуға алып келуге тиіс болды. В.И. Лениннің ұраны бірден қолдау тапты, себебі елде соғыс тудырған қиындықтар — аштық, қымбатшылық, жаппай күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі - бәрі де етек жайып, шегіне жетіп тұрған еді. Уақытша үкіметті қолдау немесе оған қарсы болу, Кеңестерді қолдау немесе оған қарсы болу. Күн тәртібіндегі мәселе негізінен осылай нақты қойылды. Бұл бүкіл елді, сонымен бірге Қазақстанды да негізгі үш - оншыл, орта (центристер), солшыл саяси лагерьге бөлді. Егер 1917 жылға дейін осы лагерьлердің әрқайсысы монархист (оншыл), либерал (центристер), социалист (солшыл) ұғымын білдіріп келсе, енді айтарлықтай алмастырулар жүрді. Сырттай, саяси аренадан кетерде, монархистер либералдармен жақындасты, ал олар негізінен өздерінің идеялық ұстанымдарында қалғанмен, оқиғаның барысында саяси қозғалыстың оң канатына айналды. Социалистердің арасы екіге жарылды: көптеген Кеңестердің тізгінін ұстап отырған және либералдық партиялармен, бірінші кезекте кадеттермен тығыз байланыс орнатқан өздеріне біршама сенімді элементтер орталықты құрады. Социалистердің бағдарламалық құжаттарында жерді мемлекет меншігіне алып, помещиктердін жерін шаруаларға беру, фабрикаларды, зауыттарды, қалалық шаруашылықтарды әлеуметтендіру (яғни қоғамдастыру), адамдардың еңбегін қорғау туралы жиі айтылды, бұл социалистерді солға ауытқытып, Ленинге, большевиктерге жақындатты. Істің барысы - Кеңестер мен Уақытша үкіметтің блогы, ең болмағанда қол жеткізілгендерді (саяси бостандықты, билік құрылымдарына қатысу) жүзеге асыруға талпыну - либералдармен одақтасуға мәжбүр етті. Сол қанатта большевиктер партиясы, солшыл әсерлер және солшыл меньшевиктердің аздаған бөлігі (интернационалистер) болды. Оларға сондай-ақ анархистер мен ұлттық-демократиялық бағыттағы солшыл элементтер қосылды. Қазақстандағы саяси топтасу көп ұлтты құрамда болуына орай елеулі өзіндік ерекшелікке ие болды. Мұнда оң қанат, орталық секілді, табансыздық танытып, олар көбінесе бір-бірімен қосылып кетіп жатты. Оң қанатта Уақытша үкіметтің жергілікті әкімшілігі – Атқару комитеттерінің басшылары, облыстық және уездік комиссарлар болды. Олардың саяси тіректері ретінде кадеттер партиясының, халықтық социалистердің ұйымдары мен топтары, қазақтың ұлттық комитеттері, оралдық, орынборлық, сібірлік және жетісулық қазақтардың басшылары, «Шура-ислами» партиясының комитеттері (Әулиеата, Черняев, Түркістан, Қазалы, Перовск) қызмет етті, соңғылары әсерлермен одақ құра отырып, орта (центриста) саясатты ұстанды. Қазақстандық центристер бүкіл көктем мен жазда әжептәуір сенім артарлық деңгейде көрінді. Онда Черняев Кеңесінен басқа Кеңестердің бәрін өз қолына алған әсерлер үстем жағдайда болды. Меньшевиктерге келетін болсақ, олар аса белсенділік көрсеткен жоқ, олардың басты назары РСДЖП-ның біріккен ұйымдарындағы большевиктермен жүргізілетін күреске ауды. Сол қанат ақпан жеңісінен кейінгі алғашқы айларда өте әлсіз болды. Большевиктер тек Шымкент жұмысшы депутаттарының кеңесін ғана бақылады, Петропавл, Перовск, Қазалы Кеңестерінде бір-бірден депутаттары ғана болды. Уақытша үкіметпен ымыраға келмеу бағытын анықтап берген және революциялық күштердің либералдармен арадағы одағын қатаң сынға алған Лениннің Апрель тезистері баспасөзге жарияланғаннан кейін оң қанат та, орталық та большевиктерге ашық түрде қарсы шықты. Әсерлер 27 маусымда Петропавл қалалық Кеңесінің мәжілісінде Ленин мен оның жақтастарының іс-қимылын «барып тұрған зиянды әрі жол беруге болмайтын әрекет» деп бағалаған қарар қабылдады. Олар «Лениннің жұрт алдында сөйлеуіне және онын Сібір орталықтарына келуіне қарсы» наразылық білдірді. [11]. Ақтобе Кеңесі басшылары депутаттар құрамынан большевик В.Ф. Зенченконы шығарып тастауға қол жеткізген большевиктік-үгіт насихатты «жол беруге болмайтын әрекет» деп жариялады. Қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысы аса қайшылықты жағдайға тап болды. Ол 1917 жылы сәуір-мамыр айларында жалпы халықтық талқыға салыну керек деп есептелген мәселелерді қарау үшін бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік съездер өткізді. [12]. Ақмола облыстық қазақ ұйымындағы съезде А. Тұрлыбаев, Е. Итбаев және М. Дулатовтардың басшылығымен 150 делегат халыққа білім беру, қаржы, дін, әйел, земство қызметі мәселелеріне тоқталды. Семейде съезге дайындық жасау мен өткізу ісін Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, X. Ғаббасов, Р. Мәрсековтер қолға алды. Қазақ коғамындағы әйелдер тағдыры туралы мәселені қатаң түрде қойған Н.С. Құлжанованың жан даусы қалаларда, облыстарда, тіпті Батыс Сібірде естіліп жатты. Барлық съездер Уақытша үкіметті қолдау және соғысты «жеңіспен аяқтағанға дейін жеткізу керек» деп мәлімдеді. Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте делегаттар жер бағдарламасын тиянақтылықпен әзірлеу, ұлт мәселесін шешу туралы сөз етті. Бірақ та олардың партияны басқаратын одақтастары (кадеттер), сондай-ақ билікке қол жеткізуге ұмтылып келе жатқан социалист-революционерлер қазақ халқының ұлттық мүдде-зарын естуге таскерең еді. Орал облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары Т. Бизянов өзінің халыққа жасаған үндеуінде самодержавие арқылы ауыл еңбеккерлерінен алынып қойылғандардың ешқайсысы кері қайтарылмайтынын жеткізді. «Қазақтардың жерге, өзен, көл және т.б. иелік ету құқықтарына келетін болсақ, Уақытша үкімет бұл құқықтар тарихи жолмен қалыптасқанын, оған ешкім де қол сұға алмайтынын қолдайды» [13]. деп мәлімдеді. Әсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезінің құжаттарынан да суық леп есе бастады. Бұл өңірдің жергілікті тұрғындарына автономия беру туралы мәселе бойынша делегаттар қабылдаған қарарда былай деп атап көрсетті: өлке халқы мәдени-экономикалық дамуы жағынан артта қалған. Патша үкіметі кез келтен оркениетті бастамаларды тежеп отырды. Түркістанды әскери жолмен басқару қандай да бір өзгеріске ұмтылуды тұншықтырумен болды. Өңір халқының бірде-бір өз интеллигенциясы жоқ. «Сол себепті съезд өлкеге автономиялық еркіндік және жалпы мемлекеттік, қалалық басқару ұйымдарының кең көлемді жүйесін құру мүмкіндігін беру қажет деп есептейді». [14]. Басқасының барлығы Ресейге тиесілі болуы керек. Ал ол - саясат, экономика, қаржы, әскери іс, полиция, сот және т.б. Батыс Сібір әсерлерінің конференциясы да қазақ халқының ұлттық мүдде-зарын мүлде елемеді. [15]. Тұтастай алғанда, Уақытша үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халкының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.   1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты. Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді. Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының [1]. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.   Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті [2]. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді. [3]. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды. [4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды. 1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар [5]. қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына! Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз! Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...». [6]. Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар: 1. саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»); 2. отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет; 3. құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»). Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды. Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты. [7]. Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді. Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс бағдарламасының салыстырмалы түрде ұстамды болуы және осы қозғалыс көсемінің кадеттер партиясының басшыларымен бұрыннан келе жатқан байланыстары Бөкейхановты кадеттер партиясы ОК-нің құрамына кіруін қамтамасыз етті, ал бұл сөл кездегі жағдайда қажетті билік тетігіне ұлттық қозғалыс басшылығының қол жеткізуіне бірден жол ашты, жаңа жағдайда өзін көрсетуге мүмкіндік туғызды. Көп кешікпей Ә.Н. Бокейханов Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Сәл кейінірек М. Тынышбаев, одан соң Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Асфендияр Кенжин, Әзімхан Кенесарин және қазақ халқының кейбір басқа да өкілдері Қазақстан мен Түркістанның бірқатар уездері мен қалаларындағы уақытша үкіметтің атқарушы органдарының құрамына кірді. Осыдан кейін қозғалыстың кадеттермен жақындығы идеологиялық жағынан ғана күш алып қоймай, өздерінің саяси бағытын іске асыруына да қолайлы жағдай туғызды, қазақтың ұлттық қозғалыс көсемдері Кеңестерге оның идеялық-саяси бағыты мен іс-қимылына басқаша қарай бастады. Алайда бұл кейін Қазақстанның ұлттық-демократиялық қозғалысын аса күрделі жағдайға тап қылды, өйткені ол Кеңестердің айналасына шоғырланған төңкерістік- демократиялық топтардан іргесін дереу аулақ салған болатын, оның үстіне белгілі мөлшерде олармен пікір қақтығысына барып қалған еді. Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі Уақытша үкіметтің сенімді тірегі қазақ комитеттері және бай татар мен ұйғыр көпестері еді. Ал елдегі екінші билік негізінен орыс және басқа да славян халықтарының өкілдерінен, сондай-ақ В.И. Лениннің берген анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, төменгі қалың көпшіліктің қолдауымен билікті төңкеріс арқылы тартып алуға сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері болды. [8]. Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестердін Қазақстанда пайдаболуы мен қызметінің сипаты көбіне-көп оның орталықта пайда болу құбылысымен ұқсас болып келеді. Сонымен бірге бұл процестін көптеген өзіндік ерекшеліктері де болды. Алғашқы Кеңестер Қазақстанда монархияны құлатқан бетте пайда бола бастағанымен, ол өлкенің әр өңірінде уақыт жағынан да, оған қатысқан саяси күштердің арасалмағы бойынша да түрліше қалыптасты. Мәселен, Петропавл гарнизонында алғашқы Кеңестер 1916 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір әскери-социалистік одақ өкілдерінен РСДЖП мүшелерінің ұйымдастыруымен құрылды. 2-4 наурыз аралығында жұмысшылар Кеңесі мен солдат депутаттары Кеңесінің сайлауы өтті. 14 наурызда олар өзара бірікті. Кеңестер белгілі бір кешеуілдермен Семейде және Верныйда (9 наурыз), Қостанайда (18 наурыз), Түркістанда (22 наурыз), Павлодарда (19 сәуір) құрылған болатын. Наурыз-сәуір ішінде жұмысшы депутаттарының Кеңестері Әулие-атада, Перовскіде, Доссорда, Қазалыда, Черняевте, Ақтөбеде, Павлодарда, Өскеменде, Риддерде, Қарқаралыда және өлкенің басқа да көптеген қалаларында пайда болды. Ал Оралға келетін болсақ, онда Атқару комитетінің құрамына Мемлекеттік Думаның, Орал қазақ әскерінің, гарнизонның жұмысшы, солдат, офицерлерінің, сондай-ақ қазақ жұртшылығының өкілдері кірді. Наурыздың ортасында бұл Атқару комитетінің құрамында 200 адам болды. Мұнда жұмысшы депутаттары Кеңесінің қызметін жұмысшы топ, ал солдаттар депутаттары Кеңесінің ісін әскери комитет жүргізді. Большевик А.Н. Морозов басшылық еткен Черняевтен (Шымкенттен) және РСДЖП жергілікті ұйымының басшысы A.M. Поволоцкий (меньшевик-интернационалист) басқарған Петропавлдан басқа Қазақстандағы қалған Кеңестердің барлығына дерлік социалист-революционерлер (ЭСЭР) партиясының мүшелері билік етті. Кеңестерді Семейде 1902 жылдан, яғни әсер партиясының негізі қаланған күннен бастап осы партияда болған П.C. Юдин, Верныйда Домашев, Қазалыда Н. Эйдельман басқарды. Жер-жерде жұмысшы депутаттарының Кеңестерімен бір мезгілде солдат депутаттарының Кеңестері құрыла бастады. 1917 жылғы 4 наурызда Көкшетау жергілікті гарнизонының солдаттары полиция мен жергілікті құраманы қарусыздандырып, қазақ жүздіктерімен бірге солдат және қазақ депутаттарының атқару комитетін сайлады. 1917 жылы 16 сәуірде Зайсан қаласында (Семей облысы) жергілікті гарнизонный солдаттары солдат депутаттарының Кеңесін ұйымдастырды. Оны Петроград солдат депутаттарының Кеңесі қолдап, одан өз тапсырыстары мен жұмыс бағдарламасын жіберуді сұрады. 17 наурызда Әулиеата гарнизонының солдаттары мен офицерлері депутаттарының Комитеті құрылып, комитеттің президиумы сайланды. Қазақстанда жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің құрылу процесі негізінен 1917 жылы сәуір-мамырда аяқталды. Қазақстанның жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері бір-бірімен, сондай-ақ Петроград Кеңесімен, Ташкент, Орынбор, Омбы, Саратов, Астрахан Кеңестерімен, сонымен бірге Қазақстанның жекелеген облыстарының әкімшілік орталығы болып табылатын немесе өлкенің көптеген қалаларымен дәстүрлі саяси-экономикалық байланысы бар басқа да қалаларындағы Кеңестерімен едәуір тығыз байланыс орнатты. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының қалыптасуы және Кеңестердің кең ауқымды жүйесінің ұйымдасуы кезеңінде (наурыз-сәуірдің басы) олардың арасында белгілі мөлшерде өзара түсіністік орнады, алайда оны одан әрі нығайту барысында келіспеушіліктер де байқалды. Атқару комитеттері мен Кеңестер патшалық әкімшілік жүйені жою мақсатымен бірлескен жұмыстар жүргізді, жер-жердегі саяси тұтқындарды босатты, әлеуметтік бағыттағы және қаланы жабдықтау, салық жинау тәрізді кезек күттірмейтін мәселелерді шешумен шұғылданды, 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қашқындарды Қытайдан кері қайтару шараларын іске асырды. Кеңестер мен Атқару комитеттерінің осындай бірқатар түсіністікпен атқарған іс-әрекеттері көңіл қуантты. Сәуірдін басында «Гурьевский вестник» газетінде Доссор Атқару комитетінің «Бүкіл әлем Ресей халықтары мен таптарының ұйымшылдығын, табандылығын, бірлігін көрді... Соғыстың жеңіспен аяқталары да алыс емес...» [9]. деген үндеуі жарияланды. Алайда тура осы

 

1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.
Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.
Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының [1]. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.
 
Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері
Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті [2]. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді. [3]. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды. [4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.
1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар [5]. қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына!
Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз!
Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...». [6].
Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар:
1. саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»);
2. отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет;
3. құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»).
Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды.
Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты. [7].
Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді.
Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс
Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс бағдарламасының салыстырмалы түрде ұстамды болуы және осы қозғалыс көсемінің кадеттер партиясының басшыларымен бұрыннан келе жатқан байланыстары Бөкейхановты кадеттер партиясы ОК-нің құрамына кіруін қамтамасыз етті, ал бұл сөл кездегі жағдайда қажетті билік тетігіне ұлттық қозғалыс басшылығының қол жеткізуіне бірден жол ашты, жаңа жағдайда өзін көрсетуге мүмкіндік туғызды. Көп кешікпей Ә.Н. Бокейханов Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Сәл кейінірек М. Тынышбаев, одан соң Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құра
Бөлісу: