Оразбаева Алма Дінмұхамедқызы

4 Желтоқсан 2012, 06:18

  Оразбаева Алма Дінмұхамедқызы (28.12.1898, қазіргі Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд. – 1948, Жамбыл, Луговой ст.) – мемл. және қоғам қайраткері, публицист. 1905 – 09 ж. Ордадағы орыс-қазақ әйелдер уч-щесін, 1910 – 14 ж. Ордадағы 2 сыныптық қыздар мектебін, 1914 – 16 ж. пед. курсты бітірген. 1916 – 17 ж. Жаңақазан (Новая Казанка) а-нда 1 сыныптық орыс-қазақ қыздар мектебінде мұғалім болды. 1919 ж. комсомол қатарына өтіп, сол жылдың маусымында қызыл әскердің Қазақстандағы тұңғыш саяси клубын ұйымдастырды. Сол жылы қараша айында Кирревкомның ақпараттық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1920 ж. тамызда Орынбор губ. партия к-тінің жанынан құрылған қырғыз (қазақ) бөлімінің алқа мүшелігіне сайланды. 1920 ж. қазанда Бүкілодақтың Құрылтай съезіне делегат болып сайланып, оның атқару к-тінің құрамына енді. Қазақ АКСР-ін құруға, өлкелік партия ұйымының жұмыстарына белсене кірісті. 1921 жылдың ақпанынан 1922 жылдың наурызына дейін Бөкей губкомының бөлім меңгерушілігі қызметін атқарып, обл., губ. партия конференцияларына қатысты. Бөкей ұйымынан Бүкілресейлік Шығыс әйелдерінің съезін өткізуге ат салысып, әйел теңдігі, оқу-ағарту мәселелерін шешуге, оларды қоғамдық жұмысқа тарту ісіне тікелей араласты. Қазақ обл. және Қазақстан өлкелік к-тінің, БК(б)П Нижне-Волжск к-ті әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі әрі бюро мүшесі, Қазақстан өлкелік саяси-ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болды. 1921 ж. мамырда өткен БК(б)П Бүкілодақтық жұмысшы әйелдердің Орт. ұйымы мәжілісіне қатысып, әйелдер қозғалысының атынан құттықтау сөз сөйледі. 1923 – 25 ж. РКФСР Жоғ. Сотының қазақ бөлімінің, РК(б)П ОК-тің жұмысшы және шаруа әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі к-ттің, БОАК-тің, Қазақ АКСР ОАК-тің төралқа мүшесі болып сайланды. Коммунист әйелдердің Берлинде өткен 3-халықар. конференциясына, Коминтерннің 5-конгресіне делегат болып қатысты. 1931 ж. ауыр дертке шалдығуына байланысты зейнетке шықты. Ол “Степная правда”, “Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жас қазақ”, “Дұрыстық жолы” газеттеріне қазақ әйелдерінің қоғам ісіне араласуы, әйелдер арасындағы мәдени-ағарту жұмыстарының жүргізілу барысы, қалыңмал мәселелеріне арнап “Қазақ әйелдері даңғыл жол үстінде”, “Қазақ әйелдерінің қалыңмалдан құтылған күні”, “Октябрь революциясы және қырғыз әйелі”, “Әйелдер бостандығы”, т.б. мақалаларын жариялаған. Кейбір мақалалары “Қазақ әйелі”, “Сағида” сияқты бүркеншек атпен жазылған. О. қазақ әндері мен күйлерін жинаған А.В. Затаевичке өзінің орындауымен қазақтың “Жайық”, “Қосай”, “Танысу жыры”, “Зейне- шім”, “Сарыжан”, “Төрт пішін”, “Айнамкөз”, “Япыр-ай”, “Қыз ұзату” (“Қоштасу”) сияқты барлығы 18 әннің “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына енуіне мұрындық болды.

Бөлісу: