3 Ақпан 2016, 05:31
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): “Аллаһтың 99 есімі бар. Кімде кім оны жаттап, (сол есімдерге сәйкес) амал жасайтын болса - жәннатқа кіреді”- деген. (Бұл сахих /сенімді, дұрыс/ хадисті имам Бұхари үш жерде, имам Муслим 2 жерде, Тирмизи 3 жерде, Ибн Мәжәһ 2 жерде, имам Ахмад 7 жерде, Байһақи 2 жерде, Хаким 2 жерде т.б риуаят етекен).
Хадиске кішкене түсініктеме жасайтын болсақ, бұл хабарда Аллаһтың 99 есімі бар екендігі айтылған. Ғұламалар Аллаһтың есімдері осымен шектелмейтінін, бәлкім бұл хадисте адамдарға жаттап, амал етуі керек етілетін 99 есімі жайында ғана хабар берілгендігін алға тартады. Ал Аллаһтың біз білетін де, білмейтін де есімдері көп. Мұның ілімі тек Аллаһта. “Жәннатқа кіреді”- деген тіркесті оқыған кейбіреулер: “Өмір бойы ойына келгенін істеп, осы есімдерді жаттап алса болғаны ма?” деген ойға келуі ықтимал. Айтар жауабымыз: “Ол адамға тек жаттау емес, бәлкім соған сәйкес амал жасау талап етіледі”. Осы хадисті жақсылап ұғынып, Аллаһ есімдерін санап, әркез еске алып, мағынасына үңіліп, талабына амал еткен жан бұл хадисті сол кезде ғана түсінбек. Бір оқығаннан адам бұл хадисті түсіндім деп кеуде қаға алмайды. Ал хадисті толық түсінбей тұрып мағынасы ақылға қонбайды деген тұжырым шығару дұрыс емес. Ондай болса, осы есімдердің мәнісін түсініп, тиісінше амал етейік. Хадистердің кейбір нұсқаларында Аллаһтың 99 есімі толық саналып, айтылған. Алайда Имам Ибн Хажар Асқалани ол қосымшаның артық екенін, ғұламалар тарапынан жасалған ізденіс екенін ашып айтқан. Мысалы: бір нұсқада “Әл-Ахад, Ас-Самад, Әл-Һәди” деп келсе, екінші нұсқада “Әл-Муқсит, Әл-Қадир, Әл-Уәли”. Бір нұсқада “Әр-Раашид” деп келсе, енді бірінде “Әр-Рашийд” деп берілген. (Толық мағлұмат аламын деген адам “Фатхул бәридің” 5931-ші хадисіне жасалған түсініктемесін қарасын). Иә, мұның бәрі де ғұламалардың ізденістері екенін анық аңғартады. Алайда, Аллаһ есімдерін адамдар өз ойынан әкеліп, өздері қалағанынша атай алмайды. Бәлкім Оның есімдері тек Құран мен хадисте қалай келсе, солай айтылады. Сол орайда біз бұл түсініктемемізде Құран мен сүннетті жақсылап зерттеген хадис ғұламаларының ізденістері нәтижесінде жасаған тізбек бойынша түсіндіреміз. Аллаһ ісімізге жеңілдік берсін.
Аллаһтың 99 көркем есімдері
1. Ar-Rahman Қайырымды
2. Ar-Rahim Рақымды
3. Al-Malik Патша
4. Al-Quddus Қасиетті
5. As-Sallam Бейбітшіл
6. Al-Muʼmin Сенімді
7. Al-Muhaymin Қорғаушы
8. Al-Aziz Құдіретті
9. Al-Jabbar Аса Қуатты
10. Al-Mutakabbir Мәртебелі
11. Al-Bari Жоқтан Бар Етуші
12. Al-Haliq Жаратушы
13. Al-Musauuir Құрастырушы
14. Al-Gafir Кешірімді
15. Al-Qahhar Жазалаушы
16. Al-Uahaab Бәрін Сыйлаушы
17. Ar-Razzaq Ризықтандырушы
18. Al-Fattah Нығмет Ашушы
19. Al-Alim Аса білгір
20. Al-Kabiz Жан алушы
21. Al-Basit Ашушы, кеңейтуші
22. Al-Hafiz Төмендетуші
23. Ar-Rafi Жоғарлатушы
24. Al-Muiz Абыройлы
25. As-Sami Естуші
26. Al-Basir Көруші
27. Al-Hakeem Асқан даналық иесі
28. Al-'Adl Әділ
29. Al-Latif Аса нәзік
30. Al-Habir Әр нәрседен хабардар
31. Al-Halim Мүләйім, жұмсақ
32. Al-Azim Ұлық
33. Al-Gafur Кешірімді
34. Ash-Shukur Алғыстаушы
35. Al-Ali Ұлылығының шегі жоқ
36. Al-Kabir Аса алып
37. Al-Haafiz Қорғаушы
38. Al-Mukit Тұңғиық терең
39. Al-Hasib Есептеуші
40. Al-Jalil Ұлы
41. Al-Karim Аса жомарт
42. Ar-Raqiib Бақылаушы
43. Al-Mudjib Тілекті қабыл етуші
44. Al-Uasi Кеңейтуші
45. Al-Hakim Үкім етуші
46. Al-Ualid Мүминді сүюші
47. Al-Majid Аса мархабатты
48. Al-Bais Өлімнен соң тірілтуші
49. Ash-Shahid Куә болушы
50. Al-Haq Хақ
51. Al-Uakiil Кепілдік беруші
52. Al-Kaui Қуатты
53. Al-Matin Нық
54. Al-Uali Мүминдердің сүйеніші
55. Al-Hamid Мадақтаулы
56. Al-Muhsi Әр нәрсенің ара жігін білуші
57. Al-Myubdin Басталушы
58. Al-Muad Қайта жаратушы
59. Al-Muhayya Тіршілік беруші
60. Al-Mumit Өлтіруші
61. Al-Hayyu Мәңгі тірі
62. Al-Qayyum Қалғымайды, мүлгімейді
63. Al-Uadjid Қалағанын таба алушы
64. Al-Masjid Қастерлі
65. Al-Uahid Теңі жоқ, жалғыз
66. Al-Ahad Тек, жалғыз
67. As-Samad Мұңсыз, мұқтажсыз
68. Al-Qadir Құдірет иесі
69. Al-Muktadir Аса қабілетті
70. Al-Mukaddim Жеткізе алушы
71. Al-Muahhir Ақыры жоқ
72. Al-Auual Әуелден бар болған
73. Al-Axir Соңсыз
74. Az-Zahir Нақты көрінуші
75. Al-Batin Жасырушы
76. Al-Uali Басқарушы
77. Al-Mutaaly Заты ұлы болған
78. Al-Barr Құлдарға қажеттілігін берген
79. At-Tauuab Тәубені қабыл етуші
80. Al-Muntaqim Күнәнің қарымтасын беруші
81. Al-Afuuu Ғафу етуші
82. Ar-Rauf Аса мейрімді
83. Malik Ul-Mulk Бар мүліктің иегері
84. Zul-Jalal uaIikram Аса құрмет иесі
85. Al-Muksit Асқан шебер
86. Al-Djaami Қиямет күніне жинаушы
87. Al-Gʻani Аса дәулетті
88. Al-Mugʻni Байытушы
89. Al-Mani Тілектің кері қайтарушы
90. Az-Zur Залал бере алады
91. An-Nafi Пайда беруші
92. An-Nur Түгесілмейтін нұр
93. Al-Hadi Тура жолдың нұсқаушы
94. Al-Badi Ғажайып
95. Al-Baqi Мәңгі
96. Al-Uaris Мирастаушы
97. Ar-Rashid Аса кемеңгер
98. Al-Muzillu Тәубеге келтіруші
99. As-Sabur Аса сабырлы