Сан есімнің жалпы сипаты
Сан есімнің жалпы сипаты
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың ывсандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді. Осы ұқсастығына қарай сан есім де белгіні білдіретін болғандықтан, ол да дерексіз мағыналы сөз табы, оның мағынасы зат есіммен тіркескенде ғана нақтыланады. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес қала, бес жүз көше т.б.Бұл қолданыстағы сан есімдердің мәнін онымен тіркескен зат есім сөздер деректеп тұр.
Осы сандарды зат есім тіркесінсіз жеке алсақ, бес, он, жүз, он бес, бес жүз деген түрде олар жоғарыдағы нақтылықтан айырылып, әйтеуір бес, он, жүз, он бес, бес жүз деген жалпы сандық ұғымды ғана білдіреді. Бұл сан есім сөздердің зат есім тіркесінсіз жалпы, дерексіз мағыналы сөздер екенін дәлелдейді.
Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мысалы, Жолға шыққан үшеу едік. Әкеден алтау, шешеден төртеу, жалғыздық көрер ретім жоқ (А.Қ.) сияқты қолданыстарда сан есімдер сан атауы түрінде қолданылған
Заттың саны мен мөлшері бір-біріне қатысты, сондықтан олар тілде қатар қолданылады. Мысалы: жарты уыс бидай, жалғыз келді, дара отыр, қозы көш жер, әу дегенше келді, ет асым уақыт деген қолданыста жарты, жалғыз, дара, қозы көш, әу дегенше сияқты сөздер мөлшер мәнін білдіріп тұр. Бірақ олар мөлшердің нақты санын білдіріп тұрған жоқ, сондықтан олар сан есімге жатады.
Мұндай сөздер мағынасы жағынан сан есімге жақын болғанымен, олар – табиғаты басқа сөздер. Өйткені жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, үқаққанша, сүт пісірім, ат шаптырым, қас пен көздің арасында, қозы көш жер, әу дегенше – фразалық тіркестер, олар әртүрлі сөз табына қатысты.
Сан есім сөзде тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар – сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да , жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Мысалы, екі кітап, бір қалам, он дәптер, үш қыз, бір жігіт, бір мысық,екі ит, т.б. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады. Сан есім заттың нақты санын көрсетумен бірге, заттың санын шамамен, болжап та, бүтін заттың санын да, бөлшек заттың санын да, заттың рет санын да білдіреді. Оның бәрі жалпы сандық ұғымға жатады, яғни сан есімнің семантикалық белгісіне жатады.
Сөздерді топтастырудың екінші ұстанымы – сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл ккөбіне сөз табының сөздерді түрлендіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сае есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы , яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Бірақ сан есім мүлдем түрленбейтін сөз табына жатпайды. Өйткені сан есім- заттардың санын білдіруден басқа да мағынада да қолданылады. Мысалы, бесті беске қосса он болады, деген сияқты қолданыс математика ғылымынан кең орын алады. Мұндай қолданыста сан есім зат есім парадигмалары бойынша түрленеді. Ол – сан есім сөздердің өзіндік ерекшелігі. Бірақ бұл сан есімде ешқандай қосымша жоқ дегенді білдірмейді. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның –ншы,-нші,-ыншы,-інші жұрнағы мен жинақтау санның -ау,-еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бұл ұстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есімнің ішінде анықтауыш болмайтын сөз жоқ, бұл - сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі. Бірақ сан есім басқа да синтаксистік қызметте де қолданылады, бірақ олар негізгі синтаксистік қызметке жатпайды.
Міне, осы белгілері сан есімді дербес сөз табы деп тануға мүмкіндік береді.
Сан есімнің морфемдік құрамы
Сан есім түрлі құрамда қолданылады. Құрамына қарай сан есідер дара және күрделі ьолып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі сорфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды. Мысалы, ,бір,екі,үш, алты,жүз,мың,елу т.б. Дара сан есімдер бірліктнрдің, ондықтардың аттары және жүз, мың, миллион, миллиард сөздері жатады, бірліктер тоғыз сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз. Ондықтартар да тоғыз сөз: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүз, мың санымен барлығы дара сандар – жиырма. Оған орыс тілінен кірген миллион, миллиард санын қоссақ. Барлығы- 22 дара сандар. Бұл сан есісде дара сандардың аз екенін көрсетті. Бірақ дара сандардың ішінде бір негізгі мерфома мен бір көмекші морфемадан тұратын сандарда бар. Мысалы, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, алтау,жетеу, бесеу сияқты дара сандар ек-інші, үш-інші, бес-інші, алт(ы)-ау, жет(і)-еу деген сандар бір негізгі, бір көмекші морфемалардан тұрады.
Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де мүмкін емес. Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды. Мысалы, он бір, жиырма үш, отыз бес, қырық алты, елу жеті, сексен сегіз, т.б. Күрделі сандар ең кіші екі негізгі морфемадан немесе бірнеше негізгі морфемадан құралады. Мысалы, он бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз.
Күрделі сан есімнің мағынасы оның құрамындағы сандардың мағынасынан екі түрлі жолмен жасалады: 1)күрделі санның құрамындағы сандарды бір-біріне қосу арқылы үшінші санның аты жасалдаы, 2) күрделі санның құрамындағы сандар бір – бірімен көбейтіледі де, үшінші санның аты жасалады. Олар төмендегідей:
1. Қосу арқылы жасалған сан атауларына ондық пен бірлік жатады. Мысалы, он + екі = он екі, отыз + бес = отыз бес, елу + алты = елу алты, жетпіс + сегіз = жетпіс сегіз, тоқсан + тоғыз = тоқсан тоғыз. Ондық пен бірлік аралас күрделі сандар жүздік, мыңдықтарға қосылады. Мысалы, жүз + елу екі= жүз елу екі; Ондық пен бірліктен жасалған күрделі сандар, жүздік аралас күрделі сандар да мыңдыққа қосылу арқылы жасалады. Мысалы, мың + жүз елу = мың жүз елу.
2. Көбейту арқылы жүздік, мыңдық, миллион, миллиард сандардың аты жасалады. Мысалы, екі * жүз = екі жүз,бес * мың= бес мың,үш * миллион = үш миллион, бес * миллиард= бес миллиардт.б.
Тарихи тұрғыда қазіргі дара санға жататын сексен, тоқсан сандары да бір кезде күрделі сан болған. Олар сегіз он, тоғыз он сөздерінен кіріккен. Ал алпыс, жетпіс сөздерінің құрамындағы -пыс, -піс ондық мәнін берген деп саналады. Сонда бұлардың түп негізі күрделі санға қарай тартады.
Дара сандар тілде өте аз, оның орнына күрделі сандар ерекше көп, сондықтан сан есімдер сөзге кедей сөз табына жатпайды.
Сан есім сөздер- морфологиялық көрсеткіштері өте аз сөз табы. Морфологиялық көрсеткіштер ретінде реттік сан есімнің -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнағын және жинақтау сан есімнің –ау, -еу жұрнағын, болжалдық сан есімнің -ер, -дай, -дей жұрнағын көрсетуге болады. Мысалы, алтыншы, жетінші, оныншы, елуінші, бесеу, төртеу, үшеу, екеу, біреу, алтау, елудей, қырықтай, жүздей, мыңдай, төрттей, бірер, т.б.
Сан есімнің мағыналық топтары
Әр сөз табы белгілі бір жалпы мағынаны білдіретін сөз табы болғанымен, іштей мағыналық ерекшеліктері болады. Сан есімнің де сан атауын әр түрлі білдіруіне қарай бірнеше мағыналық топтары бар. Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтау сан есімі,топтау сан есім, болжалдық сан есім, бөлшек сан есім.
Бұл мағыналық топтардың бәрі негізгі есептік саннан жасалады, бірақ сан есімнің әр түрлі мағыналық тобында оған уәждеме болған есептік санның мағынасы жойылып, мүлдем өзгеріп кетпейді. Сан есімнің әр мағыналық тобында оған негіз, уәждеме болатын есептік санның мағынасы түрлі өзгеріске түсіп түрленеді, бірақ мүлдем басқа санға айналмайды.
Есептік сан есім
Есептік сан есімдер заттың нақты санын білдіреді. Мысалы, Бір қолға- бір күрек. Бір айда отыз күн, бір жұмада жеті күн. Есептік сан заттың нақты санын білдіргенде, зат есімнің алдынан тіркесіп, онымен ешбір қосымшасыз байланысады. Мысалы, он кітап, жүз үй, он бес қала, жүз елу бес көше. Бұл ерекшелігі жағынан сан есім өзіндей белгіні білдіретін сын есімге ұқсайды.
Есептік сан есім зат есімнің алдынан тіркесіп қолданылғанда, ол қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемнің анықтауышы қызметін атқарады. Жоғарыдағы мысалдардағы бір, отыз, жеті деген есептік сандардың бәрі анықтауыш қызметінде қолданылған.
Есептік сандарға тоғыз бірліктің аты, тоғыз ондықтың аты және жүз, мың, миллион, миллиард сөздері жатады. Мысалы, бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, миллион, миллиард.
Сан есімдерге осы дара сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі сандар жатады, олар ондықтар мен бірліктер ( он бір,тоқсан тоғыз ), аралас сандар (бір миллион тоғыз жүз алпыс мың бес жүз қырық алты).
Есептік сандар дерексіз сандық ұғымды білдіргенде, ол заттанып, зат есімдерше түрленеді. Мысалы, Онды онға қосса, жиырма болады. Жиырмадан бесті алса, он бес болады.
Есептік сан есімдер заттанғанда септеледі, тәуелденеді, баяндауыш қызметінде жіктеледі. Мысалы, Онымыз да батырмыз. Мыңды қостап, бірді жоқтап, жұбымыз жазылмайды.
***Есептік сан есімдердің өзіндік бір ерекшелігі олар сөзжасам әрекетіне қатысуға бейім тұрады. Бірсыпыра сан есімдер түбір қалпында тұрып, басқа сөз табына көшкен. Мысалы, бір-есімдікке көшкен, жеті – апта, тоғыз –сыйлық, тоқсан-оқу мерзімі, есептік сандар адам жасын білдіреді, ( қырықтамын ), белгілі сөзтұлғада үстеуге көшеді ( бірге, бірде, бодан ). Өлім рәсіміне қатысты үші, жетісі, қырқы, жүзі-зат есімге көшкен. Морфологиялық тәсілмен жасалған бесті жылқы, үштік, жетілік шам т.б. Аналитикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысу нәтижесінде жасалған зат есім сөздер көптеп кездеседі. Мысалы,Қырықбай, Алпысбай, Жетікөл, Екібастұз,бесжылдық, онкүндік, сегізкөз, мыңжапырақ, екі жүзді, т.б.
Бір есептік сан есімі уәждеме ретінде қызмет атқарып, бірнеше туынды сөздің жасалуына негіз болған: бірік, бірдей, бірлес, бір-бірлеп, бір-бірімен, бірте-бірте, бірде-бір, бірқалыпты, біркелкі, бірдеме, бірнеше, біраз, біржолата, біршама, бірталай, бір табан жақын, бір тал шаш, бір жасау, бір сырлы, т.б. Осы келтірілген түбірлер, қос сөздер, біріккен сөздер мен тұрақты тіркестің жасалуында бір есептік саны белсенді қызмет атқарған.
Басқа есептік сандар да тұрақты тіркес құрамында кездеседі. Мысалы, екі жарты бір бүтін, екі шоқып бір қарау, төрт құбыласы сай,үш қайнаса да сорпасы қосылмайды, бес бересі, алты аласы жоқ, жеті қабат жер асты, тоғыз жолдың торабы, қырықтың бірі қыдыр деген, т.б.
Бұл есептік сандардың сөзжасауға белсенді қатысатынын көрсетеді.
Есептік сандар басқа сандық мағыналы топтардың жасалуына негіз болады.
Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер заттың рет санын, орын тәртібін білдіреді. Мысалы, Ұлым 7-сыныпта оқиды.(Қ.Т.). Үшінші қамбаға аяғын тығып алып, қайтадан ілгері ұмтылғанда, төртінші бір бәленің иісі шықты.(Ғ.М.).
Бұл мысалдардағы жетінші реттік саны сыныптың рет санын, үшінші- қамбаның рет санын, төртінші-бәленің рет санын білдірген.
Реттік сан есім есептік саннан –ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, елуінші, жетпісінші,т.б.
Реттік сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болады. Мысалы, Абай көшесінде оныншы үйде тұрамын. Ол биыл он бірінші сыныпта оқиды.
Күрделі сан есімнен реттік сан есім жасалғанда, реттік сан есімнің жұрнағы күрделі санның соңғы сөзіне жалғанады. Мысалы,он алтыншы, отыз төртінші, екі мың алтыншы, т.б.
Реттік сан есім цифрмен жазылғанда цифрдан соң дефис қойылып жазылады. Мысалы, 6 – қабат, 7 – сынып, 31 – үй т.б. Егер реттік сан рим цифрымен жазылса, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы, ХХ ғасыр, ХІХ съезд т.б.
Реттік сан есімдердің мағынасы есептік санмен бірдей емес. Мәселен, қалада жүз елу бір мектеп бар дегендігі жүз елу бір мен 151-мектеп дегендегі жүз елу біріншінің мағынасы тең емес, жүз елу бір осыншама мектептің барын білдірсе, 151-мектеп дегенде ол бір ғана мектепті білдіреді, бірақ одан да басқа 150 мекткп барын білдіреді, ол, әрине, ашық айтылмайды сондықтан да реттік сан қатар, рет саны аталады.
Реттік сан есім заттың қатар, ретін білдіретін болғадықтан, ол зат есімнің алдынан тіркесіп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, бірінші тоқсанды өте жақсы бітірді (Р.М). Екеуі бірінші қатарда отырып алып, жұрттың бәріне аждахадай әсер етті(С.М). Бұл мысалдардағы екінші, бірінші реттік сандар – анықтауыштар.
Реттік сан есім де субстантивтеніп (заттанып),зат есім көрсеткіштерімен түрленеді. Мысалы,біріншісі,бесіншісінде,жетіншісімен, екіншілері, үшіншіден, т. б. Реттік сан шығыс септік жалғауымен қолданылғанда, қыстырма сөз қызметін де атқарады. Мысалы, Біріншіден, ол ақылды, екіншіден, ол өжет, үшіншіден, ол өте сұлу (С.Ж) Реттік сан есімдер туынды сөздердің жасалуына уәждемелік қызметте атқара алады. Мысалы, Біріншілікке ие болу оңай емес (газеттен). Екішілей маған жолама (Р.М.).Мұндағы біріншілікке- зат есім, екіншілей- үстеу. Реттік сан есімнің бұл қызметі өнімсіз.
Жинақтық сан есім
Жинақтық сан есім заттың жинақталған сан мөлшерін білдіреді. Мысалы, біреу, екеу, үшеу, т.б. Тілде жинақтық сандар өте аз, жинақтық сан бірден жетіге дейінгі есептік сандардан – ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Жинақтық сан осы жеті сөзден ғана құралған, бірақ олар қолданыста бірқатар орын алады. Өйткені олар әрі сандық ұғымды, әрі заттық ұғымды білдіріп, зат есімнің тіркенсінсіз қолданылады. Мысалы,Бұл екеуінің елі жақын, 30-40 шақырымдай жерде ғана(С.С.). Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатындай Әлти жалшыны екеу-үшеуден емес, елу- алпыстан жалдайды (С.М.).Үшеуіміз жолға дайындалдық (С.М.).
Осы мысалдарға екеуінің, екеу-үшеуден, үшеуміз деген жинақтық сандар зат есіммен тіркеспеген, әрі сандық, әрі заттық ұаымды білдіріп, зат есімнің тәуелдік, септік жалғауларында қолданылған. Жинақтық сан есмдер зат есімнің сөздерді түрлендіру парадигмасымен түрленетін болғандықтан, олар зат есім атқаратын синтаксистік қызметтерді түгел атқарады. Мысалы,Біреу білмегенді, біреу біледі(мақал). Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ –менің ісім ,-депті (А.Қ.) Біреуден тарап па?(А.Қ.) Құлақ –екеу, тіл-біреу, екі тыңдап, бір сөйле (мақал ). Бұл мысалдардағы біреу- бастауыш , үшеуіңнің – анықтауыш , біреуден – толықтауыш , екеу , біреу – баяндауыш қызметін де тұр. Жинақтық сан есімнен біреу сөзі белгісіздік сан есімге көшкен, тілде біреу сөзі өзінің сандық мағынасында сақтаған, сондықтан олар омоним дәрежесіне жеткен . Жинақтық сан есімнен туынды етістіктер де жасалады. Мысалы , екеуле, үшеуле . Сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы екеу- екеуден, екеуара сияқты күрделі сөздер де жасалған .
Топтық сан есімдер
Топтық сан есімдер жеке заттың санын емес, топтанған заттың әр тобының санын білдіреді. Мысалы, оннан , жүзден, мыңнан (келіп жатыр).
Топтық сан ескптік саннан көнерген шығыс септік арқылы жасалады да, топтың шама, мөлшерін білдіреді. Мысалы, оннан, отыздан, ек» топқа бөлінесіңдер, бес –бестен, жүз-жүзден, т.б.
Кейде шығыс септік жалғауы сан есімге жалғанбай, ол тіркескен зат есмге жалғанып та, топтық сан мәнін білдіреді. Мысалы, Он қойдан бөліп ал
ыңдар (С.М.) Әр топ бір компьютерден алады(Р.М.)
Топтық сандар да дара , күрделі болып бөлінеді. Дара топтың сандары бір ғана саннан тұрады. Мысалы, бестен, сегізден, оннан, жүзден, мыңнан т.б.
Күрделі топтық сан күрделі сан есімнен жасалады. Мысалы, он бестен, он-оннан.
Топтық сан есімдер пысықтауыш ,анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, он-оннан топтасты, бес кітаптан алды.
Топтық сан есімдер заттанбайды, түрленбейді, сөзжасамға қатыспайды.
Болжалдық сан есімдер
Болжалдық сан есімдер заттың нақты санын емес , заттың санын шамамен мөлшерлеп береді. Мысалы, Бұлар 5-6 кісі келген (Ғ.Мұст.). Жомарттың есебінше , колхоз кассасына жүздеген сомдар кіріс енгізбек (Ғ.Мұст.). Осы мысалдарда 5-6 кісі дегенде кісінің саны бес, не алты деп дәл айтылмаған , сондықтан әйтеуір бес пен алтының шамасында болжалдап, шамамен ғана айтылған. Сондай-ақ жүздеген сомдар деген жүз соммен бір емес, ол жүзден артық та, жүзден кем де болуы мүмкін, бірақ жүз шамасында деген болжалды білдірген.
Болжалдық сан есімдер есептік саннан синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Болжалдық сан есімдердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп болжалдық санның есептік саннан қосымшалар арқылы жасалуы аталады. Болжалдық сан жасайтын қосымшалар мыналар:
1. –лаған,-леген, -даған,-деген,-таған,-теген жұрнағы есептік санға жалғанып,одан болжалдық сан жасайды: елулеген, жетпістеген, мыңдаған, жүздеген, т.б.Осы екеуі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр.(Ғ.Мұст.).
2. –дай, -дей,-тай,-тей жұрнағы есептік сандарға жалғанып, оған болжал мәнін қосады: елудей, мыңдай, алпыстай, жетпістей. Үш жүздей адам келіп, көмір түсіруге дайын(Ғ.М.).
Бұл жұрнақ сан есіммен тіркескен зат есімге жалғанып та болжалдық мағына береді: Арада бес күндей уақыт өтті.
3. –ер жұрнағы -бір есептік санынан ғана болжалдық сан жасайтын көне жұрнақ. Мысалы,Бірер күн ғана күтемін.
Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:
1. Есептік сандардың қосақталып, қос сөз жасалуы арқылы сан есім болжалдық мағынаға ие болады: бес-алты қадам,он-он бес оқытушы,жиырма-отыз дүкен,қырық-елу оқушы т.б. Мұнда қаламның, оқытушының, дүкеннің, оқушының нақты саны белгісіз, олар шамамен болжап қана 5-6,10-15,20-30,40-50 деп осы сандар шамасында болжалдап айтылған.
2. Болжалдық сан есептік санға шақты, шамалы, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам, таяу шылаулары тіркесіп , оған болжалдық мән қосады: жүз шақты адам, қырық шамалы қара мал, екі жүз шамасында болып қалар, бес жүзге тарта машина, онға жуық компьютер, мыңнан астам кіріс, жүзге таяу үй бар, беске қарай (келеді), жүз қаралы жылқы т.б.
Болжалдық сан есімдер түрленбейді , тек заттанғанда зат есім қосымшаларымен түрленеді . Мысалы ,ондағаны өндіргені , ондарда келейік . Сағат бестерден қалма т. б.
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сандар заттардың сандық бөлшегін яғни бөлшектің санын білдіреді . Мысалы , Оқушыларымыздың төрттен бірі өте жақсы оқиды (газеттен ).
1. Бөлшектік санды есептік саннан бөлетін санның шығыс септікте тұруы арқылы жасалады, бөлшектік сан қосымшасыз не тәуелдік жалғауымен айтылады: оннан үш, үштен бір , бестен екі , төрттен үш , екіден бірі , үштен екісі , бестен үші т . б .
2. Бөлшектік санның бірінші сыңары ілік септікте , екінші сыңары тәуелдік жалғауында тұрады : екінің бірі , төрттің екісі , үштің бірі , алтының үші т . б .
3. Бөлшектік сандар есептік санға жарты , жарым , ширек сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады : бір жарым ай, жарты жолымыз қалды , ширек ғасыр бұрын т. б.
Сандық ұғым мәнді басқа сөздер
Сан есімге жатпайтын сөздердің ішінде де мағынасы жағынан сандық ұғымға жақындығы бар сөздер тілде кездеседі . Олар : жалғыз , дара , жалқы , сыңар , қос , егіз т.б. Мысалы , Бар сеніп отырғанымыз осы жалғыз ұл (С.М.) Бұл- егіздің сыңары (С.Ж.) Сен дарасың , данасың (Ғ .М.) Жалқы жүрген қырсыққа кез болады (Қ . Т.)
Сандық ұғымға қатысы бар мұндай сөздердің мәні кейбір сан есім сөздермен мағыналас та болады. Олардың ішіндегі жалғыз , жалқы , дара , сыңар сөздері бір сан есіммен мағыналас, қос , егіз , сөздері екі есептік санмен мағыналас. Ал жарты , жарым , ширек сөздері бөлшектік сандармен мағыналас , жарты , жарым – бүтіннің жарты бөлігі , ширек – бүтіннің төрттен біріне тең .
Сондай-ақ тілде әр түрлі өлшем мәнін білдіретін сөздер мен сөз тіркестері бар . Көлем мәнділер : бір шөкім , бір үйір (жылқы ), бір құшақ (шөп ), бір топ (адам ).
Салмақ өлшемін білдіретіндер : пұт (16 кг ) қадақ (750 гр ), батпан (150кг ). Қалыңдық мәнді білдіретіндер :бір елі , бармақ елі қазы (1-2,5 см) .
Ұзындық мәнділер :адым , қадам (0,8-1 м ), шақырым ( 1км ), кез (50 см ) аршын (75 см) , құлаш (1,5-2 м) ,қозы –көш жер (5-6 км ), ат шаптырым (25-30 км ).
Сан есімнің синтаксистік қызметі
Сан есім заттың белгісін білдіретін болғандықтан , ол негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы , Осы жазда сегіз мың гектар егін егіп , тоғыз мың гектар тың көтердік (С.О.)
Сан есім өз мағынасында сөйлемнің баяндауыш , бастауыш қызметін де атқарады . Мысалы, Түбектің айналасы 40-50 км (Ғ.М.) . Асыл тұқымды сиыр-жүздің жиырма бесі (Ғ.Мұст.). Төртеуі екі тракторды тиеп болып , келесі трактор келгенше қарап отырды (Ғ.Мұст.). Абай тұсында 1897 жылы жүргізілген халық санағы бойынша Россия империясы шегінде тұратын қазақтардың саны 4 миллион 84 мың (Абай кітабынан ) .
Сан есім сөйлемнің пысықтауышы қызметін атқарады . Мысалы , Колхоздың негізгі мал-мүлкін қоспағанда бір жылқы кірістердің өзі бірнеше миллиондарға жетті (Ғ.Мұст.) .
Сан есім заттанғанда , сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады . Мысалы , Жүз төртке бөліне ме ? Елуден жиырманы ал , онды онға қос , бесті екіге көбейт , бес жерде бес- жиырма бес (оқулықтан ). Бұл мысалдардағы заттық ұғымдағы сан есімдер сөйлемнің бастауыш , толықтауыш ,баяндауыш қызметінде қолданылған .