16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Испания, Нидерланд және Италия

4 Желтоқсан 2012, 06:06

    Испания Испания королі Фердинанд пен оның жүбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздеді. Ол үшін король билігін нығайту қажет болды. бұл мақсатқа жету жолында Испания корольдері католик шіркеуіне арка сүйеді. 1516 жылы арагондық Фердинанд қайтыс болды. Таққа V Карл (1516-1555) отырды. Ол Испания үлгісіндегі дүниежүзілік католиктік империя құру ісін онан әрі жалғастырды. Алдымен ол әскерді күшейтті, соғыс кемелерін көбейтті, корольді қолдаушы кеңес құрды. Соның көмегімен абсолюттік тәртіп орнатты. Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 1555-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты. Осы мақсатпен ол епископтар санын 4-5 есе көбейтті. XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларының бірі саналды. Алайда бұл қуаттылық үзаққа созылмады. 1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден түратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетіндігіне күмән келтірмеген король ол флотты «Жеңілмейтін армада» деп атады. Бірақ испан флоты тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. Сөйтіп XVI ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады. Осылайша, испандық корольдердің дүниежүзілік «христиан империясын» құрмақшы болған әрекеттері сәтсіздікке үшырады. XVI ғасырдың ортасына қарай Испания саяси-экономикалық дағдарысқа үшырады. Ол 1618-1648 жылдары Австрия мен Германия жағында Франция, Голландия, Швецияға қарсы соғысқа қатысып, жеңіліп қалды. XVII ғасырдың басында Испанияда елдің үзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды. Нидерланды буржуазиялық революциясы 1433 жылы ішкі талас-тартыстардан әлсіреген Голландияны, кейінірек Нидерландының басқа да кінәздіктерін Бургундия герцогтары басып алды. 1477-1482 жылдар аралығында Нидерланды Габсбургтер әулеті қол астында болды. 1556 жылдан Испанияның қол астына көшті. XV ғасырдың аяғы-XVI ғасырда Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы кезінде, бастапқы қор жинау процесі жүріп жатты, капиталистік катынастар туа бастады. Ол қатынастар Нидерландыда жақсы дамыған балық шаруашылығында, теңізде жүзу мен кеме жасау салаларында кең орын алды. Капиталистік өндірістің басты орталықтары Голландия мен Зеландия аймағы болды. Капиталистік қатынастардың онан әрі дамуына испандық абсолютизмнің езгісі кедергі жасады. 1566 жылы оған қарсы буржуазиялық революция басталды. Көтерілістің басты ошақтары Голландия мен Зеландия болды. 1578 жылы испандықтар Амстердамнан қуылды. 1579 жылы солтүстіктегі провинциялар Утрехт униясын құрды. Ол келешек тәуелсіз Нидерланды Республикасының заңды негізі болып табылды. 1581 жылы Голландия мен Зеландия штаттары ресми түрде Испания королі II Филипптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1585 жылы Нидерландының оңтүстігінде революция жеңіліске үшырады. Ол сәтсіздік Республиканы қайтадан Испаниямен соғыс аренасына айналдырды. 1609 жылғы 12 жылдық уақытша бітім бойынша Нидерланды тәуелсіз мемлекетке айналды. Сөйтіп Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады. 1621 жылы Испаниямен соғыс қайта жалғасты. Ол соғыс жалпы-еуропалық отыз жылдық (1618-1648) соғыспен үласты. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Біріккен провинциялар Республикасының (Нидерланды солай аталған) тәуелсіздігі түпкілікті мойындалды. 1650 жылы ол Республикадағы өкімет билігі голландиялық ірі буржуазиялық партияның қолына көшті. Буржуазиялық революцияның жеңісі Нидерландының экономикасы мен мәдениетінің тез дамуына ықпал етті. Нидерланды бір-екі онжылдықтың ішінде өзінің дамуы жағынан барлық Еуропа елдерін басып озды. Әсіресе мануфактуралық өндіріс, кеме жасау және теңізде жүзу істері, балық аулау қарқынды дамыды. XVII ғасырдың ортасына қарай Нидерландының сауда флоты Англия мен Францияның флоттарын қосқандағыдан екі есе көп болды. Нидерланды португалдықтар мен испандықтарды ығыстыра отырып, Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлай бастады. Италия XVI ғасырдан бастап Италия жері үшін француз, испан және герман халықтары соғыс жүргізді. 1529 жылы жасалған бітім шарты бойынша Италия іс жүзінде Испания королінің қол астына берілді. Италия жеріндегі өзін-өзі басқарушылық жойылып, испандык әкімдердің тежеусіз билігі орнады. Испания мен Францияның арасындағы Италия үшін жүргізілген күрес 1559 жылы аяқталды. Бітім шарты бойынша Италияның көп жері Испанияның қол астында калды. Тәуелсіздікті тек Папа аймағы мен Венеция және Савойя ғана сақтап қалды. Испания қол астына көшкен жерлердегі өкімет билігі абсолюттік-бюрократиялық сипатқа ие болды. XVI ғасырда католиктік реакцияның шабуылы басталды. 1534 жылы иезуиттер ордені құрылды, инквизиция күшейді. Оған шет елдік езгі қосылды. Мүның бәрі халық наразылығын туғызды. Күпірлік қозғалыс канат жайды. 1647 жылы Палермода, Неапольде, Салернода көтерілістер болды. Папалық билік, инквизиция көтерілісті басып, халық көсемдері мен озық ойшылдарды қудалап, өлім жазасына кесіп отырды. Сонымен, XVII ғасырға қарай Италияда саяси бытыраңқылық, шет елдерге тәуелділік орын алды. Сол себепті Италияның өнеркәсібі мен саудасы құлдырады. Италия ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, шикізат шығаратын ел болып қалды. Сөйтіп Италия Еуропадағы экономикасының дамуы жағынан ең артта қалған елге айналды.  

 

 

Испания

Испания королі Фердинанд пен оның жүбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздеді. Ол үшін король билігін нығайту қажет болды. бұл мақсатқа жету жолында Испания корольдері католик шіркеуіне арка сүйеді. 1516 жылы арагондық Фердинанд қайтыс болды. Таққа V Карл (1516-1555) отырды. Ол Испания үлгісіндегі дүниежүзілік католиктік империя құру ісін онан әрі жалғастырды. Алдымен ол әскерді күшейтті, соғыс кемелерін көбейтті, корольді қолдаушы кеңес құрды. Соның көмегімен абсолюттік тәртіп орнатты.

Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 1555-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты. Осы мақсатпен ол епископтар санын 4-5 есе көбейтті. XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларының бірі саналды.

Алайда бұл қуаттылық үзаққа созылмады. 1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден түратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетіндігіне күмән келтірмеген король ол флотты «Жеңілмейтін армада» деп атады. Бірақ испан флоты тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. Сөйтіп XVI ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады. Осылайша, испандық корольдердің дүниежүзілік «христиан империясын» құрмақшы болған әрекеттері сәтсіздікке үшырады.

XVI ғасырдың ортасына қарай Испания саяси-экономикалық дағдарысқа үшырады. Ол 1618-1648 жылдары Австрия мен Германия жағында Франция, Голландия, Швецияға қарсы соғысқа қатысып, жеңіліп қалды. XVII ғасырдың басында Испанияда елдің үзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды.

Нидерланды буржуазиялық революциясы

1433 жылы ішкі талас-тартыстардан әлсіреген Голландияны, кейінірек Нидерландының басқа да кінәздіктерін Бургундия герцогтары басып алды. 1477-1482 жылдар аралығында Нидерланды Габсбургтер әулеті қол астында болды. 1556 жылдан Испанияның қол астына көшті. XV ғасырдың аяғы-XVI ғасырда Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы кезінде, бастапқы қор жинау процесі жүріп жатты, капиталистік катынастар туа бастады. Ол қатынастар Нидерландыда жақсы дамыған балық шаруашылығында, теңізде жүзу мен кеме жасау салаларында кең орын алды. Капиталистік өндірістің басты орталықтары Голландия мен Зеландия аймағы болды. Капиталистік қатынастардың онан әрі дамуына испандық абсолютизмнің езгісі кедергі жасады. 1566 жылы оған қарсы буржуазиялық революция басталды. Көтерілістің басты ошақтары Голландия мен Зеландия болды. 1578 жылы испандықтар Амстердамнан қуылды. 1579 жылы солтүстіктегі провинциялар Утрехт униясын құрды. Ол келешек тәуелсіз Нидерланды Республикасының заңды негізі болып табылды.

1581 жылы Голландия мен Зеландия штаттары ресми түрде Испания королі II Филипптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1585 жылы Нидерландының оңтүстігінде революция жеңіліске үшырады. Ол сәтсіздік Республиканы қайтадан Испаниямен соғыс аренасына айналдырды. 1609 жылғы 12 жылдық уақытша бітім бойынша Нидерланды тәуелсіз мемлекетке айналды. Сөйтіп Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.

1621 жылы Испаниямен соғыс қайта жалғасты. Ол соғыс жалпы-еуропалық отыз жылдық (1618-1648) соғыспен үласты. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Біріккен провинциялар Республикасының (Нидерланды солай аталған) тәуелсіздігі түпкілікті мойындалды. 1650 жылы ол Республикадағы өкімет билігі голландиялық ірі буржуазиялық партияның қолына көшті.

Буржуазиялық революцияның жеңісі Нидерландының экономикасы мен мәдениетінің тез дамуына ықпал етті. Нидерланды бір-екі онжылдықтың ішінде өзінің дамуы жағынан барлық Еуропа елдерін басып озды. Әсіресе мануфактуралық өндіріс, кеме жасау және теңізде жүзу істері, балық аулау қарқынды дамыды. XVII ғасырдың ортасына қарай Нидерландының сауда флоты Англия мен Францияның флоттарын қосқандағыдан екі есе көп болды. Нидерланды португалдықтар мен испандықтарды ығыстыра отырып, Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлай бастады.

Италия

XVI ғасырдан бастап Италия жері үшін француз, испан және герман халықтары соғыс жүргізді. 1529 жылы жасалған бітім шарты бойынша Италия іс жүзінде Испания королінің қол астына берілді. Италия жеріндегі өзін-өзі басқарушылық жойылып, испандык әкімдердің тежеусіз билігі орнады.

Испания мен Францияның арасындағы Италия үшін жүргізілген күрес 1559 жылы аяқталды. Бітім шарты бойынша Италияның көп жері Испанияның қол астында калды. Тәуелсіздікті тек Папа аймағы мен Венеция және Савойя ғана сақтап қалды. Испания қол астына көшкен жерлердегі өкімет билігі абсолюттік-бюрократиялық сипатқа ие болды.

XVI ғасырда католиктік реакцияның шабуылы басталды. 1534 жылы иезуиттер ордені құрылды, инквизиция күшейді. Оған шет елдік езгі қосылды. Мүның бәрі халық наразылығын туғызды. Күпірлік қозғалыс канат жайды. 1647 жылы Палермода, Неапольде, Салернода көтерілістер болды.

Папалық билік, инквизиция көтерілісті басып, халық көсемдері мен озық ойшылдарды қудалап, өлім жазасына кесіп отырды. Сонымен, XVII ғасырға қарай Италияда саяси бытыраңқылық, шет елдерге тәуелділік орын алды. Сол себепті Италияның өнеркәсібі мен саудасы құлдырады. Италия ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, шикізат шығаратын ел болып қалды. Сөйтіп Италия Еуропадағы экономикасының дамуы жағынан ең артта қалған елге айналды.

 

Бөлісу: