Земство

4 Желтоқсан 2012, 05:54

Земство – Ресей империясында 1864 жылғы реформаға сәйкес құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы. Бастапқы кезде земство Ресейдің еуропалық бөлігіндегі кейбір губернияларға ғана енгізілді. Земство арқылы Ресей патшасының сарайы мемлекеттің монархиялық құрылымын еуропалақ басқару жүйесіне ұқсатып, икемдеу мақсатын көздеді. Ресей үкіметі земствоға уездегі не губерния шеңберіндегі шаруашылық мәселелерімен айналысуға ғана құқық берді. Оның қаржысы, негізінен, жылжымайтын мүлік салығынан құралды. Земство жиналысында сайланған оның атқарушы органдарын – губерниялық, уездік земство басқармаларын губернатор бекітті. Олар губернатордың әкімшілік бақылауында болды, өз құқықтарын ашық қорғауға тырысқан кейбір земстволарды үкімет органдары таратып жіберіп отырды. Земство мекемелері аурухана, дәріхана ашып, дәрігерлерді жұмысқа шақырды, фельдшерлік және акушерлік курстар ұйымдастырды. Жергілікті бастауыш мектептер, гимназия мен мұғалімдер семинариясын ашты, мұқтаж оқушыларға стипендия тағайындады. Шаруашылықты жүргізудің озық үлгілерін насихаттап, ауыл шаруашылық көрмелерін ұйымдастырды. Ауыл шаруашылық училищелерін, тәжірибе стансаларын ашты. 1-ші Дүниежүзі земство 1-ші Дүниежүзі земство соғыс қарсаңында Ресейдің еуропалық бөлігінің 43 губерниясында ғана земство мекемелері болды. 1914 жылы шілде айында Бүкілресейлік земство одағы құрылды. 1867 – 68 жылдары және 1886 – 91 жылдары қазақ өлкелерін басқару туралы ережелер бойынша қазақтар земство салығын өтегенімен, Түркістан мен Дала өлкесінде земство мекемелері ашылмады. Сондықтан Қазақстанда 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыс бағдарламаларында өлкеде земство мекемелерін құру басты мәселенің бірі ретінде қойылды. Әйгілі Қарқаралы құзырхатында Ресей үкіметінен қазақ даласына ішкі өлкелерден қоныс аудару саясатын доғару, қазақтарды Орынбор діни басқармасы құрамына алу, т.б. мәселелермен қатар өлкеде земство мекемелерін құру да талап етілген еді. Сондай-ақ, 1905 жылы құрылған Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының бағдарламасында қазақ жеріне земство мекемелерін құру қажеттігі аталып көрсетілді. [2]Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері Қазақстанда земство мекемелерінің құрылуы, біріншіден, қазақтарды Ресей азаматтары ретінде құқықтық жағынан қорғауға мүмкіндік береді, екіншіден, халыққа білім беруде, денсаулығын сақтауда және шаруашылығын жүргізуде тиімді, үшіншіден, қазақтардың қоғамдық өмірін жандандыра түсіп, өзін-өзі басқаруға әзірлейді деп ұқты.  

Земство – Ресей империясында 1864 жылғы реформаға сәйкес құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы. Бастапқы кезде земство Ресейдің еуропалық бөлігіндегі кейбір губернияларға ғана енгізілді. Земство арқылы Ресей патшасының сарайы мемлекеттің монархиялық құрылымын еуропалақ басқару жүйесіне ұқсатып, икемдеу мақсатын көздеді. Ресей үкіметі земствоға уездегі не губерния шеңберіндегі шаруашылық мәселелерімен айналысуға ғана құқық берді. Оның қаржысы, негізінен, жылжымайтын мүлік салығынан құралды. Земство жиналысында сайланған оның атқарушы органдарын – губерниялық, уездік земство басқармаларын губернатор бекітті. Олар губернатордың әкімшілік бақылауында болды, өз құқықтарын ашық қорғауға тырысқан кейбір земстволарды үкімет органдары таратып жіберіп отырды. Земство мекемелері аурухана, дәріхана ашып, дәрігерлерді жұмысқа шақырды, фельдшерлік және акушерлік курстар ұйымдастырды. Жергілікті бастауыш мектептер, гимназия мен мұғалімдер семинариясын ашты, мұқтаж оқушыларға стипендия тағайындады. Шаруашылықты жүргізудің озық үлгілерін насихаттап, ауыл шаруашылық көрмелерін ұйымдастырды. Ауыл шаруашылық училищелерін, тәжірибе стансаларын ашты.


1-ші Дүниежүзі земство
1-ші Дүниежүзі земство соғыс қарсаңында Ресейдің еуропалық бөлігінің 43 губерниясында ғана земство мекемелері болды. 1914 жылы шілде айында Бүкілресейлік земство одағы құрылды. 1867 – 68 жылдары және 1886 – 91 жылдары қазақ өлкелерін басқару туралы ережелер бойынша қазақтар земство салығын өтегенімен, Түркістан мен Дала өлкесінде земство мекемелері ашылмады. Сондықтан Қазақстанда 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыс бағдарламаларында өлкеде земство мекемелерін құру басты мәселенің бірі ретінде қойылды. Әйгілі Қарқаралы құзырхатында Ресей үкіметінен қазақ даласына ішкі өлкелерден қоныс аудару саясатын доғару, қазақтарды Орынбор діни басқармасы құрамына алу, т.б. мәселелермен қатар өлкеде земство мекемелерін құру да талап етілген еді. Сондай-ақ, 1905 жылы құрылған Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының бағдарламасында қазақ жеріне земство мекемелерін құру қажеттігі аталып көрсетілді. [2]Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері Қазақстанда земство мекемелерінің құрылуы, біріншіден, қазақтарды Ресей азаматтары ретінде құқықтық жағынан қорғауға мүмкіндік береді, екіншіден, халыққа білім беруде, денсаулығын сақтауда және шаруашылығын жүргізуде тиімді, үшіншіден, қазақтардың қоғамдық өмірін жандандыра түсіп, өзін-өзі басқаруға әзірлейді деп ұқты.
 

Бөлісу: