Алеппо

4 Желтоқсан 2012, 05:36

Алеппо (араб.: حَلَبُ‎ Халаб, гр. Αλέππο, Βέροια, лат. Beroea) — Сирияның ірі қалаларының бірі және провинция орталығы. Халық саны 2,301,570 адам (2005). Алеппо Леванттың, көптеген жылдар бойы Ұлы Сирияның үлкен қалаларының бірі және Османлы империясының Константинополь мен Каирден кейінгі үшінші қаласы болды. Этимологиясы. Алеппоның ежелгі атауы Халпе немесе Халибон болған, ал гректер мен римдіктер оны Верия (Βέροια) деп атаған. Крест жорықтары, кейінгі француз мандаты кезеңінде Халеб (Халаб) қаласын италиян тілінде Алеппо деп атап кеткен. Алеппо сөзінің шығу тегі жайында нақты тұжырым жоқ. Дегенмен кейбіреулер «Халеб» сөзі «темір» немесе «мыс» деген мағына береді, ал қалада аталмыш металдарды өндіру ісі ежелден-ақ жолға қойылған, қала атауы осыған байланысты қалыптасқан деген пікір айтады. Енді бірі «Халаба» сөзі арамей тілінде «ақ» деген ұғымды білдіреді. Бұл ел ақ түсті мрамордың көптігімен атағы шыққан, атау осыған байланысты шыққан болса керек дейді. Тағы бір болжам ретінде айтылатын ой Халеб сөзінің этимологиясына сілтейді. Халеб сөзі «жаңа сауылған сүт» деген мағына береді. Ежелгі заманда Ибраһим пайғамбар жолаушыларға сүт береді екен[8]. Адамдар «Халаб Ибраһим», яғни «Ибраһим (Авраам) сүт сауды ма?» деп сұрайтын болыпты. Ал оның сиырының түсі сарғыш-ақшыл (араб. shaheb) болған, осы себепті қала «Халеб аш-Шахба» деп аталған. Тарихы. Алеппо — әлемнің ежелгі қалаларының бірі болып есептеледі, қаланың іргесі б.з. б. VI мыңжылдықта қалана бастаған. Қаланың оңтүстігінде орналасқан Тәлл ас-Сауда және Тәлл әл-Ансари қырларындағы тарихи қазба жұмыстары б.з. д. 3 мыңжылдықтың жартысында адамдардың осы арада тіршілік кешкендігін көрсетеді Хетт, Мари және Евфрат жазбаларында, орталық Анатолия, Эбла қаласында табылған қазба жәдігерлерде Алеппоның үлкен сауда орталығы болғандығы және онда әскери өнердің жете дамығандығы жазылған. Географиясы. Алеппо Жерорта теңізінен 120 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 380 м биіктікте, Сирия-Түркия шекарасының шығысында 45 км-де орналасқан. Қала негізінен солтүстігі мен батысында ауыл-шаруашылығы, егіншілікпен айналысады. Атақты Сирия зәйтүндерін өсірумен айналысады. Алеппо шығысында Сирия шөлі орналасқан. Жаңа қала ескі қаладан бірнеше км ұзақтықта Куәйкә өзенінің оң жақ жағалауында орын тепкен; қаланың ескі бөлігі өзеннің сол жағында орналасқан. Ескі қала радиусы 10 км болатын 8 үлкен қырмен қоршалған, орталығында үлкені қыр болған. Осы қырдың үстіне Б.д. дейінгі 2 ғасырда қамал тұрғызылған. Аталмыш қырлардың есімдері: Тәл ас-Сауда, Тәл Айша, Тәл ас-С"тт, Тәлл әл-Ясмин, Тәл әл-Ансари (Ярукиййя), Ан ат-Тәл, әл-Жаллүм және Бахсита. Қаланың ескі бөлігі тоғыз қақпадан тұратын ескі дуалдармен қоршалған. Ауданы 190 км² Алеппо Қиыр Шығыстағы тез өсіп келе жатқан қалалардың бірі. 2001 жылы Алеппоның ауданын 2015 жылға 420 км² дейін ұзарту жайлы жоба жасалды. XIX ғасырдың басында Халебтің 200 мың тұрғыны болды. Қаланың сауда орындары, фабрикалары болды. Фабрикасынан шыққан жібек маталары, қағаз өнімдері, жүн, тері бүкіл Шығысты қамтамасыз етті. Бірақ зәлзала, оба, холера халықтың жағдайын нашарлатып, азайтып жіберді. Алеппо тарихшысы, шейх Камил әл-Газзи (1853—1933), 1822 жылғы зілзаладан бұрын қала халқы 400 мың болатын дейді. Кейін холера мен оба (1823 және 1827 ж.ж.) Халеб тұрғындарын 110 мыңға дейін азайтып жіберді. 1901 жылы Алеппо халқы 108 143 адам болды. Олардан мұсылмандар — 76 329 (70,58 %), христиан-католиктер — 24 508 (22,66 %); және иудейлер — 7 306 (6,76 %). Христиандар армян босқындары келгенде көбейді. 1915 жылғы армян геноциді). Бірінші армян босқындары келгенде (1915—1922) Алеппо халқы 1922 жылы 156 748 адам болды, оның ішінде: мұсылмандар 97 600 адам (62,26 %), христиан-католиктер — 22 117 (14,11 %), иудейлер — 6 580 (4,20 %), европалықтар сол кезде 2 652 (1,70 %), армян босқындары — 20 007 (12,76 %) және басқалары — 7 792 (4,97 %). Екінші армян босқындары 1923 жылы келді. 1923—1925 жылдары қалаға 40 000 армян келді, Алеппо халқы 1925 жылдың соңына қарай 210 000 адамға көбейді. Олардың ішінде: армяндар 25 %. 1944 жылы Алеппо тұрғыны 325 000 адам болды, олардың 112 110 (34,5 %) христиандар (армяндар — 60 200).Алеппо христиандарының жартысы 1947 жылға дейін армяндар болды. Дегенмен одан кейін армян репатриациясы уақытында армяндардың көпшілігі Советтік Арменияға көшті (1946—1967).

Алеппо (араб.: حَلَبُ‎ Халаб, гр. Αλέππο, Βέροια, лат. Beroea) — Сирияның ірі қалаларының бірі және провинция орталығы. Халық саны 2,301,570 адам (2005). Алеппо Леванттың, көптеген жылдар бойы Ұлы Сирияның үлкен қалаларының бірі және Османлы империясының Константинополь мен Каирден кейінгі үшінші қаласы болды.

Этимологиясы. Алеппоның ежелгі атауы Халпе немесе Халибон болған, ал гректер мен римдіктер оны Верия (Βέροια) деп атаған. Крест жорықтары, кейінгі француз мандаты кезеңінде Халеб (Халаб) қаласын италиян тілінде Алеппо деп атап кеткен. Алеппо сөзінің шығу тегі жайында нақты тұжырым жоқ. Дегенмен кейбіреулер «Халеб» сөзі «темір» немесе «мыс» деген мағына береді, ал қалада аталмыш металдарды өндіру ісі ежелден-ақ жолға қойылған, қала атауы осыған байланысты қалыптасқан деген пікір айтады. Енді бірі «Халаба» сөзі арамей тілінде «ақ» деген ұғымды білдіреді. Бұл ел ақ түсті мрамордың көптігімен атағы шыққан, атау осыған байланысты шыққан болса керек дейді. Тағы бір болжам ретінде айтылатын ой Халеб сөзінің этимологиясына сілтейді. Халеб сөзі «жаңа сауылған сүт» деген мағына береді. Ежелгі заманда Ибраһим пайғамбар жолаушыларға сүт береді екен[8]. Адамдар «Халаб Ибраһим», яғни «Ибраһим (Авраам) сүт сауды ма?» деп сұрайтын болыпты. Ал оның сиырының түсі сарғыш-ақшыл (араб. shaheb) болған, осы себепті қала «Халеб аш-Шахба» деп аталған.

Тарихы. Алеппо — әлемнің ежелгі қалаларының бірі болып есептеледі, қаланың іргесі б.з. б. VI мыңжылдықта қалана бастаған. Қаланың оңтүстігінде орналасқан Тәлл ас-Сауда және Тәлл әл-Ансари қырларындағы тарихи қазба жұмыстары б.з. д. 3 мыңжылдықтың жартысында адамдардың осы арада тіршілік кешкендігін көрсетеді Хетт, Мари және Евфрат жазбаларында, орталық Анатолия, Эбла қаласында табылған қазба жәдігерлерде Алеппоның үлкен сауда орталығы болғандығы және онда әскери өнердің жете дамығандығы жазылған.

Географиясы. Алеппо Жерорта теңізінен 120 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 380 м биіктікте, Сирия-Түркия шекарасының шығысында 45 км-де орналасқан. Қала негізінен солтүстігі мен батысында ауыл-шаруашылығы, егіншілікпен айналысады. Атақты Сирия зәйтүндерін өсірумен айналысады. Алеппо шығысында Сирия шөлі орналасқан. Жаңа қала ескі қаладан бірнеше км ұзақтықта Куәйкә өзенінің оң жақ жағалауында орын тепкен; қаланың ескі бөлігі өзеннің сол жағында орналасқан. Ескі қала радиусы 10 км болатын 8 үлкен қырмен қоршалған, орталығында үлкені қыр болған. Осы қырдың үстіне Б.д. дейінгі 2 ғасырда қамал тұрғызылған. Аталмыш қырлардың есімдері: Тәл ас-Сауда, Тәл Айша, Тәл ас-С"тт, Тәлл әл-Ясмин, Тәл әл-Ансари (Ярукиййя), Ан ат-Тәл, әл-Жаллүм және Бахсита. Қаланың ескі бөлігі тоғыз қақпадан тұратын ескі дуалдармен қоршалған.

Ауданы 190 км² Алеппо Қиыр Шығыстағы тез өсіп келе жатқан қалалардың бірі. 2001 жылы Алеппоның ауданын 2015 жылға 420 км² дейін ұзарту жайлы жоба жасалды.

XIX ғасырдың басында Халебтің 200 мың тұрғыны болды. Қаланың сауда орындары, фабрикалары болды. Фабрикасынан шыққан жібек маталары, қағаз өнімдері, жүн, тері бүкіл Шығысты қамтамасыз етті. Бірақ зәлзала, оба, холера халықтың жағдайын нашарлатып, азайтып жіберді. Алеппо тарихшысы, шейх Камил әл-Газзи (1853—1933), 1822 жылғы зілзаладан бұрын қала халқы 400 мың болатын дейді. Кейін холера мен оба (1823 және 1827 ж.ж.) Халеб тұрғындарын 110 мыңға дейін азайтып жіберді. 1901 жылы Алеппо халқы 108 143 адам болды. Олардан мұсылмандар — 76 329 (70,58 %), христиан-католиктер — 24 508 (22,66 %); және иудейлер — 7 306 (6,76 %). Христиандар армян босқындары келгенде көбейді. 1915 жылғы армян геноциді). Бірінші армян босқындары келгенде (1915—1922) Алеппо халқы 1922 жылы 156 748 адам болды, оның ішінде: мұсылмандар 97 600 адам (62,26 %), христиан-католиктер — 22 117 (14,11 %), иудейлер — 6 580 (4,20 %), европалықтар сол кезде 2 652 (1,70 %), армян босқындары — 20 007 (12,76 %) және басқалары — 7 792 (4,97 %). Екінші армян босқындары 1923 жылы келді. 1923—1925 жылдары қалаға 40 000 армян келді, Алеппо халқы 1925 жылдың соңына қарай 210 000 адамға көбейді. Олардың ішінде: армяндар 25 %. 1944 жылы Алеппо тұрғыны 325 000 адам болды, олардың 112 110 (34,5 %) христиандар (армяндар — 60 200).Алеппо христиандарының жартысы 1947 жылға дейін армяндар болды. Дегенмен одан кейін армян репатриациясы уақытында армяндардың көпшілігі Советтік Арменияға көшті (1946—1967).

Бөлісу: