Көмбе

4 Желтоқсан 2012, 05:35

Көмбе Көмбе – 1) көне дәуірлерден сақталған тарихи-археология, материалдық құндылығы бар ескерткіштер. Археологияда көмбе энеолит дәуірінен бастап кездеседі. Көне тайпалар қару-жарақ, шаруашылық бұйымдарын, бағалы заттарды түрлі мақсатпен жерге көміп, үңгірлерде, үлкен құрылыстар ішінде жасырып, тастап кететін болған. Сақ дәуірінен сақталған Алматы қаласы маңындағы Есікөмбе1, Есікөмбе2 көмбелерінде қоладан құйылған қазандар, құрбандық ыдыстары, қару түрлері табылған. Еуропаға барған ғұндардың көптеген алтын-күміс сияқты бағалы заттар жиынтығынан тұратын көмбелері де ашылған. Бұлар археология зерттеулердегі маңызды дерек көздеріне жатады. Жаңа заманның көмбелері ақша, құнды қағаздар түрінде де кездеседі және олар көне дәуірлердің тарихи-археология ескерткіштерінен ажыратылады; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жерге көмілген немесе өзгедей тәсілмен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын, не заңға сәйкес меншіктену құқы беймәлім ақша немесе құнды заттар (алтын немесе күміс теңгелер, валюта, асыл тастар, құнды құйма металдар, бұйымдар, інжу-маржандар, т.б.). Құнды заттардың бәрі емес, тек әдейі, бұрынғы иегердің еркі бойынша жасырылғандары ғана көмбе болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес көмбе жасырылған жер телімі иесінің, не жылжымайтын мүлікті иеленушінің және көмбені тапқан адамның үлесіне, егер келісімшартта басқа шарт көзделмесе, көмбе тең мөлшерде бөлінеді. көмбе жасырылған жер телімін пайдаланушының немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенушінің келісімінсіз қазған немесе құнды заттарды іздестірген адам көмбені тауып алған жағдайда, көмбе сол меншік иесіне берілуге тиіс. Ал тарихи және мәдени ескерткіштер санатына жататын заттардан тұратын көмбені тауып алған ретте олар мемлекеттің меншігіне беріледі. Бұл орайда мұндай көмбе табылған жер телімін пайдаланушы немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы; 3) Қазына, қойма. Ерте кездерде құнды заттарды, азық-түлікті жер астына көміп сақтайтын орынды көмбе деп атаған

Көмбе
Көмбе – 1) көне дәуірлерден сақталған тарихи-археология, материалдық құндылығы бар ескерткіштер. Археологияда көмбе энеолит дәуірінен бастап кездеседі. Көне тайпалар қару-жарақ, шаруашылық бұйымдарын, бағалы заттарды түрлі мақсатпен жерге көміп, үңгірлерде, үлкен құрылыстар ішінде жасырып, тастап кететін болған. Сақ дәуірінен сақталған Алматы қаласы маңындағы Есікөмбе1, Есікөмбе2 көмбелерінде қоладан құйылған қазандар, құрбандық ыдыстары, қару түрлері табылған. Еуропаға барған ғұндардың көптеген алтын-күміс сияқты бағалы заттар жиынтығынан тұратын көмбелері де ашылған. Бұлар археология зерттеулердегі маңызды дерек көздеріне жатады. Жаңа заманның көмбелері ақша, құнды қағаздар түрінде де кездеседі және олар көне дәуірлердің тарихи-археология ескерткіштерінен ажыратылады;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жерге көмілген немесе өзгедей тәсілмен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын, не заңға сәйкес меншіктену құқы беймәлім ақша немесе құнды заттар (алтын немесе күміс теңгелер, валюта, асыл тастар, құнды құйма металдар, бұйымдар, інжу-маржандар, т.б.). Құнды заттардың бәрі емес, тек әдейі, бұрынғы иегердің еркі бойынша жасырылғандары ғана көмбе болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес көмбе жасырылған жер телімі иесінің, не жылжымайтын мүлікті иеленушінің және көмбені тапқан адамның үлесіне, егер келісімшартта басқа шарт көзделмесе, көмбе тең мөлшерде бөлінеді. көмбе жасырылған жер телімін пайдаланушының немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенушінің келісімінсіз қазған немесе құнды заттарды іздестірген адам көмбені тауып алған жағдайда, көмбе сол меншік иесіне берілуге тиіс. Ал тарихи және мәдени ескерткіштер санатына жататын заттардан тұратын көмбені тауып алған ретте олар мемлекеттің меншігіне беріледі. Бұл орайда мұндай көмбе табылған жер телімін пайдаланушы немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы;
3) Қазына, қойма. Ерте кездерде құнды заттарды, азық-түлікті жер астына көміп сақтайтын орынды көмбе деп атаған

Бөлісу: