Батырлық уакыт және қазақ мәдениетінің архетиптері

4 Желтоқсан 2012, 05:34

  Батырлық уакыт және қазақ мәдениетінің архетиптері. Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы — Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің (азаттықтың) негізін қалады. Батыс мәдениетінде «варварлар» бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия Ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы — батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.  Архетип ұғымы «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады. Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол — уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан занды және прогрессивті құбылыс. Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп-тамырларды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бізде жиі айтылатын «еуразиялық идея» мәнісі жағынан алғанда партикуляризмнің бір түрі және ол негізінен Ресей жерінде қалыптасқан. Мәдениеттер диалоги кеңістігінде архетиптік уақытты жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді. Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады. Қазақ мәдениетінің архетипі Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда атап көрсетілгендей, архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген. «Пұттар мен киелі жерлер ғана арқау болар ауызша текстің, — дейді Ю. Лотман, — белгілі бір орын мен белгілі бір уақытқа бағышталуы (киелі пұттың қызметі мәдениет аясы тұрғысынан салттық жағынан да, календарлық жағынан да соның ғана уақыты болатын, әрі жергілікті аңыздардың мәйетіне айналатын белгілі бір уақытта ғана «жанданады») жазба және жазусыз мәдениеттердің жергілікті ландшафта мүлдем әр қилы күй кешулерінен байқалады. Жазба мәдениет Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені текст ретінде қарастыруға, әрі ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім». ([2]. Әлем, 251-бет). Уақыттың жазбаша кодтар арқылы көрсетілуі ақпараттық берілістің кеңістігін және ұзақтығын арттырады. Осы тұрғыдан алғанда объективті мазмұны бар таным жазу арқылы ғана дами алады. Текстер табиғаттың мәнді белгілерін ырымдардан қабылдамайды. Олар көбінесе жаратушының айтқан сөздерінің таңбалары ретінде беріледі. Осы тұрғыдан қазақ халқының Қазан төнкерісіне дейін жазбаша мәдениеті болған жоқ, олар түгелдей дерлік сауатсыз еді деген тоталитарлық жүйедегі кең тараған пікірдің логикамен де, тарихи деректермен де қисыны жоқ. Тарихшы Ә. Хасеновтың пікірінше, көне түрік жазуы скиф- сақ дәуірі мәдениетімен үндесіп, астасып жатты. Бұған қарағанда ғұндардың қаһарлы әміршісі Баудүн шаньюдің Қытай императорына қыр көрсете жазған хаттары, Аттиланың Римге жіберген елшілерінің қолына ұстатқан грамоталары, қаңлы патшаларының заңы, жарлықтары көне түрік алфавитімен жазылмады ма деген болжам туады. Қазақтардың арғы ататектерінің түрік тілдес болғандығының және өзіндік әріптік жазуының бар екендігінің тағы бір айғағы1982 жылы моңғол археологтары тапқан — Хунну жазуы. Алтыннан шекіп жасалған деңгейде (медальон) көне руниканың 9 әрпінен тұратын 4 сөз жазылған: 1. Ой-Сеңгір. 2. Елші аты. Аудармасы: 1. Ой-Сеңгір. 2. Елшінің найзасы. Тарихшы Қ. Сартқожаұлының топшылауы бойынша, 1. Хуннулар дыбыс белгілейтін алфавиттік жазу қолданған. 2. Бұл жазу Хуннулардан бері ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып, X ғасырға дейін қолданылады. 3. Монғолия мен Тува, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен ұшырасатын жүздеген руникалық айғақты бұдан былай тек VIII—IX ғасырдағы түркілерге ғана тән деп емес, енді Хунну, Това, Вэй, Сяньби, Жуанжуан қағанатына да қатысты мұра деп қарастыруға болады. 4. Хуннулар байырғы түркі (баба түркі) тілінде сөйлеген және мемлекеттік тілі түркі тілі болған».[3] Жалпы алғанда түрік халықтарының тілі мен жазуы туралы ирандық мәдени ықпал ілімі («культуртрегер») әлі күнге дейін кең тарап келгендіктен бұл мәселенің маңыздылығына және арнайы зерттеулердің қажеттігіне назар аударамыз. Осы жазумен қатар түріктің білімді қауымы ескі соғды жазуын да қолдана білген. «Жібек жолы» бойында орналасқан қалаларда соғдылықтар сауда-саттық ісіне тығыз араласып, түрік тайпаларымен ежелден мәдени байланыс жасаған. Шығыс Түркістанда IX ғасырдан бастап көне ұйғыр жазуы пайда болды. Бұл ежелгі ұйғыр әрпімен жазылған туындылар тілінің өзіндік кейбір ерекшеліктері бола түрып, мұның өзі руналық ескерткіштер тілінің тікелей жалғасы, мұрагері еді. Сонымен, қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында осы мәдениеттің болмыстық тұрақтылығына үлкен әсер еткен жазу қалыптасты. Кейін түрік жазуын араб алфавиті ауыстырғанымен, бұл мәдени қазына өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық түрік мәдениетінің қазақ мәдениеті үшін архетип болып табылатындығын анық байқаймыз. Қазақтың ата тегінің даму үстіндегі уақыт ұғымы болмыспен тікелей қатысты құбылыстан, сезімдік нақтылықтан, эволюция барысында фенологиялық және циклдік сападағы кезеңдерге, «тірі хронологияға» және одан әрі ұзақ жыл санау жүйесіне өткеніне қарамастан өз бойларында нақты болмысқа тән қасиетін сақтап қалды. Санасыз инстинктердің немесе саналы импульстердің, бұлардың екеуі де бірден пайда болады, серпінді формалары түрінде қалады. Мұның өзі оны тарих барасында айтарлықтай өзгеретін архетип немесе оның көрінісі ретінде бағалауға негіз болады. Уақытты бұлай түсіну арқасында ол бейнелі және эмоциялы сипатқа ие болады, бұл оның сезімдік нақтылыққа жақын екендігін білдіреді (М. Орынбеков). Әртүрлі халыктардьщ көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі мәдениеттің дамуындағы заңды құбылыс. Егер көне мәдениет генотиптік сипатта болса, онда өркениет уақыты — табиғат аясынан әлеуметтік-тарихи заңдылықтар аумағына жылжиды. Салт-дәстүр, ырымдар мен «табиғи түсініктер» талаптарынан гөрі, өркениеттілік уақытында қоғам бір орталыққа бағыңдырылған мемлекеттік заңдар жүйесімен, монотеистік діннің әдептілік талаптарымен және оның қасиетті «текстерімен», ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымның философиялық және ғылыми талпыныстарымен, табиғатты игерудегі техникалық жетістіктерімен ж.т.б. айқындалады. Бұл мағынада алғанда, өркениеттілік — уақыт межесі және бүкілпланеталық мәдениеттің қалыптасуындағы қажетті саты. Қорқыт жайлы Қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі. Ол туралы Ватикан архивінде мынадай дерек сақталған: «Расул пайғамбар(Мұхаммед пайғамбар) заманына жақын кезде (VIII ғасырда) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, басына іс түскендердің бәрі оның алдына келіп кеңес сұрап, ол нені бұйырса, соны қабыл етер еді».[4] Осы кітап жайында Ә. Марғұланның, Ә. Диваевтің, X. Көрұғлының, Ә. Қоңыратбаевтің т.б. еңбектерінде бірталай қызық деректер келтірілген. «Қорқыт ата кітабы» атақты «Шаһнамаға» ұқсас және сол кездегі түрік мәдениетінің энциклопедиясы деуге болады. Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген. Ол философиялық өте маңызды мәселе өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектеулікті жеңіп шығудың жолдары туралы талай тамаша пікірлер айтады. Енді Қорқыттың философиялық ғақлия сөздеріне жүгінейік: «Қорқыт ата сөйлейді: Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса теңіз толмас. Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп- жер, киер де кетер, бірақ, көрдім демес. Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас. Тозған мақта без болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Маңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол отбасының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын».[5] Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты, қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, көктем-жаздағы жас желек күзде сарғайғаны тәрізді, өмірде де «өлмейтін нәрсе жоқ» екендігі туралы қорытындыға келеді. Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырды. Қорқыт жайында қазақ халқының жадында талай аңыз — мифтер бар. Олардың бірі «Қазақ мәдениетінің ғарышы» атты кітапта суреттеледі. Авторлар Қорқыт бейнесін шым-шытырақайдан пайда болған үйлесімділікпен байланыстырады және терминологиялық талдау арқылы ізгілік пен жамандықтың мәңгілік күресі деп (құт және қор) түсіндіреді. Қорқыт туралы бір аңыз бойынша, оны анасы үш жыл құрсағында көтеріпті. Қорқыт туылар алдында әлемді қара түнек басып, сұрапыл қара дауыл соғыпты. Аталмыш кітапта былай дейді: Қорқыт туар кезінде Қара аспанды су алған, Қара жерді кұл алған. Ол туарда ел қорқып, Туған соң әбден қуанған. Қысқаша айтқанда, «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының алтын қорынан өзіне тиісті орнын алып отыр.  

 

Батырлық уакыт және қазақ мәдениетінің архетиптері. Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы — Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің (азаттықтың) негізін қалады. Батыс мәдениетінде «варварлар» бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия Ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы — батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан. 
Архетип ұғымы
«Архетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады.
Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол — уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан занды және прогрессивті құбылыс. Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп-тамырларды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бізде жиі айтылатын «еуразиялық идея» мәнісі жағынан алғанда партикуляризмнің бір түрі және ол негізінен Ресей жерінде қалыптасқан. Мәдениеттер диалоги кеңістігінде архетиптік уақытты жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді.
Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады.
Қазақ мәдениетінің архетипі
Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда атап көрсетілгендей, архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген. «Пұттар мен киелі жерлер ғана арқау болар ауызша текстің, — дейді Ю. Лотман, — белгілі бір орын мен белгілі бір уақытқа бағышталуы (киелі пұттың қызметі мәдениет аясы тұрғысынан салттық жағынан да, календарлық жағынан да соның ғана уақыты болатын, әрі жергілікті аңыздардың мәйетіне айналатын белгілі бір уақытта ғана «жанданады») жазба және жазусыз мәдениеттердің жергілікті ландшафта мүлдем әр қилы күй кешулерінен байқалады. Жазба мәдениет Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені текст ретінде қарастыруға, әрі ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім». ([2]. Әлем, 251-бет).
Уақыттың жазбаша кодтар арқылы көрсетілуі ақпараттық берілістің кеңістігін және ұзақтығын арттырады. Осы тұрғыдан алғанда объективті мазмұны бар таным жазу арқылы ғана дами алады. Текстер табиғаттың мәнді белгілерін ырымдардан қабылдамайды. Олар көбінесе жаратушының айтқан сөздерінің таңбалары ретінде беріледі. Осы тұрғыдан қазақ халқының Қазан төнкерісіне дейін жазбаша мәдениеті болған жоқ, олар түгелдей дерлік сауатсыз еді деген тоталитарлық жүйедегі кең тараған пікірдің логикамен де, тарихи деректермен де қисыны жоқ.
Тарихшы Ә. Хасеновтың пікірінше, көне түрік жазуы скиф- сақ дәуірі мәдениетімен үндесіп, астасып жатты. Бұған қарағанда ғұндардың қаһарлы әміршісі Баудүн шаньюдің Қытай императорына қыр көрсете жазған хаттары, Аттиланың Римге жіберген елшілерінің қолына ұстатқан грамоталары, қаңлы патшаларының заңы, жарлықтары көне түрік алфавитімен жазылмады ма деген болжам туады. Қазақтардың арғы ататектерінің түрік тілдес болғандығының және өзіндік әріптік жазуының бар екендігінің тағы бір айғағы1982 жылы моңғол археологтары тапқан — Хунну жазуы. Алтыннан шекіп жасалған деңгейде (медальон) көне руниканың 9 әрпінен тұратын 4 сөз жазылған:
1. Ой-Сеңгір.
2. Елші аты.
Аудармасы:
1. Ой-Сеңгір.
2. Елшінің найзасы.
Тарихшы Қ. Сартқожаұлының топшылауы бойынша,
1. Хуннулар дыбыс белгілейтін алфавиттік жазу қолданған.
2. Бұл жазу Хуннулардан бері ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып, X ғасырға дейін қолданылады.
3. Монғолия мен Тува, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен ұшырасатын жүздеген руникалық айғақты бұдан былай тек VIII—IX ғасырдағы түркілерге ғана тән деп емес, енді Хунну, Това, Вэй, Сяньби, Жуанжуан қағанатына да қатысты мұра деп қарастыруға болады.
4. Хуннулар байырғы түркі (баба түркі) тілінде сөйлеген және мемлекеттік тілі түркі тілі болған».[3]
Жалпы алғанда түрік халықтарының тілі мен жазуы туралы ирандық мәдени ықпал ілімі («культуртрегер») әлі күнге дейін кең тарап келгендіктен бұл мәселенің маңыздылығына және арнайы зерттеулердің қажеттігіне назар аударамыз. Осы жазумен қатар түріктің білімді қауымы ескі соғды жазуын да қолдана білген. «Жібек жолы» бойында орналасқан қалаларда соғдылықтар сауда-саттық ісіне тығыз араласып, түрік тайпаларымен ежелден мәдени байланыс жасаған. Шығыс Түркістанда IX ғасырдан бастап көне ұйғыр жазуы пайда болды. Бұл ежелгі ұйғыр әрпімен жазылған туындылар тілінің өзіндік кейбір ерекшеліктері бола түрып, мұның өзі руналық ескерткіштер тілінің тікелей жалғасы, мұрагері еді. Сонымен, қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында осы мәдениеттің болмыстық тұрақтылығына үлкен әсер еткен жазу қалыптасты. Кейін түрік жазуын араб алфавиті ауыстырғанымен, бұл мәдени қазына өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Ортағасырлық түрік мәдениетінің қазақ мәдениеті үшін архетип болып табылатындығын анық байқаймыз. Қазақтың ата тегінің даму үстіндегі уақыт ұғымы болмыспен тікелей қатысты құбылыстан, сезімдік нақтылықтан, эволюция барысында фенологиялық және циклдік сападағы кезеңдерге, «тірі хронологияға» және одан әрі ұзақ жыл санау жүйесіне өткеніне қарамастан өз бойларында нақты болмысқа тән қасиетін сақтап қалды. Санасыз инстинктердің немесе саналы импульстердің, бұлардың екеуі де бірден пайда болады, серпінді формалары түрінде қалады. Мұның өзі оны тарих барасында айтарлықтай өзгеретін архетип немесе оның көрінісі ретінде бағалауға негіз болады. Уақытты бұлай түсіну арқасында ол бейнелі және эмоциялы сипатқа ие болады, бұл оның сезімдік нақтылыққа жақын екендігін білдіреді (М. Орынбеков).
Әртүрлі халыктардьщ көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі мәдениеттің дамуындағы заңды құбылыс. Егер көне мәдениет генотиптік сипатта болса, онда өркениет уақыты — табиғат аясынан әлеуметтік-тарихи заңдылықтар аумағына жылжиды. Салт-дәстүр, ырымдар мен «табиғи түсініктер» талаптарынан гөрі, өркениеттілік уақытында қоғам бір орталыққа бағыңдырылған мемлекеттік заңдар жүйесімен, монотеистік діннің әдептілік талаптарымен және оның қасиетті «текстерімен», ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымның философиялық және ғылыми талпыныстарымен, табиғатты игерудегі техникалық жетістіктерімен ж.т.б. айқындалады. Бұл мағынада алғанда, өркениеттілік — уақыт межесі және бүкілпланеталық мәдениеттің қалыптасуындағы қажетті саты.
Қорқыт жайлы
Қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі. Ол туралы Ватикан архивінде мынадай дерек сақталған: «Расул пайғамбар(Мұхаммед пайғамбар) заманына жақын кезде (VIII ғасырда) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, басына іс түскендердің бәрі оның алдына келіп кеңес сұрап, ол нені бұйырса, соны қабыл етер еді».[4] Осы кітап жайында Ә. Марғұланның, Ә. Диваевтің, X. Көрұғлының, Ә. Қоңыратбаевтің т.б. еңбектерінде бірталай қызық деректер келтірілген. «Қорқыт ата кітабы» атақты «Шаһнамаға» ұқсас және сол кездегі түрік мәдениетінің энциклопедиясы деуге болады.
Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген. Ол философиялық өте маңызды мәселе өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектеулікті жеңіп шығудың жолдары туралы талай тамаша пікірлер айтады. Енді Қорқыттың философиялық ғақлия сөздеріне жүгінейік: «Қорқыт ата сөйлейді: Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса теңіз толмас. Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп- жер, киер де кетер, бірақ, көрдім демес. Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас. Тозған мақта без болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Маңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол отбасының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын».[5] Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты, қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, көктем-жаздағы жас желек күзде сарғайғаны тәрізді, өмірде де «өлмейтін нәрсе жоқ» екендігі туралы қорытындыға келеді. Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырды. Қорқыт жайында қазақ халқының жадында талай аңыз — мифтер бар. Олардың бірі «Қазақ мәдениетінің ғарышы» атты кітапта суреттеледі. Авторлар Қорқыт бейнесін шым-шытырақайдан пайда болған үйлесімділікпен байланыстырады және терминологиялық талдау арқылы ізгілік пен жамандықтың мәңгілік күресі деп (құт және қор) түсіндіреді. Қорқыт туралы бір аңыз бойынша, оны анасы үш жыл құрсағында көтеріпті. Қорқыт туылар алдында әлемді қара түнек басып, сұрапыл қара дауыл соғыпты. Аталмыш кітапта былай дейді:
Қорқыт туар кезінде
Қара аспанды су алған,
Қара жерді кұл алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған.
Қысқаша айтқанда, «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының алтын қорынан өзіне тиісті орнын алып отыр.
 
Бөлісу: