Баспа

4 Желтоқсан 2012, 04:51

    Баспа – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан (8 – 9 ғасырлар) басталады. 1040 – 48 ж. Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты; Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді. 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. Еуропада 1445 ж. неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында баспалар өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылды.  Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. «Мемлекеттік баспа туралы» қабылданған декрет бойынша 1917 жылдың аяғында Бүкілресейлік атқару комитетінің жергілікті кеңестерінің жанынан баспа бөлімдері ашылды. 1920 ж. үшінші қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық атқару комитеті «Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет» қабылдады. 1921 – 22 ж. Қазақстанда жиырма тоғыз баспахана, бір литография жұмыс істеп, таралымы жиырма жеті мың дана жиырма кітап шығарды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы (Қазақ БМБ) аталды. Соғыстан кейін баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. 1968 ж. «Қазақ энциклопедиясы» баспасы дүниеге келді.  Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы баспалар қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын», «Рауан», «Өнер», «Қайнар», «Ғылым», «Білім», «Санат», «Балауса», «Ана тілі», «Қазақ энциклопедиясы», «Дәуір», «Сарыарқа» баспаларымен бірге, жаңадан ондаған жекеменшік баспалар пайда болды.         

 

 
Баспа – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан (8 – 9 ғасырлар) басталады. 1040 – 48 ж. Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты; Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді. 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. Еуропада 1445 ж. неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында баспалар өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылды. 
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. «Мемлекеттік баспа туралы» қабылданған декрет бойынша 1917 жылдың аяғында Бүкілресейлік атқару комитетінің жергілікті кеңестерінің жанынан баспа бөлімдері ашылды. 1920 ж. үшінші қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық атқару комитеті «Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет» қабылдады. 1921 – 22 ж. Қазақстанда жиырма тоғыз баспахана, бір литография жұмыс істеп, таралымы жиырма жеті мың дана жиырма кітап шығарды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы (Қазақ БМБ) аталды. Соғыстан кейін баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. 1968 ж. «Қазақ энциклопедиясы» баспасы дүниеге келді. 
Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы баспалар қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын», «Рауан», «Өнер», «Қайнар», «Ғылым», «Білім», «Санат», «Балауса», «Ана тілі», «Қазақ энциклопедиясы», «Дәуір», «Сарыарқа» баспаларымен бірге, жаңадан ондаған жекеменшік баспалар пайда болды. 
 
 
 
 
Бөлісу: