4 Желтоқсан 2012, 04:49
Дін мен ұлттық тәрбие
Адамзат тарихында Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтардың ұлтқа, ұлысқа бөлінуі жаратушының әмірінен.
Жер бетіндегі әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тұрақты жері, тарихы, тілі мен дәстүрі болуы керек екенін заманымыздың өзі талап етуде.Әр ұлт тұрған жеріне, ауа райына байланысты ұлттық киімдері болады.Құдайды бір деп мойындаушы ақыл есі түзу әрбір ұлт өкілі харамнан тиылып, жаманнан қашықтап, жақсылыққа бет бұрып, ерге де, әйелег де ұятты жерлерін жауып, қыз-келіншектеріміз шаш көрсетпей орамал тартып, тізеден төмен көйлек киіп өздеріне жарасымды етіп жүру керек.Қазақ ұлтының ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан әрбір дәстүрлі – елдің сыйлы, білімді, парасаты, бірлікке және ауызбіршілікте болып тіршілік жасауынабағытталған.Қыз ұзат, келін түсіру, құда шақыру мен өзара қарым-қатынаста әрбір дәстүрдің ағайының арасының ажырамауында атқарар міндеті деп білсек.Жаратушының қасиеті сөзінде: «Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» - дейді.Бұл турасында Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің арнайы берген сұхбатында: «Ислам адамның абыройы менар-ожданың бәрінен де жоғары қояды, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтайды, әлеуметтік әділеті көздейді» - деген сөзі де адамгершілік қағидаларын сақтап дамытудың бағыты деп білеміз.
Ал елбасының «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Осылайша қазақтар өздері үшін жаңа Ислам дінін қабылдағанымен, өз балалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасында да көз жазған жоқ» - деуі, ата-бабаларымыздың Исламға (бейбітшілікке) бейім рухани дәстүрлері қай кезеңде де өз орнын ала білгенін дәлелдейді.
Елімізде дінге бұрып жатқан қандастарымыздың дініміз бен ұлттық шет дәстүрімізге жат әдет ғұрыптарды алыс және жақын шет елдерден алып келіп сіңіруінде кереғар мақсаттың жатқанын бірі білсе, бірі немқұрайлы қарауы мүмкін.Данышпан балаларымыздың «Ағайынның азара болса да, безері жоқ» - деген ұлағатты өсиеті қай уақытта да қасиетін жоймайтынына көзіміз жетеді.Сондықтан әр отбасында балаларымызға, көрші-қолаң, ағайынға осы жәйттерді түсіндіріп отыруға тиіспіз.Отанымыздың өркендеуі жолында елінің абыройын ойлап, халқының жоғын жоқтайтын, ар-намысын қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мәселесі.Бірлік бар жерде тірлік бар, ынтымақ бар.Ал, егеменді елімізге дәл қазіргі уақытты ынтымақ, бірлік ауадай қажет екенін ұмытпайық, ағайын.
М.Нұржанов
Қызылорда облысы
Сырдария аудандық, мешіттің бас имамы.