Басқару Академиясы

4 Желтоқсан 2012, 04:44

Басқару Академиясы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы – экономика және қаржы салалары бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. ҚазМУ-дің экон. ф-ті негізінде Алматы халық ш. ин-ты болып ашылған (1963). Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу бағдарламасының таныстырылымы болып өтті. Оған білім жетілдіру курсының тыңдаушылары мен кадрлар қызметінің мамандары қатысты. – Жоғары партия мектебі негізінде құрылған академияның 69 жылдық тарихы бар. 2005 жылдан бері [[ҚР Президенті[[ жанындағы мемлекеттік басқару академиясы деп аталады. Оған ҚР Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Премьер-Министрдің Кеңсесі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыртқы істер министрлігі жетекшілік етеді. Академияның құрамында мемлекеттік және жергілікті басқару, дипломатия, сот төрелігі, мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, мемлекеттік басқаруды модернизациялау сияқты 6 институт жұмыс істейді, – деп бастады сөзін аталмыш жоғары оқу орнының маркетингтік қызмет жетекшісі Сапар Шәмшиев. Оның айтуынша, академияның магистратурасы 9 бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оқу орнына құжаттар тапсыру 1-31 шілде аралығында, шет тілі мен таңдаған мамандығы бойынша емтихан тапсыру 1-20 тамыз аралығында өтеді. Академияға түскендер соңғы қызметіндегі жалақы көлемінде стипендия алып тұрады. Оқуға ынталылар үш-жақты келісімшартқа отырады, ол үміткердің бұрынғы жұмыс орнының сақталуына жағдай жасайды. – Академияда 85 маман еңбек етеді, оның 2-еуі – академик, 29-ы – ғылым докторы, 37-сі – ғылым кандидаты. Мемлекеттік басқару саласындағы озық білімді қалыптастыратын және тарататын – осы мамандар. Олардан жоғары білім алып шыққан түлектеріміз ведомстволар мен ұйымдар басшыларының орынбасарлары қызметінен төменгі лауазымдарға тағайындалмайды. Біздің оқу орнымыз түлектеріміздің қызмет сатысымен өсуіне, жоғары мемлекеттік қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Осындай арманмен келген Қызылжар өңірінің 7 азаматы заман талабына сай бәсекеге қабілетті болу үшін бізде оқып жатыр, – дей келіп, Сапар Шәмшиев академияның Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 а мекенжайында орналасқанын, толық ақпаратты www.pa-academy.kz сайтынан алуға болатындығын жеткізді.

Бөлісу: