Қазақстан-Тараз (телеарна)

4 Желтоқсан 2012, 04:43

Жиырма жылдың белесі немесе «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді. Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. Себебі, одан арыға мүмкіншілік болмады. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Сонымен қатар, телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту алға қойылған басты мақсаттардың бірі болды. Алғашқы кезде негізінен хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай толық күрделі жөндеуден өткізіліп және техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегіЖамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға басыбайлы берілді. Сонымен қатар Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ Соның нәтижесінде жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін күнсайынғы /сенбі,жексенбіден басқа күндері / эфир уақыты бір сағатқа ұзартылды.«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының /»Қазақстан-Тараз» телеарнасының / қазіргі апталық эфирлік уақытының көлемі 98 сағат, жалпы тәуліктегі көрсетілімі 14 сағат. Телеберілімдерге жүргізілген апталық және тәуліктік мониторингі көрсеткендей , эфир уақытының тілдік арақатынасының сақталуы Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы заңына» сәйкес келеді.Яғни, мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлес салмағы 60-70 пайыз шамасында, ал орыс тіліндегі көрсетілімдердің көлемі 30- 40 пайызды құрайды. Телеарнаның меншікті бағдарламаларының жалпы саны-33, оның 7-еуі қоғамдық саяси, 4-мәдени, ұлттық-этнографиялық, 3-еуі әлеуметтік-экономикалық, 1 экологиялық, 1- дін, 2-спорт, балалар хабарлары, қалғандары өзге де саналуан тақырыптарды қамтиды. Жалпы бағдарламалардың барлығы телеарнаның арнайы мерзімдік көрсетілім кестесіне сай мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Авторлық бағдарламалардың апталық ауқымы-2660(44,3сағат) минутты құраса, тәулігіне -380 минут (6,3 сағат) деңгейінде. Қазақ тілді бағдарламалардың апталық үлес салмағы-1015 минут. Мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың үлес салмағы аптаның әр тәулігінде 60 пайыздан 85 пайызға дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Филиал басшылығы бекіткен хабар тарату кестесі бойынша мемлекеттік тілде жарық көретін материалдардың жариялану уақыты және көлемі тұрақты түрде сақталынады. Қазіргі таңда «Қазақстан-Тараз» телеарнасында барлығы 76 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы жоғары білімді.10 пайызы орта арнаулы оқу орындарын бітіргендер. Өткен 2009 жылды филиал 3 миллион 410 мың теңге таза табыспен аяқтады. Телеарнаның «Қазақстан» ұлттық арнасының телехабартаратқыштары арқылы бір сағаттық көрсетілімдерінің облыс елді мекендерін қамту көлемі 86 пайызды құрайды.Өкінішке орай «Қазақстан», «Қазақстан-Тараз» телеарналарының хабарларын Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғындары көре алмай отыр.Себебі Құлан ауылының тұсындағы биік тауға орнатылған телехабартаратқыштың қуаты небәрі 100 ват қана, әрі моральдық жағынан әбден ескірген.Оның орнына 1 немесе 3 киловаттық телехабартаратқыш қойғанда ғана жағдай оңалып, екі аудан тұрғындары қос телеарнаның көрсетілімдерімен қауышар еді.Алайда жаңа телехабартаратқыш қойылуға тиісті таудағы телемұнара Қырғызстан мемлекетіне тиесілі болғандықтан біздің министрлік тарапынан жасалған ұсыныс 3-4 жылдан бері ақ қалпақты ағайындардың құрғақ уәдесімен кейін шегеріліп келеді.  

Жиырма жылдың белесі немесе «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.

Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. Себебі, одан арыға мүмкіншілік болмады. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Сонымен қатар, телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту алға қойылған басты мақсаттардың бірі болды. Алғашқы кезде негізінен хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай толық күрделі жөндеуден өткізіліп және техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегіЖамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға басыбайлы берілді. Сонымен қатар Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ Соның нәтижесінде жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін күнсайынғы /сенбі,жексенбіден басқа күндері / эфир уақыты бір сағатқа ұзартылды.«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының /»Қазақстан-Тараз» телеарнасының / қазіргі апталық эфирлік уақытының көлемі 98 сағат, жалпы тәуліктегі көрсетілімі 14 сағат.
Телеберілімдерге жүргізілген апталық және тәуліктік мониторингі көрсеткендей , эфир уақытының тілдік арақатынасының сақталуы Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы заңына» сәйкес келеді.Яғни, мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлес салмағы 60-70 пайыз шамасында, ал орыс тіліндегі көрсетілімдердің көлемі 30- 40 пайызды құрайды.
Телеарнаның меншікті бағдарламаларының жалпы саны-33, оның 7-еуі қоғамдық саяси, 4-мәдени, ұлттық-этнографиялық, 3-еуі әлеуметтік-экономикалық, 1 экологиялық, 1- дін, 2-спорт, балалар хабарлары, қалғандары өзге де саналуан тақырыптарды қамтиды. Жалпы бағдарламалардың барлығы телеарнаның арнайы мерзімдік көрсетілім кестесіне сай мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Авторлық бағдарламалардың апталық ауқымы-2660(44,3сағат) минутты құраса, тәулігіне -380 минут (6,3 сағат) деңгейінде. Қазақ тілді бағдарламалардың апталық үлес салмағы-1015 минут. Мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың үлес салмағы аптаның әр тәулігінде 60 пайыздан 85 пайызға дейінгі аралықта өзгеріп отырады.
Филиал басшылығы бекіткен хабар тарату кестесі бойынша мемлекеттік тілде жарық көретін материалдардың жариялану уақыты және көлемі тұрақты түрде сақталынады.
Қазіргі таңда «Қазақстан-Тараз» телеарнасында барлығы 76 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы жоғары білімді.10 пайызы орта арнаулы оқу орындарын бітіргендер.
Өткен 2009 жылды филиал 3 миллион 410 мың теңге таза табыспен аяқтады.
Телеарнаның «Қазақстан» ұлттық арнасының телехабартаратқыштары арқылы бір сағаттық көрсетілімдерінің облыс елді мекендерін қамту көлемі 86 пайызды құрайды.Өкінішке орай «Қазақстан», «Қазақстан-Тараз» телеарналарының хабарларын Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғындары көре алмай отыр.Себебі Құлан ауылының тұсындағы биік тауға орнатылған телехабартаратқыштың қуаты небәрі 100 ват қана, әрі моральдық жағынан әбден ескірген.Оның орнына 1 немесе 3 киловаттық телехабартаратқыш қойғанда ғана жағдай оңалып, екі аудан тұрғындары қос телеарнаның көрсетілімдерімен қауышар еді.Алайда жаңа телехабартаратқыш қойылуға тиісті таудағы телемұнара Қырғызстан мемлекетіне тиесілі болғандықтан біздің министрлік тарапынан жасалған ұсыныс 3-4 жылдан бері ақ қалпақты ағайындардың құрғақ уәдесімен кейін шегеріліп келеді.
 
Бөлісу: