Қазақстан-Семей (телеарна)

4 Желтоқсан 2012, 04:40

1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді. Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді. Дәл осы күні эфирде “Семей телеорталығы іске қосылды” деп облыстық еңбекшілер депутаттары атқару кеңесінің төрағасы Дайыровтың сөзі беріліп, “Ермек Серкебев ән шырқайды” фильм-концертімен, Кеңес одағының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 20 жылдығына арналған “Жеңіс көгілдір оты” бағдарламасы берілді. Келесі күні эфирге алғашқы жаңалықтар, “Абрамцево мұражайы” телеочеркі мен “Мәскеу жұлдыздары” концерті шықты. Тарихы 60 жылдардың басында, теміржолшылардың мәдениет үйінде әуесқой телестудия ашылды. Осында түрлі мамандық иелері жұмыс жасады, олар түрлі хабарлар жүргізіп, фото-кинорепортаждар дайындады. Солардың бірі және бірегейі белгілі кинооператор әрі журналист Игорь Геннадьевич Бурлак еді. Ол өзінің зейнеткерлікке дейінгі бүкіл саналы ғұмырын Семей телестудиясына арнады, әлі күнге дейін жаңа буын өкілдерімен кездесіп тұрады. Зейнеткер, белгілі анестезиолог - дәрігер Валерий Николаевич Веретенников. Ол студент шағында әуесқой телевиденияда тележүргізуші болды. Кейіннен редакторларға көмектесіп, студияның жаңа павильонында хабарлар жүргізді. Семейдегі телерадио комитеттің алғашқы басшылары, соғыс ардагері-танкист, сол кездегі облыстық партия комитетінің екінші хатшылық қызметінен келген Келшікбай Бесапанұлы Байғожин және соғыс ардагері “Киров” крейсерінің морягі, журналистер одағының мүшесі Сержан Рамазанұлы Рамазановтар еді. Ал студия редакторлары белгілі әдебиетшілер - Надежда Чернова, Роллан Сейсенбаев, Александр Шмидт, ҚазМҰУ-дің журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Шәрбан Нұрғожиналар болды. Сол уақыттағы телестудияның алдыңғы қатарға шығуына атсалысқан режиссерлер Игорь Константинович Вишневский, Маргарита Михайловна Козина, Валерий Зарифович Гельманов, кинооператорлар Игорь Бурлак, Жарқын Жанбосынов, Владимир Дронов, Георгий Незнахин, журналистер Нариман Оспанов, Василий Захаров, Баташ Батесов, Тұрсынғали Молдағалиев, Зинаида Марьета, Сағи Мекішев , Николай Ушков, Жеңіс Хасенов, Владимир Базановтар болды. Олардың көмегімен Кеңес республикасының күндері, аудандардың теле күндері мен жергілікті театрлардың спектакльдері және концерттері, орталық телевиденияға арнайы телеочеріктер дайындалды. Телеорталықтың техникалық қызметін Борис Абрамович Шварцбург басқарды. 1971 жылы Орда тауының үстінен салынған ретранслятор арқылы Абай ауданының орталығы Қарауыл селосы Семей облыстық телевидениесінің хабарын көрген алғашқы ауданы, бұл телеорталық басшысы Б. А. Шварцбургтің еңбегі болатын. Семей телестудиясының алғашқы көрсетіліміне қатысқан, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Батташ Сыдықов кейіннен Семей облыстық телерадио комитетін ұзақ жыл басқарған үшінші басшы болды. Жидебайдағы Абай мұражайының ғылыми қызметкері, Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиев телестудияның бас инженері болған. Зульфия Омарова - диктор, Шұбартау ауданының түлегі, ұзақ жылдар көгілдір экранның көркі болған. Телевидениенің аудандарға шығуы арқылы, жарыққа “Ауданның теле күнделігі” сияқты тұрақты хабар келді. Ол уақытта фото суреттер мен кинопленкалардың жетіспеушілігі, ауыл өмірінен толыққанды хабар беруге мүмкіндік бермеді. Ауыл өмірінен хабарлар дайындауға қазақ орыс редакциялары жаз айларында шығып, бейне сюжеттер мен фото көріністер дайындайды. Алғашқы тікелей эфирдегі республикалық теле бағдарлама, екі қаладан бір уақытта шықты, 1973 жылы мамыр айында, тікелей эфир Семей мен Өскемен қалалары арасында болды, оған облыс басшылары қатысты, осылай екі қала кезек-кезек бірлескен республикалық алғашқы телеэфир шықты. Оны ұйымдастырған редакторлар Базанов пен Штыров. Мұндай телевизиялық форма 80 жылдары қайта үрдіс алды, осы жылдары телекөпір арқылы эфирде Семей жеңіл өнеркәсіп орындары өздерінің Алматылық және Қостанайлық әріптестерімен эфир арқылы сұхбаттасты. Ал 90-шы жылдардан бастап дәстүрлі түрде Өскемен мен Семей қалалары қайырымдылық телемарафонынын өткізіп келеді. Осыған орай орталық телевиденияға 15 минуттық телеочерк дайындалып, оған облыстық партия комитетінің хатшысы Николай Морозов қатысты. Семей телевидениесінің мұрағатында сақталған айтулы оқиғалардың бірі, ЮНЕСКО көлемінде өткен ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойы. Бұл мұрағаттар әлі түрлі хабарлар дайындауға пайдаланылып келеді. Алайда кезінде жай таспаға жазылған құнды мұраны санды таспаға бастыру телеарна мәселесі болып отыр. 1995 жылы Семей облыстық студиясына “Ветакам” түсіру аппараттары мен монтаждау қондырғылары әкелінді, мұндай тамаша қондырғы ол уақытта Алматыда ғана болатын. Осы техниканы жедел игерудің арқасында Семей телевидениясы республикалық телевидениенің ақпарат кеңестігіндегі серіктес болды.  

1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді.

Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді.
Дәл осы күні эфирде “Семей телеорталығы іске қосылды” деп облыстық еңбекшілер депутаттары атқару кеңесінің төрағасы Дайыровтың сөзі беріліп, “Ермек Серкебев ән шырқайды” фильм-концертімен, Кеңес одағының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 20 жылдығына арналған “Жеңіс көгілдір оты” бағдарламасы берілді. Келесі күні эфирге алғашқы жаңалықтар, “Абрамцево мұражайы” телеочеркі мен “Мәскеу жұлдыздары” концерті шықты.
Тарихы
60 жылдардың басында, теміржолшылардың мәдениет үйінде әуесқой телестудия ашылды. Осында түрлі мамандық иелері жұмыс жасады, олар түрлі хабарлар жүргізіп, фото-кинорепортаждар дайындады. Солардың бірі және бірегейі белгілі кинооператор әрі журналист Игорь Геннадьевич Бурлак еді. Ол өзінің зейнеткерлікке дейінгі бүкіл саналы ғұмырын Семей телестудиясына арнады, әлі күнге дейін жаңа буын өкілдерімен кездесіп тұрады.
Зейнеткер, белгілі анестезиолог - дәрігер Валерий Николаевич Веретенников. Ол студент шағында әуесқой телевиденияда тележүргізуші болды. Кейіннен редакторларға көмектесіп, студияның жаңа павильонында хабарлар жүргізді.
Семейдегі телерадио комитеттің алғашқы басшылары, соғыс ардагері-танкист, сол кездегі облыстық партия комитетінің екінші хатшылық қызметінен келген Келшікбай Бесапанұлы Байғожин және соғыс ардагері “Киров” крейсерінің морягі, журналистер одағының мүшесі Сержан Рамазанұлы Рамазановтар еді. Ал студия редакторлары белгілі әдебиетшілер - Надежда Чернова, Роллан Сейсенбаев, Александр Шмидт, ҚазМҰУ-дің журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Шәрбан Нұрғожиналар болды. Сол уақыттағы телестудияның алдыңғы қатарға шығуына атсалысқан режиссерлер Игорь Константинович Вишневский, Маргарита Михайловна Козина, Валерий Зарифович Гельманов, кинооператорлар Игорь Бурлак, Жарқын Жанбосынов, Владимир Дронов, Георгий Незнахин, журналистер Нариман Оспанов, Василий Захаров, Баташ Батесов, Тұрсынғали Молдағалиев, Зинаида Марьета, Сағи Мекішев , Николай Ушков, Жеңіс Хасенов, Владимир Базановтар болды. Олардың көмегімен Кеңес республикасының күндері, аудандардың теле күндері мен жергілікті театрлардың спектакльдері және концерттері, орталық телевиденияға арнайы телеочеріктер дайындалды. Телеорталықтың техникалық қызметін Борис Абрамович Шварцбург басқарды.
1971 жылы Орда тауының үстінен салынған ретранслятор арқылы Абай ауданының орталығы Қарауыл селосы Семей облыстық телевидениесінің хабарын көрген алғашқы ауданы, бұл телеорталық басшысы Б. А. Шварцбургтің еңбегі болатын. Семей телестудиясының алғашқы көрсетіліміне қатысқан, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Батташ Сыдықов кейіннен Семей облыстық телерадио комитетін ұзақ жыл басқарған үшінші басшы болды. Жидебайдағы Абай мұражайының ғылыми қызметкері, Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиев телестудияның бас инженері болған. Зульфия Омарова - диктор, Шұбартау ауданының түлегі, ұзақ жылдар көгілдір экранның көркі болған.
Телевидениенің аудандарға шығуы арқылы, жарыққа “Ауданның теле күнделігі” сияқты тұрақты хабар келді. Ол уақытта фото суреттер мен кинопленкалардың жетіспеушілігі, ауыл өмірінен толыққанды хабар беруге мүмкіндік бермеді. Ауыл өмірінен хабарлар дайындауға қазақ орыс редакциялары жаз айларында шығып, бейне сюжеттер мен фото көріністер дайындайды.
Алғашқы тікелей эфирдегі республикалық теле бағдарлама, екі қаладан бір уақытта шықты, 1973 жылы мамыр айында, тікелей эфир Семей мен Өскемен қалалары арасында болды, оған облыс басшылары қатысты, осылай екі қала кезек-кезек бірлескен республикалық алғашқы телеэфир шықты. Оны ұйымдастырған редакторлар Базанов пен Штыров. Мұндай телевизиялық форма 80 жылдары қайта үрдіс алды, осы жылдары телекөпір арқылы эфирде Семей жеңіл өнеркәсіп орындары өздерінің Алматылық және Қостанайлық әріптестерімен эфир арқылы сұхбаттасты. Ал 90-шы жылдардан бастап дәстүрлі түрде Өскемен мен Семей қалалары қайырымдылық телемарафонынын өткізіп келеді. Осыған орай орталық телевиденияға 15 минуттық телеочерк дайындалып, оған облыстық партия комитетінің хатшысы Николай Морозов қатысты.
Семей телевидениесінің мұрағатында сақталған айтулы оқиғалардың бірі, ЮНЕСКО көлемінде өткен ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойы. Бұл мұрағаттар әлі түрлі хабарлар дайындауға пайдаланылып келеді. Алайда кезінде жай таспаға жазылған құнды мұраны санды таспаға бастыру телеарна мәселесі болып отыр.
1995 жылы Семей облыстық студиясына “Ветакам” түсіру аппараттары мен монтаждау қондырғылары әкелінді, мұндай тамаша қондырғы ол уақытта Алматыда ғана болатын. Осы техниканы жедел игерудің арқасында Семей телевидениясы республикалық телевидениенің ақпарат кеңестігіндегі серіктес болды.
 
Бөлісу: