Сарқан ауданы

4 Желтоқсан 2012, 04:38

Сарқан ауданы — Алматы обл-ның солт.-шығысында орналасқан әкімш.-аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Алғашында аудан орт. “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 ж. аудан орт. Сарқантқа көшірілді. Жер аумағы 10,4 мың км², тұрғыны 47,2 мың адам (2004). Аудан аумағындағы 38 елді мекен 12 ауылдық, 1 қалалық және 1 кенттік округтерге біріктірілген. Ауданның оңт.-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солт-і, солт.-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңт.-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған. Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа темп-расы –7 — 10ӘС, шілде айынікі 22ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солт., солт.-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орт. өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай к-нде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі. Аудан тұрғындарының басым бөлігін қазақтар (75,3%) мен орыстар (21%) құрайды. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 5,2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарқант қ. (15,3 мың адам), Қойлық (3,5), Алмалы (3,4), Екіаша (2,7), Қарабөгет (1,6), т.б. Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауд. телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемл. қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). С. а-нда 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003). Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, гуманит. колледж, балабақша, шығарм. үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауд. аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді. С. а. аумағынан Алматы — Өскемен автомоб. магистралі және Түркістан — Сібір т. ж. өтеді.  

Сарқан ауданы — Алматы обл-ның солт.-шығысында орналасқан әкімш.-аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Алғашында аудан орт. “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 ж. аудан орт. Сарқантқа көшірілді. Жер аумағы 10,4 мың км², тұрғыны 47,2 мың адам (2004). Аудан аумағындағы 38 елді мекен 12 ауылдық, 1 қалалық және 1 кенттік округтерге біріктірілген. Ауданның оңт.-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солт-і, солт.-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңт.-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.

Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа темп-расы –7 — 10ӘС, шілде айынікі 22ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солт., солт.-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орт. өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым.

Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай к-нде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі. Аудан тұрғындарының басым бөлігін қазақтар (75,3%) мен орыстар (21%) құрайды. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 5,2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарқант қ. (15,3 мың адам), Қойлық (3,5), Алмалы (3,4), Екіаша (2,7), Қарабөгет (1,6), т.б. Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауд. телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемл. қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). С. а-нда 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003). Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, гуманит. колледж, балабақша, шығарм. үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді.


Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауд. аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді. С. а. аумағынан Алматы — Өскемен автомоб. магистралі және Түркістан — Сібір т. ж. өтеді.
 

Бөлісу: