Қазақстан-Өскемен (телеарна)

4 Желтоқсан 2012, 04:29

  Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Қайтып келмес сол бір кездерді ой елегінен бір өткізсек. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.[1] Кеңес Одағы экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, өндіріс саласы қарымды қарқынмен қарыштаған Шығыста бұл әлбетте жұрт мерейін үстеген жаңалық болды. Сол күні телеарнаң эфирінде алғашқы "Жеңіс салюті" бағдарламасы өтті. Қызметке ерекше ынта қойып, ыстық ықылас пен құлшына қызу кіріскен ұжым бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап аймақта киноөндіріс құрыла бастайды. Операторлар "Киев-С" деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар кассеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірлімге жететін. Сондықтан студияға пленкалар қап-қабымен жеткізілетін. Қосымша жабдықтар мен дыбыс жазу құрылғылар талоғайдай еді. Бұл ойыншық тәріздес камераларды ауыстыру құрметі "Киноры" және "Пентафлекс" атаулы ауыр салмақтағы камераларға бұйырды. Ол камералардың кәсіби деңгейі де биік еді. 1965 жылы "Район" атты жаңа қондырғы орнатылды. Телевизиялық аппараттардың жаңартылуымен қатар, облыста телевизиялық стансалар мен тарату желі аумағын кеңейту мақсатында радио желісінің құрылысы жүріп жатты. 1968 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігіне ие болды. 1974 жылдан республикалық бағдарламаларды аймақ жұрты тамашалап, Одақ көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар ағымы туралы телеарна эфирінен хабардар болып отырды. Ал, 1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телевизиялық студия кинооператорлары Мәскеу Олимпиадасын түсіруге қатысты. Сонымен қатар 1984 жылы халықаралық жастар мен студенттер арасында өткен фестивальді түсіру құрметіне ие болды. Бұл өз ісінде шеберлігін жылдар бойы шыңдаған мамандардың жоғары біліктігінің арқасында бағындырған аса биік асуы десек артық болмас. Дәл осы жылы әкімшілік-техникалық корпусқа қосымша жаңа ғимарат берілді. Жедел және нақтылық ұстанымын негізге алған ұжымға қосымша мүмкіндіктердің ашылуы қызметке жаңа дем беріп, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты. 1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. Көрерменнің көзайымы болған арна эфирінде түрлі - түсті форматтағы бағдарламалар мен жаңалықтар шығарылымы телевизиялық өндірістің тағы бір кезеңін артқа тастап, көш ілгерілеуге бағыт алды. 1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Ғасыр талабына сай жабдықталған кешен арқылы әр ауданнан, өңірдің тарихи-мәдени орындарынан эфирге тікелей қосылуға болатын. 30 жыл ішінде арна ұжымы жыл сайын жаңа шығармашылық, техникалық топтармен толығып отырды. Өрлеудің жыл сайынғы жаңа кезеңдерінде жаңа мүмкіндіктер жол бастаған бастамалар әсіресе, тілшілер мен телеоператорлардың жұмысқа деген ынтасын еселей түсті. Облыстық телевизиялық студия көп жыл бойы Мәскеу және Ленинград университеттерінің іс-тәжірибеден өтетін базасы болды. Қазір таңда олар әлемге аты әйгілі қаламы қарымды тілшілер. 1997 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірігуіне орай телеарна мен облыстық радио ортақ облысқа жұмыс істейді. Сол жылдың қазан айында теларна 18 сағаттық ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды бастайды. Демешуліре көмегінің арқасында «Panasonic» фирмасының бейне техникалары сатып алынды. 2003 жылы Өскемен облыстық телерадиокомпаниясы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы деп өзгертілді. 2008 жылы қараша айынан бастап жаңа хабар тарату жабдығы облыстың тағы барлық елді мекенін қамтыды. Енді бұл жүйе арқылы «Қазақстан – Өскемен» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 % қамтыды. 2009 жылы 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді. 2010 жылы 28 маусым күні – Астанамен Республикалық телекөпір өтті. Елбасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның дамуына байланысты “Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!” жұмыстарында ШҚ-ның ірі жобаларын көрсету телекөпірі «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының мамандары көмегімен жүзеге асты. 2010 жылы 21 желтоқсан күні Астанамен Республикалық «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты жалпыұлттық телекөпір өткізілді. "Қазақмырыш" АҚ еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған "Мыс балқыту зауытының" іске қосылу рәсімі сәтті өтті.  

 

Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Қайтып келмес сол бір кездерді ой елегінен бір өткізсек. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.[1]
Кеңес Одағы экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, өндіріс саласы қарымды қарқынмен қарыштаған Шығыста бұл әлбетте жұрт мерейін үстеген жаңалық болды. Сол күні телеарнаң эфирінде алғашқы "Жеңіс салюті" бағдарламасы өтті.
Қызметке ерекше ынта қойып, ыстық ықылас пен құлшына қызу кіріскен ұжым бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап аймақта киноөндіріс құрыла бастайды. Операторлар "Киев-С" деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар кассеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірлімге жететін. Сондықтан студияға пленкалар қап-қабымен жеткізілетін. Қосымша жабдықтар мен дыбыс жазу құрылғылар талоғайдай еді. Бұл ойыншық тәріздес камераларды ауыстыру құрметі "Киноры" және "Пентафлекс" атаулы ауыр салмақтағы камераларға бұйырды. Ол камералардың кәсіби деңгейі де биік еді. 1965 жылы "Район" атты жаңа қондырғы орнатылды. Телевизиялық аппараттардың жаңартылуымен қатар, облыста телевизиялық стансалар мен тарату желі аумағын кеңейту мақсатында радио желісінің құрылысы жүріп жатты.
1968 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігіне ие болды.
1974 жылдан республикалық бағдарламаларды аймақ жұрты тамашалап, Одақ көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар ағымы туралы телеарна эфирінен хабардар болып отырды.
Ал, 1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телевизиялық студия кинооператорлары Мәскеу Олимпиадасын түсіруге қатысты. Сонымен қатар 1984 жылы халықаралық жастар мен студенттер арасында өткен фестивальді түсіру құрметіне ие болды. Бұл өз ісінде шеберлігін жылдар бойы шыңдаған мамандардың жоғары біліктігінің арқасында бағындырған аса биік асуы десек артық болмас.
Дәл осы жылы әкімшілік-техникалық корпусқа қосымша жаңа ғимарат берілді. Жедел және нақтылық ұстанымын негізге алған ұжымға қосымша мүмкіндіктердің ашылуы қызметке жаңа дем беріп, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты.
1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. Көрерменнің көзайымы болған арна эфирінде түрлі - түсті форматтағы бағдарламалар мен жаңалықтар шығарылымы телевизиялық өндірістің тағы бір кезеңін артқа тастап, көш ілгерілеуге бағыт алды.
1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Ғасыр талабына сай жабдықталған кешен арқылы әр ауданнан, өңірдің тарихи-мәдени орындарынан эфирге тікелей қосылуға болатын. 30 жыл ішінде арна ұжымы жыл сайын жаңа шығармашылық, техникалық топтармен толығып отырды. Өрлеудің жыл сайынғы жаңа кезеңдерінде жаңа мүмкіндіктер жол бастаған бастамалар әсіресе, тілшілер мен телеоператорлардың жұмысқа деген ынтасын еселей түсті. Облыстық телевизиялық студия көп жыл бойы Мәскеу және Ленинград университеттерінің іс-тәжірибеден өтетін базасы болды. Қазір таңда олар әлемге аты әйгілі қаламы қарымды тілшілер.
1997 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірігуіне орай телеарна мен облыстық радио ортақ облысқа жұмыс істейді. Сол жылдың қазан айында теларна 18 сағаттық ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды бастайды. Демешуліре көмегінің арқасында «Panasonic» фирмасының бейне техникалары сатып алынды.
2003 жылы Өскемен облыстық телерадиокомпаниясы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы деп өзгертілді.
2008 жылы қараша айынан бастап жаңа хабар тарату жабдығы облыстың тағы барлық елді мекенін қамтыды. Енді бұл жүйе арқылы «Қазақстан – Өскемен» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 % қамтыды.
2009 жылы 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді.
2010 жылы 28 маусым күні – Астанамен Республикалық телекөпір өтті. Елбасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның дамуына байланысты “Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!” жұмыстарында ШҚ-ның ірі жобаларын көрсету телекөпірі «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының мамандары көмегімен жүзеге асты.
2010 жылы 21 желтоқсан күні Астанамен Республикалық «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты жалпыұлттық телекөпір өткізілді. "Қазақмырыш" АҚ еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған "Мыс балқыту зауытының" іске қосылу рәсімі сәтті өтті.
 
Бөлісу: