Барокко

4 Желтоқсан 2012, 03:58

  Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өрлеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Барокко стиль ретінде, алдымен, Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петр соборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. Ал Францияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды. Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияның классикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді. Барокконың әлемдік архитектуралық қазынасына қосылуына мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар мен отарлық үстемдік те (Америкада) әсер етті. 

Бөлісу: