18 Ақпан 2014, 05:44
– Қайырлы күн, Бердібек! Сұхбатымыздың басында «Қазақстан дауысы» жобасы жайында өз ойыңды айта кетсең?
– «Қазақстан дауысы» бұл, елімізде алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жоба. Сайыстың ерекшелігі қатысушыны көрмей, тек қана дауысына қарай таңдау жасау. Бұл байқаудың мен үшін жақсы тұстары өте көп болды..Тәлімгерлерден алған сабағымыз, сақынада, тікелей эфирде жұмыс жасау үлкен тәжірбие деуге болады. Сонымен, қатар теледидар арқылы мен үшін жаны ашып, бірліктерін аямай «смс» жолдаған жанкүйерлерім көптеп жиналды. Ол, тек қана Маңғыстау өңірі немесе еліміздің батыс аймағы емес,барлық обылыстардан деп ауыз толтырып айта аламын.
– Байқау қаншалықты әділ өтті?
– «Қазақстан дауысы» жобасын әділ, не әділетсіз өтті деп дөп басып айта алмаймын. Көптеген техникалық ахаулар болды, Мысалға делік «Шайқас» барысында көптеген конкурсанттарымыз техникалық келеңсіздіктерге байланысты эфирге шыға алмай, толықтай дауыс жинай алмағандары жобадан шығып қалды. Техниканың тағы бір әсері дауыс беру кездерінде көп кедергіге ұшыратты, смстер жіберілмей, қабылданбай көп қынжылтқаны бар. Жобадағы келіспейтін ережем, маған ұнамағаны: жартылай финалда тәлімгердің 60 та 40 пайызына келіспеймін. Олай болатын болса, халықтың таңдауын алып тастау керек еді. Арасыдағы 20 пайыз өте көп рөл атқарады.
– Неліктен Алмас Кішкенбаевты тәлімгер ретінде таңдадың? Көпшілік «Алмас әлі жас, толықтай дәріс бере алатындай орындаушы емес» деп. Сені одан басқа мықты орындаушылардың бірі, Медеу Арынбаев ағамызда өзінің тобына шақырған болатын.
– Іріктеудің алдында өзіме іштей таңдау жасағанмын. Сол оймен «Көрмей тыңдау» кезеңіне барғанымда, сол шешімімді айттым. «Неліктен?» деген сұрағыңа былай жауап берер едім... Алмас, мен үшін өзіндік стилі бар жас орындаушы, бір жағынан замандас, жастар көптеп тыңдайды деуге болады. Алмасты жобаға тәлімгер ретінде шақырғаны ол, үлкен мәртебе. Қазақ эстрадасында жүрген беделді орындаушы, олай жасына қарай «Дәріс бере алмайды» деуге болмайды. Алмастан үйренгенім көп.
– Өткен сайыстың барлығында дерлік сен жоғары дауыс жинап келе жаттың, ал, Тимурды Алмастың өзі үш мәрте алып қалғаны бар. Ақтығына келгенде, халықтың дауысынан жеңе тұра Тимурға 60 пайызын беріп, саған 40 пайызан берді.Неге? Алмас пен Тимурдың арасыда қандай байланыс бар?
– Менің жаңа айтқанымдай, 40 та 60 пайызын мүлде түсінген жоқпын. Неге ондай ереже қойылғанын. Келіспеймінде. Тәлімгер шешетін болса, халықтың дауысын алып тастау керек еді. Арадағы 20 пайыз мен үшін үлкен рөл атқарды. Әрине, түсінем екі мықтының арасынан таңдау жасау қиын, дегенмен төртінші рет алып қалғаны, мен үшін өкінішті болды. Көңілім толмай Алмастан сұрағанымда, жамандағаным емес: «Жәй, Тимурды ренжіткім келмеді!» деп қоя берді.Ренжіткісі келмесе 16 қатысушыдан екі мықты қалған кезде, шешімді менде ренжімейтіндей етіп жасауы керек ед. . Ал, Тимур мен Алмастың арасында қандай байланыс бар екені маған жұмбақ. Бірақ, жоба басынан Алмас Тимурды сүйрелеумен өтті.
– Байқау барысында, Медеу ағамыз «Сенен драйв күтемін» деген еді. Көпшіліктің ойымен сен орындалуы қиын, созылған, жәй орындалатын әндермен жүрдің. Өзіңде таңдау болды ма әлде, солай талап қойылды ма, сен осы әнді орындауың керек деген?
– Жобаға келгеннен бастап, жәй әндерді орындап бастадым, солай өзіме әрі қарай осындай әндері орындаймын деген талап қойып алдым. Таңдау әр кез өзімде болды. Қиын орындалудағы, баяу әндер менің жаныма жақын. Қазақ эстрадасында осындай әндермен атағы шығып, халық көзайымына айналып жүргендер қанша ма?! Мысалы, Мейрамбек ағамыз ешқашан құтырып сахынада билеп жүрген әндер орындағанын көрмеппін. Менде де сондай принцип болды.
– Жеке өмірің жанкүйерлеріңді қызықтырады.
– Қарапайым жанұядан шыққан қазақтың баласымын, әке-шешемнің өнерге ешқандай қатысы жоқ. Әкем жай ғана жұмысшы, анам үйде. Төрт апам, бір інім және мен. Өзімді қалыптастырмай, аяғымнан тұрып алмай, үйленіп, отбасы құру ойымда жоқ.
– Жобадан кейін қандай жоспарларың бар? Ұсыныстар түсті ме? Және де қанша уақыт арасында сені жаңа туындымен көре аламыз?
– Байқаудан кейін жоспар өте көп.Нақты төрт продюссердан ұсыныс түсті. Кім екенін айтпай ақ қояйын. Құпия ретінде қалсын. Ұсыныстар жөнінде ойлану үстіндемін.Олардың жасаған еңбектеріне қарап, маған қоятын талаптарына мән беріп деген сияқты. Бір ойланып жүргенім, келісім барысында маған және жеке өміріме қойылатын қатаң талаптардан бас тартамын. Аянбай еңбек етуге дайынмын, дегенмен продюссердің рұқсатымен үйден шығу деген талаптарға мен мойын сынбаймын. Бұйырып жатса, алдағы екі айдың көлемінде шығармашылығымда жақсы сапалы дүниелерді көріп қаласыздар!!!
– Сұхбатыңызға рахмет!!! Өнеріңіз өрге жүзсін.
P.S. Бердібек қазақтың қарапайымдылығымен ерекшеленді. Себебі жобадан кейін келген атақ, даңққа берілмеген. Және кейбір ақпарат көздері арқылы көргенім қайырымдылық концертін беріп, үйсіз жандарға көмегін бермекші екен. Сұхбат барысында осындай игі істері жайында тіс жармады. Жарайсың, Бердібек! Алдағы уақытта тек қана сәттілік, биіктерден көріне бер.
Сұхбаттасқан – Ерлан Қлаубай.