Астана әкімі жаңа жылды қалай қарсы алады?

8 Желтоқсан 2014, 14:56

Астана қаласының әкімінің жалақысы өзге әріптестерімен бірдей. Ал, жаңа жыл қарсаңында қала әкімі отбасымен бірге болады.

Астана қаласының әкімінің жалақысы өзге әріптестерімен бірдей. Ал, жаңа жыл қарсаңында қала әкімі отбасымен бірге болады. Бұл туралы бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Менің жалақым өзге әкімдер тәрізді 650 мың теңге көлемінде. Астанаға келгелі 5 жыл болды. Келгеннен бері бір ғана қызметтік көлікті пайдаланамын. Елордаға әкім болған кезде 3 жыл қатарынан пәтер жалдадым. Кейін Алматы қаласындағы пәтерімді сатып, Астанадан жеке үй салып алдым.
Ал, жаңа жыл мерекесі қарсаңында қайда боласыз деген сұраққа келсек, мен жаңа жылда отбасыммен бірге боламын. Немерелеріммен бірге болғанды жөн санаймын», - деді И.Тасмағамбетов.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото)

Бөлісу: