Бейсенбіден не күтеміз?

18 Ақпан 2014, 07:21

Желтоқсан айының үшінші аптасы да аяқталуға жақын. Жаһанның бір бөлігінде күтпеген қазба байлықтары табылып жатса, бөлігінде әділетті жақтап, түрмеге «тоғытылғандар» бостандыққа шығады. Әлем әлеуметтік желі саласындағы соны жаңалықтарға да қарық болмақ. Бүгін төрткүл дүниеде қандай жаңалықтар орын алады? Кіші жұмада жаһанда болатын оқиғалар легін назарларыңызға ұсынып отырмыз...

Желтоқсан айының үшінші аптасы да аяқталуға жақын. Жаһанның бір бөлігінде күтпеген қазба байлықтары табылып жатса, бөлігінде әділетті жақтап, түрмеге «тоғытылғандар» бостандыққа шығады. Әлем әлеуметтік желі саласындағы соны жаңалықтарға да қарық болмақ. Бүгін төрткүл дүниеде қандай жаңалықтар орын алады? Кіші жұмада жаһанда болатын оқиғалар легін назарларыңызға ұсынып отырмыз...

 Бүгін Украинада Жоғарғы Рада 2014-жылғы мемлекеттік бюджет туралы заң жобасын қабылдауы тиіс. Бұл туралы бүгін Киевте Украинаның қаржы министрінің орынбасары Анатолий Мярковский журналистерге мәлім етті.

Еуропаның Парламенттік ассемблеясы Кеңесінің (ПАСЕ) мониторингтік миссиясының баяндамашылары бүгін Украинаға ат басын тірейді. Майлис Репс пен Мариетта де Пурбе-Лундин елдің қазіргі жай-күйіне баға бермек. Сапар 20-желтоқсанға дейін жалғасады.

АҚШ-тың Ресей,Украина және Еуразия істері бойынша қорғаныс министрінің көмекшісі Эвелина Фаркас ертең Армениядағы екі күндік сапарын қорытындылайды. Министрдің көмекшісі онда қорғаныс саласындағы екіжақты серіктестік мәселелері бойынша жиындар өткізді. Фаркас ресми сапары аясында Арменияның сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен кездеседі.

Антарктидада кимберлит асыл тастары табылды. Австралиялық геологтар мұндай олжаға бірінші рет кеңеліп отыр. Мамандар құрлықтың шығысындағы Принс-Чарльз тауында алмаздардың көп екенін айтуда. Бірақ бүгін геологтар Антарктиданың "қымбат" жерлерін тастап шығуы тиіс.Өйткені халықаралық келісімге сай Антарктидада пайдалы қазбаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

Pussy Riot тобының тұтқынға алынған қатысушылары Надежда Толоконникова мен Мария Алехина бүгін бостандыққа шығып қалуы бек мүмкін. Бұл туралы "Война" арт-тобы хабар таратып отыр."Бәрі аяқталып қалды.Дума бірінші оқылымда-ақ рақымшылық жасауға келісті",-делінген хабарламады.
Бүгін Варшава "қонақ" күтеді. Бұл елге РФ СІМ басшысы Сергей Лавров келеді. Лавров өзінің польшалық әріптесі Радослав Сикорскиймен,ресейлік және польшалық серіктестік стратегиясының мәселелері бойыннша кезекті отырысты басқарады. Бұл туралы Rosbalt хабарлап отыр.

Arctic Sunrise кемесінің экипаж мүшелерінің Баренцев теңізінде ұсталғанына бүгін үш ай толады. Greenpeace халықаралық экология ұйымының белсенділері 19-қыркүйекте ресейлік шекарашылармен "Приразломная" мұнай өндіру платформасында ұсталған еді.

Кеше Австралияның федералды полициясы бірқатар банктік есепшоттардың қызметін уақытша тоқтатты. Оған себеп-есепштттардың бірінде ресейлік қылмыс құрылымдарының ақшалары сақталуы мүмкін деген күдік. Мәселенің мән-жайын бүгін нақты білетін боламыз. Ел полициясы бүгін толық ақпарат беретін болды.

Ал, енді әлеуметтік желілердің бүгінгі жоспарларына тоқталсақ...

Facebook компаниясының сервисі туралы бейнероликті ертең көре аламыз. Пайдаланушылар жарнама ролигін "таймлайнда" тамашалай алады, бейнежазба автоматты түрде айнала береді, бірақ дыбыспен қамтамасыз етілмейді. Енді "фейсбукшілер" жаңалықтар тізбегінде жарнамадан құтылатын болады. Бүгін сондай-ақ киносүйер қауым Нил Бергердің «Дивергент» (ағылш. Divergent) фильмінің промо-роликтерін көре алады. Фильмнің премьерасы 2014-жылдың 21-наурызына белгіленген. Instagram болса бүгін жеке хабарлама жібере алатын жаңа функцияны іске қосады. Әлеуметтік желі жаңа қызметтің құнын жариялаудан бас тартып отыр.

Бүгін оңтүстіккореялық Samsung компаниясы Galaxy Note 3 саудаға шығарады. Смарфондағы ойынға әуес жандарға арналған Samsung Game Pad құрылғысына да қол жеткізеді. Құрылғының бір данасы 130 долларға сатылады.

Кеден Одағынан аз-кем ақпарат...

Бүгіннен бастап Нидерландыдан Кеден Одағы елдеріне тасымалданатын сүт өнімдерінің экспортына тыйым салынады. Өйткені, Нидерландының 13 сүт кәсіпорны аталмыш шикізатты сақтау мерзімдерін өткізіп алып барып ,экспорттаған. Бұл Кеден Одағы құрамындағы әр елдің ветеринарлық-санитарлық талаптарына қайшы келетін әрекет.

Бүгін күтілетін басты оқиғалар легі осындай. Бейсенбі жағымды жаңалықтарға бай болғай!

Асаубек ӘЙІМБЕТОВ

BAQ.KZ

Бөлісу: