ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

18 Ақпан 2014, 07:35

Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 20 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы күнмен барша халқымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ел аман, жұрт тыныш, аспан астындағы Алаштың азаттығы жасай берсін! Жасасын, Азаттық! Жасасын, Тәуелсіз қазақ мемлекеті!

Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 20 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы күнмен барша халқымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ел аман, жұрт тыныш, аспан астындағы Алаштың азаттығы жасай берсін!

Жасасын, Азаттық! Жасасын, Тәуелсіз қазақ мемлекеті!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіздіктің  20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1990 жыл.

1991 жыл.

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

 

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.

1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды.

Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады.

Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді.

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы  қабылданды

1992 жыл.

- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент

Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.

-  2003 ж.7 мамырында  Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085

Жарлығы негізінде  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-

теңіз күштері  құрылды.

-  Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінше болып 56 мүше елді  біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу: