Дала дауысы - дәстүр жалғауы

18 Ақпан 2014, 07:54

6 желтоқсанда «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ, Қазақ радиосының төл жобасы – «ДАЛА ДАУЫСЫ» ІІ Халықаралық радиофестивалі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтті. Бұл ірі жобада радиотыңдаушы және кәсіби мамандар анықтаған үздік әндердің орындаушылары өнер көрсетті. Фестивальға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен  өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

6 желтоқсанда «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ, Қазақ радиосының төл жобасы – «ДАЛА ДАУЫСЫ» ІІ Халықаралық радиофестивалі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтті. Бұл ірі жобада радиотыңдаушы және кәсіби мамандар анықтаған үздік әндердің орындаушылары өнер көрсетті. Фестивальға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен  өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Қазақ музыка мәдениетіндегі барлық орындаушылық мәнерлерді қамтитын «Дала дауысы» жобасында  жеңімпаздар «Дәстүрлі орындаушы», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы» аталымдары бойынша  марапатталып, фестивалдің «Жаңа есімдері» белгілі болады.

Еліміздегі өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері жеңімпаздарды марапаттайды. Олар «Дала дауысының» арнайы статуэткасын және арнайы дипломдарды тапсырады.

«Дала дауысы» – радиофестиваль ретінде Қазақ радиосының эфирінде 2012 жылдан бастау алған болатын. Қазақ  әнінің Халықаралық деңгейдегі заманауи, бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын  насихаттау, тыңдаушының талғамынан шыққан шығармалар арқылы орындаушыларды  марапаттау, ән дәстүріміздің жалғасуына радиоэфир арқылы ықпал ету мақсатында  болып өтті.

 «Дала дауысы» жобасының авторы, Қазақ радиосының директоры  Мақсат Садық. Аталған жоба тек  қана радиофестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қазақ радиосының миллиондаған тыңдармандары  интернет арқылы  сүйікті әндеріне дауыс беріп,  жеңімпаздарды анықтайды. 3-4 апта бойына алғашқы бестіктен көрінген орындаушылар ғана финалға жолдама алады. Финалда 40% тыңдарман дауысы негізінде, 40% мамандар сараптауы арқылы,  20 % жоба ұйымдастырушыларының ұсынысы арқылы «Дала дауысы» сыйлығының иегері анықталады.

«ДАЛА ДАУЫСЫ» ІІ Халықаралық радиофестиваліне 100 орындаушы қатысып,  20 орындаушы жеңімпазы атанды. Олар:

  1. «Үздік эстрада әншісі» аталымы бойынша:  «МузАРТ» вокалды-аспаптық ансамблі, Нұрлан Албан, Зағипа Иманғазиева, Адам, Алмас Кішкенбаев және V-ALEM, «Алашұлы» тобы, Ғани Мәтебаев;
  2. «Үздік дәстүрлі орындаушы» аталымы бойынша: Ерлан Рысқали, Ырысты Сүлейменова, Ақмарал Ноғайбаева, Гүлмира Сарина, Ақмарал Ерімбетова;
  3. «Үздік академиялық орындаушы» аталымы бойынша: Станислав Ли, Дина Хамзина;
  4. «Жаңа есімдер»: Анар Құмарова, Марат Медетов (Қазақстан) «Дос» дуэті (Қытай ХР), Фериал Башел (Түркия), Айдай Сәбитова (Қырғыстан), Салтанат Бигулина (Ресей).
Бөлісу: