"Әпке" телехикаясының тұсаукесері өтті.

18 Ақпан 2014, 07:59

«Әпке» телехикаясының тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков,  «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрайымының өндіріс жөніндегі орынбасары Олжай Қайнар Қалиақпарұлы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры І.Ысқақов және «Әпке» телехикаясының  режиссері Нұргелді Сәдіғұлов, сценарисі  Жәмит Көшербаев және фильмде рөлдерді сомдаған танымал актерлер қатысты.

«Әпке» - дарабоз жазушы Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында пьеса ретінде көрсетілді.  Телехикая жетім қалған бауырларына пана болып тәрбиелеп өсірген, осылайша өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашып көрсетеді. Фильмде қыл мойынымен нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан,қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

«Әпке» телехикаясының бас продюсері - Батырхан Сазаханов, қоюшы режиссері - Мұрат Бидосов. Рөлдерді Рита Күмісқалиева, Қуаныш Керімқұлов, Дарын Шыныбек, Айдана Асқар, Әли Тұрсынханов, Бақытжан Әлпейісов, Шынар Асқарова, Ерлан Біләл, Айзада Сатыбалдиева, Жалғас Толғанбай  сомдайды.

Бөлісу: