Нәпсіңді тый

9 Желтоқсан 2013, 06:15

− Масқара, таң атып кетіпті ғой!  Көзін ашып алғандағы Нұрханның аузына түскен алғашқы сөзі осы болды. Жастығының астында жатқан қол сағатты алып қарап еді, тоғыздан кетіпті. Дереу атып тұрып, төсегін жинастыруға кірісті. Одан кейін жуынатын бөлмеге барып, беті-қолын шала-пұла жуған болды. Түндегі жазған мақаласын, жазу үстелінің үстінде шашылып жатқан басқа да қағаздарын қоңыр сөмкесінің ішіне тоғыта салды да, кәстөм-шалбарын киіп, сыртқа қарай асыға басып беттеді.  Адам баласы бір сәтке де ой ойламай тұра алмайды емес пе. Нұрханның да ойына бірде ауылда қалған кәрі әке-шешесі келсе, енді бірде кешегі Нұргүл екеуінің театрға барып «Сыған серенадасын» тамашалағаны, одан шығып әсем Алматының көрікті жерлерін аралағаны түсті. Сүйіктісінің сүйкімді қылықтарын есіне алып, тәтті қиялға батқан ол аялдамаға да жеткен еді.  Жұмыстан кешіккені болмаса, бүгінгіге берілген тапсырманың бәрін орындап қойды. Тапсырма дейтіндей көп те емес. Бір атақты адамнан сұхбат алу және саяси тақырыптағы мақала. Кеше түстен кейін әлгі адамнан алатын сұхбатын диктофонда жазып алды да, кешке Нұргүлмен бірге біраз қыдырды. Үйге қайтып келгеннен соң түңгі сағат төртке дейін отырып мақаласын жазды. Қара басып ұйықтап қалғаны да соның салдары болатын.  Аялдамадағы адамдар қарасы сирек. Дәл жұмыс орнының жанына дейін баратын нөмірі жетпіс тоғызыншы автобусы көп күттіре қоймай, ызғытып келіп тоқтады.  «Осы Алматының адамдары қызық өздері. Жастары жалпайып орындықта отырады да, кәрілері қақиып тұрады». Бұл − автобус ішіне кіре салып орындыкқа отырмай қақшиып тұрған екі қарияға көзі түскен кездегі Нұрханның басына келген алғашқы ой. Шалдың таяққа сүйеніп, кемпірдің оны қолымен тірей сүйемелдеп тұрғанын көргенде, Нұрхан екеуінің алдында тұрған орындықтағы қызға:  − Қарындасым, үлкен кісілерге орын берсеңізші. Ұят болады ғой, − деді. Қыздың да жауабы дайын екен:  − Бұл кісілерге бағана бірнеше рет орынымды бергенмін, өздері отырмай қойды, − деді ақталған кейіппен. Осы кезде әңгімеге шалын сүйемелдеп тұрған қаланың қайқандаған кемпірі араласты.  − Қарағым, бізге орын ізде деп айттық па саған?! Керек болса өзіміз-ақ тауып аламыз. Бізді өйтіп мүсіркеме, білдің бе? − деді Нұрханның бетіне қарап шабалана сөйлеп.  Кемпір-шалдан мұндай сөз күтпеген ол әуелде не дерін білмей сасып қалды. Сосын барып есін жиғандай болды да, жан-жағына қарап алып:  − Кешіріңіздер, енді қазақ болғаннан кейін өзіміз деп жаным ашып тұрғаны ғой, − деді оларға күмілжи қарап.  − Айттым ғой мен саған мүсіркеме деп, мүсіркеу деген бұл - қорлаудың ең әдемі түрі. Так что, балақай, в данный момент сен бізді қорлап тұрсың, − деді әлгі кемпір бұған қарай сұқ саусағын шошайта сермеп, автобусты басына көтеріп. Арт жақтағылар мен алдыңғы қатарда отырғандар ащы айқайдан бұларға мойындарын бұрып, жапа-тармағай қарап жатыр. Жұрттың көбі «мына жас жігіт кемпір мен шалдың ақшасын ұрлап алған шығар деп ойлады-ау шамасы» деп болжады құлағына дейін қызарып кеткен Нұрхан. «Құрысын, енді сендерге сөйлемеймін» дегендей теріс бұрылды да, екеуіне жотасын беріп тұрып алды.  Автобус көк базарға таяп келді. Бұның түсетін аялдамасы да осы жер. Шығар есікке жақындаған Нұрхан жол ақысын төлей салайын деп қалтасына қолын салып еді, ақша салатын әмияны жоқ болып шықты. «Әлде ұмытып кеттім бе екен?» деген ой лезде санасын шарпып өтті. Жоқ, жаңа үйден шығар кезінде ақша қапшығын кәстөмінің оң қалтасына, ұялы телефонын сол қалтасына салғаны анық есінде. Төс қалтасын сипалақтады. Онда да жоқ. Енді сол жақ қалтасына қол жүгіртіп көрген ол шошып кетті. Бұл қалтасына салған ұялы телефон да жоқ. «Мәссаған, қалта қаққыштар қағып кеткен екен ғой» деді ол кімнен күдіктенерін білмей, бағана өзі тұрған орнына қайта-қайта қарағыштап. Бұл отырғаннан кейін төрт аялдама бойына автобусқа жан баласы аяқ артқан емес. Демек, ол ұрының осында отырғандардың ішінде екені анық. Бірақ, «қалтамдағы бес мың теңге салынған қапшық пен сатып алынғанына бір ай да болмаған «Сони Эриксон К700» маркалы ұялы телефонымды сен ұрладың!» деп кімнің жағасына жабысады?  Бағана «кемпір-шалмен ұрысысып тұрамын ба?» деп кері бұрылғанда, қалтасынан бір нәрсе суырылғандай болып еді. Бұл оған мән бермеген. «Сонда, кім ұрлады? Мүмкін мына қалтыраған кемпір мен шал шығар?» Алғашында бұл ойынан өзі селк ете түсті де артынан, «қой, төрлерінен көрлері жуық тұрғанда, бұларға не жорық?», − деді ішінен. Осы оймен арпалысып тұрғанда автобустың есігі ашылып, шопыр жігіт түсетіндерін түсіріп, мінетіндерін мінгізіп жатыр еді. Қалтасын сипалақтап, аңырып қалған бұның мына әрекетінен жол ақысын жинайтын бала ақшасын жоғалтқанын бірден түсінді.  − Байқап жүрсеңші. Қазіргі кәрі қақпастардың өзі қалта тінтуді кәсіп еткен. Әйтпесе таң атпастан бұларды жеті әкелері бас асып күтіп отыр ғой дейсің бе? − деді Нұрханға әлгі кемпір мен шалды иегімен нұсқап.  − Қой, інішек, олай жаман ойлама. Бұйырмаған ақша ғой. Садақа бермегелі де көп болған еді өзі. Тек ұялы телефонымның қызығын көре алмағаным болмаса...  − Ах, оңбағандар, телефонынды қосып ұрлап алған ба?! − деді бала кемпір мен шалға қарап кіжініп. Бейне, солардың ұрлағанына сенімді адамдай.  − Інім, жол ақысын тағы бір кездескенде бере салармын, иә? Бірақ сен үлкен кісілерден күдіктенуші болма, − деді ол автобустан түсе беріп.  * * *  «Ақша жоғалтсаң − кіріс» деп жатушы еді марқұм әжесі. Расыменен-ақ, сол күні Нұрхан айлық ақысына қосып қосымша сыйақы алды. Ертесі ауылдағы ата-анасына хабарласып еді, тұтқаны анасы көтерді.  − Ертең таңертең Алматыда боламын, автобекеттен күтіп аларсың, − деді анасы хал-жайды сұрасқаннан кейінгі сөзінің аяғында.  Келісі белгілі. Соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүргенге ұқсайды. Соны тексертіп қайтпақшы екен. «Келгені тіпті жақсы, келінімен таныстыруға тамаша мүмкіндік» деді Нұрхан қуанып. Сол күні түнде Нұргүлге хабарласып, таңертең енесімен танысатынын жеткізді.  Мезгіл жаз болса да далада сәл суықтық бар. Нұрхан мен Нұргүл автобекетке келіп жатқан автобустарының бірін де жібермей қарап жүр. Бір уақытта соңғы автобустың ішінен жүзі жарқырап анасы түсті. Екі қолында екі сөмке. Ауылдың сарқытына толы екенін аңғартып, екі жақ қарны қампиып тұр. Нұргүлді анасымен таныстырған Нұрхан екі сөмкені көтеріп Өтеген батыр көшесінің арғы бетіне өтті. Болашақ келінін қолтықтап алған анасы осы кезде:  − Нұрхан, балам, сен өзің пәтерде тұрасың. Қасында жолдастарың бар. Маған онда бару ыңғайсыз. Мен саған мына әдірісті берейін, сен осы арқылы маған әпкем мен жездемнің үйін тауып бер. Әпкеммен, құдай-ау, қанша жыл көріспегелі. Оны сен білмейсің, араласпай кеткен соң айтпаған ем. Айтпаған себебім де бар...  Қағазда көрсетілген тұрақ бойынша анасының әпке-жездесінің үйін қиналмай тапты. Есікті ашқан таныс кемпірді көргенде, Нұрхан тұрған орнында сілейіп қатып қалды. Онысын анасы мен Нұргүлге сездірмей, кемпірге жылы ғана амандасып, солардың соңынан амалсыз ішке беттеді. Анасы әпкесімен құшақтасып, сүйісіп көрісті. Төрдегі үйден шыққан анасының жездесін көріп Нұрхан тағы да еріксіз жымиды. Бұл да таныс бейне. Иә, сол кешегі жетпіс тоғызыншы автобуста көрген кемпір мен шал. Олар да Нұрханды сірә, танығандары болар, жүздерінде ыңғайсыздану белгісі пайда болды. Бұны да Нүрханнан басқа ешкім байқамады.  Дастархан басында үлкендер өткен-кеткенді қозғап, әңгіме қызығына кіргенде Нұрхан мен Нұргүл беттерін сипап, төргі бөлмеге қарай кетті. Бір жағынан әңгімелеріне араласқысы келмеген. «Менің ең үлкен ұлым. Осында журналист болып қызмет істейді», − деген анасының үні төргі бөлмеге озған Нұрханның құлағына ап-анық естіліп тұрды.  Төргі қонақ бөлмесінің кіре берісіне жағалай қалың төсенішті диван орнатыпты. Оған қарама-қарсы кішкене үстелше үстінде − «Самсунг» теледидары. Теледидарды қоспаққа жақындаған Нұрхан кенет кері шегіне берді. Не болғанын түсінбей қалған Нұргүл:  − Саған не болды, Нүрхан? − деді.  − Ештеңе болған жоқ, жай әйшейін. Сол теледидарды көрмей-ақ қояйықшы, − деді оған Нұрхан еркелей қарап.  − Жарайды, өзің біл.  * * *  Нұрхан түнімен көз іле алған жоқ. Көкейіне бір сауал кептелді де қалды. «Адамдар азғындап біткен бе? Жастар түгілі қалтыраған кәрілер де Құдайын ұмытқан ба?» Осы мағыналас сұрақтар мұның санасында шешімін таппай шырқ айналды. Өйткені, мана күндіз анасымен бірге оның әпкесі мен жездесінің үйіне барғанда ол өзінің автобуста жоғалтқан ұялы телефонын көрді. Көрді де дәл таныды. Нұрханда бар телефон оларда да болуы әбден мүмкін ғой. Бірақ, бүл телефонының экранына «Нәпсіңді тый!!!» деп жазып қойған-тұғын. Бағанағы теледидардың астыңда тұрған телефонда да осы жазу тұр. Байғүс кемпір мен шал оны экраннан қалай алып тастауды да білмегенге ұқсайды.  «Телефонды солар алса, бес мың теңге салынған әмиянның қайда кеткені белгілі болды ғой?» деген ой басына автоматты түрде келді.  − Жоқ, мен адам баласын, оның үстіне қартайған қарияларды ондай азғындыққа қимаймын! − деп айқайлап жіберген Нұрхан басын жастықтың астына тығып жата кетті... 

− Масқара, таң атып кетіпті ғой! 
Көзін ашып алғандағы Нұрханның аузына түскен алғашқы сөзі осы болды. Жастығының астында жатқан қол сағатты алып қарап еді, тоғыздан кетіпті. Дереу атып тұрып, төсегін жинастыруға кірісті. Одан кейін жуынатын бөлмеге барып, беті-қолын шала-пұла жуған болды. Түндегі жазған мақаласын, жазу үстелінің үстінде шашылып жатқан басқа да қағаздарын қоңыр сөмкесінің ішіне тоғыта салды да, кәстөм-шалбарын киіп, сыртқа қарай асыға басып беттеді. 
Адам баласы бір сәтке де ой ойламай тұра алмайды емес пе. Нұрханның да ойына бірде ауылда қалған кәрі әке-шешесі келсе, енді бірде кешегі Нұргүл екеуінің театрға барып «Сыған серенадасын» тамашалағаны, одан шығып әсем Алматының көрікті жерлерін аралағаны түсті. Сүйіктісінің сүйкімді қылықтарын есіне алып, тәтті қиялға батқан ол аялдамаға да жеткен еді. 
Жұмыстан кешіккені болмаса, бүгінгіге берілген тапсырманың бәрін орындап қойды. Тапсырма дейтіндей көп те емес. Бір атақты адамнан сұхбат алу және саяси тақырыптағы мақала. Кеше түстен кейін әлгі адамнан алатын сұхбатын диктофонда жазып алды да, кешке Нұргүлмен бірге біраз қыдырды. Үйге қайтып келгеннен соң түңгі сағат төртке дейін отырып мақаласын жазды. Қара басып ұйықтап қалғаны да соның салдары болатын. 
Аялдамадағы адамдар қарасы сирек. Дәл жұмыс орнының жанына дейін баратын нөмірі жетпіс тоғызыншы автобусы көп күттіре қоймай, ызғытып келіп тоқтады. 
«Осы Алматының адамдары қызық өздері. Жастары жалпайып орындықта отырады да, кәрілері қақиып тұрады». Бұл − автобус ішіне кіре салып орындыкқа отырмай қақшиып тұрған екі қарияға көзі түскен кездегі Нұрханның басына келген алғашқы ой. Шалдың таяққа сүйеніп, кемпірдің оны қолымен тірей сүйемелдеп тұрғанын көргенде, Нұрхан екеуінің алдында тұрған орындықтағы қызға: 
− Қарындасым, үлкен кісілерге орын берсеңізші. Ұят болады ғой, − деді. Қыздың да жауабы дайын екен: 
− Бұл кісілерге бағана бірнеше рет орынымды бергенмін, өздері отырмай қойды, − деді ақталған кейіппен. Осы кезде әңгімеге шалын сүйемелдеп тұрған қаланың қайқандаған кемпірі араласты. 
− Қарағым, бізге орын ізде деп айттық па саған?! Керек болса өзіміз-ақ тауып аламыз. Бізді өйтіп мүсіркеме, білдің бе? − деді Нұрханның бетіне қарап шабалана сөйлеп. 
Кемпір-шалдан мұндай сөз күтпеген ол әуелде не дерін білмей сасып қалды. Сосын барып есін жиғандай болды да, жан-жағына қарап алып: 
− Кешіріңіздер, енді қазақ болғаннан кейін өзіміз деп жаным ашып тұрғаны ғой, − деді оларға күмілжи қарап. 
− Айттым ғой мен саған мүсіркеме деп, мүсіркеу деген бұл - қорлаудың ең әдемі түрі. Так что, балақай, в данный момент сен бізді қорлап тұрсың, − деді әлгі кемпір бұған қарай сұқ саусағын шошайта сермеп, автобусты басына көтеріп. Арт жақтағылар мен алдыңғы қатарда отырғандар ащы айқайдан бұларға мойындарын бұрып, жапа-тармағай қарап жатыр. Жұрттың көбі «мына жас жігіт кемпір мен шалдың ақшасын ұрлап алған шығар деп ойлады-ау шамасы» деп болжады құлағына дейін қызарып кеткен Нұрхан. «Құрысын, енді сендерге сөйлемеймін» дегендей теріс бұрылды да, екеуіне жотасын беріп тұрып алды. 
Автобус көк базарға таяп келді. Бұның түсетін аялдамасы да осы жер. Шығар есікке жақындаған Нұрхан жол ақысын төлей салайын деп қалтасына қолын салып еді, ақша салатын әмияны жоқ болып шықты. «Әлде ұмытып кеттім бе екен?» деген ой лезде санасын шарпып өтті. Жоқ, жаңа үйден шығар кезінде ақша қапшығын кәстөмінің оң қалтасына, ұялы телефонын сол қалтасына салғаны анық есінде. Төс қалтасын сипалақтады. Онда да жоқ. Енді сол жақ қалтасына қол жүгіртіп көрген ол шошып кетті. Бұл қалтасына салған ұялы телефон да жоқ. «Мәссаған, қалта қаққыштар қағып кеткен екен ғой» деді ол кімнен күдіктенерін білмей, бағана өзі тұрған орнына қайта-қайта қарағыштап. Бұл отырғаннан кейін төрт аялдама бойына автобусқа жан баласы аяқ артқан емес. Демек, ол ұрының осында отырғандардың ішінде екені анық. Бірақ, «қалтамдағы бес мың теңге салынған қапшық пен сатып алынғанына бір ай да болмаған «Сони Эриксон К700» маркалы ұялы телефонымды сен ұрладың!» деп кімнің жағасына жабысады? 
Бағана «кемпір-шалмен ұрысысып тұрамын ба?» деп кері бұрылғанда, қалтасынан бір нәрсе суырылғандай болып еді. Бұл оған мән бермеген. «Сонда, кім ұрлады? Мүмкін мына қалтыраған кемпір мен шал шығар?» Алғашында бұл ойынан өзі селк ете түсті де артынан, «қой, төрлерінен көрлері жуық тұрғанда, бұларға не жорық?», − деді ішінен. Осы оймен арпалысып тұрғанда автобустың есігі ашылып, шопыр жігіт түсетіндерін түсіріп, мінетіндерін мінгізіп жатыр еді. Қалтасын сипалақтап, аңырып қалған бұның мына әрекетінен жол ақысын жинайтын бала ақшасын жоғалтқанын бірден түсінді. 
− Байқап жүрсеңші. Қазіргі кәрі қақпастардың өзі қалта тінтуді кәсіп еткен. Әйтпесе таң атпастан бұларды жеті әкелері бас асып күтіп отыр ғой дейсің бе? − деді Нұрханға әлгі кемпір мен шалды иегімен нұсқап. 
− Қой, інішек, олай жаман ойлама. Бұйырмаған ақша ғой. Садақа бермегелі де көп болған еді өзі. Тек ұялы телефонымның қызығын көре алмағаным болмаса... 
− Ах, оңбағандар, телефонынды қосып ұрлап алған ба?! − деді бала кемпір мен шалға қарап кіжініп. Бейне, солардың ұрлағанына сенімді адамдай. 
− Інім, жол ақысын тағы бір кездескенде бере салармын, иә? Бірақ сен үлкен кісілерден күдіктенуші болма, − деді ол автобустан түсе беріп. 

* * * 
«Ақша жоғалтсаң − кіріс» деп жатушы еді марқұм әжесі. Расыменен-ақ, сол күні Нұрхан айлық ақысына қосып қосымша сыйақы алды. Ертесі ауылдағы ата-анасына хабарласып еді, тұтқаны анасы көтерді. 
− Ертең таңертең Алматыда боламын, автобекеттен күтіп аларсың, − деді анасы хал-жайды сұрасқаннан кейінгі сөзінің аяғында. 
Келісі белгілі. Соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүргенге ұқсайды. Соны тексертіп қайтпақшы екен. «Келгені тіпті жақсы, келінімен таныстыруға тамаша мүмкіндік» деді Нұрхан қуанып. Сол күні түнде Нұргүлге хабарласып, таңертең енесімен танысатынын жеткізді. 
Мезгіл жаз болса да далада сәл суықтық бар. Нұрхан мен Нұргүл автобекетке келіп жатқан автобустарының бірін де жібермей қарап жүр. Бір уақытта соңғы автобустың ішінен жүзі жарқырап анасы түсті. Екі қолында екі сөмке. Ауылдың сарқытына толы екенін аңғартып, екі жақ қарны қампиып тұр. Нұргүлді анасымен таныстырған Нұрхан екі сөмкені көтеріп Өтеген батыр көшесінің арғы бетіне өтті. Болашақ келінін қолтықтап алған анасы осы кезде: 
− Нұрхан, балам, сен өзің пәтерде тұрасың. Қасында жолдастарың бар. Маған онда бару ыңғайсыз. Мен саған мына әдірісті берейін, сен осы арқылы маған әпкем мен жездемнің үйін тауып бер. Әпкеммен, құдай-ау, қанша жыл көріспегелі. Оны сен білмейсің, араласпай кеткен соң айтпаған ем. Айтпаған себебім де бар... 
Қағазда көрсетілген тұрақ бойынша анасының әпке-жездесінің үйін қиналмай тапты. Есікті ашқан таныс кемпірді көргенде, Нұрхан тұрған орнында сілейіп қатып қалды. Онысын анасы мен Нұргүлге сездірмей, кемпірге жылы ғана амандасып, солардың соңынан амалсыз ішке беттеді. Анасы әпкесімен құшақтасып, сүйісіп көрісті. Төрдегі үйден шыққан анасының жездесін көріп Нұрхан тағы да еріксіз жымиды. Бұл да таныс бейне. Иә, сол кешегі жетпіс тоғызыншы автобуста көрген кемпір мен шал. Олар да Нұрханды сірә, танығандары болар, жүздерінде ыңғайсыздану белгісі пайда болды. Бұны да Нүрханнан басқа ешкім байқамады. 
Дастархан басында үлкендер өткен-кеткенді қозғап, әңгіме қызығына кіргенде Нұрхан мен Нұргүл беттерін сипап, төргі бөлмеге қарай кетті. Бір жағынан әңгімелеріне араласқысы келмеген. «Менің ең үлкен ұлым. Осында журналист болып қызмет істейді», − деген анасының үні төргі бөлмеге озған Нұрханның құлағына ап-анық естіліп тұрды. 
Төргі қонақ бөлмесінің кіре берісіне жағалай қалың төсенішті диван орнатыпты. Оған қарама-қарсы кішкене үстелше үстінде − «Самсунг» теледидары. Теледидарды қоспаққа жақындаған Нұрхан кенет кері шегіне берді. Не болғанын түсінбей қалған Нұргүл: 
− Саған не болды, Нүрхан? − деді. 
− Ештеңе болған жоқ, жай әйшейін. Сол теледидарды көрмей-ақ қояйықшы, − деді оған Нұрхан еркелей қарап. 
− Жарайды, өзің біл. 

* * * 
Нұрхан түнімен көз іле алған жоқ. Көкейіне бір сауал кептелді де қалды. «Адамдар азғындап біткен бе? Жастар түгілі қалтыраған кәрілер де Құдайын ұмытқан ба?» Осы мағыналас сұрақтар мұның санасында шешімін таппай шырқ айналды. Өйткені, мана күндіз анасымен бірге оның әпкесі мен жездесінің үйіне барғанда ол өзінің автобуста жоғалтқан ұялы телефонын көрді. Көрді де дәл таныды. Нұрханда бар телефон оларда да болуы әбден мүмкін ғой. Бірақ, бүл телефонының экранына «Нәпсіңді тый!!!» деп жазып қойған-тұғын. Бағанағы теледидардың астыңда тұрған телефонда да осы жазу тұр. Байғүс кемпір мен шал оны экраннан қалай алып тастауды да білмегенге ұқсайды. 
«Телефонды солар алса, бес мың теңге салынған әмиянның қайда кеткені белгілі болды ғой?» деген ой басына автоматты түрде келді. 
− Жоқ, мен адам баласын, оның үстіне қартайған қарияларды ондай азғындыққа қимаймын! − деп айқайлап жіберген Нұрхан басын жастықтың астына тығып жата кетті... 

Бөлісу: