Тағдыр тақтасы

9 Желтоқсан 2013, 06:14

− Ә, сенсің бе, − деді оның бетіне мүсіркей қарап. − Түрің өзгеріп кетіпті ғой.  − Қиналып қайтесің, мынаны іш. − Су тола кесесін ұстаған қолын ұмсына түсті.  − Мені алдағың келеді ме?  − Бәрібір аузыңа иман суын тамызатын пенде баласы жоқ қой қасыңда.  − ...  − Тіліңнің таңдайыңа сыймай жатқанын сезбейді дейсің бе?  Табалап тұр. Қолымен жан-жағын қарманғысы келді. Қолына бірнәрсе түссе құлақ-шекеден перейін деген оймен. Бірақ шамасы жетпеді. Денесі жансыз еді.  − Не істегің келгенін сезіп тұрмын.  − Шарасыздығымды пайдаланғың келеді екен ғой.  − Осы уақытқа дейін үрім-бұтағымның арбауына көнбедің. Енді өзім келіп тұрмын саған. − Ашудан қалш-қалш етеді.  − А-а, Ібіліспін де?  − Алдағанға сене салатын, арбағанға көне қалатын инсанның санатынан емес екенсің.  Ол бір жағына қарай аунап түсті. Көргісі келмеген еді. Ібілісті. Ажалым мысық табандап жақындаған кезде тәтті өмірді қимай қалатын шығармын деп ойлаушы еді, өтірік екен. Санасына таңбаланып қалған «ажал» деген ұғымның ертелі-кеш әйтеуір бір келетінін сезінетін. Сол сәт туған болар деп ойлады. Бір уақ өлім туралы, о дүние жайлы ойлағысы келді. Бірақ санасы тұманданып кеткен секілді. Шыбын жаны шырқырап келіп, атқақтай аузына тығылғанда жетім жүрегі күзгі жауында су болған бейшара торғайдай дір-дір етіп басылады. Буыннан әл кетіп, денесі былқ-сылқ. Тек көзінде ғана әлсіреген тіршіліктің белгісі өмір сүріп тұрғандай. Бар білгені Жақып молдадан үйренген кәлимасын қайталай берді. «Лә и-лә-һә ил-ал-ла-һу, Му-хам-ма-дур ра-сул-ал-лаһ». Қырық жылдан бері тоқтаусыз отырса да, тұрса да айтып жүрген сөзі осы болғандықтан басқа сөзді айтудың еш қисыны келмеген.  Ажалды тосып жатқан ақырғы сәт тым ауыр екен. Көзіне жас алғысы келген. Бірақ шықпады. Көкжиегі көрінбейтін көкті аңсады. Кенет денесін бейне біреу итеріп жібергендей шалқасынан түсті. Сосын жанары әлсіз сығыңқы көзін аспанға ұзақ қадады. Телмірді. Кенет қатты шөлдеді. Су ішкісі келді. Бірақ сайдың табанында жылтырап ағып жатқан бұлаққа жете алмасы анық. Құлағына еміс-еміс қойлардың маңырағаны, қалың қарағайдың ішіндегі құстар шуылы естілді.  Қайдан келгені белгісіз қасына бағанағы Ібіліс пайда бола кетті.  − Тағдыр тақтаңды көріп тұрсың ғой, − деді Ібіліс қолымен нұсқап, − маңдайыңа жазылғаны сол. Қәйтесің, сендерше айтқанда өмір ғой...  Оның дауысы шықпады. Әлсіреп бара жатқан.  − Мен оны қырық жылдан бері көріп келемін.  Ішінен күбірлеп айтты. Ібіліс бәріп естіп тұр.  − Әй, адам баласы-ай, неткен қырсық едіңдер! − Ібіліс бұның бас жағына жалп етіп отыра қалды. − Мен көрген Адам Аталарың да осындай еді.  − Сафиолла...  − Сенің маңдайыңа жазылғаны тозақ болса, жәннәтті құдайдан жылап ала алмайсың.  − Ия, Құдірет!  − Ол сөзіңнен тақтадағы жазу өзгере қалмайды.  − Жүрегі лас құлыңды ая!  − Айттым ғой саған, мынаны іш деп. Мә! Сен бәрібір менімен бірге тозақ отына шыжғырыласың. − Ол кесе толы суды ұсынды. − Солай жазылған. Басқа түссе баспақшыл. Айтпақшы, адам үш күннен соң тозақта бір-біріне шоқ шашып ойнайды деп жүрген де сендер емессіңдер ме? − Мысқылдай күлген.  − Иманымнан айырма, Тәңірім!  − Саған иманнан келіп-кетер пайда шамалы. Тағдырың шешіліп қойған.  Қойшы үнсіз жатыр.  − Менің ұрпағымның азғыруымен бір үйлі жанды отқа орап, сол күнәңді жуу үшін қырық жыл бойына өмірдің қызығын көрмей ауылыңның қойын тегін бақтың. Күнәм кешіріліп, жаратқаным мейірімін төгер деп ойладың. Қырық жыл бойына зарлап-еңіреп Аллаңды аузыңнан тастамадың. Қор болған қайран ғұмыр-ай, − деді Ібіліс басын шайқап, аяғандық кейіппен. − Сондағы күнәң кешірілді ме? Жоқ! Тағдыр тақтаңа қарай-қарай өзіңде де зәре қалмады. Не көрген бала-шаға жоқ. Рахат, қызық, думаннан да адасың. Сонда сенікі не өмір? Ол сені жаратқанмен жақсы көрмейді. Сүймейді сені. Ал сен болсаң тәубеңнен жаңылмайсың, зарланып.  Әзірейіл қойшының жүрегіне келіп қонақтады.  − Бұл су сенің өміріңді сақтап қалуы мүмкін. Тым болмаса ана өмірге де армансыз аттансаңшы. Бірақ иманыңа баспа-бас. − Ібіліс кесесін тағы да ұсынған.  Қойшы соңғы мәрте тағдыр тақтасына үңіле қарады. «Дозақи!» деген жазуды анық көрді. Қып-қызыл жалынға оранған жазу. «Жаратушым, − деді сосын ақырын ғана күбірлеп, − сүйсең де, сүймесең де құлыңмын ғой...»  − Жо-жоқ, − деді Ібіліс, − сен соңғы сөзіңді жаратушыңа арнама! Оның саған көрсеткен жақсылығы шамалы ғой. Ең ақыры жәннәттің де қарасын көрсетпеді. Сен жақсы көрген әйеліңнің есімін ата. Болмаса, қарған. Боқта. «Ей, сорлы дүние-ай» де.  − Лә и-лә-һә ил-ал-ла-һу... Му-хам-ма-дур ра-сул-ал-лаһ...  Ібіліс құлағын баса қалды. Оның жаны үзіліп кетті. Ібіліс еңіреп жылап жіберген. Дегеніне көнбеген адам баласын сіледі. Жерде жатқан жансыз денесін екі-үш мәрте теуіп-теуіп жіберді.  Қойшының кеудеден шырқай ұшып шыққан рухы лаухул махфузға жанарын қадады. Артынан таңырқай қараған. Қырық жыл бойына көріп жүрген жазуынын орнында басқа сөз тұр. «Жәннәти». Қызылды-жасылды гүлдермен бедерленген. Жаратушысына асыққан асыл рух жарық жылдамдығын артқа тастап ғаршыға аттанды.  Ібілістің құлағынан қойшының ақырғы сөзі кетпей қойған. Өзгерген тағдыр тақтасын көріп, кенет өзінің де иман еткісі келіп кетті.  «Жаратушым, сүйсең де сүймесең де құлыңмын ғой...» 

− Ә, сенсің бе, − деді оның бетіне мүсіркей қарап. − Түрің өзгеріп кетіпті ғой. 
− Қиналып қайтесің, мынаны іш. − Су тола кесесін ұстаған қолын ұмсына түсті. 
− Мені алдағың келеді ме? 
− Бәрібір аузыңа иман суын тамызатын пенде баласы жоқ қой қасыңда. 
− ... 
− Тіліңнің таңдайыңа сыймай жатқанын сезбейді дейсің бе? 
Табалап тұр. Қолымен жан-жағын қарманғысы келді. Қолына бірнәрсе түссе құлақ-шекеден перейін деген оймен. Бірақ шамасы жетпеді. Денесі жансыз еді. 
− Не істегің келгенін сезіп тұрмын. 
− Шарасыздығымды пайдаланғың келеді екен ғой. 
− Осы уақытқа дейін үрім-бұтағымның арбауына көнбедің. Енді өзім келіп тұрмын саған. − Ашудан қалш-қалш етеді. 
− А-а, Ібіліспін де? 
− Алдағанға сене салатын, арбағанға көне қалатын инсанның санатынан емес екенсің. 
Ол бір жағына қарай аунап түсті. Көргісі келмеген еді. Ібілісті. Ажалым мысық табандап жақындаған кезде тәтті өмірді қимай қалатын шығармын деп ойлаушы еді, өтірік екен. Санасына таңбаланып қалған «ажал» деген ұғымның ертелі-кеш әйтеуір бір келетінін сезінетін. Сол сәт туған болар деп ойлады. Бір уақ өлім туралы, о дүние жайлы ойлағысы келді. Бірақ санасы тұманданып кеткен секілді. Шыбын жаны шырқырап келіп, атқақтай аузына тығылғанда жетім жүрегі күзгі жауында су болған бейшара торғайдай дір-дір етіп басылады. Буыннан әл кетіп, денесі былқ-сылқ. Тек көзінде ғана әлсіреген тіршіліктің белгісі өмір сүріп тұрғандай. Бар білгені Жақып молдадан үйренген кәлимасын қайталай берді. «Лә и-лә-һә ил-ал-ла-һу, Му-хам-ма-дур ра-сул-ал-лаһ». Қырық жылдан бері тоқтаусыз отырса да, тұрса да айтып жүрген сөзі осы болғандықтан басқа сөзді айтудың еш қисыны келмеген. 
Ажалды тосып жатқан ақырғы сәт тым ауыр екен. Көзіне жас алғысы келген. Бірақ шықпады. Көкжиегі көрінбейтін көкті аңсады. Кенет денесін бейне біреу итеріп жібергендей шалқасынан түсті. Сосын жанары әлсіз сығыңқы көзін аспанға ұзақ қадады. Телмірді. Кенет қатты шөлдеді. Су ішкісі келді. Бірақ сайдың табанында жылтырап ағып жатқан бұлаққа жете алмасы анық. Құлағына еміс-еміс қойлардың маңырағаны, қалың қарағайдың ішіндегі құстар шуылы естілді. 
Қайдан келгені белгісіз қасына бағанағы Ібіліс пайда бола кетті. 
− Тағдыр тақтаңды көріп тұрсың ғой, − деді Ібіліс қолымен нұсқап, − маңдайыңа жазылғаны сол. Қәйтесің, сендерше айтқанда өмір ғой... 
Оның дауысы шықпады. Әлсіреп бара жатқан. 
− Мен оны қырық жылдан бері көріп келемін. 
Ішінен күбірлеп айтты. Ібіліс бәріп естіп тұр. 
− Әй, адам баласы-ай, неткен қырсық едіңдер! − Ібіліс бұның бас жағына жалп етіп отыра қалды. − Мен көрген Адам Аталарың да осындай еді. 
− Сафиолла... 
− Сенің маңдайыңа жазылғаны тозақ болса, жәннәтті құдайдан жылап ала алмайсың. 
− Ия, Құдірет! 
− Ол сөзіңнен тақтадағы жазу өзгере қалмайды. 
− Жүрегі лас құлыңды ая! 
− Айттым ғой саған, мынаны іш деп. Мә! Сен бәрібір менімен бірге тозақ отына шыжғырыласың. − Ол кесе толы суды ұсынды. − Солай жазылған. Басқа түссе баспақшыл. Айтпақшы, адам үш күннен соң тозақта бір-біріне шоқ шашып ойнайды деп жүрген де сендер емессіңдер ме? − Мысқылдай күлген. 
− Иманымнан айырма, Тәңірім! 
− Саған иманнан келіп-кетер пайда шамалы. Тағдырың шешіліп қойған. 
Қойшы үнсіз жатыр. 
− Менің ұрпағымның азғыруымен бір үйлі жанды отқа орап, сол күнәңді жуу үшін қырық жыл бойына өмірдің қызығын көрмей ауылыңның қойын тегін бақтың. Күнәм кешіріліп, жаратқаным мейірімін төгер деп ойладың. Қырық жыл бойына зарлап-еңіреп Аллаңды аузыңнан тастамадың. Қор болған қайран ғұмыр-ай, − деді Ібіліс басын шайқап, аяғандық кейіппен. − Сондағы күнәң кешірілді ме? Жоқ! Тағдыр тақтаңа қарай-қарай өзіңде де зәре қалмады. Не көрген бала-шаға жоқ. Рахат, қызық, думаннан да адасың. Сонда сенікі не өмір? Ол сені жаратқанмен жақсы көрмейді. Сүймейді сені. Ал сен болсаң тәубеңнен жаңылмайсың, зарланып. 
Әзірейіл қойшының жүрегіне келіп қонақтады. 
− Бұл су сенің өміріңді сақтап қалуы мүмкін. Тым болмаса ана өмірге де армансыз аттансаңшы. Бірақ иманыңа баспа-бас. − Ібіліс кесесін тағы да ұсынған. 
Қойшы соңғы мәрте тағдыр тақтасына үңіле қарады. «Дозақи!» деген жазуды анық көрді. Қып-қызыл жалынға оранған жазу. «Жаратушым, − деді сосын ақырын ғана күбірлеп, − сүйсең де, сүймесең де құлыңмын ғой...» 
− Жо-жоқ, − деді Ібіліс, − сен соңғы сөзіңді жаратушыңа арнама! Оның саған көрсеткен жақсылығы шамалы ғой. Ең ақыры жәннәттің де қарасын көрсетпеді. Сен жақсы көрген әйеліңнің есімін ата. Болмаса, қарған. Боқта. «Ей, сорлы дүние-ай» де. 
− Лә и-лә-һә ил-ал-ла-һу... Му-хам-ма-дур ра-сул-ал-лаһ... 
Ібіліс құлағын баса қалды. Оның жаны үзіліп кетті. Ібіліс еңіреп жылап жіберген. Дегеніне көнбеген адам баласын сіледі. Жерде жатқан жансыз денесін екі-үш мәрте теуіп-теуіп жіберді. 
Қойшының кеудеден шырқай ұшып шыққан рухы лаухул махфузға жанарын қадады. Артынан таңырқай қараған. Қырық жыл бойына көріп жүрген жазуынын орнында басқа сөз тұр. «Жәннәти». Қызылды-жасылды гүлдермен бедерленген. Жаратушысына асыққан асыл рух жарық жылдамдығын артқа тастап ғаршыға аттанды. 
Ібілістің құлағынан қойшының ақырғы сөзі кетпей қойған. Өзгерген тағдыр тақтасын көріп, кенет өзінің де иман еткісі келіп кетті. 
«Жаратушым, сүйсең де сүймесең де құлыңмын ғой...» 

Бөлісу: