Харуки Муракамидан - Зомби

9 Желтоқсан 2013, 05:54

Түн ортасы. Көзге түртсе көргісіз қараңғылық. Бейіт жанындағы сүрлеумен екеу келеді. Бұл екеуі беймезгіл уақытта осындай жолмен жүреміз деп тіпті ойламаған да. Енді қарасаңшы, бәрі аяқ астынан...  - Тура Майкл Джексонның бейнеклипіндегідей, - деді бойжеткен.  - Иә! Тек табыт үстінде шайқалу ғана қалды, - деп қостады жігіт.  Кенет бейнебір қатты зат құлаған іспетті оқыс дыбыс шықты. Тоқтай қалып, соңдарына бұрылған. «Қорықпа, бұта шығар. Желден ғой». Бірақ жел жоқ-тын. Қыз терең дем алды да, айналасына көз тастады. Тап қазір жайсыз бір нәрсе болатын секілді.  Зомби?!  Еш нәрсе көзге шалынбады. Тіпті бұл түні аруақтар көші де дамыл тапқандай.  - Сенің жүрісің не боп кеткен? – деді кенет жігіт.  - Менің? Немене, жаман ба?  - Сұмдық.  - Шын ба?  - Аяқтарың да қисық.  Қыз ернін тістеп алды. «Иә, аздап ондайы бар. Аяқ киімімнің ұлтаны да бір жағына қисайып кеткен. Бірақ соншалықты сорақы емес еді ғой».  Үнсіз қалды. Себебі ол жігітті сүйетін. Жігіт те. Тіпті бір айдан соң үйленбекке уағдаласқан. Болмашы нәрсеге бола ренжісу ойларында жоқ-тын.  - Иә, менің аяқтарым кішкене қисықтау. Онда тұрған не бар екен?  - Жай... Бұрын аяғы қисық әйел атаулыға жоламап ем.  - - А-а! – қыз абыржи күлді. «Мүмкін ол мас шығар? Жоқ, бүгін ұрттамаған секілді еді».  - Және сенің құлағыңда үш бірдей мең бар.  - Мәссаған! Қай жағында?  - Оң жақта... Тап құлағыңның ішінде. Және сондай жиіркенішті!  - Саған не мең ұнамайды ма?  - Сен маған ұнайды деген бір адамды көрдің бе? Мен жиіркенішті меңдерді жек көремін!  Қыз тағы... тағы ернін тістелей түсті.  - Айтқандай, кейде сенің қолтығыңнан жағымсыз иіс шығады,- деп жалғастырды жігіт. –Жиіркенішті. Егер біз жазда кездескен болсақ, бұл күнге жету-жетпеуіміз белгісіз болар еді.  Қыз ауыр күрсінді де, қымтай ұстап келе жатқан жігіттің қолын жібере салды.  - Тым артық кетіп қалған сияқтысың...  - Сенің тіпті жағаң да кір ғой. Қандай салдыр- салақ адамсың. Ештеңенің мән- мағынасын білмейсің.  Қыз әлі үнсіз. Қатты ашуланғаны сондай, тіпті тілінің ұшына сөз ілігер емес.  -Естимісің! Мен саған көп нәрсе айтқым келеді, аяқтарың қисық, үстіңнен тер иісі шығады, жағаң кір, құлағыңда мең бар және бұл тек басы ғана. Міне, тағы! Сен неге өзіңе үйлеспейтін сырға тағасың. Оныңмен жәлеп секілді көрінесің .Жоқ,одан да жаман. Ақыры жарасқан екенсің , мұрыныңа сақина тағып алсаңшы... ісінген алқымыңмен жақсы үйлеседі. Айтқандай, әне әукең түсіп кетіпті! Сенің анаңның бұғағы шошқаныкі сияқты. Сеп-семіз, қорсылдаған шошқа! Сен де жиырма жылдан кейін сондай боласың! Және тап шешең секілді жалмауызсың. Ашқарақтар мекенінен келгендей. Әкең-ші! Тіпті иероглифтерді жазып білмейді. Жақында менің әкеме хат жолдапты, оқып, бәріміз күлкіге қарық болдық. Жазуы туралы, дұрысы үндемей-ақ қояйын. Басқа-басқа ғой, бастауыш мектептің өзін жөндеп аяқтамаған секілді. Үйің?!. Ескі- құсқы. Бензин құйып, өртеп жіберетін. Ех, көк жалынға оранып өртенсе ғой... Мінеки.  - Егер саған ұнамайтын болсам, неге үйленбексің?  Жігіт жауап берген жоқ. «Шошқа!» деп жекіріп жіберді.  - Ал сен, анау...-шы?  Мен бәрін орнына қоюға бекінгенмін. Солай жасаймын да. Сенің бұлай бар болғаныңша, менің өлгенім артық. Қандай өлім болса да түкіргенім бар. Мұндай халде өмір сүргенше, деміңді үз, бітті.  Қыз үнсіз тұра берді.  - Бұлай деуге қалай дәтің барады?  - Кенет... жігіт ауырсынғандай басын қос қолымен ұстай алды да, жүресінен отыра кетті. »Басым айналып барады... Жоқ, шыдай алар емеспін... Кім білген?..»  - Саған не болды?  Әлгідегі ашуы әлі тарқай қоймаған қыз немкетті сұрай салған.  - Көріп тұрған жоқпысың? Мен бұдан әрі шыдай алмаймын. Терім күйген секілді жайылып барады.  Қыз нәзік қолдарымен оның бетін ұстап көрді. Өртеніп тұр екен. Уқалап көргісі келген, кенет... бет терісі біреу сыпырып алғандай салбырап түсе берді. Бойы да қып-қызыл, жып-жылмағай боп көрінді.  Үрейленген қыз ырғып түсті. Жігіт орнынан көтерілді де, кекете күлді.  Сосын бетінде қалған терінің бәрін сылып ала бастады. Қарашығы бір нүктеге қадалып қалған. Мұрыны екі қара тесікке айналыпты. Еріннен ада. Тістері ақсиып, сақылдап күліп жіберді.  - Мен осы уақытқа дейін сенің жаныңда болдым... сені шошқаша жалмау үшін ғана. Сен өзіңді менен басқа біреуге керекпін деп ойлайсың ба? Әлде мұны ұғарлық та миың жоқ па? Сен-а-қымақ.. Хе-хе-хе.  Қыз жандәрмен қаша жөнелді. Бір түйір жидіген ет мұның соңынан өкшелей қуып келеді. Бар күші жеткенше жүгіргенмен, қашып құтылу мүмкін емес еді. Кенет зират шетінен бір қол мұның жейдесінің жағасына жабысты. Айқайлап жіберді.  Оның тәнін жігіт емірене құшып жатқан.  Тамағы құрғап қалыпты, су ішкісі келді. Жігіт жымия қарады.  - Не болды саған?  Орнынан тұрып, айналасына көз тастаған. Екеуі көл жағасындағы қонақ үй бөлмесінде жатыр. Есіне әлдене түсірейін дегендей басын әрі бері шайқап-шайқап жіберді.  -Мен айқайладым ба?  -Иә. Өте дөрекі дауыспен,- деп күле жауап қайырды жігіт.- Сондай байбаламға толы дауыспен! Бүкіл қонақ үй шошынған шығар. Тек әйтеуір мұнда кісі өлтіріп жатыр екен деп ойламаса бопты.  -Кешір.  - Қорқынышты түс көргеннен саумысың?  - Сен тіпті оны елестете де алмайсың.  - Айтсаңшы енді.  - Айтқым келмейді.  - Үрейге бой алдыра бергенше біреуге айтып, жеңілдеген дұрыс.  - Солай-ақ болсын. Бірақ тап қазір еш нәрсе айтқым кеп тұрған жоқ.  Екеуі де үнсіз қалды. Жігіт тағы аймалай бастады. Алыстан басқалардың құрылы естіледі.  - Қымбаттым,- деді кенет қыз есіне бірдеңе түскендей.- Айтшы...  - Нені?  - Менің құлағымда мең бар ма?  - Мең?- деп қайталай сұрады жігіт. – Қайсы? Мынау оң жақ құлағыңда тұрған кеспірсіз меңді айтасың ба?  Қыз көзін жұмды. Сұмдық жалғаса берді... 

Түн ортасы. Көзге түртсе көргісіз қараңғылық. Бейіт жанындағы сүрлеумен екеу келеді. Бұл екеуі беймезгіл уақытта осындай жолмен жүреміз деп тіпті ойламаған да. Енді қарасаңшы, бәрі аяқ астынан... 
- Тура Майкл Джексонның бейнеклипіндегідей, - деді бойжеткен. 
- Иә! Тек табыт үстінде шайқалу ғана қалды, - деп қостады жігіт. 
Кенет бейнебір қатты зат құлаған іспетті оқыс дыбыс шықты. Тоқтай қалып, соңдарына бұрылған. «Қорықпа, бұта шығар. Желден ғой». Бірақ жел жоқ-тын. Қыз терең дем алды да, айналасына көз тастады. Тап қазір жайсыз бір нәрсе болатын секілді. 
Зомби?! 
Еш нәрсе көзге шалынбады. Тіпті бұл түні аруақтар көші де дамыл тапқандай. 
- Сенің жүрісің не боп кеткен? – деді кенет жігіт. 
- Менің? Немене, жаман ба? 
- Сұмдық. 
- Шын ба? 
- Аяқтарың да қисық. 
Қыз ернін тістеп алды. «Иә, аздап ондайы бар. Аяқ киімімнің ұлтаны да бір жағына қисайып кеткен. Бірақ соншалықты сорақы емес еді ғой». 
Үнсіз қалды. Себебі ол жігітті сүйетін. Жігіт те. Тіпті бір айдан соң үйленбекке уағдаласқан. Болмашы нәрсеге бола ренжісу ойларында жоқ-тын. 
- Иә, менің аяқтарым кішкене қисықтау. Онда тұрған не бар екен? 
- Жай... Бұрын аяғы қисық әйел атаулыға жоламап ем. 
- - А-а! – қыз абыржи күлді. «Мүмкін ол мас шығар? Жоқ, бүгін ұрттамаған секілді еді». 
- Және сенің құлағыңда үш бірдей мең бар. 
- Мәссаған! Қай жағында? 
- Оң жақта... Тап құлағыңның ішінде. Және сондай жиіркенішті! 
- Саған не мең ұнамайды ма? 
- Сен маған ұнайды деген бір адамды көрдің бе? Мен жиіркенішті меңдерді жек көремін! 
Қыз тағы... тағы ернін тістелей түсті. 
- Айтқандай, кейде сенің қолтығыңнан жағымсыз иіс шығады,- деп жалғастырды жігіт. –Жиіркенішті. Егер біз жазда кездескен болсақ, бұл күнге жету-жетпеуіміз белгісіз болар еді. 
Қыз ауыр күрсінді де, қымтай ұстап келе жатқан жігіттің қолын жібере салды. 
- Тым артық кетіп қалған сияқтысың... 
- Сенің тіпті жағаң да кір ғой. Қандай салдыр- салақ адамсың. Ештеңенің мән- мағынасын білмейсің. 
Қыз әлі үнсіз. Қатты ашуланғаны сондай, тіпті тілінің ұшына сөз ілігер емес. 
-Естимісің! Мен саған көп нәрсе айтқым келеді, аяқтарың қисық, үстіңнен тер иісі шығады, жағаң кір, құлағыңда мең бар және бұл тек басы ғана. Міне, тағы! Сен неге өзіңе үйлеспейтін сырға тағасың. Оныңмен жәлеп секілді көрінесің .Жоқ,одан да жаман. Ақыры жарасқан екенсің , мұрыныңа сақина тағып алсаңшы... ісінген алқымыңмен жақсы үйлеседі. Айтқандай, әне әукең түсіп кетіпті! Сенің анаңның бұғағы шошқаныкі сияқты. Сеп-семіз, қорсылдаған шошқа! Сен де жиырма жылдан кейін сондай боласың! Және тап шешең секілді жалмауызсың. Ашқарақтар мекенінен келгендей. Әкең-ші! Тіпті иероглифтерді жазып білмейді. Жақында менің әкеме хат жолдапты, оқып, бәріміз күлкіге қарық болдық. Жазуы туралы, дұрысы үндемей-ақ қояйын. Басқа-басқа ғой, бастауыш мектептің өзін жөндеп аяқтамаған секілді. Үйің?!. Ескі- құсқы. Бензин құйып, өртеп жіберетін. Ех, көк жалынға оранып өртенсе ғой... Мінеки. 
- Егер саған ұнамайтын болсам, неге үйленбексің? 
Жігіт жауап берген жоқ. «Шошқа!» деп жекіріп жіберді. 
- Ал сен, анау...-шы? 
Мен бәрін орнына қоюға бекінгенмін. Солай жасаймын да. Сенің бұлай бар болғаныңша, менің өлгенім артық. Қандай өлім болса да түкіргенім бар. Мұндай халде өмір сүргенше, деміңді үз, бітті. 
Қыз үнсіз тұра берді. 
- Бұлай деуге қалай дәтің барады? 
- Кенет... жігіт ауырсынғандай басын қос қолымен ұстай алды да, жүресінен отыра кетті. »Басым айналып барады... Жоқ, шыдай алар емеспін... Кім білген?..» 
- Саған не болды? 
Әлгідегі ашуы әлі тарқай қоймаған қыз немкетті сұрай салған. 
- Көріп тұрған жоқпысың? Мен бұдан әрі шыдай алмаймын. Терім күйген секілді жайылып барады. 
Қыз нәзік қолдарымен оның бетін ұстап көрді. Өртеніп тұр екен. Уқалап көргісі келген, кенет... бет терісі біреу сыпырып алғандай салбырап түсе берді. Бойы да қып-қызыл, жып-жылмағай боп көрінді. 
Үрейленген қыз ырғып түсті. Жігіт орнынан көтерілді де, кекете күлді. 
Сосын бетінде қалған терінің бәрін сылып ала бастады. Қарашығы бір нүктеге қадалып қалған. Мұрыны екі қара тесікке айналыпты. Еріннен ада. Тістері ақсиып, сақылдап күліп жіберді. 
- Мен осы уақытқа дейін сенің жаныңда болдым... сені шошқаша жалмау үшін ғана. Сен өзіңді менен басқа біреуге керекпін деп ойлайсың ба? Әлде мұны ұғарлық та миың жоқ па? Сен-а-қымақ.. Хе-хе-хе. 
Қыз жандәрмен қаша жөнелді. Бір түйір жидіген ет мұның соңынан өкшелей қуып келеді. Бар күші жеткенше жүгіргенмен, қашып құтылу мүмкін емес еді. Кенет зират шетінен бір қол мұның жейдесінің жағасына жабысты. Айқайлап жіберді. 
Оның тәнін жігіт емірене құшып жатқан. 
Тамағы құрғап қалыпты, су ішкісі келді. Жігіт жымия қарады. 
- Не болды саған? 
Орнынан тұрып, айналасына көз тастаған. Екеуі көл жағасындағы қонақ үй бөлмесінде жатыр. Есіне әлдене түсірейін дегендей басын әрі бері шайқап-шайқап жіберді. 
-Мен айқайладым ба? 
-Иә. Өте дөрекі дауыспен,- деп күле жауап қайырды жігіт.- Сондай байбаламға толы дауыспен! Бүкіл қонақ үй шошынған шығар. Тек әйтеуір мұнда кісі өлтіріп жатыр екен деп ойламаса бопты. 
-Кешір. 
- Қорқынышты түс көргеннен саумысың? 
- Сен тіпті оны елестете де алмайсың. 
- Айтсаңшы енді. 
- Айтқым келмейді. 
- Үрейге бой алдыра бергенше біреуге айтып, жеңілдеген дұрыс. 
- Солай-ақ болсын. Бірақ тап қазір еш нәрсе айтқым кеп тұрған жоқ. 
Екеуі де үнсіз қалды. Жігіт тағы аймалай бастады. Алыстан басқалардың құрылы естіледі. 
- Қымбаттым,- деді кенет қыз есіне бірдеңе түскендей.- Айтшы... 
- Нені? 
- Менің құлағымда мең бар ма? 
- Мең?- деп қайталай сұрады жігіт. – Қайсы? Мынау оң жақ құлағыңда тұрған кеспірсіз меңді айтасың ба? 
Қыз көзін жұмды. Сұмдық жалғаса берді... 

Бөлісу: