Қоңыр махаббат

9 Желтоқсан 2013, 05:20

Күз.Қыркүйек айы.Жылауық аспанды қара-қошқыл бұлт торлап,күрең күздің жаңбыры жерге тырс-тырс тамады.Тамшыларда көктемнің не жаздың ерке тамшыларындай қара жолдың үстінде секеңдемей,қорғасындай зілмауыр салмақпен,жерге бырш-бырш жабысадыЖай ғана тамбайды,жол-жөнекей ағаштар басында қалған,сарғайа барып қоңырқай тартқан жапырақтарды жұлып түсіп,жерге жаныштайды.Жазғы жауын иісіндей емес,жан сарайын ашпайды.Жер жарықтық,жаңбырлы жаздың ылғалына тойынған ба,жауын суын бойына сіңірмейді.Нәтижесі-әдеттегі"алтын күз" деген анықтауышты"қоңыр күзге "айналдырғандай.көңіл-күйде қоңырқай.  Иығына екі-үш кітап-дәптерлерін салған сөмке асынған бозбала,өз ойымен өзі асықпай келе жатыр.Қоршаған айналаның қоңырқай түсі қоңыр мұңмен бірігіп,батпандай салмақпен иығынан басқандай.Көлденең қосылған жолдың тұсында аяғын асыға басып,тұрымтайдай қыз бала өзін қаға-маға өте шыққанда ғана ол селт етіп,мектепке кешігерін сезіп,жүрісін жиілетті.  Бұл мектеп табалдырығын аттай бере,бағанадан "жыламсырап тұрған "күз аспаны қақ айрылардай сатырлап,нөсерлете жөнелді.  Сыныпқа кіріп,соңғы парталардың біріне сумкасын тастай салып,жолдастарымен шүйіркелесе кетті.Қызығына енді жеткен әңгіме,мұғалім кіріп келгенде сыбыр-күбірге ұласып барып саябыр тапты.  Жазғы демалыстан кейін жалқау тартқан ми шіркін жаңа сабақты қабылдар емес.Сабақтың ортасы ауды-ау деген кезде есік сарт ашылып,қашанда асығыс-үсігіс жүретін директор кірді де,соңынан әзер үлгеріп кірген қыз баланы жаңа оқушы деп таныстырды.Алпыс жанар жаңа оқушының өне бойын тінткілеп,сынай қарап шықты.ол жазбай таныды.Бұны қағып өткен қыз.Сынып жетекшісінің сұрауы бойынша өзін қысқаша таныстырған ол,тек соны күтіп тұрғандай бос тұрған алдыңғы партаға жайғасты.  Көп ұзамай-ақ ол қыз озат оқушы екенін көрсете бастады.Қай пәннен болмасын берілген тапсырманы "шемішкеше шағады".Мұғалімдердің сүйіктісіне айналған қызға,шаң қауып қалғандар "патриот "деп айдар тағып үлгерді.Патриот болса несі бар.мақтанарлық қасиет.Алдымен соған жетіп алсынБұл ол қызды іштей осылай қолдайды,қызыға қарайды.  Басқа сабақтардың шекесін қыздырмаса да бұл әдебиет,тарихтан анау-мынауды алдына шығара қоймайтын.Құрдастарының "тістері енді бата бастаған " мына бақытты қыз қандай  үлкен-үлкен әдеби кітаптарды бұл 5-6 сыныптарда аударып-төңкеріп тастаған.Әдебиет пәнінің бүкіл бағдарламасын өз бетімен оқып алған ол,сол пәннен дәріс беретін сынып жетекшісінің сабағында қиял әлеміне самғап кететін.Сол үшін ескерту алыпта жататын.  Балапан жырларының қанаты қатая бастағалы,өлең арасынан махаббат сөзі жиі қылаң бере бастады.Күндіз сабақ үстінде қайта-қайта көзін тартатын алдыңғы партадағы қыз,түнде түсіне кіретінді шығарды.  Жо-оқ көлденең адам ол қызды керемет әдемілер санатына қоспасы анық.Өзіне ғана тән сүйкімділігі бар ол қызды биіктететін кіршіксіз мінезімен пәктігі еді.Қиыла күлгені.сүмбіл қара шашы бала жігіттің еркін алып,ұйқысын ұрлай бері,ұрлай берді.  Қоңыр дәптердегі қоңырқай өлеңдер сол қыздың төңірегінен шыға алмады.Бірде үрексіне отырып дәптерін қызға ұсынды.Жүрек шіркін атша тулап жауап күтті.Дәптерді қайыра ұсынған қыз," мына қыз қандай бақытты  " дегенде ,"ол сенсің" деп айғай салды.Жоқ,айғай дегені жүрек түкпірігіндегі жаңғырық екен күңіренген.Бекер-бекер,айтуы керек еді.әне-міне дегенше мектепте базарлы дәуренімен бастан өте шықты.Әркім өз жолымен кетті.Бұл болса әскер қатарында абыройлы міндетін өтеп жүр.Тек кейде жүрек түкпірінен сол бір қоңыр махаббат қоңыр мұңға жетелеп әкетеді.  2004.ж 

Күз.Қыркүйек айы.Жылауық аспанды қара-қошқыл бұлт торлап,күрең күздің жаңбыры жерге тырс-тырс тамады.Тамшыларда көктемнің не жаздың ерке тамшыларындай қара жолдың үстінде секеңдемей,қорғасындай зілмауыр салмақпен,жерге бырш-бырш жабысадыЖай ғана тамбайды,жол-жөнекей ағаштар басында қалған,сарғайа барып қоңырқай тартқан жапырақтарды жұлып түсіп,жерге жаныштайды.Жазғы жауын иісіндей емес,жан сарайын ашпайды.Жер жарықтық,жаңбырлы жаздың ылғалына тойынған ба,жауын суын бойына сіңірмейді.Нәтижесі-әдеттегі"алтын күз" деген анықтауышты"қоңыр күзге "айналдырғандай.көңіл-күйде қоңырқай. 
Иығына екі-үш кітап-дәптерлерін салған сөмке асынған бозбала,өз ойымен өзі асықпай келе жатыр.Қоршаған айналаның қоңырқай түсі қоңыр мұңмен бірігіп,батпандай салмақпен иығынан басқандай.Көлденең қосылған жолдың тұсында аяғын асыға басып,тұрымтайдай қыз бала өзін қаға-маға өте шыққанда ғана ол селт етіп,мектепке кешігерін сезіп,жүрісін жиілетті. 
Бұл мектеп табалдырығын аттай бере,бағанадан "жыламсырап тұрған "күз аспаны қақ айрылардай сатырлап,нөсерлете жөнелді. 
Сыныпқа кіріп,соңғы парталардың біріне сумкасын тастай салып,жолдастарымен шүйіркелесе кетті.Қызығына енді жеткен әңгіме,мұғалім кіріп келгенде сыбыр-күбірге ұласып барып саябыр тапты. 
Жазғы демалыстан кейін жалқау тартқан ми шіркін жаңа сабақты қабылдар емес.Сабақтың ортасы ауды-ау деген кезде есік сарт ашылып,қашанда асығыс-үсігіс жүретін директор кірді де,соңынан әзер үлгеріп кірген қыз баланы жаңа оқушы деп таныстырды.Алпыс жанар жаңа оқушының өне бойын тінткілеп,сынай қарап шықты.ол жазбай таныды.Бұны қағып өткен қыз.Сынып жетекшісінің сұрауы бойынша өзін қысқаша таныстырған ол,тек соны күтіп тұрғандай бос тұрған алдыңғы партаға жайғасты. 
Көп ұзамай-ақ ол қыз озат оқушы екенін көрсете бастады.Қай пәннен болмасын берілген тапсырманы "шемішкеше шағады".Мұғалімдердің сүйіктісіне айналған қызға,шаң қауып қалғандар "патриот "деп айдар тағып үлгерді.Патриот болса несі бар.мақтанарлық қасиет.Алдымен соған жетіп алсынБұл ол қызды іштей осылай қолдайды,қызыға қарайды. 
Басқа сабақтардың шекесін қыздырмаса да бұл әдебиет,тарихтан анау-мынауды алдына шығара қоймайтын.Құрдастарының "тістері енді бата бастаған " мына бақытты қыз қандай 
үлкен-үлкен әдеби кітаптарды бұл 5-6 сыныптарда аударып-төңкеріп тастаған.Әдебиет пәнінің бүкіл бағдарламасын өз бетімен оқып алған ол,сол пәннен дәріс беретін сынып жетекшісінің сабағында қиял әлеміне самғап кететін.Сол үшін ескерту алыпта жататын. 
Балапан жырларының қанаты қатая бастағалы,өлең арасынан махаббат сөзі жиі қылаң бере бастады.Күндіз сабақ үстінде қайта-қайта көзін тартатын алдыңғы партадағы қыз,түнде түсіне кіретінді шығарды. 
Жо-оқ көлденең адам ол қызды керемет әдемілер санатына қоспасы анық.Өзіне ғана тән сүйкімділігі бар ол қызды биіктететін кіршіксіз мінезімен пәктігі еді.Қиыла күлгені.сүмбіл қара шашы бала жігіттің еркін алып,ұйқысын ұрлай бері,ұрлай берді. 
Қоңыр дәптердегі қоңырқай өлеңдер сол қыздың төңірегінен шыға алмады.Бірде үрексіне отырып дәптерін қызға ұсынды.Жүрек шіркін атша тулап жауап күтті.Дәптерді қайыра ұсынған қыз," мына қыз қандай бақытты 
" дегенде ,"ол сенсің" деп айғай салды.Жоқ,айғай дегені жүрек түкпірігіндегі жаңғырық екен күңіренген.Бекер-бекер,айтуы керек еді.әне-міне дегенше мектепте базарлы дәуренімен бастан өте шықты.Әркім өз жолымен кетті.Бұл болса әскер қатарында абыройлы міндетін өтеп жүр.Тек кейде жүрек түкпірінен сол бір қоңыр махаббат қоңыр мұңға жетелеп әкетеді. 
2004.ж 

Бөлісу: