18 Ақпан 2014, 08:34
Алексей Николаевич Толстой (29 желтоқсан 1882 (10 қаңтар 1883), Николаевск, Самарск губерниясы, Россия империясы — 23 ақпан1945, Москва) — орыс ұлтының кеңестік жазушысы және қоғамдық қызметкері, граф. Әлеуметтік-психологиялық, тарихи және ғылыми-қиял-ғажайып романдар, повестер мен әңгімелер, публицистикалық шығармалар авторы. Неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттерін тексеру ісі бойынша комиссия мүшесі (1942). Үш бірдей бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1941; 1943; 1946 — қайтыс болған соң).
А.Н. Толстой 1882 жылы 29 желтоқсанда (10 қаңтарда 1883 жыл). Әкесі - граф Николай Александрович Толстой (1849-1890), алайда кейбір биографтар оның өгей әкесі Алексей Аполлонович Бостроның атымен жазады. («Шығу тегі» бөлімін қараңыз.)
Анасы – Александра Леонтьевна (1854-1906) – жазушы, декабрист Николай Тургеньевтің ағайын немересі, А.Н. Тольстойдың туылуы кезінде күйеуінен кетіп, көңілдесімен бірге тұрады. А.А. Бостромға заңды түрде күйеуге ішкі сезімін анықтай алмай, шыға алмады.
Болашақ жазушының балалық шағы анасының көңілдесі Самараға қашық емес Сосновкадағы (қазіргі уақытта - Павловка пос., Қызылармия ы.а.) А.А. Бостромның үйінде өтті.
1905 жылы көктемде Петербург технологиялық институтының студенті Алексей Толстой бір айдан артық Невьянскіде тұрған Оралға тәжірибеден өтуге жіберілді.
1936 – 1938 жылдары А.М. Горький қайтыс болған соң, А.Н.Толстой ССРО Жазушылар Одағын басқарды.
А.Н. Толстой – ССРО ҒА академигі (1939),1937 жылдан бастап ССРО ЖК 1-шақырылымының депутаты. Фашистік басқыншылардың зұлымдықтарын тергеу бөлімінің мүшесі. Краснодарск үрдісіне қатынасушы.
А.Н.Толстой 1945 жылдың 23 ақпанында дүние салды. Москва қаласында Новодевичье қорымында жерленген. Оның қайтыс болуына байланысты мемлекеттік қаралы күн жарияланды.
Марапаттары мен сыйлықтары
· 1941«Пётр I» романының 1-2 бөлімдері үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық.
· 1943 — «Хождение по мукам» романы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық.(«Грозный»танкісін салудағы қорғау қорына берілді.)[3].
· 1946 «Иван Грозный» романы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық (қайтыс болған соң);
· Ленин ордені (1938);
· Еңбек Қызыл Ту ордені (1943);
· «Құрмет белгісі» ордені (1939);
Соғыс жылдары Алексей Толстой соғыстың бірінші күнінен (1941 жылдың 27 маусымында – «Біз нені қорғаймыз») бастап, 1945 жылдың қысының аяғында қайтыс болғанға дейін 60-тар шамасында публицистикалық материалдар (очерктер, мақалалар, үндеулер, батырлар жайындағы суреттемелері, соғыс операциялары) жазады. Алексей Толстойдың соғыс туралы танымал туындысы «Отан» («Родина») очеркі.