Жастық шағы

18 Ақпан 2014, 08:38

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 1901 — 13 мамыр 1956) — орыс, кеңес жазушысыжәне қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 1901 — 13 мамыр 1956) — орыскеңес жазушысыжәне қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.

Жастық шағы

А. А. Фадеев 1901 жылы 24 желтоқсанда Кимри ауылында (қазіргі Тверь облысындағы қала) дүниеге келді. Жазушы кішкентай кезінен бастап өте дарынды бала болып өседі. Төрт жасында әпкесі Таняны қалай оқытқанын бақылап отырып, әліпби үйренді. Сонымен қатар, жазушы төрт жасынан бастап әртүрлі кітаптарды оқып,таңғажайып ертегілер мен әңгімелер құрастырды. Қаламгер кішкентай кезінен бастап Джек ЛондонМайн РидФенимор Купер сынды әлем әдебиеті классиктерін сүйіп оқыды. 1908 жылдан бастап Фадеевтің отбасы Оңтүстік-Уссурийск өңіріне (қазіргі Примор өңірі) көшіп, балалық шағы мен жас кезі осы өңірде өтті. 1912 – 1918 жылдары Фадеев Владивосток Коммерциялық училищесіне оқуға түскенмен, бұл оқуды аяқтамай, өмірін революциялық жұмыстарға арнауды жөн көрді.

Революциялық қызметі

Жазушы Владивосток Коммерциялық училищесінде оқып жүріп, большевиктер комитетінің астыртын жұмыстарына белсене араласты. 1918 жылы партияға мүшелікке өтіп, «Булыга» лақап атын қабылдады. Партиялық қызметі белсенді жүріп, партия үгітшісі болды. 1919 жылы Қызыл партизандарының Ерекше Коммунисттік қатарына қабылданды.
19191921 жылдары Қиыр Шығыстағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысып, осы кезде жараланады. 13-ші Амур полкының комиссары және 8-ші Амур атқыштар бригадасындағы посттарда қызмет етті. 1921—1922 жж. Мәскеу тау-кен академиясында білім алды. 1921 жылы КОКП-ның Х съезіне делегат ретінде қатысып, Петроградқа аттанды. Кронштад көтерілісін басу үшін құрылған топта қызмет етіп, екінші рет жарақаттанды. Ем қабылдап, әскерден қайтқан соң Фадеев Мәскеуде қалды.

Әдебиетке алғашқы қадам

Александр Фадеев өзінің ең алғашқы тырнақалды «Разлив» атты шығармасын 1922—1923 жылдары жазды. 1925—1926 жылдары бастап жазған «Разгром» романынан кейін Фадеев кәсіби жазушы болуды мақсат тұтты. «Разгром» романы жас жазушыға атақ пен абырой алып келді[2] . Алайда, жазушы осы жұмысынан кейін әдебиетке көп көңіл бөле алмады. Себебі, осы тұста Фадеев әдебиет және қоғам қайраткері, Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясының көшбасшысы қызметтерінде болған еді.

 

Бөлісу: