18 Ақпан 2014, 10:33
Көпшілікке «Кока Кола» футбол додасы арқылы танымал болған, еліміздегі талантты шабуылшылардың бірі әрі бірегейі – Сергей Хижниченко.
Сергей Хижниченко 1991 жылы, 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Сергейдің әкесі камаз жүргізушісі, анасы кәсіпкер. Ағасы Николай да футболмен айналысқан. Серега футболмен тоғыз жасынан бастап айналысқан. Алғашқы бапкері – Олег Романовский. Өскеменнің «Восток» командасының тәрбиеленушісі. Хижа халыққа алғаш «Кока-Кола» былғары доп додасы арқылы танымал болды. Өскеменнің балғын футболшылары осы турнирдің тұңғыш жеңімпаздары болып танылды. Сол жолы Сергей Хижниченко 16 командақатысқан республикалық жарыста сегіз доп соғып, ең үздік сұрмерген атанған болатын. Осыдан кейін «Восток» командасының бапкерлері алқасы жас шабуылшыны негізгі құрамға шақырады. Алғашқы ойында гол соғып, кездесуін нәтижелі аяқтайды. Ол кезде Хижаның жасы нәбәрі 15-те еді. Оған алаңға шығып, өз шеберлігін паш етуге мүмкіндік берген Голоколосов еді Сереганың бұл бапкерге айтар алғысы шексіз.
«Востоктың» негізгі құрамында 2008-2009 жылдар аралығында 38 ойынөткізіп, 7 гол соққан. Осыдан кейін Мәскеудің ЦСКА командасына байқауға шақырылды. Мәскеу армияшыларымен бірге Кисловодскідеөткен оқу-жаттығу жиындарына қатысты. ЦСКА-ның қосалқы құрамныңойыншыларымен бірге жолдастық кездесу де өткізді. Әйткенмен келісімшарт жасалған жоқ. Мәскеу командасы жас футболшының одан әрі жетіле түскенін қадағалайтын жеткізді.
Ресей астанасының командасымен келісімшарт жүзеге аспаған соң,әріптесі Вячеслав Эрбес екеуі өзіміздің Астананың «Локомотивіне» ауысады. Сол кездегі бас бапкер Хольгер Фах қос футболшының«лимитчик» ретінде шақырған болатын. Бірінші айналымда көбінеқосалқы құрамда отырумен болатын. Ара-тұра екінші таймда алаңға шығарып тұрды. «Локо» сапында алғашқы ойынын 22 наурызда «Қайратқа» қарсы өткізді. Алғашқы голын «Шахтердің» қақпасына соқты. Ал екінші айналымда «Атырау» командасына жалға берілді.
«Атырауға» ауысқаннан кейін алаңға жиі шыға бастады. Клуб басшыларының команданың алдына қойған үздік алтылыққа кіру тапсырмасының жүзеге асуына өз үлесін қосты. Маусым аяқталғаннан кейін Голландияның «Фейнорд» клубының екі бірдей оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Команданың директоры атақты Лео Бенхаккерге Сергейдің ойыны ұнайды. «Фейнорд» пен «Спарта» арасындағы жолдастық кездесуге қатысып, Симонға гол соғатын пас беріп, көзге түседі. Осыдан кейін Оманда өткен екінші оқу-жаттығу жиындарынақатысады. Клуб басшылары Хижниченкомен келісімшартқа отыруға дайын болғанымен, регламент бойынша жылына 405 мың еуро төлеуге келіспеді.Еуроодаққа мүше емес елдердің футболшыларына бұл сомадан төмен жалақы төлеуге болмайды деген арнайы заң бар. Ал клуб 19 жастағы осыншама ақша төлеуге құлық танытпады.
Еуропада жолы болмаған жас шабуылшы Қазақстанға оралады. Елге келгеннен кейін Виктор Кумыковтың жаңадан жасқтап жатқан «Шахтер» командасымен келісімшартқа отырды. Бұл келісім 2011 жылдың 14-ші ақпанында жүзеге асты. «Кеншілерге» өзінің досы Вячеслав Эрбес екеуі бірге келді. Алғашқы голын Керекудің «Ертісіне» командасына соқты. Ал 27 мамырда өзінің туған командасы «Востокка» қарсы ойында дубль орындайды.
«Шахтер» Хижаның жан-жақты талантын ашты. Алғашқы маусымда Жамбыл Көкеев, Андрей Финонченколармен бірге «кеншілердің» шабуылын күшейтті. Жиырма жастағы футболшы ел біріншілігінде 16 гол соғып, Ұлықбек Бақаевтан кейін екінші мерген атанды. Чемпионаттыңсоңғы турында «Шахтер» өз алаңында «Астананы» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңіс арқылы Қарағанды командасы тұңғыш рет ел біріншілігінде топ жарды. Қос голды да Сергей Хижниченко соққан болатын. Бұл чемпиондық тәж «Шахтердің» ғана емес, Хижаның да тұңғыш ірі жүлдесі еді.
Сол жылы ҚФФ-сы Сергейді жылдың ең үздік жас ойыншысы деп таныды. Сонымен қатар үздік 33 футболшының қатарына енді.
Ал былтыр Қырғызстанмен болған ойында аса ауыр жарақат алып жарты жыл алаңға шыға алмады.
Биыл жарақатынан айыққан соң, бірте-бірте спортық формасын жинай бастады. «Шахтер» Чемпиондар лигасына қатысатын тұста, ол нағыз спорттық бабына енді. Беларусь жерінде БАТЭ-ның қақпасына жеңіс голын соққан да осы футболшы. Үшінші раундта «Скендербеу» қақпашысыныңосал тұсын екі рет тапты. Әсіресе, Албаниядағы голы «Шахтерді» келесі кезеңге алып шықты. Плей-офф кезеңінде «Селтикке» де гол соғудыұмытпады. Алты ойында төрт гол соғып, жанкүйерлердің махаббатына бөленді.
Қараша айында Қазақстан кубогының финалында «Тараз» қақпасына жеңіс голын соғып, «Шахтерге» тұңғыш рет аталған кубокты сыйлады. Бұл гол оның ел кубогындағы алғашқы голын болатын.
Сергей Хижниченко Қазақстан чемпионатында 130 ойында 34 гол соққан.Қазақстан кубогы жолында 13 кездесуде бір голдың авторы атанған. Еурокубок матчтарында 15 ойын өткізіп, 4 допты өз атына жазған.
Ұлттық құрамада
Ол алғаш 19 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасына кейіннен 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылды. Ал 2009 жылы Сергей Остапенко жарақат алған соң, сол кездегі бас бапкер Бернд Шторк жас шабуылшыны құраманың жиынына шақырады. Алғашқы ойынын 2009 жылы 10 маусымда Украина құрамасына қарсы өткізді. Сол жылы 9қыркүйекте сырт алаңда Андорра қақпасына дубль орындады. 2010 жылғыәлем чемпионатының електік додасының соңғы турында Хорватияқақпасына бір гол еңгізді. Ұлттық құрамадағы төртінші голын биыл Астанада Грузия қақпасына соқты. Бұл гол матчтағы жеңіс голы болып табылды. Жалпы осы уақытқа дейін 23 ойын өткізген.
Қызықты деректер
2011 жылы ерлер киімін өндіретін немістің «Стоунз» Қазақстан футбол федерациясымен серіктестік орнатады. Осы компанияның киімін таныстыру рәсіміне Сергей Хижниченко да қатысты. Бұл оның алғашқы модельдік жұмысы. Онымен бірге сол жолы Александр Мокин, Ренат Абдуллин, Аслан Дарабаев модельдердің қатарында болды.
Серега жас кезінде Руд Ван Нистелрой мен Тьерри Анридің шеберлігіне тәнті болып, осы футболшыларға еліктеп өсті. Қазақстан футболшыларынан Самат Смақов, Руслан Балтиев, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория үлгі тұтады.
Еурододалардағы сәтті ойынынан кейін Хижниченкоға Ресей, Украина клубтары қызығушылық танытып жатқаны белгілі болып отыр. Алдағы уақытта 22 жастағы шабуылшыны деңгейі жоғары біріншіліктерден көріпқалуымыз ықтимал.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2011, 2012 жылдары
Қазақстан кубогының иегері: 2013 жылы
Қазақстан суперкубогының иегері: 2013 жылы
Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы: 2011 жылы
Екі рет үздік 33 футболшының қатарына еңген: 2009, 2011 жылдары.
Бек Төлеуов «Sport».