Қасірет алаңы

6 Желтоқсан 2013, 03:58

  "Жеке адамға табынушылық" - деген заман ұзақ жылдар бойы құлаш жайып, еліміздің көп аймақтарын ауыр қасіретке душар етті. Тарихымызға түскен қара дақтар жан-жақты зерттелмегеннен кейін дүниетанымымыз орны босаған ақтаңдақтарға айналды. Шындық шырқырап құлын дауысы естіліп жатса да жалған айыппен халқымыздың  миллиондаған азаматтары жазықсыз жапа шекті.     Сталиндік зұламаттың қазақ жеріне қалдырған ескерткіші – Қазақстан түрмелер мекеніне айналды. Жоспар бойынша құрыл­ған алғашқы жеті лагерьлік ай­мақтың біреуі - Қазақстан болды. ГУЛАГ жүйесі орналасуға тиісті КСРО-ның 25 облы­сының 7 облысы Қазақ­стан­ның (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақ­стан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлесіне тиді.     КСРО басшыларының ГУЛАГ жүйесінің үлкен бір тармағын Қазақстан жерінде ұйымдастыруға тырысуының үлкен бір мәні болды. Қазақ даласының қойнауы толы қазынасын, жер бетіндегі байлығын тез арада игеру міндеті эко­номикалық қана емес, үлкен саяси-стратегиялық мақсат болып есептелінді. Мысалы, Бүкілодақтық Халық шаруа­шы­лығы Кеңесі (ВСНХ) төрағасының орынбасары Г.Л.Пятаков: “Бұл аймақта тек тау-кен өндірісін ғана емес, ауыл шаруа­шылығын дамытудың да үлкен келешегі бар”, деген болатын. Ал, Қазақстанның мол байлығын игеру үшін орасан зор жұмыс күші керек еді. Сондықтан да ГУЛАГ жүйесінің торына түскен мыңдаған тұтқындардың тегін жұмыс күшін пайдалану өте ұтымды саясат ретінде қабылданды. Тұтқындардың еріксіз еңбегін пайдаланудың қажеттігін теориялық жағынан “негіздеген” Ф.Э.Дзер­жинский болды. Оның: “Респуб­лика қылмыскерлерге мүсіркеп қарай алмайды және оларға көп қаржы бөле алмайды. Олар өз еңбегімен өздері­не қажетті шығынды жабуы керек, олар­ды жолсыз, елсіз мекендерге қо­ныстандыру керек”, деген сөздері ГУЛАГ жүйесін құрудың негізгі принципі болды. Бұл көзқарас толықтай Қазақстан жерінде де жүзеге асырылды.     Қазақстанда құрылған лагерьлердің өзіндік тарихы бар. Қайғы мен қасіретке толы мыңдаған адамдардың тағдырын тәлкек еткен тамұқ ошақтарының әлі де ашылмаған сыры, анықталмаған дерек­тері жеткілікті. Дегенмен, бүгін де анық­талған құжаттар мен кейбір зерттеулерге көз жүгірте отырып, сол тарихтың кей­бір беттеріне назар аударуды жөн көрдік.     Сондай жазықсыз жапа шегушілердің азап лагерьлерінің бірі Степлаг Орталық Қазақстанда орналасты. Ол алғашқыда Карлагтың Кеңгір бөлімі деп аталып, кейіннен 1940 жылы Ортылық Комитет шешімімен "Жезқазған лагерь және Гулаг комбинаты" құрылды. Осы атаумен 1943 жылға дейін аталып, кейіннен "НКВД Жезқазған енбекпен түзеу лагерь комбинаты" деп аталады. Степлаг құрылысымен-ақ, Степлагтың бөлімшелері деген атпен әр жерлерде оның бөлімшелері пайда болды. Әрбір бөлімшелердің өз жоспары мен мақсаты болды. Сондай бөлімшелердің бірі Жезқазған қаласынан 70 шақырым жердегі Теректі станциясының орнында орналасты.     Бұл бөлімше Степлагтың №5-ші Теректі бөлімшесі деп аталады. Оның жер көлемі 1.27 км кв-қа тең болды. Бөлімшенің негізгі мақсаты Степлагтың өзге бөлімшелерін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыратындар арнайы іріктеп алынған, аса қауіпті қылмыспен айналыспаған тұтқындар еді.      Лагерьдегі нақты өнім өндіру көрсеткіші жоспардан 20-25 пайыз артығымен орындалып отырған. Мұның бәріде бөлімшедегі әскери қызыметкерлердің қаталдығы мен ұқыптылығы негізінде мемлекеттік қорға пайда түсіріп отырды. Олардың қатарына лагерь бастығы С.И.Дронов, партия ұйымының хатшысы, лейтенант Боговик, режимдік орынбасар Н.П.Рогов, лагерь бөлімінің бастығының орынбасары Н.Атанаев, А.Чумак және лейтенант М.Симонов тәрізді әскери қызыметшілер болған. Соңғы екеуі яғни, А.Чумак тұтқындармен материалдық байланыс жасап, олардан 3 метр мата сатып алғаны үшін қатаң сөгіс алса, М.Симонов зона ішіне кіріп айуандық әрекеттер (тұтқын әйелдерді зорлау, ұрып-соғып масаттану) жасағаны үшін жұмыс қуылғаны туралы деректер мұрағатта кездесті.   Сарғайған парақтардағы өткен күннің деректеріне терең үңіле түскенімізде тұтқындар арасында да қылмыс болып, қылмыстың бір шеті лагерь басшылығы мен байланысып тұратыны жайлы фактілерде жиі кездескенін көруге болады. Мысалы: Лагерь зонасындағы тұтқын Васецкийдің өлтірілетінін біле тұра лагерь басшысының орынбасары Н.Атанаев ешқандай әрекет жасамағанын мұрағат құжаттары дәлелдейді. Сонымен қатар, лагерьдегі тұтқындар арасында топталып қашу оқиғаларыда жиі тіркелген. Аға лейтенант Боговиктің жасаған баяндамасында: «1952 жылдың 18 сәуірінде зонадағы 5 тұтқын қашып кетті. Оның 3-уі ауыр қылмыс жасаған, ал 2-уі жеңіл қылмыс жасағандар»- деп мәлімдеген. Тұтқындардың зонадан қашуына себеп: жұмыстың шамадан тыс ауырлығы еді. Соның салдарынан бірнеше адам өліп, көбі жарақаттар алған.    Жұмыс барысында олардың арасында бақытсыз жағдайға душар болатындары да аз емес еді. Мысалы: 1951 жылдың өзінде 10 факті кездессе, 1952 жылы 5 факті тіркелген. Оның 2-уі кісі өліміне, 8-і дене жарақатына соқтырған. Жұмысшылар мен тұтқындар өліміне аса назар аударылмаған. Тұтқындар арасында жұқпалы аурулар тарап эпидемиялық жағдайлар да кездесетін. Бұл аурулардың таралуына негізгі себеп ауыз су проблемасы еді. Жұмысшылар мен тұтқындар үшін тамақ күніне 2 рет ғана берілетін. Жұмыстың ауырлығы, санитарлық жағдайдың ескерілмеуі, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр катагорлық еңбек, аштық, ауру, өлім мыңдаған тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа қарсы, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Жұмысқа шығудан бас тарту, жасырын ұйымдар құру, листовкалар тарату сияқты қарсылықтар біртіндеп қарулы көтеріліске ұласты. ГУЛАГ жүйесі бойынша ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы Степлагта болды.     Адам тағдырын тәлкек етудің тамшылай жиналған ащы дауысы Степлагтың Кеңгір бөлімшесінде шықты. Оның соңы әйгілі «Кеңгір көтерілісіне» әкеліп соқтырды. 1953 жылы 27 наурызда Кеңес үкіметінің кең ауқымды амнистиясы жарияланды. Амнистия 5 жыл мерзімге дейін сотталғандарды тегіс босатты. Саяси тұтқындардың сотталу мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімді қамтығандықтан, бұл амнистия жеңілдікке жатпады. Амнистияның келесі тармағы 5 жыл мерзімін өтеген тұтқындарды босатуға арналды. Алайда оның саяси айыппен сотталғандарға күші болмады. Күткен үміттері ақталмаған соң, тұтқындар арасында наразылық толқулары толастамай, тіпті өршіп кетті. Кешегі тұнып тұрған қарасу сияқты ГУЛАГ жуйесі енді дауылды күні буырқанған теңізге айналды. Көтеріліс барысында лагерьдің басқару штаттары 50 пайызға қысқарып, ресми басшылық тұтқындар ісінің көбін қайта қарап, кейбіреулеріне рақымшылық жасау туралы үкім шығарды. Көтерілісте аса белсенділік танытқаны үшін 400 адам түрмеге жабылса, 1000 адам Магадан,  Озерлагқа жер аударылды.      Қарулы қақтығыс кезінде 46 тұтқын өліп, 61 адам жарақат алды, 5-уі тұтқындардың өз қолынан өлген. Әскерилердің ішінен 40 адам жараланған. Көтеріліс барысындағы материалдық шығын 36908 сомға бағаланды. Дегенмен тұтқындар үміті ақталды десе болғандай, көп тұтқындарға рақымшылық жасалып, талай мыңдаған адамның тағдырына тауқымет әкелген азап лагері онымен қоса оның Теректі, Жезді, Байқоңыр, Спасск, Кеңгір бөлімшелері де жабылды.     Өткен күндер ешқашан ұмытылмақ емес. Оны жаңғыртып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Степлаг талай ұлт өкілдерінің есінде қалды, олар тағдыр тәлкегімен азапты жылдарды сонда өткізді. 1954 жылдың мәліметі бойынша Степлагта 2660 орыс, 9596 украин, 2690 литвандық, 1074 латыш, 290 қазақ және басқа сол кезде Кеңес Одағының құрамына кірген өзге ұлттар перзенттері болған екен.   Мақала Жезқазған қаласы мұрағатының деректері негізінде жазылды.   Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС    

  "Жеке адамға табынушылық" - деген заман ұзақ жылдар бойы құлаш жайып, еліміздің көп аймақтарын ауыр қасіретке душар етті. Тарихымызға түскен қара дақтар жан-жақты зерттелмегеннен кейін дүниетанымымыз орны босаған ақтаңдақтарға айналды. Шындық шырқырап құлын дауысы естіліп жатса да жалған айыппен халқымыздың  миллиондаған азаматтары жазықсыз жапа шекті.

    Сталиндік зұламаттың қазақ жеріне қалдырған ескерткіші – Қазақстан түрмелер мекеніне айналды. Жоспар бойынша құрыл­ған алғашқы жеті лагерьлік ай­мақтың біреуі - Қазақстан болды. ГУЛАГ жүйесі орналасуға тиісті КСРО-ның 25 облы­сының 7 облысы Қазақ­стан­ның (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақ­стан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлесіне тиді.

    КСРО басшыларының ГУЛАГ жүйесінің үлкен бір тармағын Қазақстан жерінде ұйымдастыруға тырысуының үлкен бір мәні болды. Қазақ даласының қойнауы толы қазынасын, жер бетіндегі байлығын тез арада игеру міндеті эко­номикалық қана емес, үлкен саяси-стратегиялық мақсат болып есептелінді. Мысалы, Бүкілодақтық Халық шаруа­шы­лығы Кеңесі (ВСНХ) төрағасының орынбасары Г.Л.Пятаков: “Бұл аймақта тек тау-кен өндірісін ғана емес, ауыл шаруа­шылығын дамытудың да үлкен келешегі бар”, деген болатын. Ал, Қазақстанның мол байлығын игеру үшін орасан зор жұмыс күші керек еді. Сондықтан да ГУЛАГ жүйесінің торына түскен мыңдаған тұтқындардың тегін жұмыс күшін пайдалану өте ұтымды саясат ретінде қабылданды. Тұтқындардың еріксіз еңбегін пайдаланудың қажеттігін теориялық жағынан “негіздеген” Ф.Э.Дзер­жинский болды. Оның: “Респуб­лика қылмыскерлерге мүсіркеп қарай алмайды және оларға көп қаржы бөле алмайды. Олар өз еңбегімен өздері­не қажетті шығынды жабуы керек, олар­ды жолсыз, елсіз мекендерге қо­ныстандыру керек”, деген сөздері ГУЛАГ жүйесін құрудың негізгі принципі болды. Бұл көзқарас толықтай Қазақстан жерінде де жүзеге асырылды.

    Қазақстанда құрылған лагерьлердің өзіндік тарихы бар. Қайғы мен қасіретке толы мыңдаған адамдардың тағдырын тәлкек еткен тамұқ ошақтарының әлі де ашылмаған сыры, анықталмаған дерек­тері жеткілікті. Дегенмен, бүгін де анық­талған құжаттар мен кейбір зерттеулерге көз жүгірте отырып, сол тарихтың кей­бір беттеріне назар аударуды жөн көрдік.

    Сондай жазықсыз жапа шегушілердің азап лагерьлерінің бірі Степлаг Орталық Қазақстанда орналасты. Ол алғашқыда Карлагтың Кеңгір бөлімі деп аталып, кейіннен 1940 жылы Ортылық Комитет шешімімен "Жезқазған лагерь және Гулаг комбинаты" құрылды. Осы атаумен 1943 жылға дейін аталып, кейіннен "НКВД Жезқазған енбекпен түзеу лагерь комбинаты" деп аталады. Степлаг құрылысымен-ақ, Степлагтың бөлімшелері деген атпен әр жерлерде оның бөлімшелері пайда болды. Әрбір бөлімшелердің өз жоспары мен мақсаты болды. Сондай бөлімшелердің бірі Жезқазған қаласынан 70 шақырым жердегі Теректі станциясының орнында орналасты.

    Бұл бөлімше Степлагтың №5-ші Теректі бөлімшесі деп аталады. Оның жер көлемі 1.27 км кв-қа тең болды. Бөлімшенің негізгі мақсаты Степлагтың өзге бөлімшелерін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыратындар арнайы іріктеп алынған, аса қауіпті қылмыспен айналыспаған тұтқындар еді.

     Лагерьдегі нақты өнім өндіру көрсеткіші жоспардан 20-25 пайыз артығымен орындалып отырған. Мұның бәріде бөлімшедегі әскери қызыметкерлердің қаталдығы мен ұқыптылығы негізінде мемлекеттік қорға пайда түсіріп отырды. Олардың қатарына лагерь бастығы С.И.Дронов, партия ұйымының хатшысы, лейтенант Боговик, режимдік орынбасар Н.П.Рогов, лагерь бөлімінің бастығының орынбасары Н.Атанаев, А.Чумак және лейтенант М.Симонов тәрізді әскери қызыметшілер болған. Соңғы екеуі яғни, А.Чумак тұтқындармен материалдық байланыс жасап, олардан 3 метр мата сатып алғаны үшін қатаң сөгіс алса, М.Симонов зона ішіне кіріп айуандық әрекеттер (тұтқын әйелдерді зорлау, ұрып-соғып масаттану) жасағаны үшін жұмыс қуылғаны туралы деректер мұрағатта кездесті.

  Сарғайған парақтардағы өткен күннің деректеріне терең үңіле түскенімізде тұтқындар арасында да қылмыс болып, қылмыстың бір шеті лагерь басшылығы мен байланысып тұратыны жайлы фактілерде жиі кездескенін көруге болады. Мысалы: Лагерь зонасындағы тұтқын Васецкийдің өлтірілетінін біле тұра лагерь басшысының орынбасары Н.Атанаев ешқандай әрекет жасамағанын мұрағат құжаттары дәлелдейді. Сонымен қатар, лагерьдегі тұтқындар арасында топталып қашу оқиғаларыда жиі тіркелген. Аға лейтенант Боговиктің жасаған баяндамасында: «1952 жылдың 18 сәуірінде зонадағы 5 тұтқын қашып кетті. Оның 3-уі ауыр қылмыс жасаған, ал 2-уі жеңіл қылмыс жасағандар»- деп мәлімдеген. Тұтқындардың зонадан қашуына себеп: жұмыстың шамадан тыс ауырлығы еді. Соның салдарынан бірнеше адам өліп, көбі жарақаттар алған.

   Жұмыс барысында олардың арасында бақытсыз жағдайға душар болатындары да аз емес еді. Мысалы: 1951 жылдың өзінде 10 факті кездессе, 1952 жылы 5 факті тіркелген. Оның 2-уі кісі өліміне, 8-і дене жарақатына соқтырған. Жұмысшылар мен тұтқындар өліміне аса назар аударылмаған. Тұтқындар арасында жұқпалы аурулар тарап эпидемиялық жағдайлар да кездесетін. Бұл аурулардың таралуына негізгі себеп ауыз су проблемасы еді. Жұмысшылар мен тұтқындар үшін тамақ күніне 2 рет ғана берілетін. Жұмыстың ауырлығы, санитарлық жағдайдың ескерілмеуі, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр катагорлық еңбек, аштық, ауру, өлім мыңдаған тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа қарсы, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Жұмысқа шығудан бас тарту, жасырын ұйымдар құру, листовкалар тарату сияқты қарсылықтар біртіндеп қарулы көтеріліске ұласты. ГУЛАГ жүйесі бойынша ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы Степлагта болды.

    Адам тағдырын тәлкек етудің тамшылай жиналған ащы дауысы Степлагтың Кеңгір бөлімшесінде шықты. Оның соңы әйгілі «Кеңгір көтерілісіне» әкеліп соқтырды. 1953 жылы 27 наурызда Кеңес үкіметінің кең ауқымды амнистиясы жарияланды. Амнистия 5 жыл мерзімге дейін сотталғандарды тегіс босатты. Саяси тұтқындардың сотталу мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімді қамтығандықтан, бұл амнистия жеңілдікке жатпады. Амнистияның келесі тармағы 5 жыл мерзімін өтеген тұтқындарды босатуға арналды. Алайда оның саяси айыппен сотталғандарға күші болмады. Күткен үміттері ақталмаған соң, тұтқындар арасында наразылық толқулары толастамай, тіпті өршіп кетті. Кешегі тұнып тұрған қарасу сияқты ГУЛАГ жуйесі енді дауылды күні буырқанған теңізге айналды. Көтеріліс барысында лагерьдің басқару штаттары 50 пайызға қысқарып, ресми басшылық тұтқындар ісінің көбін қайта қарап, кейбіреулеріне рақымшылық жасау туралы үкім шығарды. Көтерілісте аса белсенділік танытқаны үшін 400 адам түрмеге жабылса, 1000 адам Магадан,  Озерлагқа жер аударылды.

     Қарулы қақтығыс кезінде 46 тұтқын өліп, 61 адам жарақат алды, 5-уі тұтқындардың өз қолынан өлген. Әскерилердің ішінен 40 адам жараланған. Көтеріліс барысындағы материалдық шығын 36908 сомға бағаланды. Дегенмен тұтқындар үміті ақталды десе болғандай, көп тұтқындарға рақымшылық жасалып, талай мыңдаған адамның тағдырына тауқымет әкелген азап лагері онымен қоса оның Теректі, Жезді, Байқоңыр, Спасск, Кеңгір бөлімшелері де жабылды.

    Өткен күндер ешқашан ұмытылмақ емес. Оны жаңғыртып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Степлаг талай ұлт өкілдерінің есінде қалды, олар тағдыр тәлкегімен азапты жылдарды сонда өткізді. 1954 жылдың мәліметі бойынша Степлагта 2660 орыс, 9596 украин, 2690 литвандық, 1074 латыш, 290 қазақ және басқа сол кезде Кеңес Одағының құрамына кірген өзге ұлттар перзенттері болған екен.

 

Мақала Жезқазған қаласы мұрағатының деректері негізінде жазылды.

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

 

Бөлісу: