ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

6 Желтоқсан 2013, 03:23

     Сарыарқа кіндігінде орналасқан Жезқазған қаласының күнделікті тіршілігі өзінше бір тарих. Мыңдаған тұрғыны қызу еңбектің майданында алып өндірістің түтінінің түзу шығуына ат салысып, еңбектері ел тарихының шежіресіне еніп жатыр. Бәрі де бақытын еңбектен тауып жүрген қалының тұрғындарының арасында өмірі ұрпаққа өнеге боларлықтай жандар аз емес. Қала шетіндегі Комбинатский аталып кеткен елді-мекенінде тұратын, жасы 70-ке қараған Аманкүл апаның ғұмырнамасы өзгелерден тіпті ерекше. Апайдың өмірінің қызықты тұсын қағаз бетіне түсіремін деген ниетпен сол елді-мекенге жол тарттым. Үй ауласына жете бергенімде қақпаның есігінің алдынан өзі күтіп алып, амандық-саулықтан соң үйге кіріңдер балалар деп үйге қарай бет бұрды. Жөнімізді айтып, сұрай келген бұйымтайымызда бар екенін жеткіздік. Бұйымтайымызды сезе қойған Аманкүл апай көп тосылмай әңгімені бастап та жіберді. Сарғайған суреттерді ақтара отырып, әңгімесін қағаз бетіне түсіріп алдық.      Аманкүл апай дүниеге келгенде анасы ырым етіп, бірнеше ошақтың асты мен қарт аналардың етегіне орап өткізіп, шоқпытқа орап босағаға тастай салған екен. Дүниеге келген сәтінде кіндігін үй арасында ойнап жүрген 13 жасар ер балаға кестіріп ырым етті. Осылай етуіне де себеп болатын. Осы уақытқа дейін дүниеге келген сәбилердің барлығы шетінеп, ана байғұсты зар жылатып кеткен. Жас сәбиін босағаға тастап, қырық күн ырымдағаны да осы себептен болса керек. Бұл оқиға 1943 жылдың 28 тамызында Ұлытауда болған еді. Дүниеге келген нәрестеге Аманкүл деп азан шақырылып ат қойылды. Босағада шоқпытқа оранып, ауыры мен жеңілі қатар жүретін мынау жарық дүниенің адам төзбес азабы мен бас айналдырар бақытынан хабарсыз бейкүнә сәбиді расымен де не күтіп тұрғанын болжап білу де мүмкін емес-ті. Ең бастысы адам болып, шетінеген сәбиіміздің орынын толтырса екен деген әке мен ананың тілегі Жаратқан Ием тарапынан қабыл болды. Оны тек бірінен соң біріне ұласқан қуаныштар легі күтіп тұрғанын ешкім сезбеген еді . . .    Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылындағы мектепке 1951 жылы қадамын жасап, жетіжылдық мектепті үздік  аяқтаған Аманкүл де өзге қатарластары тәрізді аудан орталығындағы мектепте білімін жалғастыру үшін аудан орталығы Ұлытауға келді. Ауылда қалған әке мен шешенінің мейірімін сағынған қыздың бұл жердегі әрбір сәті ғасырға тең уақытпен өткендей болды. Бірде ауылдан келген бір ағайын: «Аманкүл, әкең жабығып жүр. Сені сұрайды келіп кеткен адамдардан» демесі бар ма?! Онсызда жабыққан сәттердегі мына сөз сағыныштың отына май құя түскендей еді. Әкесінің жабығып жүргенін естірткен ағайынның көлігіне мінгесіп алып, ойланбастан ауылға тартты. Қызының ауылға қайта оралғанына қуанған әкесі мен анасы енді оны көз алдарынан таса етпеуге іштей уәделескен болатын. Уәде орындалды да. Әкесі Сламханның кәсібі кеңшардың отар-отар қойын бағып, үкіметтің жоспарын орындау. Алғашында әкеге қолғабыс еткен қыз кейіннен осы кәсіпті өз мойнына алуға бекінді. Небәрі 17 жастағы қыздың отар қойды өзі алып, ер адамдар қатарлы еңбек майданында күресетініне алғашқыда күмәнмен қарап, арты не болар екен дегендері де болды.  Кеңестік жүйенің тастаған ұраны мен алдарына қойған жоспарларын орындау осы жас қыздың қолынан келеді дегенге ешкімде сенбесте еді. 100 саулықтан 127 қозыдан беріп, шопандар тойында бас жүлделерді жеңіп алып, ат үстінде жал тартып, қыз қууға ортаға шыққанда Сламханның Аманкүліне біраз ел таңырқай қарасты. Білегіндегі күшімен асауды үйретіп,  асау тайдың мінезін жуасытқан қыздан шамалы ер азамат тартынып қалатын еді. Оның үстіне «авадин» (АВ-1) аталып кеткен салмағы 100 келіден асатын тоқ беретін моторды көтеріп, алып-салып жүргенін көрген ел қыздың қайратына қайран қалмасқа амалы болмады. Еңбегі мен бойындағы қара күшімен таңырқатқан қыз енді ауылдағы емес, аймақтағы ағайынды Мәскеуге шақырту алып таңырқатты. «Сламхан ақсақалдың 19 жастағы қызы Мәскеуге ВЛКСМ-ның ХІҮ-ші сьезіне барады екен» дегенде, дүниеге келгенінде шоқпытқа оранған қыздың жұлдызы шоқ болып жанғанын жұрт білді. БүкілОдақтық көлемде өткен осы сьезде Аманкүл апа болашақтың еншісінде өз кезегін күтіп жатырған Тәуелсіз Қазастанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздескен еді. Апайдың сипаттауынша қара торы әдемі келген Нұрсұлтан есімді жігіт Теміртаудан, ажары мен күш-қайраты үйлесім тапқан Аманкүл Жезқазғандық болып Қарағанды облысы атынан барған 24 делегаттың қатарын көрінді. Сьезге барып қайтқаны, қаншама жайсаң жандармен жүздескені өзінше бір тарих. Ұшы-қиыры жоқ жазық дала мен Сібірдің ормандарын басып өтіп, бірнеше күн жол жүріп Мәскеуге де жетті. Қазан вокзалынан бұл жерде қарағандылықтарды мәскеулік студенттер күтіп тұрған еді. Пойыздан түскен делегаттарды күтіп алып, шағын митингі ұйымдастырылды. Митингіде алғашқы болып сөз кезегін Қазақстанның  болашақ Президенті Н.Назарбаев алды.  Ол кісіден кейін сөз алу Аманкүл апамыздың еншісіне тиген екен. Екеуіде жастардың Кеңес қоғамын құрудағы ролі мен еңбектегі жетістіктері мен ВЛКСМ сьезінің маңызы, жарқын болашаққа деген сенімдерін атап өтті. Мәскеудегі сьездер сарайында өткен осы сьезден қалған бір дерек Аманкүл апаның мұрағатындағы мына топпен түскен суреті. Қарағанды облысынан барған 24 делегат осы суретте. Биылғы жылы осы суретке тура 50 жыл толыпты.  Ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен зейнеткер қарт ана Аманкүл Сламханова да бар.  Бұл сурет бүгінде апамыздың еңбектегі бейнетінің жемісін көрсетіп тұрған құжат секілденіп төрінде іліулі тұр. Дәл осы сьезде атағы әлемді дүрілдетіп, аспан көгіне көтеріліп, Жер Ана төсіне ғарыштан қараған Ю.Гагаринмен жүздесіп, одан қолтаңба алғанында апай зор мақтанышпен айтады. Бұл қолтаңба да сол қалпы сақтаулы. Сарғайған суреттерді ашқан сайын бір тарих ашыла түседі. Құндылығы бірінен бірі асып түскен суреттер Аманкүл апайдың балалары мен немерелерінің мақтанышы. Суреттерді зор ынтамен, ерекше мақтанышпен, шежіресін айта отырып көрсеткен Аманкүл апай Одақ көлемінде өткен осы айтулы оқиғадан соң ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталып,  «Волга» автокөлігін сыйға алып, ауылға көлікті алып келгенінде ауылдағы ағайынды біраз абдыратып тастаса керек. Сенбеске амал жоқ, ерінбей еңбек еткен жас қызға мұндай құрмет лайық еді. Бақытын еңбектен тапты деген осы болса керек.          Әлі  де мал бағу ісінен қол үзбеген апаймыз балаларына шаруа қожалығын ұйымдастырып беріп, ата кәсіпті жалғастырып келеді. Жыл сайын Жезқазғанда өтетін «Жезқазғанның жұпар қымызы» фестивалінде Аманкүл апаның бал татыған қымызы бас жүлдені иеленіп келеді. Сүттен жасалатын 30-дан астам түрін меңгеріп, аттарын атай жөнеліп, алдыма қолынан шыққан тігіншілікпен айналысып жасаған заттарын жайып салғанда қайран қалмасқа амалым болмады. «Мынау жас кезімде тіккенім, мынау өткен жылы тіккенім» көрсетіп-ақ жатыр. Қазақтың бірін-бірі қайталамайтын түрлі оюлары үйлесім тапқан текеметтер мен сырмақтар, түлкі тымақтар мен қасқыр ішіктерді көргенде таңданысымызды жасыра алмадық. Қазіргі күні бұл бұйымдарды асфальтта өскен балалар тек мұражай мен кітаптан ғана көріп жүр. Апайдың айтуынша заман ағымына лайықтап, әдепкі қалпын бұзбай тігіп, елге осы заттарды ұсынса сұраныс болар еді, әттең жалқаумыз деп ойын ортаға салды. Иә, жалқаулық танытып қалатынымыз рас.      Еңбегі шежіре, ерлігі дастан болған қарт ананың бүгінде жары Тақан ағаймен шаңырақ көтергеніне тура 50 жыл. Өмірлік жары болып, әйелінің ел алдындағы құрметін бұрынғыдан да жоғарылата білген Тақан ағай да аудандағы озат шопандардың бірі еді. Екеуі дүниеге әкелген 10 балаларының тілеуін тілеп, қатарға қосылуын аңсаған ана тілегі бүгінде қабыл болды десек те болады. Барлығы да өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жайы бар «Алтын Алқалы» Аманкүл апа мен Тақан ағайдың 31 немере мен 2 шөбересі тіршіліктерінің жалғасы. Шуақ нұры төгілген бұл отбасында өткенге салауат айтып, бүгініне шүкіршілік еткен қос қария мен өнеге көріп өскен ұрпақтың тағы бір толқыны көтеріліп келеді. Арттағы толқынның аға буын ізімен жылжып келе жатқанына бақытын еңбектен тапқан қос қария шүкіршілік етеді.     Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

     Сарыарқа кіндігінде орналасқан Жезқазған қаласының күнделікті тіршілігі өзінше бір тарих. Мыңдаған тұрғыны қызу еңбектің майданында алып өндірістің түтінінің түзу шығуына ат салысып, еңбектері ел тарихының шежіресіне еніп жатыр. Бәрі де бақытын еңбектен тауып жүрген қалының тұрғындарының арасында өмірі ұрпаққа өнеге боларлықтай жандар аз емес. Қала шетіндегі Комбинатский аталып кеткен елді-мекенінде тұратын, жасы 70-ке қараған Аманкүл апаның ғұмырнамасы өзгелерден тіпті ерекше. Апайдың өмірінің қызықты тұсын қағаз бетіне түсіремін деген ниетпен сол елді-мекенге жол тарттым. Үй ауласына жете бергенімде қақпаның есігінің алдынан өзі күтіп алып, амандық-саулықтан соң үйге кіріңдер балалар деп үйге қарай бет бұрды. Жөнімізді айтып, сұрай келген бұйымтайымызда бар екенін жеткіздік. Бұйымтайымызды сезе қойған Аманкүл апай көп тосылмай әңгімені бастап та жіберді. Сарғайған суреттерді ақтара отырып, әңгімесін қағаз бетіне түсіріп алдық.

     Аманкүл апай дүниеге келгенде анасы ырым етіп, бірнеше ошақтың асты мен қарт аналардың етегіне орап өткізіп, шоқпытқа орап босағаға тастай салған екен. Дүниеге келген сәтінде кіндігін үй арасында ойнап жүрген 13 жасар ер балаға кестіріп ырым етті. Осылай етуіне де себеп болатын. Осы уақытқа дейін дүниеге келген сәбилердің барлығы шетінеп, ана байғұсты зар жылатып кеткен. Жас сәбиін босағаға тастап, қырық күн ырымдағаны да осы себептен болса керек. Бұл оқиға 1943 жылдың 28 тамызында Ұлытауда болған еді. Дүниеге келген нәрестеге Аманкүл деп азан шақырылып ат қойылды. Босағада шоқпытқа оранып, ауыры мен жеңілі қатар жүретін мынау жарық дүниенің адам төзбес азабы мен бас айналдырар бақытынан хабарсыз бейкүнә сәбиді расымен де не күтіп тұрғанын болжап білу де мүмкін емес-ті. Ең бастысы адам болып, шетінеген сәбиіміздің орынын толтырса екен деген әке мен ананың тілегі Жаратқан Ием тарапынан қабыл болды. Оны тек бірінен соң біріне ұласқан қуаныштар легі күтіп тұрғанын ешкім сезбеген еді . . .

   Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылындағы мектепке 1951 жылы қадамын жасап, жетіжылдық мектепті үздік  аяқтаған Аманкүл де өзге қатарластары тәрізді аудан орталығындағы мектепте білімін жалғастыру үшін аудан орталығы Ұлытауға келді. Ауылда қалған әке мен шешенінің мейірімін сағынған қыздың бұл жердегі әрбір сәті ғасырға тең уақытпен өткендей болды. Бірде ауылдан келген бір ағайын: «Аманкүл, әкең жабығып жүр. Сені сұрайды келіп кеткен адамдардан» демесі бар ма?! Онсызда жабыққан сәттердегі мына сөз сағыныштың отына май құя түскендей еді. Әкесінің жабығып жүргенін естірткен ағайынның көлігіне мінгесіп алып, ойланбастан ауылға тартты. Қызының ауылға қайта оралғанына қуанған әкесі мен анасы енді оны көз алдарынан таса етпеуге іштей уәделескен болатын. Уәде орындалды да. Әкесі Сламханның кәсібі кеңшардың отар-отар қойын бағып, үкіметтің жоспарын орындау. Алғашында әкеге қолғабыс еткен қыз кейіннен осы кәсіпті өз мойнына алуға бекінді. Небәрі 17 жастағы қыздың отар қойды өзі алып, ер адамдар қатарлы еңбек майданында күресетініне алғашқыда күмәнмен қарап, арты не болар екен дегендері де болды.  Кеңестік жүйенің тастаған ұраны мен алдарына қойған жоспарларын орындау осы жас қыздың қолынан келеді дегенге ешкімде сенбесте еді. 100 саулықтан 127 қозыдан беріп, шопандар тойында бас жүлделерді жеңіп алып, ат үстінде жал тартып, қыз қууға ортаға шыққанда Сламханның Аманкүліне біраз ел таңырқай қарасты. Білегіндегі күшімен асауды үйретіп,  асау тайдың мінезін жуасытқан қыздан шамалы ер азамат тартынып қалатын еді. Оның үстіне «авадин» (АВ-1) аталып кеткен салмағы 100 келіден асатын тоқ беретін моторды көтеріп, алып-салып жүргенін көрген ел қыздың қайратына қайран қалмасқа амалы болмады. Еңбегі мен бойындағы қара күшімен таңырқатқан қыз енді ауылдағы емес, аймақтағы ағайынды Мәскеуге шақырту алып таңырқатты. «Сламхан ақсақалдың 19 жастағы қызы Мәскеуге ВЛКСМ-ның ХІҮ-ші сьезіне барады екен» дегенде, дүниеге келгенінде шоқпытқа оранған қыздың жұлдызы шоқ болып жанғанын жұрт білді. БүкілОдақтық көлемде өткен осы сьезде Аманкүл апа болашақтың еншісінде өз кезегін күтіп жатырған Тәуелсіз Қазастанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздескен еді. Апайдың сипаттауынша қара торы әдемі келген Нұрсұлтан есімді жігіт Теміртаудан, ажары мен күш-қайраты үйлесім тапқан Аманкүл Жезқазғандық болып Қарағанды облысы атынан барған 24 делегаттың қатарын көрінді. Сьезге барып қайтқаны, қаншама жайсаң жандармен жүздескені өзінше бір тарих. Ұшы-қиыры жоқ жазық дала мен Сібірдің ормандарын басып өтіп, бірнеше күн жол жүріп Мәскеуге де жетті. Қазан вокзалынан бұл жерде қарағандылықтарды мәскеулік студенттер күтіп тұрған еді. Пойыздан түскен делегаттарды күтіп алып, шағын митингі ұйымдастырылды. Митингіде алғашқы болып сөз кезегін Қазақстанның  болашақ Президенті Н.Назарбаев алды.  Ол кісіден кейін сөз алу Аманкүл апамыздың еншісіне тиген екен. Екеуіде жастардың Кеңес қоғамын құрудағы ролі мен еңбектегі жетістіктері мен ВЛКСМ сьезінің маңызы, жарқын болашаққа деген сенімдерін атап өтті. Мәскеудегі сьездер сарайында өткен осы сьезден қалған бір дерек Аманкүл апаның мұрағатындағы мына топпен түскен суреті. Қарағанды облысынан барған 24 делегат осы суретте. Биылғы жылы осы суретке тура 50 жыл толыпты.  Ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен зейнеткер қарт ана Аманкүл Сламханова да бар.  Бұл сурет бүгінде апамыздың еңбектегі бейнетінің жемісін көрсетіп тұрған құжат секілденіп төрінде іліулі тұр. Дәл осы сьезде атағы әлемді дүрілдетіп, аспан көгіне көтеріліп, Жер Ана төсіне ғарыштан қараған Ю.Гагаринмен жүздесіп, одан қолтаңба алғанында апай зор мақтанышпен айтады. Бұл қолтаңба да сол қалпы сақтаулы. Сарғайған суреттерді ашқан сайын бір тарих ашыла түседі. Құндылығы бірінен бірі асып түскен суреттер Аманкүл апайдың балалары мен немерелерінің мақтанышы. Суреттерді зор ынтамен, ерекше мақтанышпен, шежіресін айта отырып көрсеткен Аманкүл апай Одақ көлемінде өткен осы айтулы оқиғадан соң ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталып,  «Волга» автокөлігін сыйға алып, ауылға көлікті алып келгенінде ауылдағы ағайынды біраз абдыратып тастаса керек. Сенбеске амал жоқ, ерінбей еңбек еткен жас қызға мұндай құрмет лайық еді. Бақытын еңбектен тапты деген осы болса керек.  

       Әлі  де мал бағу ісінен қол үзбеген апаймыз балаларына шаруа қожалығын ұйымдастырып беріп, ата кәсіпті жалғастырып келеді. Жыл сайын Жезқазғанда өтетін «Жезқазғанның жұпар қымызы» фестивалінде Аманкүл апаның бал татыған қымызы бас жүлдені иеленіп келеді. Сүттен жасалатын 30-дан астам түрін меңгеріп, аттарын атай жөнеліп, алдыма қолынан шыққан тігіншілікпен айналысып жасаған заттарын жайып салғанда қайран қалмасқа амалым болмады. «Мынау жас кезімде тіккенім, мынау өткен жылы тіккенім» көрсетіп-ақ жатыр. Қазақтың бірін-бірі қайталамайтын түрлі оюлары үйлесім тапқан текеметтер мен сырмақтар, түлкі тымақтар мен қасқыр ішіктерді көргенде таңданысымызды жасыра алмадық. Қазіргі күні бұл бұйымдарды асфальтта өскен балалар тек мұражай мен кітаптан ғана көріп жүр. Апайдың айтуынша заман ағымына лайықтап, әдепкі қалпын бұзбай тігіп, елге осы заттарды ұсынса сұраныс болар еді, әттең жалқаумыз деп ойын ортаға салды. Иә, жалқаулық танытып қалатынымыз рас.

     Еңбегі шежіре, ерлігі дастан болған қарт ананың бүгінде жары Тақан ағаймен шаңырақ көтергеніне тура 50 жыл. Өмірлік жары болып, әйелінің ел алдындағы құрметін бұрынғыдан да жоғарылата білген Тақан ағай да аудандағы озат шопандардың бірі еді. Екеуі дүниеге әкелген 10 балаларының тілеуін тілеп, қатарға қосылуын аңсаған ана тілегі бүгінде қабыл болды десек те болады. Барлығы да өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жайы бар «Алтын Алқалы» Аманкүл апа мен Тақан ағайдың 31 немере мен 2 шөбересі тіршіліктерінің жалғасы. Шуақ нұры төгілген бұл отбасында өткенге салауат айтып, бүгініне шүкіршілік еткен қос қария мен өнеге көріп өскен ұрпақтың тағы бір толқыны көтеріліп келеді. Арттағы толқынның аға буын ізімен жылжып келе жатқанына бақытын еңбектен тапқан қос қария шүкіршілік етеді.

 

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

Бөлісу: