ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕСІ

6 Желтоқсан 2013, 03:14

Әдетте кез-келген адам ана туралы тақырып қозғаларда іштей тосырқап, көп ойланатыны да рас. Себебі, ана туралы сөз қозғау оңай емес. Бұл әрбір адамның жүрек түкпірінен ойып тұрып орын алатын аяулы ана жайлы бір ауыз сөз жазудың өзі үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігінен болса керек. Ол жауапкершілік тұрғысында «өзімнің анаға деген ойымды дұрыс жеткізе алдым ба, осы жүрегімнен шыққан сөздер ананың теңеуіне лайық па еді, ана жайлы жазу үшін бұдан да сұлу, бұдан да жұмыр, бұдан да әдемі сөздер керек еді ғой»,-деп анаға деген сүйіспеншілікті тауыса алмай, оның құдіретіне ешқандай теңеу шақ келмейтіндігін мойындайсың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Айша Рахметқызының өнегелі өмірі мен ерен еңбегі жайлы қалам тербетер тұста «Айша апайды жазу үшін де дәл сондай Ананың жүрегіндей жұмыр жүрек керек» деген ойға қалдық. Иә, ана тақырыбы мен оның болмысы қашанда болмасын теңеуі жоқ дүние болып қала бермек. Біздің қаламымыздың кейіпкері Рахметова Айша Рахметқызы 1940 жылы қарашада Жамбыл облысы Бүгіл ауылында туған. Дүниеге келген Жамбыл өңірінің Қаратау тауларына қарап өскен жанның аласармайтын биікке құмартуы да заңдылық. Балалық шағының аспанын Қаратаудан аласа шарбы бұлттар торлап жататын. Сол бұлттар жөнкіле көшкен сәтте атамекен Ұлытау мен Сарысуға көше түсетіндей еді. Елдің басына түскен нәубет кезінде Қаратауды паналаған ата-анасы Рахмет пен Қалақай көштің басын Ұлытауға қарай бұрды. Ел орнынан қозғалған сәтте небәрі 9 жастан асқан Айша апамыздың ендігі бал дәурені Ұлытауда жалғасты. Әке мен шешенің шаруашылығына қолқабыс ете жүріп, ерте есейді. Еңбекке ерт араласты. Бәлкім ерте есею сол кездің қоғамының талабыда болды. Елді бірінен соң бірі шаршатқан қиындықтар расыменде сол уақыттың жасөспірімдерін ерте есейткен еді. Жездіден қатынап жүріп, 1959 жылы онжылдық  орта мектепті бітірді. Мектеп бітіре салысымен еңбек жолын ерте бастады. Ана бейнесіне жақын ұстаздық жолға түсті.  Отбасылық өмірінде 1960 жылы ел азаматы Құрмет Шәріпұлына тұрмысқа шықты. Келін болып түскен әулеті де текті тұқымнан болатын. Қазақтың тарихында ойып орын алар тұлға – Қалманбай Байдәулетұлының шаңырағы Бағаналы жұрты үшін киелі шаңырақ. Қалманбайдың болыс, батыр, шешен ретіндегі бейнесі жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Міне, текті елдің тумасы Айша апамыз осындай киелі әулеттің от анасына айналды. Жары Құрметпен бірге  «Сымтас»бөлімшесінде бірге абыройлы еңбек етті. Қазақтың тілі мен әдебиетін насихаттап, ұлтжандылыққа өскелең ұрпақты тәрбиеледі.  Жары Құрметпен бірге шаттыққа толы жұбайлық ғұмыр кешті. 1962 жылы 20 тамызда тұңғыш баласы Ерлан дүниеге келуі жас отбасы үшін барша қуаныштың бастауындай болған еді. Білім беру саласын таңдап, ұстаз болып еңбек ететін Ерланның ізін жалғастыра дүниеге келген келген өзге балалары аналарына балалық парызын өтеп, анадан алған өнегесін ел-жұртына барша мақтанышпен, абыроймен көрсетуде.   Бүгінде осы 10 баладан 21 немере көріп отырған Айша апамыз шыныменде ана бақытына бөленіп отырған жан. Балаларына көрсеткен үлгісі мен оларды тәрбиелеудегі зор ерлігі үшін  I,II,III дәрежелі «Ана даңқы» ордені мен  «Батыр Ана» медалінің иегері. Президентіміздің  2005 жылғы Жарлығымен «Алтын Алқа» белгісімен марапатталды. Өзінің балаларымен қатар өзгенің де баласын бауырына басқан Айша апамыз табан аудармастан 30 жыл ұстаз болып еңбек етті. Ізін қуған балаларының еңбек өтілін қоса есептегенде Айша апамыздың отбасысының ұстаздық жолдағы еңбек өтілі 132 жылдан асады екен. Толқынды толқын қуып, анадан көргенін жасап, өнегелі отбасынан шыққанын танытып жүрген балалары бүгінде ел азаматтары.  «Баласы атқа қонса, анасы тақымын басып отырады» дейді қазақ. Демек, мынау дүние-ғаламда ананың аялы алақаны, оның орны... қалай десекте... ауыз толтырып айтарлықтай.        Айша апай жайлы қалам тербетер кезде  осы сөздерді жазып отырып, бір нәрсені анық аңғардық. Қай кезде де, қай дәуірде де болмасын ананың рөлі мен беделі бекем. Олар туралы том-том кітап жазсақ да, бәрібір анаға деген ішкі сезімімізді жеткізе алмасымызды анық түсінеміз.  Оның айғағы – ананың есімі әркімнің жүрегінде сақталатын қасиетті ұғым.      Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

Әдетте кез-келген адам ана туралы тақырып қозғаларда іштей тосырқап, көп ойланатыны да рас. Себебі, ана туралы сөз қозғау оңай емес. Бұл әрбір адамның жүрек түкпірінен ойып тұрып орын алатын аяулы ана жайлы бір ауыз сөз жазудың өзі үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігінен болса керек. Ол жауапкершілік тұрғысында «өзімнің анаға деген ойымды дұрыс жеткізе алдым ба, осы жүрегімнен шыққан сөздер ананың теңеуіне лайық па еді, ана жайлы жазу үшін бұдан да сұлу, бұдан да жұмыр, бұдан да әдемі сөздер керек еді ғой»,-деп анаға деген сүйіспеншілікті тауыса алмай, оның құдіретіне ешқандай теңеу шақ келмейтіндігін мойындайсың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Айша Рахметқызының өнегелі өмірі мен ерен еңбегі жайлы қалам тербетер тұста «Айша апайды жазу үшін де дәл сондай Ананың жүрегіндей жұмыр жүрек керек» деген ойға қалдық. Иә, ана тақырыбы мен оның болмысы қашанда болмасын теңеуі жоқ дүние болып қала бермек. Біздің қаламымыздың кейіпкері Рахметова Айша Рахметқызы 1940 жылы қарашада Жамбыл облысы Бүгіл ауылында туған. Дүниеге келген Жамбыл өңірінің Қаратау тауларына қарап өскен жанның аласармайтын биікке құмартуы да заңдылық. Балалық шағының аспанын Қаратаудан аласа шарбы бұлттар торлап жататын. Сол бұлттар жөнкіле көшкен сәтте атамекен Ұлытау мен Сарысуға көше түсетіндей еді. Елдің басына түскен нәубет кезінде Қаратауды паналаған ата-анасы Рахмет пен Қалақай көштің басын Ұлытауға қарай бұрды. Ел орнынан қозғалған сәтте небәрі 9 жастан асқан Айша апамыздың ендігі бал дәурені Ұлытауда жалғасты. Әке мен шешенің шаруашылығына қолқабыс ете жүріп, ерте есейді. Еңбекке ерт араласты. Бәлкім ерте есею сол кездің қоғамының талабыда болды. Елді бірінен соң бірі шаршатқан қиындықтар расыменде сол уақыттың жасөспірімдерін ерте есейткен еді. Жездіден қатынап жүріп, 1959 жылы онжылдық  орта мектепті бітірді. Мектеп бітіре салысымен еңбек жолын ерте бастады. Ана бейнесіне жақын ұстаздық жолға түсті.  Отбасылық өмірінде 1960 жылы ел азаматы Құрмет Шәріпұлына тұрмысқа шықты. Келін болып түскен әулеті де текті тұқымнан болатын. Қазақтың тарихында ойып орын алар тұлға – Қалманбай Байдәулетұлының шаңырағы Бағаналы жұрты үшін киелі шаңырақ. Қалманбайдың болыс, батыр, шешен ретіндегі бейнесі жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Міне, текті елдің тумасы Айша апамыз осындай киелі әулеттің от анасына айналды. Жары Құрметпен бірге  «Сымтас»бөлімшесінде бірге абыройлы еңбек етті. Қазақтың тілі мен әдебиетін насихаттап, ұлтжандылыққа өскелең ұрпақты тәрбиеледі.  Жары Құрметпен бірге шаттыққа толы жұбайлық ғұмыр кешті. 1962 жылы 20 тамызда тұңғыш баласы Ерлан дүниеге келуі жас отбасы үшін барша қуаныштың бастауындай болған еді. Білім беру саласын таңдап, ұстаз болып еңбек ететін Ерланның ізін жалғастыра дүниеге келген келген өзге балалары аналарына балалық парызын өтеп, анадан алған өнегесін ел-жұртына барша мақтанышпен, абыроймен көрсетуде.   Бүгінде осы 10 баладан 21 немере көріп отырған Айша апамыз шыныменде ана бақытына бөленіп отырған жан. Балаларына көрсеткен үлгісі мен оларды тәрбиелеудегі зор ерлігі үшін  I,II,III дәрежелі «Ана даңқы» ордені мен  «Батыр Ана» медалінің иегері. Президентіміздің  2005 жылғы Жарлығымен «Алтын Алқа» белгісімен марапатталды. Өзінің балаларымен қатар өзгенің де баласын бауырына басқан Айша апамыз табан аудармастан 30 жыл ұстаз болып еңбек етті. Ізін қуған балаларының еңбек өтілін қоса есептегенде Айша апамыздың отбасысының ұстаздық жолдағы еңбек өтілі 132 жылдан асады екен. Толқынды толқын қуып, анадан көргенін жасап, өнегелі отбасынан шыққанын танытып жүрген балалары бүгінде ел азаматтары.  «Баласы атқа қонса, анасы тақымын басып отырады» дейді қазақ. Демек, мынау дүние-ғаламда ананың аялы алақаны, оның орны... қалай десекте... ауыз толтырып айтарлықтай.

       Айша апай жайлы қалам тербетер кезде  осы сөздерді жазып отырып, бір нәрсені анық аңғардық. Қай кезде де, қай дәуірде де болмасын ананың рөлі мен беделі бекем. Олар туралы том-том кітап жазсақ да, бәрібір анаға деген ішкі сезімімізді жеткізе алмасымызды анық түсінеміз.  Оның айғағы – ананың есімі әркімнің жүрегінде сақталатын қасиетті ұғым. 
 

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

Бөлісу: