1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күнінде Астанадағы «Қазақстан» кино-концерт залында Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің бел-белестеріне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» және «Темір тау» атты екінші және үшінші тараулары көрсетілді.
Мемлекет басшысының өмірінен көркем фильм түсірілгені қалай болады өзі? Басқа елдерде осындай ғұмырбаяндық ленталар бар ма? Әрине, әлем киносынан хабардар адам мұндай сұрақ қоя қоймайды. Әйтсе де жұрттың бәрі бірдей ондағы үрдістерді қадағалап отырған жоқ. Мұндай сұрақты біз қоймасақ та, басқалар қоятыны сөзсіз. Ал жалпы қойылмай қалмайтын сұраққа жауаптың қалайда қайтарылғаны жөн.
Бұл үшін тақырыптан сәл ауытқуға тура келіп тұр. Бүкіл өркениетті әлемнің салған жолымен жүрудің өзіне күдік-күмән келтіріп, сезік-секеммен сөйлейтін салтымыздан арылмай-ақ тұрмыз қазірше. Өткен жылы елімізде Тұңғыш Президент күні белгіленгенде тіпті зиялы қауым өкілдерінің арасында да «Бүкіл әлемде мұндай мереке жоқ» деушілер де табылды. Сөйтіп, демократияның даңқты дәстүрлерінің діңгегі делінетін Америка Құрама Штаттарының өзінде Президент күні баяғыда-ақ белгіленгенін, мемлекеттік мереке ретінде белгіленгенін, ал ол күнге елдің тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған күні алынғанын білмейміз немесе біле тұра білмеген боламыз. Бұл үшін АҚШ-тың арғы-бергі тарихын жілікше шағу шарт емес, Юрий Носовтың «Президент. Замечательные страницы американского президентства от Джорджа Вашингтона до Барака Обамы» атты кітабын оқып шығу да, Вашингтон туралы тараудағы «Он родился 22 февраля 1732 года, ныне этот день является в США государственным праздником» (49-бет) деген жолдарға зер салып жату да шарт емес, Интернетті шұқып қалу, тиісті ақпаратты анықтай салу жетіп жатыр. Тұңғыш президентіне өзі салдырған астанасының атын берген Американы алға тартып, баршаға таныс жайды таратпай-ақ қояйық. Қала тұрмақ, астана тұрмақ, тұтас мемлекетке адам атын қойған елдер де баршылық. Боливия сол елдің азаттығы жолында жанын қиған Симон Боливардың құрметіне, Колумбия сол құрлықты ашқан Христофор Колумбтың құрметіне қойылған деген сияқты. Қала, мемлекетті былай қойғанда, тұтас материк – Америкаңыздың өзі атақты теңізші Америго Веспуччидің атымен аталған ғой.
«Егемен Қазақстан» АҚ президенті,
Сауытбек Әбдірахманов