Қазақстанның патриоттары марапатталды

18 Ақпан 2014, 12:56

Бүгін Астана қаласында өткен «Менің Қазақстаным» V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы барысында Ақан Сатаев, Серік Сәпиев, Юрий Пя, Жансая Әбділмәлік және тағы да басқа еліміздің патриоттары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Астана қаласында өткен «Менің Қазақстаным» V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы барысында Ақан Сатаев, Серік Сәпиев, Юрий Пя, Жансая Әбділмәлік және тағы да басқа еліміздің патриоттары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Биылғы жылы «Қазақстан Патриоты» ерекше белгісімен «Жан жүрегім, Қазақстан!» номинациясында медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ ҰМХ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, «Жаужүрек Мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев, Қазақстанның интернет ассоцияциясының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов марапатталды.

«Асқақ азаматтық» номинациясында ерекше белгіге қайырымдылық акциялары мен мұқтаждарға әлеуметтік көмегі үшін Тараз қаласының «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрманова, бала бақшалар мен мектептерді, мәдениет және басқа қоғамдық ғимараттарды қалпына келтіру ісімен өңірдегі өскелең ұрпаққа қамқорлығы үшін Қызылорда облысының кәсіпкері Абзал Ибралиев, 40 жылда 500 литр қан тапсырған ҚР Құрметті доноры Александр Скаковский, ІІМ «Сұңқар» арнаулы отрядының шабуылшысы, полиция капитаны Бағдат Дүйсенов иеленді.

«Әлем таныған Қазақстан» номинациясы бойынша ҚР Олимпиадалық құрама командасы марапатталып, «Қазақстан Патриоты» белгісіне аталмыш номинацияда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, ең жас гроссмейстер Жансая Әбділмәлік, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Медет Шотабаев ие болды.

«Биікке самғаған Қазақстан» номинациясында «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрия Пя, ҚР альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаев, «Астана – біздің жүрегіміз бірге соқсын» атты қайырымдылық қозғалысының еріктісі Дина Асқарова марапатталды.

Бөлісу: